Жамбылдағы жарылыс



бет3/5
Дата07.01.2022
өлшемі29,47 Kb.
#20710
1   2   3   4   5
Байланысты:
Байзақ. Жарылыс

Куәлар не дейді?
Алапат жарылыстың кесірінен өрт шыққан қойманың жанында жүрген бірнеше өрт сөндіру қызметкерлері, әскери адамдар қаза тапты. Дегенмен жарылыс болған аумақта жүріп тірі қалған азаматтар да бар. Қазір солар жарылыс алдында қандай әрекет еткендерін, жарылыстың қалай болғаны туралы айтып жатыр. Солардың бірі, жанып жатқан әскери қоймаға алғашқылардың бірі болып барған Тараз қалалық өрт сөндіру бөлімінің қарауыл басшысы Байбек Сембеков Sputnik Қазақстан сайтына берген сұхбатында көрген-білгенін былай баяндайды: «Оқиға орнына барған бойда басшы ретінде бірден әскерилердің біріне жолығып, қоймада не сақталғанын сұрадым. Қатардағы жауынгер ме, офицер ме, есімде жоқ, әйтеуір, қатты жарылатын зат жоқ деді. Содан біз бірден жұмысымызға кірісіп кеттік. Мен су алатын жер іздей бастадым. Ол жерде су мүлдем болмады. Ал біз мініп келген көліктерде 5 тонна, әрі кетсе 8 тонна бар. Ол жетпейді, бір-бірімізге су беріп отыруымыз қажет. Сол себепті алдымен су алатын жер іздедік.

Сол арада әскерилердің бірі танкте су таусылғанын айтты. Оған өрт сөндіру көлігінен су құйылып берілді. Осыдан кейін «көліктердің бәрі өрт ошағына жақындасын» деген команда берілді.

Мен көлікке міндім. Ішінде бір сарбаз және жүргізуші болды. «Жақындап баруымыз керек» деп айтқаным сол еді, бірдеңе жарылды, көлігіміз аударылып кетті. Шамды қостым да, үшеуміз артқы орындыққа өттік. Сосын есікті аштық па, терезден шықтық па, ол да есімде жоқ, бірақ бірдеңе қып шықтық. Біреулер айқайлап жатты, біреулер жылады, көбісі не істеріп білмей қалды. Басын ұстап жатты. Бәрінің үсті-басы қан болған. Соққы өте қатты болды. Бірдеңе айтайын десем, дауысым шықпайды. Сөйтсем, аузым шыныға толып қалыпты. Түкірсем, қан шығып жатыр. Бәрінде солай болды. Алдыңғы терезенің шынысы кіріп кеткен ғой.

Жердегі өрт сөндірушілер ауыр жарақат алды. Біреуінің көзі көрмей қалса, енді біреуінің құлағы естімеді. Ал он минуттан кейін тағы бір жарылыс болды.

Сол кезде біреу «К бою! К бою!» деп айқайлады. Біз болсақ, каскамен басымызды жауып, жерде жаттық. Біреудің аяғы сынды. Оған басқалар көмектесіп, алыстау жерге апаруға тырысты. Әйтеуір, шықтық. Бірдеңе қып тосқауылдан да секіріп өттік. Ол жерден қашып кетуге тырыстық», − дейді ол.

Жарылыстан аман қалған азаматтың бірі − Байзақ ауданындағы өрт сөндіру қызметінің қарауыл бастығы Асыл Мұхамеджанов. Ол да өртеніп жатқан әскери қоймаға алғашқылардың бірі болып барған. "Бізге өрт туралы дабыл түскен бойда сол жақты бетке алдық. Су беру туралы бұйрық түскен соң, өртке су шаша бастадық. Бірақ өртті сөндіру мүмкін еместігін байқадық. Әскери бөлім ішіне кіргенімде, сондағы мамандардың дабыл қағып жүргенін көрдім. «Өртті тезірек сөндірейік», − деді. Өздерінің су шашатын танкісі тұр екен, оған су толтырдық, бірақ, бәрібір болмады.

Сол жерде жүрген әскери адамдардан басшысы кім екенін сұрадым. Біреуі келіп басшы екенін айтты, атын білмеймін. Шенін де білмеймін, сержант немесе майор шығар. Есімде жоқ. Әлгі әскери адамнан: «Бұл жерде жарылыс болмай ма? Тағы да жарыла ма?», − деп қайта-қайта сұрадым. Ол «Ештеңе жарылмайды», - деді. Содан соң біз қайта шығып, басшылардан бұйрық күттік. Көп өтпей бізге қайтадан су беру туралы бұйрық келді де, мен әскери бөлімнің артына қарай бара жатқанмын. Сол кезде қайтадан жарылыс болды. Кейін не болғаны есімде жоқ. Маған жарылыс болмайтынын айтқан адамның да кім екенін білмеймін».

Қалай болғанда да қойма өртенгенде не боларын ешкім болжай алмаған. Шамасы, әскерилер де, жанып жатқан қоймадағы өртті сөндіруге барғандар өрт сөндіру қызметкерлері де инженерлік оқ-дәрі қоймасынан алапат жарылыс болады деп ойламаған тәрізді. Ал әскери ведомства басшылары аталған қоймаға Арыстан апарылған оқ-дәрілер жарылған жоқ деп отыр. Бірақ жанып жатқан қойма маңында негізінен өрт сөндіру қызметінің адамдары ғана болып, ол маңнан әскерилердің кетіп қалуы жұртты екіұдай күйде қалдырып отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет