Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 9-сынып Қазақ тілі



бет41/83
Дата21.04.2022
өлшемі2,03 Mb.
#31812
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83
Қазақстанның экологилық ахуалы

Туған еліміздің экологиялық ахуалы күннен-күнге нашарлап келеді. Солтүстік Қазақстан бойынша құнарлы жерлердің 25-30%-ы жарамсызданса, Павлодардағы ірі өндіріс орнының зиянды экологиясы айтпаса да түсінікті. Батыс Казақстанда мұнай-газ өнеркәсібінің өнімдерімен ластану 2,5 млн. га., жайылымдардың деградацияға ұшырауы 3 млн.га. жерді қамтып отыр. Семей полигоны жайлы көп айтылады, бірақ халықка әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ.

Ал Каспий теңізінің 268 млн. га. жағалауы су астында қалып, олардың мұнай өнімдерімен ластануы одан әрі етек алуда. Күрделі экологиялық шиеленістер Орталық Қазақстанды да қамтуда. Байқоңырдан ұшырылатын тәжірибелік космос кемелерінің сол жердің тұрғындарына әкелетін экологиялық апаты зор. Оңтүстік Қазақстандағы экологиялық жағдайлар Арал өңіріне тән Әмудария мен Сырдария бассейнінің 2 млн. га. жерін шөлге, жарамсыз жерге айналдырды. Сорға, тақырға айналған жерлер мен Арал табанындағы тұздар ғаламдық экология проблемаларын тудырып, экожүйелерді қайтымсыз бүлдіруде. Осы өңірдегі 300 млн. га. сексеуіл ормандары құрып кетті. Шу-Мойынқұм, Балқаш-Алакөл, Ақдала аймақтарының да экологиясы мәз емес. Іле өзені суының 10-15%-ын Қытай Республикасының алуы бұл өңірде қауіпті жағдайлар туғызуда. Шығыс Қазақстанда да экологиялық проблемалар жеткілікті. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы дүниежүзіндегі экологиялық лас қаланың қатарына жатады.

Қазақстанда қазіргі кезде 16 млн. т. қатты радиоактивті қалдықтар жинақталған. Мамандардың зерттеуі бойынша, Қазақстанда тұратын 2,3 млн. адам мутангез ауруына шалдыққан.

(196 сөз)
http://melimde.com/azastandafi-ekologiyali-problemalar-ekologiya-lat.html



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет