* * *
«Маңдайыма сезбеппін сыймасын-ай,
Сөз қадірін сезінген сыйласым-ай.
269
Әдебиет – жан нұры
Қоңыр кеште мен сені есіме алдым,
Суық қырда қап қойған, қимасым-ай»
Топырақты лақтырып: «құрбым-ау, тұр!»,
Жалбарындым тұрмадың, тұрдым-ау тұл.
Меніменен қосыла құлазыдың,
Ішке тартып өксігін мұңдылау қыр.
* * *
«Жалғызға зорлық қылмаған,
Жауының құтын ұрлаған,
Қаншама дүрлер жырлаған ,
Өте де шықты-ау тоқтамай,
Жалған да фәни зырлаған.
* * *
Қамын жеген ұрпақтың,
Қос өркеш атан тұрпаттым.
О дүниелік өзіңе,
Бұ дүниеде тіл қаттым,
...Жәнібек тархан жан бабам!»
Бұл өлеңдерді мұңға бейімділік деп қарауға болмайды.
Атаң да қара жер, анаң да қара жер, екенін көзге, көз алдыға
ұстап отыратын, мұндай тұста табиғатынан назалылау бай-
қалатын ақын өз оқырманын да бұйықтырып, ойға қамап
тастайды. Автормен бірге толғанып қамығасыз.
Ілия Жақановқа арнаған «Дүние» атты өлеңін алатын
болсақ, өлі-тіріде І. Жақановқа тоқталмаған кім бар? Қазақ
өнерін, қазақ сахнасын шыңыраудан шыңға алып шыққан
арыстарымыз жөнінде Ілекеңнен артық көз майын тауыса
жазған ешкім жоқ екендігі ойға оралады. Сонау жылдары
біз ауылда, ел ішінде жүргенде маңайымыздағы көкірегінде
саңлауы бар қазақтың радиодан ең қызығып тыңдайтыны
Ілия Жақановтың аты әйгілі «алты арыс» жөніндегі де-
270
Жанат Ахмади
ректері болатын-ды Қ. Бегманов тақырыпты «Дүние» деп
алады да, өлеңнің ішкі үйірімін І. Жақанов болмысына бе-
йімдеп, қабыстырып әкететіні қонып-ақ тұр. Толық оқып
шығуды қажет ететін бұл өлеңнен екі-үш шумақ келтіре тін
болсақ:
«Ноғайлы болып аңырадым,
Отырар болып қаңырадым
Ақтабан болып шұбырып,
Далада қалды саңлағым.
Жүрегін жаудың қақ тілген,
Алшайтып тұрып ат мінген.
Қазақ деп мұңға баттым мен,
Қазақ деп жылап жаттым мен.
Көзімде мұңның табы бар,
өзімде шөлдің зары бар.
Алдыма түсті-ау жабылар,
Жабылардан да жалығар
«Қазақтың зарын айтты-ау», – деп
Мені де жоқтар, сағынар»
Қасымханның қайталанбас әнші тұлға, Жәнібек Кәр-
меновке арнаған өлеңі де осы тектес шымырлап, лықсып
жатады. Осы орайда қоса кетер бір лебіз ұлтымыздың өмірден
өткен баяғы замандағы батырлары жөнінде көз майын
тауыса жазып жүрген Төлен Қаупынбаевтың, ал арғы-бергі
ақындар және сан алуан өнер адамдары туралы Дүйсенбек
Қанатбаевтың қыруар еңбектерін де І. Жақанов қатарында
ауызға ала кету сауапты іс болар еді. Ілия Жақановтан
бастап жоғарыда аты аталғандар мыңдардың қамын ойлап
жүргендер десек, олардың қамын кім жемек? «Мыңның
қамын бір ойлар, бірдің қамын кім ойлар» деген ұлағатқа
жүгінеміз. Олай десек, мың адам жемеген қамыңды бір
адам жейтіні Қасымхан Бегмановтың көркем сомдалған осы
өлеңінен ізделгендей.
271
Әдебиет – жан нұры
Қасымханның бұл кітаптағы өлеңдерін қара сөзбен ежік-
теп, дәріптегеннен гөрі бастан-аяқ оқып шыққан қа йырлы
болар еді.
Енді «Бар өмірім тұрады сағыныштан», деген екінші
бө
лімнің басталған жеріндегі бір ғазал жырынан үзінді
келтірейік:
«Саған жырды он алтымда жазған ем,
Ғұмыр жайлы бір әңгіме қозғап ем...
Бұл өмірдің қысқалығын білсем де,
Аспандағы айға қолды созған ем.
Маған ермей қалдың сонау көктемде,
Жалғыз кеттім қауіптілеу өткелге.
Бұл жалғанда жалғыз қалдым жарығым,
Қолым жайып оралмайтын өткенге,
Үнсіз қарап жалғыз жүрген кептерге.
Мәңгі серік етті содан асыл мұң,
Саған ғашық екенімді жасырдым.
Бұл жалғанда жалғыз қалдым жарығым,
Қаламын ап, Төлеген мен Қасымның.
Шайырлардың шайқап ішіп шарабын,
Жалғыз қалдым жасқа толып жанарым.
Жалғыздықтан жапа шегіп барамын,
Сен елігі, мен еркесі ем даланың,
Қажыдым-ау, қайда жүрсің қарағым».
Дос іздемес адам, ғашық бола да алмайды деген рас. Ал
дос іздемеу адамнан гөрі төмендеу сатыдағы мақұлықтарша
өмір сүру деген сөз. Адам баласы бар жерде азабы көп ал-
ғашқы махаббат бар. Ол кімдердің жүрегін жараламаған?
Кім дердің ет жүрегін елжіретіп, іш-өзегін өртемеген? «Жо-
лы болмаған алғашқы махаббат үрейі өлім үрейінен де
қорқыныштырақ» дегенді ұлылар босқа айтпаған. Олай
бол са миллиондардың жан дүниесін бағындырған дауасыз
272
Жанат Ахмади
дертті шынайлығымен көрсете алған ақынымызға не дейік.
Қайғыны қара ниеттілер тез ұмытады. Ойлы адамның бір
бүйірінде қалайда бір күрсініс жүрмек. Қасымханның «Бе-
сіктен бейітке дейін» деп ешкімді құтқармас тақырып
қойған бұл кітабын оқыған кісі автордың назалылау, киелі
жаралысын ұғынған болар еді.
Бір ескерерлік жайт, осы сарындас толып жатқан жыр-
лары болғанмен, соның барлығы да жылауық өлең емес,
адами-пенделік ғұмырдың іңкәрлі, ділінен туған сыршыл
ғазалдар. Қ.
Бегмановтың өзіндік сарын, өзгешелігін де
осы тұстан қарастырсақ жаңсақ кетпейміз. Олай болса сыр
құмар, нәзіктік дегеніміз адам сезімінің ыдыс-шарасына
ернеулеп келген жоғарғы саты түйсігі деген қорытынды
шығады. Ал кесек мінез ақындар өз алдына. Бітеу жұтатын
жыланға үзіп жеп, шайнап жұтпадың дей алмайсың.
Жалпы Қасымхан өлеңдерінің тұтас болмысы артық
кетпей, кем соқпай, тартымды ой таразысына құрылады.
Түбі көрінбес қара судың бұлқынбай, жылым боп ағатыны
сияқты; ақын бұлқынып-жұлқынбай отырып, тереңге тарта
біледі. Мысал үшін үшінші бөлімдегі Созақ көтерілісіне
арналған дастанның «Тұяқ серпу» аталған толғаулардың кез
келгенін оқып қарасаңыз, айтқанымызға дәлел болар еді.
Қорыта келгенде, Қазақстан Жастар Одағының, Т. Ай-
бергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтың, Түркі
халықтары халықаралық поэзиясы фестивалі сыйлығы ның
жүлдегері, Қасымхан Бегманов поэзияда іргелі орны бар,
көшелі ақындарымыздың бірі демекпіз. Өлең-жыр – оның
жан азығы.
273
Әдебиет – жан нұры
«СЕЗIМНIҢ ГҮЛI»
Қайрат Әлiмбеков
«Жалын» баспасы, 1989 жыл.
Қайраттың өлеңдерiне тоқталмас бұрын таразылай ке-
тер лiк бiр жай, ол жас шамасы өзi тұстас жастау ақын-
дарға салыстырғанда көбiрек еңбектенiп, өлеңдi өндiре
мол жазып үлгiргендiгi. Олай дейтiнiмiз, автор «Сезiмнiң
гүлi» жинағынан кейiн, 1994 жылы көлемi 9 баспа табақ
жеке өлең кiтабын шығарғаны («Жоқ iздеген жiгiтпiн»,
«Жалын» баспасы) сөзiмiзге дәлел болар. Жинақтарынан
аңғаратынымыздай, студенттiк өмiрден тартып өлең жазған
автордың бұл сапардағы бейнетi ақталған. Ұзаққа сілтейтін
Қайраттың дiттеген арман-мұраты тек осы жыр жолдары
тәрізді. Авторды сол ғана барлық тілегіне жеткiзiп келе
жатқанын ұғынасыз. Қайрат Әлiмбеков және онымен бірге
шоғырланып шыққан бiр топ iргелi ақындар: Бауыржан
Жақыпов, Мейiрхан Ақдәулетов, Әубәкiр Қайранов, Болат
Үсенбаев, Болат Жетекбаев, Есенқұл Жақыпбеков, Кәдірбек
Құныпия, Жарас Сәрсектер тәрізді нағыз ақындар болды.
Міне осылардың біразы поэзия құдіретіне өз басын тәрк
еткен, бiртуар ақын ағалары Жұматай Жақыпбаевты темiр-
қазық санаған екен. Тегiнде, ақын-жазушы үшiн өз жаз ған-
дарын сиясын кептiрместен достар талқысына салып, iзiн
суытпай талғам елегiнен өткiзiп отырудан артық ешнәрсе
жоғы бел гiлi. Әрi қазақ әдебиетiнiң келешегi кейiнгi тол-
қын бол ғандықтан, олардың мұндай береке тауып, айта қа-
ларлықтай таңдаулы шоғыр жүйелендiруi былайғы жұрт-
тың да әуесiн қоздырарлық жәйт болатын. Араласпаған бiз
бiлмегенiмiзбен, Мейiрхан, Қайраттар сөздi «Жұмағаң»
деп бастап, Жұматайдың поэзия әлемiндегi орнын, жалпы
болмысын қозғағанда өздерi де ғажаптана, таңырқап әң-
гiмелейтiн. Өз соңына Жұматай Жақыпбаев соншалық
сү
йiспеншiлiк қалдырған. Солай дей келе айтарымыз,
Мұқағали, Жұматайларды пiр тұтатын ақындардың жуан
ортасында Қайрат Әлiмбековтiң де өз орны бар екендiгi.
274
Жанат Ахмади
Жұматайдың «Кенежирен», «Ләйлаларын» еске түсiретiн
«Жайлау жайлы жыр» атты Қ. Әлiмбеков өлеңiне назар
аударайық:
«Тотияйын көкке қадалып қалған ақ шыңдар,
Жасындай көздiң таралып аққан көк сулар...
Керемет күннен көлеңке болып көлкiген,
Кеудемде бүгiн сендердi аңсай, өксу бар!..
Кыземшек тауға қиялай салған көп ғашық,
(Кер жолын қазiр кеткен де шығар шөп басып).
Мұнардан менi көздеп те тұрған шығар-ау,
Көгiлдiр тауда қарағай бiткен топтасып.
Заңғарда аң бар... Шыдайсың қайтып аң қумай,
Кезеңдi кезiп қаңғушы едiм қаңғудай.
Жаңғырып қайтар даусымды менiң сағынып,
Ағып та кеткен болар-ау әлгi таңқурай.
Қан жайлау төсi... Төлектiң төрi, Төл тойы,
Ересек ұлдың самғаған едi ерте ойы...
Ол елес бүгiн сондағы тартыс-ерегес,
Көкпардан үркiп, бытырай қашқан ел қойы.
...Ақтабан атым аяқтап сонда шапқынды,
Қараша үйге қапыда... менi тап қылды...
Серкенi сүйреп енгiзiп алып үйiне,
Өз қолыменен ұсынған сусын ақ құрбы.
Жолықпай кеткем... ойпыр-ай қандай бiлместiк?!
Көзбенен сосын бiр-екi-ақ сөзбен тiлдестiк.
Таңқурай түстес томпақтау қызыл ернiнде,
Тығылып қалған жүрекке жайлы үндестiк.
Әтiрлi ауа... Ару қыз аттас алуан гүл,
Әуеде ләйлiп, айналып басы арман жүр.
Әсет әнiндей күрт шырқап кеткен қиялын,
Жиятын әрең бүлдiрген көрiп қалғанда ұл...»
275
Әдебиет – жан нұры
Бұрынғы жылдарда Қайраттың өрiмдей жас кезiнде жа-
зылған бұл өлеңге қарап, оның қызулы шабыт, ақындық
аясына сыйып тұрған сан бояулы суреттi көресiз. «Заңғарда-
ғы аң...», «Төлектiң төрiндегi төл тойы» барлығының арғы
астарында бұғынып тұрған «Ақ құрбы» бар. Пайымдай
түссең, әсем табиғат суретiнiң барлығы сөз түйiнiндегi осы
«Ақ құрбыға» үнсiз байланып, «ансамбль ойнау» арқылы
жарасымын арттырған. «Тотияйын – көк аспан» оған
қадалған «ақ шың», «көздiң жасындай таралып аққан көк
сулар». Бұла, жас жiгiт «құрбы ауылынан жаңғырып қайт-
қанша, таңқурайдың ағып кететiн» себебi бар... Бұл өлеңдi
жазған кездегi жап-жас студент ақын бадырайтып айтпаса
да, сол ауылға жетуге асығып бара жатқанда кiдiрiп жеу-
ге мұршасы болмай, пiсiп тұрған таңқурайды көзi қиып
тастап кеткенi ап-айқын аңғарылады. Оқырманды сан ойға
жетелейтiн, поэзиядағы астарлы, құпия ұғым дейтiнiмiз
осы тектес сипаттар.
Осы өлеңнiң өзiнен тағы мысалдар iздесек, Төлектiң
төрiнде өткен шопан қауымының төл тойында көкпар алып
қашқан автордың:
«...Ақтабан атым аяқтап сонда шапқынды,
Қараша үйге қапыда... Менi тап қылды...»
дегендегi «қапыда» болатыны, «көзбен сосын бiр-екi ауыз
сөзбен» ғана тiлдесе алған құрбы мен жiгiттiң сырт көзден
жасырын халдерiне байланысты. Мұнда әдептi жiгiт, ибалы
ару сырынан парасатты елдiң ұлттық ізет бояуы.
«Қыземшек тауға қиялай салған көп ғашық,
Кер жолын қазiр кеткен де шығар шөп басып».
Мiне, осылардың барлығын жинақтап келгенде, алғаш-
қы шумақтың мәнi ашылады. Сол бiрiншi шумақтың соңғы
екi жолындағы:
«Керемет күннен көлеңке болып көлкiген
Кеудемде бүгiн сендердi аңсай өксу бар»
276
Жанат Ахмади
дегенi Қайраттың өткен бiр шақтарға деген тәттi мұң,
құлазулы сағынышы бар. Және ол шабытты жыр тiлiмен
өрiлген. Әрi бұл өлеңнен ақынның табиғатпен бiте қайнас-
қан туыстығын тани түсемiз.
Қайраттың тақырып аясы кең. Әлеуметтiк биiктiкке
құрылған «Менiң далам» (66-бет) тағдыр тәлкегiн дiттеген
«Сары дала, бозторғай» (83-бет) махаббат тауқыметiн паш
еткен «ЖенПИ-дiң жатақханасы» (136-бет) сияқты бiрнеше
өлең топтары соның айғағы.
Қайрат Әлiмбеков махаббат – мәңгi достық тақырыбына
ойысқанда да, жырсүйер қауымды өз басынан өткен айдай
айқын өкiнiш мұңымен ерiксiз баурайды. Дос іздемес адам
ғашық бола да білмейді. Қайрат – ерекше досқұмар. Бұл
орайда автордың ең болмаса бiр өлеңiн толық көрсеткенiмiз
жөн сияқты. Жас, бұла ақын шамды айналған көбелектей,
махаббатқа «пәруана» кезiнде қанатын отқа шарпытып:
«Таныстай едiк... таныстық,
Таңдана менi тыңдадың.
Қысқара бердi алыстық,
Қоштастық... қолды бұлғадың!
Ойымнан соның кетпедi,
Келiп ем жоқсың сенi iздеп.
Бөлмелес қызың «Жоқ!» дедi,
Қадалды қайта: «Неңiз?» – деп.
Көзiнен ұшып күлкi өттi,
Бұлдырық құстың тобындай.
Жүрегiм сол сәт бүлк еттi,
Гол кiрген қақпа торындай.
Қарайлай бердiм жерге көп,
Күлгендей болды жатақ бар...
Қос бейне көрдiм мен кенет,
Бiреуi сенсiң -тәкаппар.
277
Әдебиет – жан нұры
Ал жiгiт джинсы сым киген,
Былғары күртке, мұрты бар.
Жан дүниесiн кiм бiлген,
Әйтеуiр жұртқа сырты ұнар.
Қарсы алар деп ек бақ-құшақ,
Алдаған менi қай құдай?
Ұмытып кеткен зат құсап,
Елеусiз қалдым жай, былай...
Жаныңның сол ғой панасы,
Жымиып оған ұмсындың.
ЖенПИ-дiң жатақханасы,
Естiмейтiндей күрсiндiм.
Адыра қалған арманнан,
Ойларым менiң бар түйер.
Қақпашы емес алданған, -
Болайын жақсы жанкүйер! (36-бет).
Тегiнде шексiз сүйе алған адам ғана осылай ағынан жа-
рыла, бар шынын айтады. Жалған намыс араластырмайды.
Ұлылардың сөзiне тағы бiр жүгiнер болсақ, Шекспир: «Сүю
шегi бiлiнгенде қор болады» деген. Оған бiздiң қосарымыз,
өз бойындағы сүю құдiретi күштi адамда қиыншылық
-
қа қас
қая қарсы тұра аларлық, табанды жiгер қоса жа-
ратылады. Олай дейтiнiмiз, сүйiспеншiлiк атаулы тек қыз
жiгiт арасындағы махаббатқа ғана байланып қалған нәрсе
емес. Бісмілласы Алланы сүюден басталады.
Қайрат жоғарыдағы өлеңiнде iшкi жан сезiмiмен ба рын-
ша сыпайы баяндап отырғанымен, шын мәнiнде оның жан
дүниесi бiр күйреуге күйреп түскенiн ұғыну қиын емес.
Әлi ешнәрседен тауы шағылмаған балаң жiгiттiң тағдырға
зары жетпей, жас жаны жаралы болып тұрғаны оқырманды
тiлеулестiкке шақырады. Әлгi «джинсы сым киген, мұртты
278
Жанат Ахмади
«мырза» мен кете барған сырғақ бикештiң келешегiнен
күдiктене бастайсың. Өйткенi, «Сыртқы арбағыш көрiнiстен
басқаны бiлмеген ұрғашының өмiрiнен запыс өмiр жоқ»
деп Ф.
Фонтель тiл безеп айтпақшы, екiнiң бiрi ақын
еместiгiн ескерсек, өзiн шын сүйген әрiптеске өресi жетпей,
тәлкек етiп кеткен дiлсiз қыз бар. Оған «Болайын жақсы
жанкүйер» деген сөздi арнап, қамқор болып отырған автор
мен «мұртты» тең емес екендігі бесенеден белгілі. Қашанда
жүректi адамның сүюi басқа. «Ақылды адам ақылынан
адаса ғашық болса да, ақымақтарша ғашық болмайды» деп
Ф. Ларошпуко айтқандай, сол кездегi уыздай жас автордың
өзi шынайы ақын жүрекпен, асыл тілекпен сүйген.
Бұл ғана емес, Қайраттың сүйiспеншiлiк – махаббат та-
қырыбына арналған басқа да бiраз өлеңдерiнiң барлығы
да ешкiмдi бей-жай қалдырмайды. Мәселен, «Гуля» деген
өлеңiнiң алғашқы шумақтарына ғана назар аударайық:
«Ғашықтың тiлi – тiлсiз тiл» деп Абай сөзiмен берiлген өлең:
«Ұмытайын десем де тағы аңдамай,
Ойлап кетсем ойнайды санамда жай.
Көш соңында бiр бота боздап қойып,
Көңiлiм көшiп барады саған қарай.
Ай-й... Гуля, қызғалдақ гүлiм – өртiм,
Аңғарылар саған қай күнi дертiм?!
Айқайы жоқ ғашықтық кiнәлi ғой, –
Алдыңда ылғи шықпайды үнiм еркiн» (130-бет).
Өзге жай пенденiң бiрi емес, жан-жүрегi қастерлi жас
ақынның тыныс лебiнен жалын шалқиды. Жоғарыдағы бұл
екi шумақтан түйерiмiз, қасиетсiз жаралған адамды да бiр
ауық қасиеттi етiп жiберетiн сүю кезеңi болады. Ал, студент
Қайрат қандай еді. Жас, бұла жiгiттiң осы бiр тiлегi орындала
қалса, өмiрдiң өзге қандай тауқыметi болса да қасқая шы-
дап, мойнымен көтерiп алардай зарығуын аңдаймыз. Бұған
қарап поэзия әлемiндегi мәңгi шындық осындай-ақ болар
дегің келеді. Қайраттың бұл жинағындағы:
279
Әдебиет – жан нұры
Алматы, Жастық базары...
Еске алсам болды дiр етем.
Алатын ару мазаны,
Қай жерде, қайтiп жүр екен? (190-бет).
«Курстастарыма» атты өлеңiмен, яғни «Қыздарға» си-
яқты бiрнеше өлеңдерi автор ауылда жүргенде әр кез
де
жазылып, кiтаптың әр тұсынан орын алғанымен, жоғары-
дағылармен үндес тамырлас жырлар.
Қайрат Әлiмбековтың аталған екi кiтабын оқып шық-
қандағы ден қоярлық оқшау жайдың бiрi – оның өлең-
дерiнен мысал келтiру үшiн кейбiр өлеңiнен үзiндi алып,
қалған тұсын бөлiп қалдыруың қиын. Сағат қозғалысының
тетiктерi сияқты жiктесе тiстесiп жатқан шумақтар бiрiн-
сiз, бiрi әрекетке келмейтiн, тұтас дүние болып құрылады.
Даналап айтсақ, бұл ақындықтың ең басты шарттарының
бiрi.
Ал ендi көлемi 9 баспа табақ «Жоқ iздеген жiгiтпiн» атты
екiншi кiтабына ауыссақ, төрт бөлiмнен тұратын жинақ та:
«Жанымның жарқылы», «Арнау жырлар», «Махаббатстан»
және «Балладалар» деген бөлiмдерге жiктелген. Ақынның
бұл кiтаптағы өлеңдерiн сөз етуден бұрын тiлге тиек болуға
тұрарлық бiр жайтты еске алсақ, Қайрат өзiнiң осы өндiрте
жазған шығармашылық басқышында газеттерде жұмыс
атқарумен келедi. Әрi екi кішкене баласын жұмыс iстемейтiн
келiншегi, Алматының ана түкпiрiнен мына түкпiрiне
сүйрелеп, оншақты жыл iшiнде он шақты пәтерге ауысты.
Сөйте жүрiп өлең жазуға уақыт тапқанына қызыға қарауға
болады. Уақыт табуы ғана емес, сонша өлең жазуға зауқы
соққанын ойға алыңыз. Жас басынан көрмеген қиындығы
қалмаса да, бiр тәуiр жерi, Қайраттың жүнi жығылып,
ұнжырғасы түсiп жүргенiн көрмейсiз. Бай баласындай,
балпанақтай болып, сабаз жаралған қалпында мыңқ етпей
жүргенi!
«Қыздар-ай, қайран ҚазМУ-дың наздана күлген,
Қыста да гүлден аумайтын, жазда да гүлден.
280
Жанат Ахмади
Аялдамадан түседi үркектей басып,
Күлте жал құлын секiлдi сазды ала жүрген» (74-бет).
«ҚазМУ-дың қыздары» саздауыт жермен үркектей ба-
сып бара жатқан күлтежел құлын – қай қазақтың көзiне
ыстық көрiнбес едi. Нәп-нәзiк аяқтарына бiзөкше киген
ару ларды жаңағы құлынның суретiмен елестеткенде, қазақ
қызы көзiңе оттай басылары анық. Тегiнде, өлең жазу үс-
тiнде қиялшыл автор адамның ойына келмейтiн, осы тектес
әсем штрихтарды мол қолданумен ұтып отырады. Дәлел
ретiнде алдыңғы жинақтан осы сарындас бiр мысал келтiрер
болсақ:
«Бақыт та шығар мүмкiн бұл,
Бұрыннан жүрген бұрылмай.
Кеудемде күлген күлкiң жүр,
Адасып қалған құлындай.
Қайраттың тұңғыш жинағы туралы газеттер бетiнде
бiрнеше рецензиялар жазылып мақталған болса да, оның
оқырмандары қатарында мына екiншi кiтабының жарық
көргеніне орай мен де осылай қысқаша пiкiр байқатуды жөн
көрдiм. Азды-көптi ойымызды автор өзi ұстаз санаған әйгiлi
ақынға арнаған. «Жыр жұлдызы – Жұматай» атты өлеңiнен
бiрер үзiк келтiрумен тәмамдар болсақ:
«Жандарым» деушi ең жаныңнан бiздi тастамай,
Көз iлмеушi едiк «Ләйланы» басқа жастамай.
Қамқорлық толы осы бiр қоңыр үнiңдi,
Сағынып жүр ғой бүгiнде ендi жас талай.
Жүрушi ек Сiздi бағалап ылғи ағалап,
Күйреп те қалды өзiңiз құрған Қағанат.
Талайға Далай, қаған боп тұрған едiңiз,
Ақындық атқа келтiрмей ешбiр жаманат.
281
Әдебиет – жан нұры
Қағанға ұқсау – ноянға мұрат, әз арман,
Осындай ниет ұғушы ек сiздiң ғазалдан.
О жақта жүрiп қолдайтын қамқор сiз барсыз,
Сондықтан бiздер қорықпаймыз ендi ажалдан»,
Қайрат iнiмiз жайлы қорытып айтар сөз түйiнiмiз,
алдыңғы көш бастар даңғайыр ақындарымыздың жолын
ұстап, iзiн басатын жас толқын легiмiздiң үркердей бiр
шоғырынан көрiнген, болашағы үлкен дарындарымыздың
бiрi деуге сенiмiмiз мол демекпiн.
282
Жанат Ахмади
ҚЫЗЫЛ ТIЛ – ЖАННЫҢ ҚУАТЫ
Есенқұл Жақыпбековтiң «Жерiңе табын» атты жыр
жи нағын оқыған кiсi әрi тапқыр айтыс ақыны, әрi көркем
жазба ақындық талантты бiр кеудеге берiлгенiн бiлесiз. Олай
дейтiнiмiз аталмыш жинақты оқығанда көңiлiңнiң хошы
қозғалып, көзiңнiң нұры кiредi.
Дарын-дәрiптемесе де, дарын. Олай десек, жүк салмағын,
ой әлемiн Есенқұл оқырманының өзiне қалдырып, бұл жи-
нақтағы бiр дастан, бiр өлеңiне ғана аял етсек, жеткiлiктi
тәрiздi.
«Қарауыл қайғысы» атты Семей полигонының зардабы-
на арналған дастан көркемдiгiнiң сыртында, атом уымен
за қымдалған ерлi-зайыптылар тағдыры айтарлықтай дәре-
жеге көтерiлген шығарма.
Аталмыш дастаннан мысал келтiрейiн десеңiз, оның қай
тұсын, қай шумағын бөлiп аларыңды бiлмейсiң. Шумақтар
мен жыр жолдары бiр-бiрiмен тайталасып, алқымыңа
тығылып, ой-дүниеңе кептелiп тұрады. Атом кiнәратының
дiмкәстiгi салдарынан екi естi болған жас жұбай – сұлу жар
өзiнiң не iстеп жүргенiн бiлмей, бiлсе де өзiн ұстай алмай,
етегiн бөгдеге ашқызады. Өзiнiң сол қылығы үшiн кештетiп
үйiне келген кезде барып, күйеуi алдында жаны күйіп, ары
өртенумен болады.
«Жас шалғынға жайылып бұрымдарың,
Өртендiң бе шырылдап шыбын жаның?
Қымтай берген қылығың көйлегіңді
Етегiңнiң айтып тұр сырылғанын.
Бiр өзгерiс бойыңнан байқалады,
Болды, бәлкiм, төсегiң сай табаны?
Тәнiң әлi балқып тұр балауыздай,
Көздерiмнен көздерiң тайсалады».
283
Әдебиет – жан нұры
Бұл күйеуiнiң iшкi құпия толғанысы. Жаралысы бек-
зат, тастай берік азамат сүйген жарының бетiне жарты ауыз
сөз айтпайды. Шебер автор, жолы болмаған махаббат үрейi-
нiң тәлкегiн, өлiм үрейiнiң үркiнiшiнен де өткiр дәрежеде
жеткiзiп бередi. «Ауыздан шығармас жерде у болса iш, жылан
болса жұт» деп, бұрынғылар айтқандай, қайғысын iшiне
жұтқан жігіт жан тереңiнен жараланады. Рухани дүниесi
жазылмас рак дертіндей қатерге айналады. Әрі ақын оны
боркемiк, күйректік халде емес, асқан қайсарлық тұрпатта
суреттей бiледi. Кейiпкер морып кетпейдi. Басына түскен
тағдырға қасқая қарсы тұрып, бар тауқыметті биік санамен
қабылдайды. Бейбақ жан өзiнiң ару жұбайын өлердей сүйетiн
едi. Шынайы сүйiспеншiлiк қиындық атаулының қандайын
болса да жеңетiнiн автор дөп басады. Бiрақ сөйте жүрiп-ақ
сабаз жiгiт өлуге тиiстi едi. (Бұны да шарпыған атом зардабы
– бiр, екiншiден ар-ожданы өртенiп, iштей өлген)
Өлiк шыққан адамдай үйiмiзден,
Саяқсимыз самарқау күйiмiзбен
Жарастықты келемiз жалғап әрең,
Жалтаң әрi жасанды сыйьмызбен.
Тiрiдей қаралы болған жiгiт ақыры өлiнi жоқтау са-
рынына жетiп:
«Қасиет-қадыр жоғалтты,
Өлгеннен басқа не қалды»
– деп күйзеле, түпсiз түнекке ойысады.
Бiр ғажабы екеуiнiң сүйіспеншілігі Ләйлі мен Мәжнүн-
нен кем болмас. Дарынды ақын Есенқұл Жақыпбеков сiздiң
жан-сезiмiңiзге сол арқылы шоқ түсіріп, қиял дүниеңізді
сол арқылы сенделтеді. Бір төсекте жатқанмен екеуінің
арасында өткел бермес түпсіз терең жар бар. Ол болмыс
жылдар бойына созылған. Дастан басталған жерден:
Әйелiм де емессiң, жесiрiм де,
Бөтен тартып барасың осы күнде.
284
Жанат Ахмади
Кешке саған болады кешігуге,
Маған сені болады кешіруге.
Кешік, кешік... қорлық-ай, кешік енді
Біреу құшып жүр білем несібемді.
Үнсіз ғана кіресің үйге кешке,
Осы күні оған да етім өлді.
Жерге қарай бересің сен өкініп,
Аңғармаған боламын мен өтірік.
Көлгірсимін танытып көңіл тоқтық.
Көзіндегі күнәні көре тұрып.
Жасыра алмай жұмбақ мұң, «ерке» сырды
Жаншыттың ба мәрмәрдай өр төсіңді?!
Жалынына тозақтың жанған кезде,
Бәлкім, біреу бықсытып өрт өшірді, –
деп айықпас қасірет сыр аңдатса, екінші тараудағы жас ару
жұбай, өзін-өзі іштей тергейтін тұста:
Сарғаюмен солды ғой сарғалдағым,
О, қу дүние осынша неңді алғанмын?!
Көзім алды бұлдырап бара жатыр,
Көкірегімде өртеніп орман қалың.
Жылжып ақты жылдарым, күң – өмірім
Тірі жесір тозағын біледі кім?
Ең болмаса жүрсе етті елден жырақ,
Екі көзі жайнаған тірі өлігі!.. .
Айналдырып азапты түн ұршығын,
Ынтық оймен ысынып, ыңырсыдым.
Жәмила нұр, жалынды жатқа қыйдым,
Жайылмап ед өзгеге бұрын сырым.
285
Әдебиет – жан нұры
Сарқытпын ғой, қайтейін жардан қалған,
Құнықтым-ау құмарпаз «қардан да» арман.
Жат еркекті емес-ау жаны сасық, -
Қиялымды құштым мен арман болған – дейді.
Қарап отырсаңыз, бұл екеуін бағы заманның бір суық
қол жәдігөйі қастық қазығына сиқырмен байлағандай әсер
етеді. Иә, бұл бір жазда екі жүз жетпіс жігіт өлген, Семей
полигонының зақымдық хикаясы еді.
Сөз түйіні бұл дастанды айту, дәріптеу емес, оқу қажет-
ақ. Автор жыр сүйер қауымды ширықтыра тартылған сюжет
желі арқылы құса етіп және сол арқылы құпия сыр, жұмбақ
ләззат таптырады. Кей шумақтар тұсында ақынның қарым
қуатына ризалық сөз таппай, іштен тына булығып отырып
қалатының бар. Автор бұл арқылы сізге жер бетіндегі бар-
лық буынып өлушілердің ортақ қасіретін сомдағандай боп
көрінеді. Қорытып айтқанда, бұл бәйіт – дастаны арқылы
Ілиясты, Мұқағалиды қайта-қайта еске түсіріп отыратын,
Есенқұл сөз жоқ арқалы ақын екенін танытқан.
Әдебиет әлемінде соңғы жылдары дүниеге келген «Қа-
рауыл қайғысы» атты шығарма тікеннен – гүл, зәһардан –
бал шығарғандай.
Достарыңызбен бөлісу: |