ШЫҒАРМА КIЛТI – ШЫНДЫҚТА
Тәуелсiздiгiмiздiң 10 жылдығына арналып шыққан
100 автор кiтабының iшiнде Молдахмет Қаназ ағамыздың
«Жанқожа» аталған, көлемi 20 баспа табақтай кiтабы жарық
көрдi. Бұл кiтапта жазушының Жанқожа батырға арнал-
ған бес бiрдей шығармасы яғни «Жанқожа» атты көлемдi
тарихи кинохикаят, «Жанқожа батырға ескеркiш орнатыла
ма?», «Жанқожа батыр», «Жанқожаның жанды бейнесi»,
зерт теу эсселерi және Ө. Ахметовпен бiрлесiп жазған тағы
да «Жанқожа» атты зерттеу мақалалары бас қосқан. Көпте-
ген көркем әңгiмелерi де осы кiтапта тоғысқан. Өйткенi
соңғы ондаған жылдарда кiтап шығару мүмкiндiгi кез-
келген ақын-жазушының еншiсiне тие бермегенi белгiлi.
Жинақта салмақты да, басым ие орын иелеп тұрған ең-
бек Жанқожаға арналғандықтан жазушының көркем әңгi-
мелерiн сәл кейiнге iрке тұрып, алдымен осы аталмыш та-
қырыпты сөз етiп алуға тура келедi. Ал бұл жайлы айтқанда
бiрнеше сүбелi зерттеу мақалалар мен кинохикаяттағы ойды
бiр арнаға жинақтап көрсетуге тура келедi.
Жазушы он тоғызыншы ғасырдың орта шенiне жет-
кенде Сыр бойы қазақтарын басқарудың барлық жүйесi
бұзылып, ада болған кезiнен сөз бастайды да «тап осы
аласапыран тарихи кезеңде тiршiлiк еткен батыр Жанқожа
Нұрмұхаммедұлының бүкiл өмiрi – патшалық Ресей, Қо-
қан, Хиуаларды былай қойғанда билiкке таласқан әпер
-
бақан iшкi жаулар – бай, би, төрелерi бар – үш жақ жаумен
қатар арпалыспен өткен ерекше қасiреттi ғұмыр» деп
түйiндеуi тегiн емес. Осы сөйлемдердiң өзiнен-ақ Жан-
қожаның кiм болғанын оған автордың неге соншалықты
құныға қызығып, жазғанын аңғара бастайсыз.
Сол тұста Хиуа, Қоқан хандықтары қазақ жерiне баса-
көктеп кiрiп әр тұстан бекiнiстер сала бастағаны белгiлi.
Көбiнесе шекаралық өңiрдегi Ұлы жүз қазақтарының басым
қөпшiлiгi Қоқан хандығының етегi астында қалып оларға
алым-салық, үзiр-зекет төлеуден көз ашпайды.
116
Жанат Ахмади
Онымен қоймай қарауында қалған қазақ елiнiң ер-
азаматтарын өздерiнiң бекiнiс салу қара жұмыстарына аяу-
сыз пайдаланады. Әртүрлi таусылмас сылтау-желеулермен
бейбiт жатқан момын елдiң малын барымталап, тұтқындар
әкетiп бiлгендерiн iстей бастаған. Осындай көзсiз басынудың
бiрiне жауап ретiнде және солардың қолынан өлтiрiлген
ел ағасы, Жылқайдардың кегiн қуып Әлiм, Шөменнiң сол
кездегi ханы Қылышбай жасақ жинайды да Жаңадарияның
бойына орналасқан Хиуа бекiнiсiне шабуылға аттанады.
Қоластындағы елiн қойдай бағып, кiмнiң қандай екенiн iшi
бiлiп жүретiн Қылышбай хан 17–18 жастағы Жанқожаны
әкесi Нұрмыхаммедтен сұрап, дәмелi батырлар қатарында
алып шығады. Қазақ жасақтары хиуалықтардың Тықы ба-
тыры бастаған сайлы әскерiн ала алмай көп зардап шегедi.
Сол орайда бозбала Жанқожа Тықы батырға жаушы жiберiп
«ит үйiрiмен қасқырды да алады», деген бар. Анық батыр
болсаң үйiрлi итiңмен жабылмай менiмен жекпе-жекке
шық. Жеңілсем елiм ұрыспай берiледi» деп ананың намысын
қайрайды. Тықы батыр сөзге келмей шығады, бiрақ, Жан-
қожаның қолынан ажал құшады. Қазақ жасақтары бар
сенген батырынан айрылған хиуалықтардың быт-шытын
шығара қуып қамалдарын тас-талқан етедi.
Созақ бекiнiсiне орныққан ала-кепеш бектер де жер-
гiлiктi халыққа шеңгелiн салып, тырнақтарын аяусыз ба-
тырған. Ақырында үш жүздiң баласы сөз бiрiктiрiп Созақ
бекiнiсiн алуды көздейдi. 1830 жылдың күзiнде қамалды
қоршауға алады. Бiрақ айналасын терең ор, биiк қамал
қоршаған бекiнiс оңайлықпен алынбайды. Оның үстiне
Қоқанның сегiз жүз әскерi көмекке келе жатады. Соны сез-
ген Жанқожа ешкiмге ақыл салмастан тек жүрек жұтқан
батырлығына сенiп, өзiнiң соңына ерген бес жүз жасағымен
ғана бiр түнде жоқ болып жау әскерiнiң алдын тосады.
Қоқан ләшкерiнiң басшы, қолбасы Тоғанды байлап алып,
өздерiнен бiр жарым есе көп қолдың қырғанын қырып, қал-
ғанын тоз-толаңын шығара қуып тастап, Созаққа қайта
ке ледi. Үш жүздiң қосыны Кенесарының мың жарым жа-
117
Әдебиет – жан нұры
сағымен қоса кезегiмен шабуылға өтедi. Өз кезегi келгенде
қамалдың қақпасын бұзып кiрген Жанқожа батыр бұл
жолғы үлкен абыройды да өзi арқалайды.
Дәл осы тұста бiр айта кетерлiк жай, жазушы Мол-
дахмет Қаназдың сөз басында аталған бiрталай зерттеу
мақалаларынан кейiн жазылған Жанқожа жөнiндегi тарихи
кинохикаяты көзi қарақты режиссердің қолына түсiп,
әлдебiр демеушiлердiң көмегiмен киноға алынар болса,
ол қазақ ұлты, тарихы үшiн көмескi, шет қалған тағы бiр
драмалы трагедиялы еңбектiң бетi ашылған болар едi.
Автордың мерейi, немесе алпыс жылдығының құрметi
үшiн емес, көрмегенi қалмаған қазақ халқының киелi рухы
үшiн баға жетпес құнды дүниелерiмiздiң бiрiне айналар
едi. Бiр мақалаға сыймайтын уақиғалар тiзбегi тым күрделi
жатыр. Тарихи, рухани үлкен кенiмiздiң көзi ашылған.
Қоқан хандығының қолшоқпары Бабажан тәрiздiлер
қа зақ шаруаларының шексiз ашу-ызасын туғызады. Олар
Жанқожаның туған ағасы Ақмырзаны өлтiредi. Жанқожа
Ақиректе Аман балуанды бауыздап өлтiрiп кегiн алады.
Ендiгi кезек барлық пәленiң ошағы болған Хиуа қама-
лын талқандау едi. Сыр бойы қазақтары Жанқожаның ке-
лiсiмiмен уағдалы кезге дайындалады. Сөйтiп сарала ту
кө терген Қаракесек, Ақтан батырдың тiзе қосып басқаруы-
мен қазақ қолы Хиуа қамалын алады. Қолға түскендердiң
iшiнде Бабажанның баласы 13–14 жасар Майқарабек те бар
екен. Оның тағдырын Ақмырзаның жесiрiне (Жанқожа-
ның жең гесi) бергенде кемеңгер қазақ әйелi «менiң Жал-
мырзам да осы құсап жетiм қалды. Бұның шешесi де мен
құсап жесiр қалды. Бұны өлтiргеннен қара жер қанға тоймас,
тiрi қайтарып елiне жеткiзiп салыңдар. Көргенiн айтып
барсын» деп өзiнiң аналық биiк тiлегiн орындатады. Бұл –
1835 жылы болған оқиға еді.
Көршi отырған мұсылман хандықтарының асқан опа-
сыздығынан өлшеусiз қиянат көрiп ығыр болған халық
жоқтаушысы Жанқожа батыр 1847 жылы Райымға келiп
бекiнiс сала бастаған патша үкiметiне пәлендей қарсылық
118
Жанат Ахмади
көрсетпей, амалсыздан олармен келiсiмге келу жағын қарас-
тырады... Орынбор генерал-губернаторы Обручевпен жүзбе-
жүз жолығып, жергiлiктi халықтың тыныштығы бұзыл-
мауы жағынан сөз байласқан. Қазақ шаруа, дихандарын
Хиуа шапқыншылығынан орыс әскерi қорғайтын болып
келiсiмшарттарын жасасқан-ды. Бiрақ «қуырдақтың көкесi
түйе сойғанданың» керi келiп: Райымға бекiнiс салынып,
«Қарашекпендер» көшiрiлiп әкелгеннен кейiн жергiлiктi
халық яғни қазақ елi көресенi ендi орыстардан көрген-дi.
Мiне осы жылдары бұл маңдағы ең шұрайлы жер Ақирек,
Ақбай сияқты атақоныстарынан қазақтың 3 мың отбасы
зорлықпен көшiрiлiп Сырдың арғы жағындағы қуаң далаға,
шөлейт-құмдауытқа айдалады. Орынбор және Самара өл-
келерiнiң генерал-губернаторы Перовский Россиядан астық
сатып алмай қояды деген қараниеттi айлагер саясатпен
Сыр өңiрiндегi қазақ дихандарының егiн салуына мүлде
жол бермей, ондай егiстiк орындарды да әлгi келiмсек
«қарашекпендердiң» үлесiне зорлықпен алып берген.
Автордың Сыр бойы қазақтары және Жанқожа батыр
төңiрегiндегi тарихи зерттеу еңбегiне жүгiнсек момын қа-
зақ елiнiң бiреу бiлiп, бiреу бiлмейтiн айтып тауысқысыз
тауқыметi ашыла түседi. Жазушы әрбiр сөйлемiн өз ұлтына
деген шексiз аяушылықпен жан тартып, жүрегi сыздап
жазады. Асқан күрескерлiк жiгер танытады. Бүгінгі және
келер ұрпаққа салмақты ой тастайды. Жанқожа патша
үкiметiнiң генерал-губернаторларына Райымнан бекiнiс
салуға амалсыздан келiсiм берiп, олар өздерiнiң ежелгi
сатқын, көлгiрлiгi бойынша қазақ батырына «Есауыл»
(жасауыл) шенiн таңған болса, кешiкпей ол шешiмдерiнен
бас тартады. Патша әкiмдерiне көз жұма құлдық ұрмағаны
үшiн 1853 жылы Жанқожадан әлгi жасауыл шенiн қайтарып
алады. Осыларды айта келе жазушы үлкен дәлелге сүйенiп,
былай дейдi: «Осы ретте тарихшы М. Тынышбаевтың батырға
«Барлық үш Орданың ең бiр атақты батыры және биi,
қазақтың бостандығы үшiн күрескен Жанқожа батыр (Әлiм,
Шектi) орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды
119
Әдебиет – жан нұры
да, хандарды да мойындаған емес», – деп берген бағасында
ешқандай да қалып жоқ» деп келтiредi. Бұл аз баға емес.
Патша чиновниктерi Жанқожаның қартайып отырған
ша ғында да тыныштық бермейдi. Орынбор шекаралық ко-
мис
сиясының Сырдария жүйесi бойынша өкiлi И.
Осмо-
ловскийдiң көмекшiсi, тiлмаш Ахмеров алым-салық сыр-
тында пара жинап қайтуға шабармандарын Жанқожаның
ауылына аттандырады. Қарт батыр жүйемен ұтып «орыс за-
ңында мұндай салық түрi мүлде жоқ» екенiн айтып, атша-
барларды қуып жiбередi.
Бұндай бассыздыққа шектен аса ашынып ашуланған
халық қыс iшiнде аттылы-жаяу көтерiлiске аттанады. Қа-
рулары: садақ, найза, балта, шот, айыр-күрек. Ал орыс-
тардың зеңбiрек, ракеталық станок қондырғысы 54 штуцер,
басқа да барлық от қарулары сай болғанын автор тарихи
дәлелдер арқылы көрсеткен. Төрт-бес мыңдай қазақ шаруа-
сы сан жағынан басым болғанымен, патша әскерiмен тең
келе алмайтыны белгiлi едi. Олар 300 аттылы казачество,
320 жа яу әскер және бұның сыртында башқұрт отряды мен
Ермұхаммед (Елiкей) Қасымов сұлтан бастаған 400–500
қол болады. Оның үстiне Арал флотилиясының бастығы ка-
питан Бутаков те өз отрядымен шақырылады. «Перовский
кемесi» қалаға жақындап палубаның маңдайына зеңбiрек
құрып қазақтарды нысанаға алған. Сонымен қоса Қазалы
қаласының коменданты Леонид Булатов жедел дайындық
қимылына кiрiседi.
В. Перовский Ырғыз бекiнiсi арқылы да казачество ат-
тан дырады. 1856 жылы желтоқсан айының соңында Жан-
қожа ба тыр Қазалы қаласын қоршауға алады. 22-желтоқсан
күнi көтерiсшiлер Қаратөбе маңында Булатов отрядына
шабуыл дап соққы бередi. Булатов өзiне жол бастаушы қазақ
Өтеген Ақкөзиндi қалаға шаптырып, сол арқылы А. Бутаков
көмекке келедi.
Көтерiсшiлердiң мекенi Сырдарияның сол жақ бетiндегi
ежелгi Жанкент қаласының орнына тақау Жаңақаланың
маңында болады. Желтоқсанның 25-i түнi көтерiлісшiлер
каза чествоның аттарына дайындалған 105 мая шөпке өрт
120
Жанат Ахмади
қойған. Ал, Перовский соғыс министрiне жолдаған ра-
портында 150-ден аса маяға от қойды деп ашынып хабар-
лаған.
Көтерiлiстiң мән-жайын соза беретiн болсақ, бұл мақала
кiшiгiрiм кiтапшаға айналады. Сондықтан қаламдас, әрiп-
тес ретiндегi бұл жолғы мақсатымыз жазушы Молдахмет
Қаназ ағамыздың 60 жылдық мерейтойына орай, автордың
Жанқожа батыр жайлы ұзақ жылдар бойы қайсарлықпен
қадағалай зерттеп, жалықпай қалам тартып келген, елiн
сүйген ұлтжандылық үлкен еңбегiнiң шет-жағасын, жалпы
нобайын көрсету болып отыр. Айтып тауысқысыз тарихи
құнды оқиғалар тiзбегi бар.
Қорыта келгенде «батырдың өмiрi қысқа даңқы ұзақ»
дейтiнiмiз сияқты, ақыры Қызылқұмда жалғыз үй отырған
Жанқожаны Елiкей Қасымов бастаған Шөмекейлер мен
Табындардан құралған «жазалаушы топ» өлтiрiп батырдан
соққы көрген патша үкiметiн оның алтын иық генералда-
рын мұратына жеткiзедi. Бүкiл өмiрiн елi-жұртына бостан-
дығына арнаған қазақтың бiртуар батыр ұлы Жанқожа
83 жасында шейiт болады.
Туған елiнiң қас-жауына қарсы жанпида соғыстарда
«өлсек-шейiт, қалсақ-қазы» деп, жаназаларын шығарып бiр-
ақ аттанатын Жанқожа тектес жүрек жұтқан батырдың өмiр
тауқыметiне кiтап авторын сонша берiлдiрiп, ұмтылтқан
түрткi не екенi жайлы да оқырман қауым бiрауық ой
жүгiрте жатар. Бәлкiм М. Қаназ тектес қаламгердiң өз та-
биғатындағы бiрбеткейлiлiк, өз дегенiнен аумайтын берiк,
табандылық қасиетi осы кiтабы арқылы дәлелдене түскен
шығар. Яғни «Жанқожа» атты бұл кiтап жаралысынан
бiртоға, ұс тамдылық жағынан болаттай бекем жанның өз
бейнесiнің параллелі болар.
* * *
Ендi М. Қаназдың соңғы жылдары қалам тартқан әңгi-
мелерiне келсек, жалпы айтқанда автор қызылсөздiлiкке
әсте бармайды. Өзiнiң сырт кескiнiне сәйкес азсөздiлiктi
оның есесiне ой салмағын түсiрудi көздеп отыратыны айқын
121
Әдебиет – жан нұры
бi
лiнiп тұрады. Тәпiштеймiн деп синоним тiркестерiмен
оқырмандарды мезi ету атымен жоқ десе болады.
«Iшiндегiң түрiнде, түрiндегiң тiлiнде» демекшi, автор-
дың әңгiмелерiн оқып отырғанда көз алдыңызға оның –
М. Қаназ ағамыздың өз бейнесi келедi. Алдымен «Мөлтек әң-
гiмелер» тақырыбынан бiрер мысал алатын болсақ «Табыт»
әңгiмесiнде кәдiмгi Жазушылар Одағының екiншi қаба-
ты нда бiр үлкен талант иесiн соңғы сапарға аттандырып
салу, соңғы рет жүзiн көрiп қалу рәсiмi болып жатқан.
Сол кезде басқыштан дабырлай көтерiлiп жолындағы
жұртты бұзып-жарып кимелей алға озған тағы бiр ағай (ол
үнемi «безөшi
рет»; сыйлық атаулының, шапанның неше
түрiн жиналыс
тың төрi төбесiн, анталогияның алдын,
энциклопедияның жуан ортасын ойып алып отыратын) пы-
сылдап келiп: «Асығыс ем, мен тұрып кетейiн, – деп қарына
шү берек байлатты» дейдi автор. Сырт көзге әлгiнiң қылығы
кiсi өлiп, қаралы қауым аза тұтып тұрғаны сөз емес, еш нәрсе
болмағандай. «Атақ-даңқ жағынан бұл өзi ақын атаулының
алдын бермейтiн: Қасым, Мұқағали, Сағи, Жұмекен, Жұ-
ма тайлардың бәрiнiң де алдына шығып алатын. Кезексiз,
«безөшiрет», шығармашылығының алдына өзi түсiп ортақол
шығармасын өзi жетелеп жүретiн және көзiн табатын. «Алып
алатын, тағып алатын, значекке дейiн тағып алатын» дейдi
автор. Әңгiме авторы ақырында әлгi «безөшiрет» пенденiң
ендi мына қаралы, азалы қауымның көз алдында жасаған
осы өрескел әрекетiне қатты ширығады. Мәйiттен табыт тағы
орынды босата тұрып әлгi жазғанға:
– ...Түгенше аға, сiз әу бастан безөшiрет жаралған адам-
сыз! Сiздiң жұрт сияқты шiретке тұрғаныңыз өлiм. Пажа-
лыста босаттым. Табытыңыз дайын, жата қойыңыз! – дегiсi
келедi.
Жазушы ешкiмнiң iшi жылымайтын; өзi мұнда, ал, атақ
– даңқы алты белдiң астында жүретiн, қаламгердi осын-
дай ғана бiр жолғы көрiнiсiмен оқырманға сүйкімсіз етiп
көрсетедi. (199 бет)
Ал «Тұмандар ойыны» әңгiмесiнен автордың табиғатты
қаншалықты сүйетiн, ақынжандылығын аңғару қиын емес.
122
Жанат Ахмади
Өзi Аралдың сары жазығында туып, өскен М. Қаназ Ала-
таудың табиғатын тамашалауға келгенде ешкімнен кем
соқпайтыны бiлiнгендей.
Ендi өзге ұзақ әңгiмелерiне оралсақ, Зейнолла Шүкiров-
ке арналған «Сағыныштың сары жапырақтары», «Шақша»,
«Оборон» және т.б. әңгiмелерден З. Шүкiров жайлы көп
нәрсенi бiлiп қаласыз. Соңында қалған шығармаларын,
әңгiмелерiн оқығанда сиқыршыдай арбайтын, өмiрден кем-
тар болып өткен жазушы Шүкiровтiң дәл өз болмысын
көзбен көргендей әсер аласыз. Өмiрден өтпейтiн адам жоқ,
ертеңгi күнi iзiңдi басқан бiреу сiз туралы да дәл осылай
мұрагерлiкпен екшеп тоқталар болса аруақ-рухыңыз бен
артта қалған бала-шаға, туған туысыңыз үшiн одан артық не
қажет болар едi. Ал «Ит өлiмi» әңгiмесiнде автор қазақ ақын-
жазушыларының кәрi-жасының барлығының да басынан
өткен пәтер жалдау тауқыметi жерiне жете, қызықты сөз
болады.
Жазушылық жолы кемелденген кезiнде жарық көрген
автордың бұл кiтабынан сәл ғана олқылық iздейтiн болсақ,
ол – кинохикаяттан кейiнгi осы кiтаптың көлемiне сыймай
қалуға айналған өзге шығармалары тым майда әрiппен
терiлгенi дер едiм. Мерейтойыңыз құтты болсын, қаламының
қарым-қуаты кернеуiне жеткен – Молдеке!
123
Әдебиет – жан нұры
«БЕЙIМБЕТТI АТҚАН КIМ?»
Қазақ қара сөзiнiң, оның iшiнде әңгiме жанрының май-
талман шеберi, Бейiмбет Майлиндей саңлақ қаламгердiң
кейiп-кеспiрi қалмай, көзi мағынасыз бақырайып, әшейiнде
маңдайынан қайырылатын күтiмдi шашы удар-дудар болып
түскен суретi кiтап мұқабасының сыртында. Ерiндерi iсiнiп,
бет-ауызы домбыққан, телiмi шыққан қайран ер бүгiн бiздiң
алдымызда осы сәтсiз бейнесi көзге тосылып тұратынын
ойлады ма екен?!
Кiтап авторының құпия орында КГБ архивінде сақ тал-
ған қолға түспес өте құнды деректерден жазған өзге тақы-
рыптарын қоя тұрып, 66-беттегi «Айыбы ақиқатын айт
-
қаны» деген зерттемені тiлге тиек етуден бастасақ Т. Бе-
йiсқұлов
тың Бейiмбетке деген әдiл сүйiспеншiлiгiнiң
қаншалық екенiне көз жеткiзер едiңiз.
Осы арада кiтаптың кiрiспе сөзiн жазған академик, Ма-
наш Қозыбаевтiң «автор қазақ әдебиетiнiң алыбы, Бейiм-
бет Майлин туралы ұзақ жылдар зерттеу жүргiзiп, еңбек-
тенiп келедi. Зерттеушiнiң табандылығы, кейiпкерге сүйiс-
пеншiлiгi, материалды толық игергендiгi, шыншыл тарихқа
көзқарасы оның пiсiп жетiлген, майталман ғалымдығын
танытады, парасаттылығын бiлдiредi. Бiр сөзбен айтсақ,
ол – өз еңбегiмен Бейiмбет Майлинге рухани ескерткiш
орнатып жүрген ғалым жазушы» екенін еске ала кеткен
артық емес. Ал қаламгердiң «Сөз басы» нан бiр үзiк сыр
аңдасақ:
«Елi төбесiне көтерген, ардақты адам неге атылды?!
Не, кiнәсi бар? Жазығы не? Не үшiн атты?
Кiм кiнәлi оның атылуына?
Ат деген кiм? Атқан Кiм?
Сүйегi қайда екен?
Обалы кiмнiң мойнында?!
Осындай сұрақтар менi зерттеу жүргiзуге құлшындырып
отырды».
Жә, осылай деген автор Би-ағаң жайлы қанша iс бiтiр-
ген, демейсiз бе?... Т. Бейiсқұловтың Бейiмбет туралы ұзақ
124
Жанат Ахмади
жылдардан берi мерзiмдi баспасөз беттерiнде жариялаған
татымды мақалаларын есепке алмағанда, «Б. Майлин сын-
шыл публицист» деген тақырыппен кандидаттық жұмы-
сын қорғау жолында 1983 жылы «Жазушы» баспасынан
«Қанатты қаламгер» атты зерттеу кiтабын, 1991 жылы
осы баспадан «Би – аға» атты естелiктер жинағын, 1994
жылы «Қазақстан» баспасынан «Дарын даралығы» деген
кiтаптарын шығарған.
Ал мақаладағы әңгiме болып отырған «Толғанай-Т» бас-
пасынан 2000 жылы «Бейiмбеттi атқан кiм» аталған кiтабы.
Автор бұл еңбегiнде сол тұстағы НКВД құзғындарының
қолдан жасаған неше түрлi айла-шарғы, сұм пиғылдарын
тарихи құжаттарға сүйене отырып егжей-тегжейлi ашып
береді. Осы барыста ол бiрлесiп жұмыс iстеуге тиiстi бол-
ған ҰХК қызметкерлерiн орынсыз кiнәламайды. Олар
Бейiмбетке байланысты iстiң (дело папкасының) мәлiм же-
рiне дейiн өздерінің көз алдарында қаратып отырады да
«ендi мұнан былай ашуыңызға рұқсат жоқ, бiзге берiлген
тапсырма солай» десе, iштей күрсiне отырып оны да түсiнедi.
Дегенмен бүгiнгi егемендi елiмiздiң ҰХК орыны кешегi КГБ
еместiгi мына төмендегi сөйлемдерден-ақ түсiнiктi.
«...Соңғы кезге дейiн, ақталғанына елу жылдан астам
уақыт өтсе де, қандай үкiм шығарылды, ол қалай орындал-
ды деген сұрақтарға еш жерден жауап ала алмай, бейхабар
келдiк. Нақты бiлiп айта алатын дәйектер қолымызға түспей
жүрдi. Өйткенi оның «iсi» КГБ мұрағатында құпия ұсталды,
ешкiмге берiлмедi.
Соңғы жылдарда ғана жариялылықтың арқасында қа зiр-
гi ҰХК мен «Әдiлет» қоғамы бiрлесе отырып, 1937–38 жыл-
да ры нақақтан құрбан болған ардақты азаматтарымыздың
кiм дер екенiн, олардың көмiлген жерлерiн анықтауда бiраз
жұмыстар жүргiзiлдi» дейді. Осының өзінен-ақ өз заманы-
ңызға разы боласыз.
Бiр айтарлық жерi, Т. Бейiсқұловтың бұл еңбегiне зер
са ла оқып қарасаңыз, ол өзiне мұқият жауапкершiлiкпен
125
Әдебиет – жан нұры
қарайтынын айқын аңғарады екенсiз. Комсомол, партия
қыз метiнiң неше белеңiнен аттаған, әрi өзiнiң табиғат бол-
мы сынан зейiндi азамат ешқандай мүлт кетпеуге тырысып,
оқырманын ойға батыратын сырлы сезiмдерге, парасат ты-
лыққа жетелейтiн тұстарға молынан ұшырасып отырасыз.
Әсiресе бұл кiтап жайлы аузы дуалы, қазаққа қадiрi ар-
тық ғұлама тарихшы, Манаш Қозыбаевтың беташар сөзiнiң
мы на бiр тұсына назар аударсақ: «жазушы, көсемсөзшi, Тоқтар
Бейiсқұловтың бұл еңбегi деректерге негiзделген. Шығарма
тiлi жеңiл, фактiлерге өрiледi, оқиғалар iрiлене-iрiлене құ-
былысқа айналады, кiтап осылай ұлы жазушының бейнесiн,
оның трагедиясын аша түседi. Автор замана мұңын, жеке
бастың сырын айта отырып, тұтас ел трагедиясын өрбiтедi.
Шығарма өзiндiк өрнегiмен, азаматтық жанашырлығымен,
жазушыға деген аса зор ықыласымен құнды».
Мақаламыз еңбекқор автордың мерейтойына орай ласып
отырғандықтан Т. Бейiсқұловтың жалпы шығармашылы-
ғы на көз салсаңыз алғашқы жұмысын алыста жатқан ауыл
мұ ғалiмдігiнен бастай отырып, аудандық комсомол ко ми-
тетiне шақырылып, одан Алматыға партия-совет қызме тiне
iрiктелiп келуi кадр таңдауда жүзiктiң көзiнен өткiзетiн
темiр тәртiп кезiнде оңай шаруа болмағаны екінің бірiне
мәлiм шығар. Өзiне-өзi қанағаттанбай үнемi өрге жүзгiсi ке-
летiн Тоқаң қайнаған қызметтiң ортасында жүрiп 1973 жы-
лы «Қазақстан» баспасынан «Әкелер даңқы жолымен» (еш-
нәрсе ұмытылмасын, дейтiн сәбеттiк ұран үнiмен).
1975 жылы «Жазушы»-дан «Кеудесiн оққа тосып»,
1983 жылы «Жазушы»-дан «Қанатты қаламгер» (Бе-
йiмбет туралы),
1991 жылы «Жазушы»-дан «Би – аға»,
1994 жылы «Мерей»-баспасынан «Желтоқсан ызғары»,
1994 жылы «Қазақстан»-нан «Дарын даралығы» (Би –
ағаң туралы),
1995 жылы «Демеу»-ден «Сарыбиiк сағасында» (Төңкерiс
ауылының тарихы жөнiнде),
126
Жанат Ахмади
1997 жылы «Қоштаспаймын, махаббат» (эпистолиярлық
повесть)
2000 жылы «Қаза мен аза» (роман),
2000 жылы «Бейiмбеттi атқан кiм?»,
2000 жылы «Толғауы тоқсан тағдыр» (СССР Мемлекеттiк
сыйлығының иегерi, Республикаға еңбегi сiнген металлург
– Байғазы Ысмағұлұлы туралы деректi публицистикалық
аян) кiтаптарын шығарған.
Негiзгi сөз Тоқаңның мiне осындай еңбекқорлығына
орай, шығармаларын қоя тұрып, Бейiмбет жайлы бол ған-
дықтан (барлық кiтаптарына тоқталып жату бiр мақалада
мүмкiн емес, шарт емес те шығар) «Бейiмбеттi атқан кiм?»
кiтабын оқып отырып жаныңыз түршiгедi. 110-беттегi «Бе-
йiмбеттiң атылар алдындағы бейнесi» деген суретке қара-
ңыз. Бүгiнгi ұрпақта Бейiмбеттiң атын айтпайтын, оны
сүймейтiн бiр қазақ жоқ, бiрақ ол жайлы жұрттың барлығы
бiрдей жаза бермейдi, тiптi миллиондардың iшiнен бiреу
ғана iздеушi бола алады. Олай болса Бейiмбет, Сәкен, Iлияс-
тар, тағы-тағы маңдай алды аяулыларымыздың қанын жа-
зықсыз судай ағызған зұлмат заманның жан төзгiсiз жауыз
кейпiн нақты құжаттарды сөйлете отырып ұрпақ алдына,
зиялы қауым алдына көлденең тартқан Т. Бейiсқұловтың
тек қана жалғыз осы еңбегiнiң өзi ұлтымыз үшiн баға жет-
пес, құны жоқ дүние десек қателеспес едiк.
Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, авторымыздың Сәкен,
Iлияс, Бейiмбеттерге жабылған жасанды жалаларды НКВД
құжаттарына сүйене отырып сөйлетiп келедi де, «Көрдiңiз
бе, сөздердi қалай-қалай ойнатады, құбылтады! Әрқайсысы
әр түрлi жасама жаламен қараланғанымен түптiң-түбiнде
үшеуiне берiлген жаза бiрдей болып шығады. Берiлгенi
қандай жаза?» Әрi қарай оқиық:
«РСФСР қылмыстық кодексiнiң 58-бабының 2,7,8 және
11-тармақтары бойынша Б. Майлиндi қылмыс жасағанды-
ғы үшiн айыпты деп тауып, қылмыстық кодекстiң 319 және
320-баптарын басшылыққа ала отырып, КСРО Жоғарғы
Соты әскери алқасының көшпелi сессиясы үкiм шығарды.
127
Әдебиет – жан нұры
Бейiмбет Жармағамбетұлы Майлиндi ең жоғары қылмыс-
тық жаза – атуға кестi, оның жеке өзiнiң заттары тәркiлендi.
Үкiм соңғы және 1934 жылдың 1 желтоқсанындағы Кеңес
одағы атқару комитетiнiң қаулысы негiзiнде тез орындалу-
ға тиiс», – деп, төраға және мүшелерi арбита қолдарын
қойыпты.
...Сол 26 ақпан күнi үкiм шығарылысымен, Горячев
Қазақ ҚСР iшкi iстер халық комиссары Реденске құпия
қатынас қағаз жолдайды. Онда «Аса құпия» делінген.
«Қазақ ҚСР iшкi iстер халық комиссары, Мемлекеттiк
қауiпсiздiгiнiң I – рангалы комиссары Ж. Реденс жолдасқа.
Сiздiң КСРО Жоғарғы Соты әскери алқасының 1938
жыл ғы 26 ақпанда болған көшпелi сессиясының ең жоғар-
ғы қылмыстық жаза – атуға кесiлгендерге шығарған үкiм
орын
далуға нұсқау беруiңiздi сұраймын» – делiнген де
атыла тын адамдардың тiзiмi берiлген. Соңына Горячев қол
қой ған, мөр басылған. Сол жақ жоғарғы бұрыштамасына тө-
мен нен жоғары қарата, қиғаштай сойдақталып, «Үкiм тез
орындалсын» деп жазған Қазақстан iшкi iстер халық комис-
сарының орынбасары Володьзко қол қойып 26 ақпан деп
көрсеткен. Бұл қатынас қағаздың нөмiрi 00280238. Атыл-
ғандығын бiлдiретiн белгi тiзiмдердiң әрқайсысының сол
жақ тұсына қойылған.
Олар мыналар: – деп 37 адамның тiзiмi көрсетiлген.
8. Джансугуров Ильяс
25. Майлин Бейiмбет Жармағамбетович
36. Шанин Жумат Тургумбаевич
Бастан – аяқ осындай құжат тiлiне сүйенген Би – ағаң-
ның бiрден-бiр iздеушiсi Тоқтар Бейiсқұлов «бiлгiрлер өзiн
білдiруге құмартпайды» дегендей сонша кiтаптар жазған
еңбекқор қаламгер бола тұра, кеуде қағып, жұрт көзiне түсудi
мақтаныш көрмейтiн шынайы салихалы қаламгерiмiздiң
бiрi.
Мiне осы арада айтылуға тиiстi негiзгi сөздiң бiрi қазiр
шамасы келгендер тарих бiлмейтiн бәленбай уақыт бұрын
өткен, түгенбай атасының даңқын шығаруды ойлап, барлық
128
Жанат Ахмади
қуат-күшiн соған сарқа жұмсап әуреленiп, жатқан кезде
аталастық қаны жағынан (жерлестiгi жағынан да) үш
қайнаса сорпасы қосылмайтын Бейiмбеттей арысымыздың
тағдыр жолына ондаған жыл уақытын құрбан етiп ұрпақ
үшiн, бүгiнгi ұлт мерейi үшiн тер төккен Тоқаңа зиялы қа-
уым алғыс айтса артық болмас. «Көптiң қамын ойласаң өз
қамың соның iшiнде» – деген. Оның көркем әдебиет жан-
рынан орын алатын «Қоштаспаймын махаббат» хикаят
кi табы мен «Қаза мен аза» романы (2000 ж. «Т. Толғанай»)
әде би сыншы, зерттеушiлерден әдiл бағасын әлi ала қойма-
ған дүниелер. Өйткенi Тоқаң өз еңбектерiн әлдекiмдерге
тықпалап, жылы лебiз бiлдiрсе екен, деуден аулақ, тек өз
жан дүниесiнiң жаралмыс, табиғи таразысымен жүредi.
Аталмыш хикаятын «жылап отырып оқыдым» деген әйелдiң
өз аузынан ес
тiгенiмдi айта кеткiм келедi. Жазықсыз
жапа шегiп, қан төккен саңлақтарымыздың асыл рухын
мерейлендiре бiлген Тоқа, мерей тойыңыз халқыңыздiкi!
129
Әдебиет – жан нұры
Достарыңызбен бөлісу: |