6.2.1.1 Мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;
6.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазу;
6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып құттықтау құрастырып жазады;
үстеудің мағыналық түрлерін ажыратып, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.
Ойлау дағдысының деңгейлері:
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты:
15-20 минут
1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтаңыз.
Спорттағы жетістіктеріміз Қазақ спорты үшін 2000 жылы аса сәтті болды деуге толық негіз бар. Сиднейдегі Олимпиада ойындарында Ольга Шишигина аруымыз алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Қазіргі кезде ол жастарға салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа баулу жұмыстарымен айналысып, қазақ спортының дамуына үлесін қосып жатыр. Әлия Юсуповадай көркем гимнастика өнерінің хас шебері 2004 жылы Афины қаласында ұйымдастырылған Олимпиада ойындарында жеңіске жетпегенімен, еліміздің ұлттық біріншіліктерінде қатарынан бес рет топ жарған. Қазіргі кезде Әлия өз жеке мектебін ашып, кішкентай шәкірттеріне гимнастиканың қыр-сырын үйретуде. Қазақта Бокс пен күрес қатар жүреді. Тәуелсіз еліміздің күресте де бірталай жетістіктері бар. Солардың бір-екеуін атап кетсек, 2008 жылы Пекинде өткен Олимпиада ойындарында Аслан Житкеев күміс медаль еншілесе, Теңізбаев Нұрбақыт грек-рим күресінен қола медаль таққан. Соңғы спорттық ойындарда бүкіл Азия құрлығындағы барлық спортшылардың басын қосқан жетінші қысқы Азия ойындарында біздің спортшылар керемет ойын көрсетіп, бүкіл дүниежүзіне қазақ атын паш еткен. Еліміздің қос астанасында өткен дүбірлі додада спортшыларымыз 32 алтын, 21 күміс, 17 қола медальді еншілеп, үздіктер көшін бастап келді. Парижде өткен ауыр атлетика біріншілігінде еліміздің көк байрағын желбіретті. 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсететін спортшылардың есімдері анықталды. Аталған жарысқа біздің елдің 8 бірдей спортшысы аттанбақ. Париждегі жарыста 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Илья Ильин 407 келіні бағындырып, қанжығасына алтын медаль байлаған. Қыздардың арасынан Зульфия Чиншало мен Майя Манеза ерекше көзге түскен. Қызу тартыста Зульфия қарсыластарынан басым түсіп, керемет өнер көрсеткен. Нәтижесінде елімізге алтын бұйырды. Майяның да көрсеткен өнері мақтан тұтарлық, еншісінде қола медаль. Бразилияның Кальдас-Новас қаласында өткен шахмат әлем біріншілігінде де қазақ халқы сыйлықтан құр алақан қалмады. Сегіз жасар Бибісара Асаубаева вьетнамдық Вуйонг Май Хан атты қарсыласынан жеңіліс тапқанымен, қалған сегіз кездесуде үздік ойын көрсетіп, алтынға қол жеткізді. Ал Жансая Әбдумалік қарсыластарынан басым түсіп, жерлесі Бибісара секілді алтынды қоржынына салса, оралдық Әлібек Игамбергенов 104 шахматшының арасынан ерекшеленіп, қола медальді қанжығасына байлады. (291 сөз) https://massaget.kz/layfstayl/sport/makala/95