Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ОҚУ-Әдістемелік кабинеті 6-сынып Қазақ тілі



бет88/98
Дата22.09.2022
өлшемі1,53 Mb.
#39811
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98
Байланысты:
6-сынып қазақ тілі

Швейцария кітапханасы
Швейцариядағы Сен-Галль аббаттығының кітапханасы — ортағасырлық кітаптарға ең бай кітапхана. 2005 жылы жүргізілген санақ бойынша мұнда 160000 кітап бар. Оның 2100-і қолжазба. Мұндағы төрт жүзге жуық кітаптардың жазылғанына мың жылдан көп болған.
Дублиннің «Тринити» колледжінің кітапханасы – Ирландиядағы ең үлкен ғылыми кітапхана. Мұнда 5000000 кітап бар, соның ішінде манускрипт, карта және ноталар да қамтылған.
Прага қаласында орналасқан Страговск монастырінің кітапханасы. Монастырьдің негізі 1149 жылы қаланған. Мұндағы ең көне кітаптар ХІІ ғасырға жатқызылады. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында 130000 кітап, 1500 мерзімді баспасөз, 2500 қолжазба және бірнеше мың графикалық жазбалар сақталған.
Джей Уокер – америкалық ойлап тапқыш әрі кәсіпкер. Рriceline.com сайтының негізін салушы. Оның Риджфилдегі үйі адамзат тарихындағы ең үлкен көпдеңгейлі лабиринт тәрізді құрылған кітапхана. Онда 50000 кітап және музейлік деңгейдегі артефакттар бар.
Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы 1963 жылы қаланған. Бұл сирек кітаптар мен манускриптерді сақтауға арналған әлемдегі ең үлкен кітапхана. Мұнда бүгінде 11 миллион кітап бар, соның ішінде Гутенберг Библиясының 48 данасы сақталған.
Сиэтл кітапханасы – АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Сиэтл қаласының орталығында орналасқан. Бұл әйнек пен болаттан жасалған әсем ғимараттың негізі. 2004 жылы тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады. (178 сөз)
alashainasy.kz/.../kanday-hobbi-densaulyikka-pay...
Ә мәтіні.


Әлемнің ең үлкен кітапханасы
«Александрия кітапханасы өртеніп, даңқты бабаларымыздың өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетті. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардың өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек.
Мұндай үлкен кітапхананы IX ғасыр­да әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жи­нақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында «Байт Әл-Хакма» атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл «Даналық үйінде» Орта-Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін «араб өркениеті» деген түсінік пайда болды.
«Даналық үйінде» ең бірінші болып Ортаазиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдат­қа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар. (176 сөз)
Бейсенбай Бекжан «Ана тілі»

А) А мәтінінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   98




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет