Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының


Ресімдеу талаптарына сәйкестігі



бет3/16
Дата25.11.2023
өлшемі14,81 Mb.
#127192
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
9. Ресімдеу талаптарына сәйкестігі: Жұмыстың мазмұны: Әдістемелік жинақ барлық талаптарға сәйкес дайындалған. Әдістемелік нұсқау авторлары 6 сынып бағдарламасы бойынша берілген, Блум таксаномиясының ойлау дағдыларына сәйкес ашық және жабық тапсырмалар көп, стильдік және теориялық тапсырмаларды көбейтсе,тіпті мазмұндық тұрғыда тереңдей түсер еді деп ойлаймын.
10. Жұмысты пайдалану бойынша қорытындылар мен ұсыныстар: Әдістемелік жинақты орта білім беретін мектепте, арнайы мектептер мен лицейлерде, сондай-ақ, пән мұғалімдеріне арналған семинарлар мен біліктілікті арттыру курстарында көмекші құрал ретінде қолдануға болады.
Тараз мемлекеттік педагогикалық университеті,
«Химия-география»– кафедрасының
доцент м.а, п.ғ.к. А.Қ.Даменова


Түсінік хат

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге 6 сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.


Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныс негізгі мектеп мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер,) қолданылды.
Кіріспе
«Қазақстанды ХХІ ғасырда дамыған
елдермен теңестіріп, өркениетті
әлемнен мәртебелі орын алуына
ықпал етер бірден-бір құдірет білім,
білімді ұрпақ»
Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заманауи талапқа сай оқу мен оқытуда оқушылар білімін тексерудің рөлі өте зор. Ол оқушылар білімінің деңгейін көрсетеді, қай жерден кемшілік кеткенін анықтауға болады және одан әрі оқу- тәрбие үдерісін жетілдіру жұмыстарын жоспарлауға негіз болып табылады. 


Көптеген жылдар бойы оқушы жетістігі басқа оқушы жетістігімен салыстырмалы түрде бағаланып келді. Критериалды бағалау жүйесінде ағымдағы бағалау тапсырмаларының бөлім бойынша қамтылған оқу мақсатындағы нақты бір дағдыны тексеру үшін, қорытынды бағалау тапсырмаларының тоқсан соңында белгіленген оқу мақсаттарына сәйкес жүргізіледі. Себебі, мұғалімнің тапсырмасынан күтілетін нәтиже оқу мақсатының орындалуының өлшемі болып табылады. Сонымен қатар, оқу мақсаттарына сай ойлау дағдыларының деңгейі туралы ойлану да маңызды. Білу мен түсіну деңгейінен жоғары ойлау дағдыларына жету үшін тапсырманың күрделілік деңгейі ескерілуі тиіс. Оқу мақсаттарын Блум таксономиясы бойынша жіктеуде бағалау критерийлерін дұрыс құрудыңмаңызды екені айқындалады. Тапсырмалардың қысқа және толық жауапты қажет ететініне қарай тапсырмалардың түрлерін тұжырымның шындық/жалған екенін, сәйкестендіру және салыстыру, көп таңдау бар тапсырмаларына қарай жіктеу болып табылады.Жаратылыстану пәнінің білім мазмұнын жаңартып, сапалы білім мен саналы тәрбие беру, әр сабақты ұтымды ұйымдастыру ұстаз қабілеті мен шеберлігіне тікелей байланысты.
«Бөлім бойынша жиынтық және тоқсан бойынша жиынтық бағалау» тапсырмаларын құрастыру тақырыбындағы авторлық бағдарлама жинағы (қазақ тілінде білім беретін).
6-сыныптың "Жаратылыстану" пәні бойынша оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет