Жамалбеков Е.Ү


 Қазақстанның суармалы егіншілігі



Pdf көрінісі
бет85/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

5.6. Қазақстанның суармалы егіншілігі 
 
Мелиорацияны кең көлемде дамыту әр елдің техникалық 
және экономикалық мүмкіншіліктеріне тікелей байланысты.
Соңғы жылдары мелиорациялық жұмыстар техниканың 
дамуына байланысты қауырт өрістеді. Ертеректе ғалымдар 
мелиорацияны 
ХХ 
ғасырдың 
резерві 
деп 
болжаған. 
Шындығында солай. Мәселен, ХХ ғасырдың басында суармалы 
жер көлемі дүние жүзінде 40 млн гектар ғана болса, қазір ол 
алты еседей көбейіп, 235 млн гектарға жеткен. Дүние жүзіндегі 
суармалы жер көлемі 235 млн га, яғни бұл суарылмайтын 
егістік көлемінен алты еседей аз. Соған қарамастан бұл 
жерлерден бүкіл азық-түлік өнімдерінің жартысы өндіріледі, 
демек бір гектар суармалы жер өзінің өнімділігі жағынан алты 
гектар суарылмайтын жерге теңеседі. Бұл жағдай Қазақстанға 
да тән. 


174 
Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттыруда 
кешенді 
механикаландырудың, 
химияландырудың 
және 
мелиорациялаудың маңызы ерекше. Қазақстан жері негізінен 
құрғақшыл аймақ, мұнда батпақты жер жоқтың қасы. Осы 
себепті республикамызда жерді суаруға көп көңіл бөлінді. Қазір 
Қазақстанда суармалы егіншілік көлемі 1,0 млн гектардай. 
Жерді суару жағынан республика ТМД елдер ішінде Өзбекстан 
мен Ресейден кейінгі үшінші орында, демек елімізде суармалы 
егіншіліктің болашағы зор. Онда суаруға жарамды жер көлемі 
30-40 млн гектар. Оның үстіне Қазақстанда суарудың тиімділігі 
басқа Достастық елдеріне қарағанда едәуір жоғары. Мысалы, 
белгілі 
агроклиматологтар 
Ф.Ф.Давитая 
мен 
С.А.Сапожниковалардың (1963) мәліметтеріне қарағанда, түрлі 
аймақтарда 
жерді 
суарудың 
тиімділігін 
анықтайтын 
коэффициент жасауға болады. Бұл коэффициент бойынша 
суарудан алынатын қосымша молырақ өнім Қазақстанда және 
Орта Азия республикаларында едәуір артық (10-кесте). Бұл 
жағдай іс жүзінде кезінде дәлелденді де. Әлемдік рекордтық 
өнімдер: күріштен гектарынан 171 центнер (Ы.Жақаев), 
тарыдан 201 центнер (Ш.Берсиев), қант қызылшасынан 1500 
центнер 
(О.Гоноженко), 
темекіден 
35-40 
центнер 
(П.Томоровский), Қазақстанның суармалы жерлерінен алынды.
Жерді 
мелиорациялау 
мәселелерін 
негіздеу 
мақсаттарымен Сырдария, Жайық, Шу, Талас, Іле, Қаратал, 
Тентек, Лепсі, Көксу, Арыс өзендерінің бойлары мен сағ алары, 
Маңғыстау 
түбегі 
жан-жақты 
зерттелді, 
топырақты 
мелиорациялау мүмкіншіліктері анықталды. Ұлттық ғылым 
академиясының Топырақтану иниституты республикадағы 
күріш егуге жарамды жерлерінің барлығына мелиорациялық 
зерттеулер жүргізді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда 
және Талдықорған облыстарында күріш егуге жарамды жерлер 
анықталды. Алматы облысында негізгі күрішті аймақ Іле 
өзенінің бойы мен сағалары болмақ. Зерттеу жұмыстарының 
нәтижесінде 500 мың гектардан астам күрішке жарамды жерлер 
белгілі болды, оның су жеткізуге қолайлысы - 300 мың 
гектардай. Дегенмен оның барлығын суаруға су жетпейді. 
Кезінде Ақдала алқабында «Бақбақты» «Октябрьдің 50 
жылдығы», «Ақдала», «Жеңіс», «Тыңның 25 жылдығы» күріш 
совхоздары 
ұйымдастырылып, 
отанымызға 
қымбат 
ақ 
маржанды дән тапсырған болатын. Ескеретін жай: бұл аймақ 
еліміздегі күріш егілетін ең терістік аймақ, сондықтан мұнда 


175 
күріш егісінің пісіп жетілуіне кейбір жылдары вегетациялық 
уақыттың жетіспеуі байқалады. Бұған қоса Балқаш көлінің 
деңгейін бірқалыпты сақтау мақсатымен, бұл өңірде бұдан 
былай күріш егісін азайтып, мал шаруашылығымен шұғылдану 
жоспарланған. 
Алматы 
облысында 
соңғы 
жылдары 
суармалы 
егіншіліктің дамуына Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы 
каналы зор үлес қосуда (18- сурет)


176 
18-сурет. Д.А.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы


177 
Оңтүстік Қазақстан облысының Шардара ауданындағы 
Сырдария өзенінің ескі жағалауларында да күрішке жарамды 
жерлер көп. Мұнда Шардара және Отырар далаларында 1 млн 
гектардан астам суаруға жарамды жерлер зерттелді, оның 500 
мың гектардай жері су келуге ыңғайлы. Дегенмен оның 
барлығын түгелдей игеруге су көздері жетіспейді. Қазіргі кезде 
Сыр бойының теріскей жағалауындағы аймақ Қызылқұм каналы 
арқылы игерілуде. Қызылқұм алқабын алғашқы кезеңінде күріш 
шаруашылықтары игерген. Қазір мұнда көлемі 40 мың 
гектардан астам суармалы жерде егістіктер орналасқан. Табиғи 
жағдайда өнім беріп жартыпайтын тақыр түстес топырақтар, 
оны суарып, тыңайтқыштар қолданған кезде гектарынан 40 -50 
центнерден ақ маржан беруде. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет