Жамалбеков Е.Ү



Pdf көрінісі
бет87/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

Бірінші алқап - тау етегі мен бөктеріндегі көлбеу 
тегістіктер. Топырақ беткі қабаты сары-сазды, ұнтақталған 
майда жыныстардан, төменгі қабаты ұнтақталмаған ірі 
жыныстар, қиыршық тастар мен құмдардан тұрады. Таудан 
алыстаған сайын жыныстардың ірілігі бірте-бірте кеміп, 
ұнтақтала бастайды. Жер асты сулары тереңде жатады. Кей 
жерде аздап кермектеу болғанмен суы негізінен тұщы. Жер беті 
және жер асты қабаттары таудан төмен қарай еңісті 
келгендіктен, жер асты суларының ағысы жақсы. Тереңде 
жатқан мұндай сулар топырақ қабаттарына ешқандай әсерін 
тигізбейді. Бұл аймақтағы топырақ сұр және қарақоңыр түсті 
келеді. Құрамында тұз аз немесе мүлде болмайды. Суарған 
кезде жердің сорлану, батпақтану қаупі жоқ. Дегенмен топырақ 
қабаттарының суды мол өткізгіштік ерекшелігіне байланысты 
арық-атыздар мен каналдарда су жерге көп сіңіп, шығын 
болады. Мұндай жағдай тау етегіндегі көптеген иригациялық 
жүйелерде орын алып келеді. Мәселен, Жамбыл облысындағы 
Георгиевка суару жүйесінде судың жер астына сіңіп
шығындануы 50-70%-тен астам. Қаратау етегіндегі Арыс-
Түркістан каналының 50 километрден 110 километрге дейінгі 
арнасы ірі, тасты қабаттарға ойылып түсіп, судың жер астына 
сіңуі өте көп мөлшерге жетіп отыр. 


182 
(19-сурет)
(сурет орны) 
19-сурет. Оңтүстік Қазақстанның топырақ - мелиоративтік 
алқаптары 


183 
Жерге 
сіңген 
су 
сол 
атырапты 
сорландырып, 
батпақтандырмағанмен, жер астына ағып келіп, төмен жатқан 
территориялардың мелиоративтік жағдайын нашарлатады. 
Мысалы, Арыс-Түркістан каналында сіңген су канал бойымен 
төмен жатқан жүздеген гектар жерді сорландырып жіберді. Жер 
асты суының көтерілгені соншалық, Түркістан қаласының біраз 
жерін су басып, батпақтандырды. Мұнда күйге бұл аймақтағы 
біраз елді мекендер де ұшырады, жолдар бұзылды. Б ұл 
жағдайлар қазір қалпына келтіріліп жатыр.
Бұл алқапты суландыру кезіндегі негізгі шара - судың 
жер астына сіңіп, шығын болуына қарсы күресу. Ол үшін арық -
атыздар, каналдар бойында судың жерге сіңуін кемітетін әр 
түрлі шараларды қарастыру қажет. Яки топы рақтың суды 
бойына ұстап тұру ерекшелігіне байланысты мөлшерлеп беру 
керек. 
Жер беті еңіс, көлбеу болғандықтан, су топырақтың 
құнарлы үстіңгі бетін жуып-шайып кетуі мүмкін. Сондықтан 
арық, атыз қазған кезде ирригациялық тәртіпті қатаң сақтау 
қажет. Мұндай жерлер Үлкен Алматы каналы бойында, Алматы 
облысының тау етегі аймақтарында көп кездеседі. Оларды 
суармалы егіншілікке игеру өте ұқыптылықты қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет