ТіЛ ӘМіРШіСі – ОЙ БОЛАР
60 жасқа жігіт қалпынан танбай жеткен – Нұрқасым
Қа зыбеков жайлы оның шығармашылығы туралы сөз қоз-
ғар алдында тумысынан кірпияз жаралған қаламгердің
табиғатына болмысына орай бірер сөз.
Нұрқасым Қазыбеков «сегіз күндік өмірдің тоғыз күндік
айласы бар» – дейтін – пендешіліктің ұсақ-түйек көң-қо-
қысына бой алдырмаған адам.
«Епті тірегіне сенсе, текті жүрегіне сенеді». Нұрекең
өз жүрек жолына сенгеннен өзгені үйренбейтін, замана ау-
руымен ауырмайтын бұлжымас жаратылыс иесі. Біреудің
алдында «пенде» боп мәймөңкелеуді ұғынбайды, үйренбейді.
Осы мінезіне қарап атамыз қазақтан қалған: «барма биге,
өзі келсін – үйге, барма ханға, өзі келер – малға», немесе;
«бай алдына барып көр, пақыр болмасаң маған кел, қазы
алдына барып көр, қапы қалмасаң маған кел» деген на-
қылдарын еске алғыңыз келеді… Олай деп отырғанымыз,
Нұрқасым Қазыбековті білетін жұрт, дос-жараны оның кісі
алдына барып кіріптар болып әр түрлі «бұйымтайшылар»
қатарында бас иіп жүргенін көре қоймаған болар. Ал «қат-
ты ағашты жейтін жұмсақ құрт» болатынындай Нұрекең
жағымпаздыққа бой алдырмайды. Жаңағыдай мінезі бар
Қазыбеков «бойына сеніп» жүргенде оған лайықты жылы-
жұмсақ сыбағаны әлгіндей «жұмсақ құрттар» біреу еншілеп
кетуі ғажап емес қой. Мысалы, әдебиет жанрының ең
басты талап шарты «тіл» болса, тіл ой қазынасы. Нұрекең
өз шығармаларын ділдің тілімен жаза жүріп және тіл жө-
нінде баспасөз беттерінде бір кісідей айта жүріп-ақ, бірақ
шығармашылық жөніндегі әр түрлі үлкенді-кішілі лауа-
зымдарға ие болатын әріптестерінің қатарынан табыла
қоймайтындығы... оның рухани жалқылығының сыпаты
тәрізді ұстам ерекшелігі де осында.
Нұрекең өзінің бір сөзінде: «қасаң пейілділердің мақ-
тағанынан, Қалтайдың даттағаны артық!..» деп біраз
жұрт
қа әзіл-аңыз болуы да, айтқанымыздың бір дәлелі
71
Әдебиет – жан нұры
болса керек. Н. Қазыбеков тегінде жігерлі, қайсар адам
болғанымен, бала жүректі ынсап. Ойы орындалмаған,
зерек баладай жан-сезімі әлденеге құлазып, жалғызсырап
жүретін кездері бар. Адам табиғаты әр түрлі. «Қарны тоқ
қазанның қаспағына қарап тыжырынады» болса, өз атағы
өзіне жетерлік кісілер сол лауазымына қарай кеуде керсін…
Ал, осы Нұрағаң қалайша тыжырынады, демейсіз бе?..
Міне, гәп сонда. Әр қиынның өз оңайы бар, әр көңілдің
өз жұбанышы бар. Біреу арқан бойы жердің тұсау бойы
төтелігін тауып, жансебіл, өлермендікпен ұтқанына қуанса,
біреу бас имей, аспандағы басын жерге түсірмей ұтылғанына
жұбанады. Қазыбеков осының соңғысына жататын жан.
Оның өзін тек құдайшылық бағаммен танып білсең, жетіп
жатыр. Бұл жан-дүние сәбилігіне жақындықтың белгісі.
Өмір тауқыметінің күнделікті күйкі ықпалы, оның арба -
ғыш апиыны дарымаудың, тәсілқойлықтың көн-қоқысын
бойына жұқ тырып, кірленбеудің белгі-бейнесі осы деп біл-
сек болар. «Байдың ұлын шобырдан жығылса, тұлпарға
мінгізеді». Ет ұстаса етегіне қан тиіп, қарын ашыса, балағына
жын тиген келініне торғын-торқа кигізеді.
Бұның бәрін неге тәптіштеп отыр десеңіз – Нұрқасым
Қазыбеков өмірдің өрлі-қырлы талаптарының бәріне бір-
дей көндіге салмайтын адам. Бір нәрселерге іштей келісе
алмай, ой-дүниесі тықыршып жүретін жазушылардың
қатарына жатады. Өз басын жекелеп айтсақ, сауалдардан
басы бо
самайтын, қайшылықты пікірлердің адамы десек
те, артық емес. «Асанқайғылық» адамның көп нәрсеге қын-
жыла қа
райтындығымен, көп нәрсеге жан ауырта біле-
тіндігімен екшеліп өлшенеді, ерекшеленеді.
«Қамсыздың ойы сайранда» болудан аулақ, Н. Қазыбеков
студент кезінен өзіне өр талап қойған. Өйткені, алпысын-
шы жылдары Шыңжаң өңірінен ауып келгендер қиындық
атаулының біразын көріп барып, оқуға түскені мәлім.
Сондықтан Нұрқасым алдымен «жазушы» атанып, өмірді
сонан соң таныған кейбір қаламгерлердің қатарынан емес.
72
Жанат Ахмади
Олай дейтініміз Қазыбековтің алғаш жаза бастаған: «Солдат
болып келген студент», «Тұсаукесер», «Көкжал» тәрізді
әңгімелерінің өзі қағазға бастапқы бір түскен қалпынан
қайта өңделген емес. Әрі көзі қарақты оқырмандардың
назарына сол тұңғыш әңгімелерінің өзімен-ақ іліне бас-
тағаны мәлім.
Шығармаларының өн бойында мінез ең басты орын ала-
тыны оқырманды селкеу сезімге жібермейді.
Кейіпкерлері қынжылса оқырманының қирап қынжы-
лып, өкінсе – ширыға ашынып өкінетіні және оқырманын
сол көріністерге қалтқысыз сендіре алатыны қаламгердің
ішкі сыр көшірмесі. Көп ежіктеп сөзуарлыққа салынбай;
ішкі үйірімімен ым беріп отырады. Жағымсыз кейіпкерін
жүрегіңе май кілкігендей, тотита мінеп-шенеп отыратыны,
автордың өз жаралысына тән егіздік. Сергек оқушыға көп
тұста езу тартқызып, қаныңызда ерекше бір жылы ағыс
пайда ғып, күлкілі әжуаға тартатыны бар.
«Мың да тоғыз жүз алпыс үшінші жылдың күзі бола тын!
Оқуға қабылданған соң бір жұма өтті ме, жоқ па, Шамал-
ғанға жұмысқа жіберді. Біз группадағы кейбір балалармен
сонда таныстық. Бұған дейін Бақиды жас мұғалімдердің
бірі екен деп жүріппін. Қалғандары да кілең қасқа мен
жайсаң сияқты. Оқуға бәрі Американы ашып кеп түскен-
дей сыңай танытады! Мына сұрларымен біреуді оқытпаса,
өз дері оқитын түрлері жоқ».
Міне осыған бажайлап қарасаңыз жаңағының бәрін
көріп тұрған сырт көз яғни, бірінші жақтан сөйлеп отырған
кейіпкер өзге студент әріптестерін келемеждеп оларға кі-
рікпей тұр... (Мүмкін ол Қытайдан жаңа келген Нұрекеңнің
өзі шығар) Кім болсын мейлі, әлгі ойларымен-ақ жаңағы
білім алмай жатып шіренген «құрғақ мырза» студенттерді
жорта шенегенде қыбыңды қандырғандай. Тың көздің тың
бағасы көкейіңе қонады, күлкі шақырады. Автормен бірге
сіздің де бос кеуде, дүрмекшіл студенттердің сыртқы жасама
әсемпаздықтарына деген жиренішіңізді қоздырады. Бұл
бір үзік эпизод қана.
73
Әдебиет – жан нұры
Жазушының шығармалары жайлы сөз ету алдында бү-
гінде кемел жасына келіп отырған автордың бұған дейін
жарық көрген туындыларына көз салып өтуге тура келеді.
Н. Қазыбековтің алғашқы кітабы ҚазМУ-дің филоло-
гия факультетін бітіргеніне үш-төрт жылдай уақыт өткенде
«Жазушы» баспасынан жарық көрген, «Тұсаукесер» жина-
ғы болатын. «Шалғайдағы мектеп» осы баспадан 1974 жылы
шыққан. Ал «Бейтаныс», «Ағайын» повестері «Жалын» бас-
пасынан 1976–82 жылдары басылып шықты. Өзі «Жазушы»
баспасында онан соң «Жалын» альманағында редакторлық
жұмыс істей жүріп, қаламының сиясы құрғамай үнемі жазу
үстінде болған. Нұрқасым Қазыбековтің қаламынан туған
«Ауылдағы ағайыңдар» повесі мен «Ой таразысы» аталатын
қарымды сын мақалалар жинағы «Жазушы» баспасынан
1988–91 жылдары дүниеге келді. «Ой таразысы» кітабының
сырт көркі және қағаз сапасы ешкімнің тандамалылары -
нан кем шығарылмаған болса, оның ішкі қуаты да аты
белгілі сыншыларымыздың сындарынан кем соқпағанды-
ғын оқыған кісі жасқанбай айта алады.
Сондай-ақ «Советский писатель» баспасынан «Сын
охот
ника» (1990) «Дала өрнектері» атты этнографиялық
си
паттамалар жинағы «Балауса» баспасынан 1994 жылы
жарық көрді. Және осы 1994 жылы «Жазушы» баспасынан
«Мың бір хадис» аудармасы дүниеге келгені мәлім. Ал
H. Қазыбековтің мерзімді баспасөз беттерінде мәселен «Пио-
нер» журналының 1985–86 жылғы сандарында «Төрт тү-
лік ке си паттама» этнографиялық туындылары сияқты жас
ұрпақ үшін ауадай қажет біраз еңбектеріне тоқталмаған-
ның өзінде Абайдың Қытайдағы зерттелуі мен қытай
тіліне аударылуы туралы «Тосын зерттеу» деген мақаласы
«Жұлдыз» жур налында одан кейін Пекиндегі «Аз ұлт әде-
биетін зерттеу» дейтін журналдың 1990 жылғы 1-інші
санында қытай ті
лінде басылған. Мұнан басқа жазушы
көзбен көріп, бастан кешкен оқиғаларға байланысты ұзақ
желіге құрылған тарихи монографиялық цикль түріндегі
74
Жанат Ахмади
«Мен туған үй» деп аталатын қызықты да, қайғылы су-
реттерден тұратын келешекте жарық көрмек кітабының
топтама туындылары әзірше мерзімді баспасөз беттерінде
жарық көріп жатқаны жұртқа аян. Ондағы: «Ата жұртқа
біз солай оралғанбыз», «Ақыры құда болып тындық», «Бір
рет мас болам деп», «Ту қоянның сорпасы», «Далай ламаның
күшігі» әңгімелері қиын кезеңдегі азапты сюжеттерге
құрылған дүниелер. Бұл шығармалар автордың Қытай-
Советте көрген, түйген ең оқшау болмыстардан екшеп алған
хикаялары.
Бұлардан басқа автордың тағы бір соқталы еңбегі «Бес
жылдық түрме тарихы» деп аталатын «Жалын» баспасын-
да жатқан жинақ. Оның ішінде Таңжарық Жолдыұлының
бұрын еш жерде жарияланбаған төрт дастаны және ақын
туралы ел аузынан жинақталған қысқа қайырым үзік-үзік
әңгімелер жиынтығы бар.
Осы сияқты «Алтын орданың құрылуынан құлауына
дейін» деп аталатын «Шора» журналынан аударылған «Ал-
тын Орда» хандығының тарихына байланысты еңбегі де
баспаға әзір тұр. Мұнан тыс бір кезде Алматы мешітінің
көрнекті қазысы болған ірі оқымысты, діндар ғалым Сад-
уа
қас Ғылманидың асқан ғұламалық қабілеті жөнінен
жазған зерттеу (ол кезде дін төңірегінде ауыз ашуға бол-
майтын, Құдайсыз заман) мақаласы да өз кезінде жарық
көріп, әрі теледидар көрермендерін адамдық ар-ұждан
нақылияты жағынан қанағаттандырарлық мерейлі енбек
болғаны бар шаға мәлім. Бұл Нұрекеңнің өз әкесі Қазыбек
молдадан жастайынан «имандылық» жөнінде алған тәлі-
мінің де әсе
рінен екені анық. (Тегінде ел ішінде асқан
жомарттығымен аты шыққан Қазыбек ақсақал туралы
атамыз қазақтың «жомарт қолға сатылап келіп лашын құс
қонады, жомарт жүрекке иман қонады», деген нақылын
арнасақ боларлық кісі еді. Астындағы атын жолда біреуге
түсіп беріп, үйіне ер-тоқымын арқалап келгенін білетіндер
бар.
75
Әдебиет – жан нұры
Ал
Н.
Қазыбеков аудармалары: 1. «Тапқыр бала»,
1989 жыл, «Жалын» баспасы (Қырғыз халық ертегісінен);
2. Қыр
ғыз жазушысы Шатман Садбақасовтың «Айна»
(«Зер кало») атты балаларға арналған әңгімесі 1985 жылы
«Жалын» баспасынан жарық көрген. Бұл аударма «Қырғыз
қызғалдақтары» жинағының негізгі бөлімін құраған;
3. Жалалдин Құсаевтің «Өшпес іздер» («След на земле»)
«Жалын» баспасы 1983 ж.; 4. Ұйғыр жазушысы Ахметжан
Ашировтың «Нұр Ана» повесі «Жұлдыз» журналының
1990 жылғы 11-інші саны; 5. Ұйғыр жазушысы Тұрған
Тоқтамовтың «Соңғы толғақ» повесі, «Жалын» журналы,
1989 жыл және «Бүлдірген сай» әңгімесі («Шатқалда түйіс-
кен жол» жинағына енген); 6. Шыңжандағы ұйғыр жазушы-
сы Абдырахман Абейдің «Олар да ата-ана болар» әңгімесі
1989 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген, «Сәлем-
деме» жинағына енген; 7. Шыңжандағы дүңген жазушысы
Бейлиеннен аударылған «Дос» әңгімесі де жоғарыдағы
аталмыш жинаққа кірген; 8. Атақты ұйғыр жазушысы Хиз-
мет Абуллиннің «Қияндағы қырандар» хикаясы 1977 жы-
лы «Жазушыдан» жарық көрген, «Октябрь жыры» топта -
масына енгізілген; 9. Ұйғырдың даңқты жазушысы Мә сүм-
хан Зұл
фихаровтың «Зиян тартқан қари», «Сапар» әң
гі-
мелерінің аудармасы «Жалын» альманағында басылған.
Шығармашылық шеңбері, тақырып аясы кең, жалпы
әдеби көкжиегі айқын жазушы Нұрекең Өтей Бойдақ тура-
лы үдете қалам тартушы автор ретінде көрініп, жалпы ша -
ғатай тілінде жазылған дәйектемелерді бүгінгі оқушыға
жеткізуде аз еңбектенбеген.
Қорытып айтқанда, кешегі көшпенді қазақтың сарқы-
тын іш кендіктен болар, Нұрқасым Қазыбеков қаламынан
туған әрбір еңбектерінен ұлттық сыпат білініп тұрады.
Мәселен, ойымызды оның қатардағы әңгімелерінен бас-
тап өрбітсек «Көкжал» туындысында күні кешегі іргесі
ыдырамаған қазақ ауылының бар суреті, мінез, тартыс, ой
тереңдігі, арбасу тәсілі айқын көрінеді. Олай болса ұлтжан-
ды жазушы – ұрпаққа өнеге, - деп тоқтайық.
76
Жанат Ахмади
«ҰЛЫ КӨШ» – ҰЛЫ МҰРАТ,
ҚИЛЫ ТАҒДЫР
Тақырыптың өзі айтып тұрғанындай, Тұрсынәлі Рыс-
келдиевтің «Ұлы көш» романы – бір халықтың тағдыр тә-
лейінің, бақыт пен сорының, «ақтабан-шұбырынды», әрі
асқақ арман жүгін көтерген киелі көш. Сонау 1916-жыл-
дан дәл қазірге дейін, қазақ елінің басынан не өтті? Бү-
гінгі тәуелсіздікке халқымыздың қолы қалай жетті? Тә-
уел сіздіктің қадірін білмесек, ел тағдыры тағы не болады?
«Ұлы көш» романы соған жауап іздейді.
Роман сюжетіне арқау болатын, ұзаққа тартылған ке-
дір-бұдырлы желі бар. Ол он мың жылқы біткен, Сансызбай
қажы
ның ұрпақтарының басынан кешкендері. Қажының
үлкен ұлы – Жарылқасын мықты болыс болған. Он алтын-
шы жылғы ұлт-азаттық көтерілісі патшалық Ресей жағынан
жанышталған кезде, бәйбішесін бала-шағасымен Қытай-
ға алып қашады. Үлгіре алмағандықтан, үш тоқалы үрім-
бұтағымен, жұртта қалады да, кейін олар да төркіндері
арқылы шетелге босқын болады. Ортаншы ұлы Оңғарсын
атамекенін қимай, үркін көштен қалып қояды. Қажының
кенже ұлы Оңдасын Мәскеуде қызмет істеген оқымысты.
Ол «Алаш» арыстарының қатарынан табылады да, атылып
кетеді. Оңғарсын колхоздасу кезінде итжеккенге жер ау-
дарылып, сүйегі сонда қалады. Қысқасы Сансызбайдың
кіндігінен тараған үш ұл, екі қыздың ұрпақтары дүниеге
тарыдай шашылады.
«Ұлы көш» романында атамекеннен ауған босқын көш
пен Тәуелсіз Қазақстанға қайта оралып жатқан бүгінгі көш
айқасып, қазақ елінің өткені мен қазіргі тағдыры қабыса
суреттеледі. Мұнда қалғандар не көрді? Шетелге босқын
болғандардың басынан не өтті? Қазір не күн көріп жатыр-
мыз? Қазір неге алаңдаймыз? Жазушы соған жауап іздейді.
Романдағы композициялық тұтастық, кейіпкерлердің
характер-образы, ұлттық психология, ел тағдыры, қазақ
хал қының далалық мәдениеті, ұлттық рухы, менталитеті
ро манда қанық бояуын тапқан.
77
Әдебиет – жан нұры
Романның басты кейіпкері – Ақтоты, алты жасында он
алтыншы жылғы үркінде Қытайға ауған көшпен кетіп, тә-
уелсіздік алған атажұртқа, ақ шашты ана болып оралады.
Оның басынан өткен кешулерінің өзі-ақ, ұлт тағдырымен
тіл табысқан ащы шындықтың шежіресі деуге болады.
Ақтоты – аса күрделі образ, қажының отбасылық тәрбие-
сін бала кезінен көре калған. Әсет Найманбай, Жүсіпбек
Шайхысылам сынды ұлтжанды жыр алыптарын ұстаз етіп,
көзін ашады. Әкесі Жарылқасын болыстың шаңырағынан
түсіп, сабасына жүзген көкала үйректі бала кезінде түсінде
көрген Ақтоты – иелі де, киелі болып өседі. Арлы, ақылды,
сұңғыла әйел. Бірақ ол пенде ретінде, өмір жолы күрделі
де, күдірлі. Ақын Таңжарық – оның ғашығы. Жастықтың
жалындаған отының жүрегіндегі қоламтасы өмір бойы
өшпейді.
Т. Рыскелдиевтың қаламынан туған кейіпкерлер, дара-
лық мінез-құлқымен, күрделі жан дүниесімен оқырманның
есінде, көз алдында сақталады. Көркем проза бәрін баяндап
бермейді, бейнелеп, образдап, символдап, астарлап айтады.
«Сен қара бүйі тағы шағып алдың ба?» – деп Рақымберген
қиқ-қиқ күліп, Оңдасынға құйрығын бұландатып, байқап
көріп еді, жібімепті. Өңін суыққа салып, сыздап отыр...
Ақымақ дейін десең, өлер-жығылар жерін біледі. Алаяққа
жуық па қалай?.. Бірақ тұзақты жасырын құрып, жайған
қақпанның бетін жауып, із түсірмеуді білмейді. «Пәлен
жерге қақпан, түген жерге тұзақ құрдым» деп дабыра ғып
айқайлайтынның өзі ғой... өзі үшін бәрін сатып жіберуге
бар...» деген ойға келді Оңдасын. Екеуі бала кезінен тебісіп,
қасынысып өскен бір ауылдың балалары болғандықтан ба,
кейде кектесіп, өшіккен болса да, әзіл-қалжың араларынан
арылмаған. Бірін «қара шегіртке», бірін – «қара бүйі» деп
атысып, қағыса беретін. Бүгінгідей бірін-бірі түсінбеген
екен...» (Екінші кітап, 38-бет). Осы диалог пен монолог –
Ондасын мен Рақымбергеннің образын қатар ашып, кім
екенін аңғартады. Оңдасын:
78
Жанат Ахмади
– Қажы әкеміздің үш ұлының маңдайына үш түрлі
тағдыр жазылған сияқты. Ағамыз бас сауғалап, Қытайға
кетіп тынды. Ал, менің жолым өте шырғалаң, – деп еді.
Оңдасын інісінің бетіне таңдана қарады.
– Не айтып тұрсың. Шырғалаңың не? Соғысқа ат-
танбақшы ма едің? Бірі өліп, бірі қалсын, нең бар? Ақтар
мен қызылдардың қырқысынан атыңның басын аулақ салға-
ның жөн.
– Мен де соны айтпақшы едім. Ішің сезген екен. Менің
беталысым, мұнан бөгде сапар.
– Жә, сонда?
– Әсіресе, Әбілқайыр хан тұсынан бері қазақ елі орыстар-
ға бодан болудың дертін аз тартқан жоқ. Азды-көпті тарих
білетін адамдарға бәрі де түсінікті... Шарусия айналасын
жалмап жұтып, халқымыздың қан сорпасын ішіп, ұлт-
азаттық көтерілісін кеше ғана жаныштап еді. Міне бүгін
қызыл қанға өзі боялып жатыр...
– Онымен ғана тынса жақсы-ау! Екі патша егер болса,
қара халық қанға бөгеді емес пе?
– Қызылдар, ақтарға төтеп беру үшін басқаларға
құйрығын бұлаңдатады.
– Сонда қазақ қайту керек дейсің ғой?
– Қазақ қана емес, күллі түрік халқы қайта ойлануға,
атын ерттеп, ауыздығын салуға тура келеді.
– Осыны ойлағандар қанша деші? Біздің қара шегіртке
дүниеден кеткенімен, енді қаншасы шығады, кім біледі?...».
(Екінші кітап, 46-бет).
Ел тағдырына алаңдап, тарих бетіне үңілген «Алаш»
арыстарының бірі – Оңдасын, қазан төңкерісі тұсындағы
ақтар мен қызылдардың таққа таласынан құзғындаған қан
төгісті, жеңіс пен жеңілісті ұлт тәуелсіздігі тұрғысынан
ерте мөлшерлейді. Арғы тарихтағы адасуды өкінішпен еске
алады. Халқының өз денесінен шыққан шынжара тектес,
Рақымберген сынды ұлт сатқындарының ең қатерлі жау
болып тұрғанына опық жейді Оңдасын.
79
Әдебиет – жан нұры
Романдағы кейіпкерлер мұңы – ел мұңы. Тамырлас та,
тағдырлас болып, бой көтереді. «Айсәуле сөзге шорқақ кө-
рінеді. Қиялсоқ болып кеткендікі ме? Тым ұмытшақ екен...
Бірді айтып отырып, бірге кетеді. Ара-тұра көзінің жасын
төгіп жіберіп, иегін қағып, кемсеңдеп қояды. Өксіп алып,
уақ-уақ күрсінеді.
– Нетіп... әйтеуір осы күнге жеттік қой. Немене еді
әлгі? Кәмпескесі шықты. Алаштың адамын аластау дей
ме? Ұлтшыл, оңшыл, терісәрекетші дей ме? Пәледен-пәле
тууда...» (Екінші кітап, 89-бет).
Жазушы Айсәуленің образын ашуда, оның сөз саптауына
дейін көңіл бөледі. Жүрегіне салған заман жарақатының
тыртығы, ел тағдырында да көзге ұрады.
«Көшкен алтындай бағы шайқалған «Алаш» арыстары
түгелімен түрмеге жабылып, бір көгенге көгенделді де, ше-
ті нен қасапханаға апарылып жатты... Көшбасынан ай рыл-
ған елді тағы да ашаршылық мүйізіне іле кетті. 1931-жыл-
дың өзінде бір миллион 74 мың адамның босқынға ұшы-
рағаны туралы жоспарлау комитетінің мәліметін көре
тұрып, аймақтық комитеттің екінші хатшысы: «...жы ласа
алашордашылар жыласын... солар-ақ, «қазағымды сү-
йемін!» деп, кеудесін ұрып, айта берсін... қазаққа кімнің
еңбегі көп сіңгенін... еңбекші қазақтардың өзі айтсын» – деп
көлгірсіді... 26–30-жылдардың аралығындағы қазақтың
рухани көсемдерін жазалау науқаны, отыз екінші жылдың
ақырына дейінгі екі миллионға жуық адам құрбан болған
ашаршылық, тағы да жаппай жазалауға ұласып жатты. Бұл
кездері Оңдасын «Алаш» арыстарының жуан ортасында, кү-
нәдан пәк қалпында, ажалынан бұрын атылып тынған...»
(Екінші кітап, 84-бет). Көшбасынан айрылған елде не
қауқар қалушы еді? Шаңырағы шайқалып, ордасы бұзылған
қазақтар, дүниеге тарыдай шашылуға мәжбүр болды.
«Алаш» арыстары соры арылмаған елінің құрбандығына
шалынды. «Ұлы көштің» оқымысты кейіпкері – Оңдасын,
солардың бірі. Торғай обылысындағы елді аштықтан
80
Жанат Ахмади
құтқарамын деп, Әуезов, Аймаутовтармен бірге халқының
қамын жеген, Оңдасын сол «кінәсі» үшін – қыршынынан
қиылды. «Оңдасынның әйелі Гүлзада мен қарындасы
Нұрбикедей панасыз қалған екі әйел балаларын ұйықтатып,
жабырқау күйде оңаша әңгімелесіп отыр еді, біреу есік
қақты.
– Құдай-ау, тағы не пәле?!
– Енді екеуімізді ұстамасын де, не әкелерінің құны қалды
бізде?
– Кім біледі, Қайсарымды қағып кетпесе... – деп Гүлзада
ержетіп келе жатқан ұлын уайымдаған.
Тірі жесір мен қаралы жесірлердің есіне суық ойлар сап
ете түсті. Екеуі де аяқтарының үшімен сақтана басып, есікке
жақын барды. Есік тағы қағылды. Үздік-создық, күңгірт
күдік шырғалап тұр.
– Бұл кім?
– Мен ғой-ой...
Кәдімгі сүргінге айдалған Мұңайтпастың сыбызғыдай
сыңсыған жіңішке даусы...
– Ей, өзің тыңдашы, күйеуің ғой деймін?
– Байқайық, Әбдірасыл сары ауыз болмасын, оның
даусын салып тұрған? – десіп, екі әйел есіктің босағасында
бір-біріне тығыла, күңкілдесіп тұр.
– Мен Мұңайтпаспын. Қорықпандар, – деді Нұрбикенің
күйеуі...
– Ақталдың ба?
– Үндеме, сотталған адамды ақтайтын Болшавек пе?
Қашып келдім... Ашпын... Әлсіреп тұрмын...». (Екінші
кітап, 84-85-беттер).
Мінеки «Алаш» арыстарының да, олардың отба-
сы
ларының да көрген күні – осы. Ал, ішінен шыққан
шұбар жыландар анасының аяғына орала кетіп, улы тілін
жалаңдатқандай боп, Әбдірасыл сынды әпербақан бел сен-
ділер, ұлт жанды зиялы қауымның соңында сүмеңдеп жүр.
«Қайсар әкесі атылғалы бері іштей тұтанып, сырты
суық, тоң-торыс мінез байқатып жүрген. «Сертімнің үстінде
81
Әдебиет – жан нұры
табыл! Соңымда бол! Ез бол ма, Ер бол!» деп әкесінің тұт-
қынға түсер алдында айтқан сөзі есінде шегеленіп қалған.
Көзінің жасына ғана шамасы келіп, егіліп, жылай беретін
Гүлзадаға да, шешіліп ойын айтпай, сараң, салқын жауап
қатып жүрген... Әсіресе әке өлімі – Қайсарды тіпті тұңғиық
қып жіберді.
Осыдан бір жеті бұрын үйлеріне үш сақшы келіп,
Оңдасынның кітаптарын, жазған-сызған нәрселерін, ес-
те лік дәптерлерін алып кеткен. Сол жолы жауап сұраған
сақшыларға, жекпе-жекке шығардай құтырына қарап,
олар
мен келіссөзге келмей, кетіс сөзге барған. Шабар
қылыш, атар оқтай төніп, сақшыларға суық сырдаң жауап
қат қан-ды.
– Жаным-ау, өзінен қал кетіп, үміті сарқылған адам
жалынғыш келеді... Мынау, пәле өріп тұрған заманда, қар-
сылық деген – қылмыс. Қыл тұзаққа мойныңды іліп ал ма,
– деген шешесі Гүлзада.
– Мейлі әкемнен жаным артық па? Қанға – қан, жанға –
жан! – деді Қайсар». (Екінші кітап, 87-бет).
Ұлты үшін құрбандыққа шалынған әке өлімі – баласы-
ның да жүрегін жаралап кетті. Қатқан қан шемен болып
қала берді. Өнегелі ұядан ұлтжанды қыранның балапаны
болып шыққан Қайсар неден тартынбақ?
Достарыңызбен бөлісу: |