171
егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару -
оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік
құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік,
бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы
болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған
шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып,
өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның
жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей,
қаржы босатпады. Мысалы, 1909 жылы қазақ пен өзбек жерінде
орналасқан Мырзашөл алқабын суару үшін оның топырағын
жан-жақты, түбегейлі зерттеу
керек екендігін дәлелдеп,
Түркістан өлкесінің бастығынан қаржы сұраған ғалым,
топырақтанушы-агроном М.М.Бушуевтің хатына Түркістан
губернаторы - «Топырақтану ғылым әлі өз аяғына жөнді тұрған
ғылым емес» деген бұрыштама қойыпты. 1912-1913 жылдары
қырғыз, қазақ жерімен ағатын суы мол Шу өзенінің бойын
инженер В.А.Васильев толық зерттеп, осы өзеннің суы арқылы
суарылатын Шу бойының жерлерінің жобасын жасайды да, оны
егіншілік министрлігіне бекітуге апарады. Министрліктің жерді
жақсарту бөлімінің бастығы князь Р.И.Мосальский бұл жобаға:
«Архивке. Әлде бір қырғыздар қоныстанған, Шу бойын суару
жобасы кімге қажет» деп қол қойыпты. Міне, осындай
көзқарастан патшалық Ресейдің өзіне қарайтын шет аймақтарға
қаншалық «қамқорлық» жасағаны көрінеді.
Қазан төңкерісінен кейін жағдай өзгерді.
Жерді суару,
құрғақшылықпен күресу және шөл аймақтарда суарылған кез де
ғана өсетін мақта егісінің көлемін, өнімін арттырып, шет
елдерден мақта шикізатын тасуды тоқтату міндетін алға қойды.
1918 жылғы «Түркістандағы суландыру жұмыстарына
50 млн сом қаржы бөлу жөнінде бұл жұмыстарды ұйымдастыру
туралы» деген декретте былай делінген: 1. Орыс тоқыма
өнеркәсібін мақтамен қамтамасыз етуді арттыру жөніндегі
жұмыстардың жоспары бекітілсін, бұл жоспар мынадай: а)
Самарқан облысының Ходжент уезіндегі Бетпақ даланың 500
мың десятина жерін суландыру, Бетпақ дала қарама -қарсы,
Сырдария өзенінің арғы жағында Дальверзин даласының 40
мың десятина жерін қамтитын ирригациялық жүйенің
басты
құрылыстарын қамтамасыз ету; б) Ферғана облысының
Үшқорған даласының 10 мың десятина жерін суландыру; в)
Заравшан өзенінің арнасын реттеу жолымен мақта да қылына
172
арнап 100 мыңдай десятина жерді босату үшін Заравшан
өзеніндегі Дупилин көпірі алдынан су қоймасын салу; г) Шу
өзені алқабында 94 мың десятина жерді суландыру үшін
салынатын ирригациялық жүйелердің құрылысын аяқтау .
Бұл ирригациялық кең бағдарламаны жүзеге асыру үшін
Түркістанда (Ташкентте) арнайы ирригациялық жұмыстар
басқармасы құрылып, оған жоғарыда көрсетілген 50 млн сом
қаржы бөлінді.
Бұл құжат түркімен, өзбек, тәжік, қырғыз және қазақ
халықтарының ғасырлар бойғы арманын іске асыру үшін жер
суландыру құрылыстарын
кеңінен өрістетуге, суарылатын
жерлер көлемін молайтуға шешуші әсерін тигізді. Айта кету
керек, Ленин бұл декретке қол қойып, ақша бөлумен қатар, осы
декреттің өмірде жүзеге асуы үшін көптеген шаралар қолданды.
Мысалы, 1918 жылдың тамызындағы хатта: «Түркістан
өлкесінің басшыларына, Түркістан ирригациялық жүйелерінде
істейтін жұмысшылар мен қызметкерлер басқа жұмыстарға
жіберілмесін, оларға тұрғын үйлер мен қоғамдық бөлмелер тез
бөлінсін»
делінген.
Осы
күні
Петроградтың
төтенше
комиссиясының
председателі
И.С.Урицкийге
телеграмма
соғылып,
Петроградтан
Түркістанның
ирригациялық
басқармасына жөнелтілетін жүктердің тоқтаусыз жеткізілуі
талап етілген. Ирригация жұмыстары қарқынды қолға алынып,
бекітілген белгілі ГОЭЛРО жоспарынан да тыс қалған жоқ. Бұл
жоспар бойынша ауыл шаруашылығының электрлендірумен,
механикаландырулармен қатар жерді мелиорациялау, яғни
жерді суару мен құрғату кең түрде жоспарланған еді.
Бұдан кейінгі жылдары да
жерді суарудың ауыл
шаруашылығын дамытудағы маңызына үнемі үлкен назар
аударылып отырды. 1921 жылдың көктемінде Әзірбайжан,
Грузия,
Армения,
Дағыстан
және
тау
халықтары
республикаларының еңбекшілеріне жазылған хатта: «Егіншілік
пен мал шаруашылығын қалай болғанда да игеру үшін жерді
суару ерекше маңызды... Суару бәрінен де гөрі керек және
бәрінен гөрі өлкені қайта құрады, оны жандандырады, ескіні
келмеске жібереді, жаңа өмірге өтуді нығайтады» деп
ирригация мәселесіне ерекше көңіл бөлінген.
Ал Шу өзені бойында игерілген жер көлемі жоғарыдағы
декретте көрсетілген көлемнен бірнеше есе асып, қазір қырғыз,
қазақ республикаларындағы
осы өзен суымен суарылатын
егістік 500 мың гектарға жетті (негізінен қант қызылшасы
173
егіледі). Таяу болашақта суармалы жер көлемі қазіргіден
әлдеқайда артады.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздың әл-ауқатын
жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл
шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу
керек.
Суармалы
жерлердегі
егістіктер
-
ауыл
шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы,
байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда
болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы
жылдары қатты шұғылданып келеді. Таяу жылдары елімізде
суармалы жер көлемі үдемелеп артып келешекте суармалы
егіншілік дамымақ. Себебі республиканың табиғи жағ дайда
ылғалмен қамтамасыз етілген,
жыртуға жарамды жерлері
түгелімен егістікке игерілген, ал қалған егістікке жарамды
жерлерді игеру үшін оларды міндетті түрде қолдан суару қажет.
Қазақстанның суармалы жер көлемі қазір 1,0 млн
гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл,
Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта
осы облыстардағы мол сулы өзендер - Іле, Шу, Сырдария және
басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы
Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2 -2,2 млн
гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді Қазақстанның
батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен
терістігінде Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.
Достарыңызбен бөлісу: