Қорытынды Ұжымды басқару, жетістікке жетелеу – үлкен шеберлік. Ол шеберлік дамудың, оқудың, ізденудің нәтижесінде ғана келеді. Басқаруға байланысты жазылған ғалымдардың еңбектерін ескере отырып, саралай отырып басқару процесі әрқашан үздіксіз дамуды және өзгерісті талап етіп отыратынын түсіндік. Стратегиялық басқару барысында зерттеуімізде көрсетілгендей негізіг 4 элементті ескеру қажет. Ең алдымен сыртқы, ішкі факторлардың бізге ұсынып отырған жағдайына сәйкес икемделіп, стратегиялық жоспарымыздың мақсатына жету үшін өзгерістер мен түзетулер жасап отыруымыз қажет. Екіншіден, барлық жұмысты өз мойнымызға жүктемей, ұжым ішінде үйлестіру жұмысын тиімді жүргізу қажет. Яғни, стратегиялық жоспардағы әр тұлға өзінің функционалдық міндеттерін толық түсініп, атқарса жетістікке жетуге мүмкіндік туындайтынын түсіндік. Үшіншіден стратегиялық жоспарлаудағы мектепке қажет материалдық техникалық базасы сәйкес келуі қажет. Себебі, даму барысында педагогтер мен қызметкерлерге материалдық қолдау мен психологиялық қолдау жоспарыңызға сәйкес болмаса артқа шегіне беруге тура келеді. Төртіншіден басшы өзінінің ұжымын бәсекеге қабілетті ете алуы тиіс. Әрқашан жаңашылдыққа ұмтылтып, көршілермен кәсіби бәсекеге талпыныс жасатып, жұмсақ, қатты дағдыларын тиімді пайдалануға, транформациялауға икемді ету керек. Жапон зерттеушісі Т.Кононың пайымдауынша басқарушы икемді және интуициялы болуы қажет. Мұның маңызын карантиндік уақытта да түсіндік деп ойлаймын. Яғни, интуициялы директор тығырықтан оңай шыға алды, стратегиялық жоспарына уақытында тиімді өзгеріс жасап, карантиндік кезеңнен де пайда көре алды. Мысалы ұстаздарының цифрлық сауаттылығы артты. Негізгі бөлімде атап өткендей, әр ұстаз біліктілігіне сәйкес, педагог стандартына сай болуы қажет. Ол үшін талап қана қоймай, жағдай жасап, мотивациялау, жоспарлау, бақылау, ресурстық көмек жасау, шараларды ұйымдастыру, таңдау, талдау секілді жұмыстарды ұйымдастыруымыз қажет. Сол арқылы ғана персоналдың сіз ұстанған мақсатқа жетуіне сенімді бола аласыз.
Мектеп – үздіксіз дамитын, өзгеретін, транформацияланатын күрделі процесс. Оны тиімді басқару әр басшының басты мақсатарының бірі болуы тиіс. Басшы – кеменің капитаны іспетті. Оның межесіне жетуі, кедергілер мен сыртқы факторларға икемделуі, ішкі жұмыстың талапқа сай болуы, әр кеме жолаушысының қолайлы жағдайда болуы капитанға тікелей байланысты. Сол секілді басшының басқара алуы мектептің дамуының көрсеткіші. Сондықтан, өскелең ұрпақты бәсекеге қабілетті ету, функционалды сауатты ету, тұлға етіп қалыптастыру біздің парызымыз деп білеміз. Осы миссиямызды жүзеге асыруда үнемі даму үсітнде болу – басты факторлардың бірі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Т.И. Есполов, Ж.Ж. Сулейменов. Менеджмент – Алматы, 2003
2.Веснин В.Р. основы менеджмента – М: Триада ЛТД, 1996
3.Беляцкий Н.П., Велесько С.Е., Ройш П. Персонал менеджменті. — Минск,
4.Доскалиева Б.Б. Управление персоналом организации: Учеб.-практ. пособие. — Караганда,
5.Волгин А.П. Управление персоналом в условиях рыночной экономики (опыт ФРГ). — М.,
6.Егоршин А.П. Управление персоналом. — Н.Новгород: НИМБ,
7.Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы // Егеменді Қазақстан. — 1999. — 24 қырк.
8. Т. Коно «Жапон өндірісіндегі құрылым мен стратегия»