Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет39/83
Дата21.04.2022
өлшемі2,03 Mb.
#31812
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83
Байланысты:
9 сынып қазақ тілі

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы


Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмалар сипаттамасы

Орындау уақыты, минуты

Балл

1

9.1.2.1 қоғамдық-саяси, әлеуметтік экономикалық, ғылыми тақырыптарға байланысты әртүрлі жанрдағы кең көлемді мәтіндердегі (Жолдау) мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдау;

9.1.4.1 мәтіннің мақсаты арқылы негізгі ойды анықтау;

9.1.5.1 мәтіндегі айтылған ойға өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айту;

9.4.3.1 стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білу;



Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жұппен орындалады. Білім алушыларға 150-200 сөзден тұратын ортақ тақырыпқа қатысты мәтіндер беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио арқылы тыңдатуға болады). Білім алушылар мәтінді оқу барысында мәтіннің мазмұнын түсініп, мақсатты аудитория мен көркемдегіш құралдардың рөлін талдайды, негізгі ойды анықтайды, өз көзқарасын білдіреді, сыни тұрғыдан баға беріп айтады. Тыңдаушы жұп мәтінде көтерілген мәселе бойынша екі сұрақ қояды. Сөйлеу барысында стильдік ерекшеліктерге сай тілдік бірліктердің дұрыс қолдана білуі бағаланады. Бағалау әр оқушыға жеке-жеке қойылады.

Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға

3-5 минут беріледі)



5

5

2

9.2.3.1 мақала құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

9.2.2.1 қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану;



Көп таңдауы бар, қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушыларға 120-150 сөзден тұратын мәтін беріледі. Мәтінді оқып, тілдік құралдарды анықтайды, қолданысына түсінік береді, құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық,стильдік ерекшеліктерін анықтайды.

15

3

4

3


3

9.3.2.1 мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру;

9.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірді немесе жағдаятты талқылау, біреуіне таңдау жасап, өз ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе);

9.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу.


Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Білім алушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Бірінші жұмыста мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыра отырып, жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай оқырманға әсер қалдыратындай етіп баяндама жұмысын жазады. Екінші жазылым жұмысында құрылымын сақтай отырып, көтерілген мәселе бойынша екіжақты пікірдің немесе жағдаяттың біреуін таңдап, өз ойын дәлелдеп, тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай 150-200 сөзден тұратын аргументативті эссе жазады.

25

10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет