Мақсатты аудиториясы мен
Көркемдегіш құралдардың
Қызметін түсіндіреді
Аралас құрмалас сөйлемдерді
қолданады.
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтауда,
көркемдегіш құралдарды (эпитет,
метафора, метонимияны) тауып,
қолданысына түсінік беруде,
аралас құрмалас сөйлемді
қолданып, ойды дамытып айтуда
қиналады.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтауда,
көркемдегіш құралдарды (эпитет,
метафора, метонимияны) тауып,
қолданысына түсінік беруде,
аралас құрмалас сөйлемді
қолданып, ойды дамытып айтуда
қателіктер жібереді.
Мәтіннің мақсатын,
аудиториясын анықтайды.
Көркемдегіш құралдарды
(эпитет, метафора,
метонимияны) тауып,
қолданысына түсінік береді.
Аралас құрмалас сөйлемді
қолданып, ойды дамыта
әңгімелейді
«Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқу мақсаты:
9.2.5.1 Мәтінде көтерілген мәселеге оқырманның қарым-қатынасын анықтауға арналған талқылау сұрақтарын құрастыру;
9.3.2.1 Мақсатты аудиторияның қызығушылығын ынталандыру үшін әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру.
9.4.4.4 Аралас құрмалас сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, қолдану.
Бағалау критерийі:
Білім алушы Оқырман тұрғысынан мәтінге талқылау сұрақтарын құрастырады.
Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастырады.
Тапсырма. Мәтінді мұқият тыңдаңыз.
Баламалы энергия – болашақтың энергиясы
Соңғы жылдары әлемде «энергетикалық қауіпсіздік» термині пайда болды. ХХІ ғасырда энергетикалық қауіпсіздік мәселесі бірінші орынға шығып отыр: біріншіден, дәстүрлі қуат қорлары сарқылып барады, екіншіден, энергияны тұтыну көлемі артып отыр. Мәселен, халықаралық энергетикалық агенттіктің мәліметтеріне сүйенсек, 1990 жылдан 2008 жылға дейін әлем елдерінде адам басына шаққандағы энергияны пайдалану көрсеткіші 10 пайызға артқан, ал жер бетіндегі адам саны 27 пайызға өсіпті! Аталған агенттіктің 2012 жылы жүргізілген зерттеуіне сәйкес, Қазақстан 135 елдің арасында электр энергиясын тұтыну көрсеткішінің жоғарылығы жөнінен
43-орында тұр еді.
Жалпы, электр қуаты қорларының сарқылуы, баламалы энергетика көздерін табу мәселелері жаһандық деңгейде де түрлі ұйымдар шеңберінде қарастырылып келеді. Егер болашақта электр қуатын тұтыну мен оны өндіру арасындағы тепе-теңдік тым алшақтап кетсе, энергоресурстар үшін әлем елдері арасында талас-тартыс та туындауы мүмкін екендігін сарапшылар жоққа шығармайды. Сондықтан аталған саладағы түрлі сын-қатерлерді болдырмау бағытында адамзат қауымы бірлесіп күресуі тиіс.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы халыққа Жолдауында энергетиканың дәстүрлі түрлерін дамыту туралы айтты. «Жылу-электр стансаларынан шығатын қалдықтарды тазарту жөніндегі ізденістер мен жаңалықтарға, өндіріс пен тұрмыста жаңа технологиялар арқылы жаппай электр қуатын барлық жерде үнемдеуге қолдау көрсету қажет.
Энергия қорларының тапшылығы салдарынан әлем елдері қуатты күн, жел сынды табиғи көздерден алуға ұмтылып отыр. Бұл бағытта Қазақстан қолға алған «Болашақтың энергиясы» мәселесі бірінші орынға шығатыны сөзсіз.