11
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
АНА ТІЛІ
10
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
АНА ТІЛІ
«Қазір кім көп, жазушы көп.
Бәрі жазып жатыр. Бірі естелік, бірі
эссе деп қояды. Мен жазғандарына
қарсы емеспін. Осының бәрі күні
ертең тарихқа айналып, ел жа-
дында қалады. Шынайы жазылған
дүниелер халықпен бірге жасай
береді. Менің айтайын дегенім,
сол жазылып жатқандардың көбісі
өзді-өзін дәріптеуден аса алмай
жүр. Ал Қарымсақұлы туралы сөз
басқа! Ол өзін емес, замандастарын,
қаламдастарын жазып, ерен еңбектің
үлгісін көрсетіп жүрген майталман-
дарды дәріптер жүр» дейді журналис-
тер жетекшісі.
Кітап алты бөлімді қамтиды.
Тізіп жіберетін болсақ, «Ел мен
жер», «Өмірі – өнеге», «Ел мен ер»,
«Әріптес әлемі», «Қоңыр қалам –
қоңыр әлем», «Өткен күнде белгі бар»
деп жалғасар еді. Бұл тақырыптар
да жайдан-жай қойылмаса керек.
Біраз жайға қанығатынымызды осы
қалыптарымен-ақ ұғындырып тұр.
Итен ағамыздың кейіпкерлері
бізге де таныс. Олардың бірі белгілі
көсемсөзші, кезінде республикалық
«Социалистік Қазақстан» (қазіргі
« Е г е м е н Қ а з а қ с т а н » ) г а з е т і н
басқарған Ұзақ Бағаев. Жас кезімізде
Ұзекеңнің мақалаларын, очерктерін
сүйсіне оқитынбыз. «Осылай жа-
зар ма еді» деп қиялға берілдік.
Итен Қарымсақұлының қолына
қалам алуға түрткі болған жайт Ұзақ
Бағаевтың өзге шығармалары емес,
күнделігі екен. Күнделік өзгеше
жанр. Бұл – адамның жан сыры,
жүрек тебіренісі. Осы жағынан да
Итен ағамызды қызықтырса ке-
рек. Ұзақ Бағаев уақыттың құдіреті
туралы былайша ой өрбіткен: «...
Кейде бір килограмм астық ысырап
болса, қиналамыз, қынжыламыз,
ал бір сағат уақыт босқа өтсе, қыңқ
етпейміз». Ойлар болсақ, басты
ағаттық осында.
Бір күн тұқым кеш себілсе, бір
күн егін кеш суарылса, бір күн кейін
жиналса, қаншама астық ысырап
болатынын бағалай бермейміз.
Дән ысырабына кешірім жаса-
маймыз, уақыт ысырабын еске де
алмаймыз...
Б і р м и н у т т а ж ү р е т і н ж о л ,
шығатын биік қанша!
Осының бәрінен шығатын қо-
рытынды: «уақыт – адамның досы,
дұшпаны, жақыны, алысы! Уа-
қыттан дәуір өседі. Уақыттан өмір
құралады...».
Сонда автордың түйіндеп айтпағы
не? Ол, әрине, түсінікті: Уақыт – ал-
тыннан да қымбат, оның қадірін біл.
Ұ з а қ Б а ғ а е в е с і м і к ө п т е н
ауызға түспеп еді. Ұмытылып бара
жатқандай көрінген. Асыл азаматты
бүгінгі өмі рі мізге жетелеп әкелген
Итен Қарым са құ лына алғыстан
басқа айтарымыз жоқ.
Әбдіжәлел Бәкір, Бақберген
Досманбетов, Жұмағали Наурыз-
бай... Бұлар да белгілі есімдер. Көзі
қарақты замандастарымызға етене
таныс. Үшеуі де кешегі уақыттары
еліміз Парламентінің депутаты бол-
ды. Әбекеңнің ұлттық мемлекетімізді
жетілдіре түсу, ұлттық мүдде, ұлттық
құндылықтарды сақтау, дамыту, ана
тіліміздің өзекті мәселелері жөнінде
жазған еңбектері ұлтқа жанашыр
кім-кімді де толғандырмай қой-
майды. Бақберген Досманбетов
болса депутаттық міндетін абыройлы
атқарған азамат. Оның халықтың
көкейіндегі маңызды мәселелерді
Парламенттің күн тәртібінде көтеріп
отыр ғанынан жақсы қанықпыз.
Ав тор қайраткер азамат Жұмағали
Наурызбай туралы «Ұлтымыздың
ұлы мұраты жолында тынымсыз
тер төгіп келеді» деп орынды атап-
ты. Бұған Жұмекеңнің «Ұлттық
мектептің ұлы мұраты», «Ұлттың
ұлы бола алсақ» деген кітаптарының
аттары-ақ дәлел бола алады.
Қаламгердің еңбегіне қалам-
герден артық ешкім айқын баға
бере алмас. Бір салада қызмет етіп
жүргеннен кейін бір-бірінің шабыты
мен шабысынан етене қанық. Осы
ретте Итен Қарымсақұлы туралы
көптеген журналистердің, олардың
ішінде елге белгілі тұлғалардың да
қалам тербегенін айтуға болады.
Солардың бірі қарымды қаламгер,
«Айқын» газетінің Бас редакторы
Нұртөре Жүсіп Исекең жөнінде бы-
К
ә с і б і ң ж о р н а л ш ы б о л ғ а н
соң, арғы жағы белгілі ғой.
Не істейтінің де сезіліп тұр.
Редактордың иегін көтерген жаққа бет
түзейсің де, жолға шығасың.
Бүгін де жолға шықтым. Мақсатым
өліара шақтағы ел тірлігін қағазға түсіру
еді. Аудан орталығынан шалғай шеттегі
ауылдан бір-ақ шықтым. Тау аңғарынан
басталған сай аядай ауылды екіге қақ
жарып өтеді екен. Сайдың ортасында
арнасына сыймай бұлықсып, бұлқынып
тау өзені ағады. Өзеннің екі жақ жиегі
ағаштан көрінбейді. Терек дейсің бе, ақ
қайың, қызыл қайың, ирен дейсің бе,
бәрі бір-біріне ықтап, қолтықтаса өсіп,
сыңсып тұр. Тіпті ауылдың бар байлығы
осы ағаштар ма деп қаласың.
Автобустан түскен бойда қайда бара-
рымды білмей, аз аялдаған едім. Айналаға
көз салдым. Қос көшенің қиылысында
тұрмын. Енді ауыл кеңсесіне жүрмек
болғанымда, көзім әудем жерде сарылдап
ағып жатқан өзеннен мықшыңдап, қос
қолдап су көтеріп келе жатқан әйелге түсті.
Аяғын санап басқан әйел жүрісі тым мар-
дымсыз. Алпыстан асқан жанды кәріліктің
тым ерте икемдегені, сөйтіп өз уысына
түсіріп, қақпақалдай бастағаны сырт көзге
лай дейді. «Сырда туып, қырда өскен,
Қазақстанның астанасы болған бір
қалада еңбек жолын бастап, екінші
астанасында зейнеткерлікке шығып,
асқақ Алатаудың баурайын да Құдай
берген перзенттерінен өрбіген не-
мере, шөберелерінің ортасында
ақиық қырандай еңсе тіктеген,
қарттыққа мойымаған, тізе бүкпеген
Итен Қарымсақұлының өмір жолы
кім-кімге де жақсы өнеге болса ке-
рек». «Елу жылдан астам уақыттан
бері баспасөз бен құқық саласы
егіздей екі қанатына айналған
Иекеңнің өмір жолы тауысып айтып
бітпейтін дастандай өнегеге толы.
Осы бір құрыштан құйыла салғандай
қағілез, қарапайым кісімен сөйлесе
қалсаңыз, сіз өмірдің қыр-сырына,
ғажайып сәттеріне қанығып жүре
бересіз». Осындай шынайы лебіз
білдіргендер қатарында белгілі ақын
Темірхан Медетбек, өнер қайраткері
Тұңғышбай Әл-Тарази, жазушы
Қ о й ш ы ғ а р а С а л ғ а р а ұ л ы ж ә н е
басқалар бар.
А ғ а м ы з д ы ң т а л а н т т ы а қ ы н
Әскербек Рахымбекұлымен дос-
тық қарым-қатынасы да көңіл
аударарлық. Негізі ақынның сыр
ашар достары көп бола бермейді.
Нағыз ақын тазалыққа, сұлулыққа,
шынайылыққа ынтық. Бұл қасиеттер
әркімнің бойынан табыла береді
дейсіз бе...
Иеке,
Бағытымды бір байқағын,
Қалайша хан базардан құр қайтамын?!
Шау тартқан шақты мынау
жыр шайқадым,
Сырымды саған айтпай кімге
айтамын?..
Сайыста семсерімді сермегенде,
Телегей сезімімді тербеген не?..
Қайтер ем қайырылып сен
келмегенде,
Қайранмын қайыры жоқ пенделерге.
Кей кезде тебіреніп теңіздейін,
Қарттыққа қарсы тұрар ем іздеймін.
Еркекпен ер көңілді егіздеймін,
Келісті кеуделерден кен іздеймін...
Иеке, телефон шал,
Сені іздеймін... – деген екен
Әскербек ақын бір өлең жолдарын-
да. Ақын досын іздеп жатса Иекеңнің
көптің бірі емес, бірегейі болғаны
ғой.
Итен ағамыздың оңаша қалған
сәттерінде өмірден көргендерін,
көңілге түйгендерін қағаз бетіне
түсіріп отыратын да «өнері» бар екен.
Бұлар расында да ғибрат аларлық,
ой саларлық дүниелер. Солардан
аз-кем мысалдар келтіре кетейік.
«Басыңа бақтың қонуы қиын, таюы
оңай», «Өлгенше дүние жинау мақсат
емес, қадіріңнен айырылу жақсы ат
емес», «Тойымы жоқ адам тойғанын
білмейді», «Балаң жақсы болса
қадіріңді асырады, жетесіз болса
берекеңді қашырады» және т.б. Құлақ
қоятын-ақ тұжырымдар емес пе?!
Сонымен қорытқанда не ай-
тар едік. Біздің ойымыз кітаптың
беташарындағы түйінді сөздермен
дөп келетіндей «Жүрек жазбалары»
ғұмырнамалық кітабының басты
ерекшелігі – жақсының өмірінен
өнеге алу, журналистік ғұмырдың
ғ а ж а й ы п с ы р л а р ы н а қ а н ы ғ у ,
кейіпкерлермен бірге өмір сүру,
жақсы мен жайсанның қадірін,
бағасын білу, адамды ардақтау.
Нұрперзент ДОМБАй
ӨнеГелі
Жол
Жұмысшы жастар марапатталды
Әңгіме
Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистер
одағы сыйлығының лауреаты, белгілі қаламгер Итен
Қарымсақұлының «Жүрек жазбалары» деп аталатын үшінші
кітабы қолымызға тиді. Бұған дейін «Қоңыр қалам», «Адамдар.
Жылдар. Тағдырлар» атты туындылармен танысқанбыз. Жаңа
кітап Қазақстан Журналистер одағы басқармасының төрағасы
Сейітқазы Матаевтың алғы сөзімен ашылған. Секеңнің сөзіне
қарағанда ол кітап авторын жақсы білетіндігі аңғарылады.
Содан да болар ақтарыла сыр төгеді.
ПрозА
Дәнеш АхМЕТұЛЫ
БАсқосу
БезБен
Н
ұрлы жол
айқын сезіліп тұрған. Жүгіре басып, әлгі
әйелге жеттім де, ибамен сәлем беріп:
– Ұлықсат етсеңіз, енді суыңызды мен
көтерейін, әкеліңіз, – дедім. Әйел бұл қай
бала, қайдан шықты өзі дегендей, маған
зер салып, сығырая қарады. Сөйтті де:
– Ал ұлықсат, көтере ғой, – деді.
Әйтсе де менің кім екенімді білгісі
келген жеңсік ой оның аузына тағы сөз
үйірді.
–Қай баласың? – деді сыпайы тіл
қатып, – қайдан жүрсің өзің.
Мен жайымды айттым.
– Жөн, жөн, – деді әйел сөзімді
тыңдап болған соң. Артынша:
–Үйге жүр, шай іш, – дегенді де қосып
қойды.
Бірақ неге екенін қайдам әйел осы
сөзді маған бір түрлі қысылып, қиналып
айтқандай еді. Үйі автобус аялдамасының
нақ түбінде екен, тиіп тұр.
Үйге де кірдік. Жаңа салынған бес
бөлмелі үйден тазалықтың исі аңқиды.
Мен төргі үйге озып, диванға жайғастым.
Үй иесі әйел де қосарлана кіріп, тағы
бірдеңелерді сұрамаққа оқтала беріп еді,
ауызғы үйдің есігі сықыр етіп, қайта ашы-
лып, дөңбектей біреу кіріп келе жатты.
Мойны күжірейген, балпанақтай жас
жігіт екен.
Кірген бойда қиғылықты салды. Мені
байқамады білем, тура әйелдің алдына ет-
петтей жығылып, отыра кетті де, бейбақат
сөйлей жөнелді. Жігіт мас еді.
–Апа, – деді басын шұлғып, – апа
деймін ғой мен саған.Егер шын апам
босаң, – деді енді ықылық атып, – жүз
теңге берші, жүз-ақ теңге берсең болды.
– Қайдағы жүз теңге, – деді әйел
шаптығып, – Қайдағы ақша, ақша жоқ.
– Бар, – деді жігіт екіленіп, – сенде
ақша бар. Сенде ақша жоқ емес, бар. Жүз
теңге дедім ғой, жүз теңге...
– Ж о қ , – д е д і ә й е л д а у ы с ы н
бұрынғыдан да қатайтып, – айттым ғой
мен саған. Менде ақша жоқ. Ішіп-жемнің
бәрін дүңгіршектен қарызға алып отыр-
мыз. Ой, құрып қалғыр, қайтеді өзі, жоғал
әрмен...
Жігіт апалауын қоймады.
–Жүз теңге дедім ғой, соны берсең
бітті...
– Жүз теңге керек болса, еңбек ет, тап
өзің.
– Шын апам болсаң маған жүз теңге
берші...
– Әй, қу арақ, – деп әйел сілкінгендей
болып, орнынан тұрып, маған қарай
жүрді, – қарашы міне, өзі өндірдей жап-
жас бала. Ал істерге жұмыс жоқ. Араққа
алданып, азып үйде отыр. Осындайлар
көп ауылда.
Жігіт осы арада оқыс бұрылып, маған
назарын тіктеді. Бұл неткен жан деген-
дей аз аңтарылды, артынша еңбектей
көтеріліп, орнынан тұрып, маған
ұмтылды.
–Ассалаумағалейкүм, – деді тілі
күрмеліп, кекештене сөйлеп.
–Аға, – деді содан соң тап бір ұзақ
жылғы көрмеген бауырын енді ғана
ұшыратқандай болып, – аға, ағасың ғой,
ә?
– Иә, – дедім мен, – иә, мен сенің
ағаң боламын.
–Шын ағасың ғой, ә?
– Иә.
– Есіміңіз кім болады?
–Есберген болады.
– Есберген аға, – деді енді шағына
сөйлеп, – жүз теңге берші.
– Мақұл, – демеске амал жоқ еді, –жа-
райды берейін.
Әйел:
– Көргенсіз, – деді де үйден шығып
кетті.
қасына» деген. Бітіп жатқаны да шама-
лы. Дегенмен, тірлік бар. Ал сіздің келіп
тұрғаныңыз жақсы, – деп бір қойды.
Оның бұл сөзін шешесі қоштағандай
сыңай танытты.
– Келіп тұр, қарғам, келе бер.
– Сіз білмейтін шығарсыз, – деді
Аман тай енді өзі әңгіменің жібін
суырт пақтап, – біз біраз уақыт бол-
ды, өз алды мызға шаруа қожалығын
құрғанбыз. Өзіміз бұрыннан арала-
сып жүрген ет жақындардың басын
құрадық. «Үшсерік» деп аталады. Мен
Үй иесі әйел мырс етіп күліп қойды.
–Төлейсің, төлемегенде қайда ба ра-
сың?
– Арақты әлі ішіп жүрсің бе? – дедім
мен де қарап отырмай.
– Иә, – деді ол да шындықты бүркеме-
лемей, – бірақ аздап қана. Бұрынғыдай
ішу қайда?!
Амантайдың есіне өткендегі жай түсті
білем, қызара күлімсіреп, қыбыжықтай
берді. Біз де әрмен індете қоймадық.
Бұл менің Амантаймен екінші рет
кездесуім еді.
Амантаймен үшінші рет өзім істейтін
газет бөлмесінде ұшырастым. Мезгіл
сірә, сәске кезі болар. Оңаша бөлмеде
бүкшеңдеп, қағаздарды ақтарып отыр-
ған мын. Әлдекім есік ашып, кіріп келе
жатты. Амантай екен. Шұрқырастық та
қал дық.
–Иә, жолың болсын, отыр, – деп мен
оған қарсыдағы орындықты нұсқадым.
Мен нұсқаған орындыққа отырған жігіттің
келбеті тым келісті еді. Тұла бойынан
еңбекпен есейген жанның ыстық лебі
байқалады. Отырысы мығым. Құрыштан
құйғандай балғын да сом дене өз еркінен
тыс әлдебір күш танытқандай болып, көз
сүй
сіндіреді. Мен оның сөзіне сүйсіне
құлақ түрдім.
– Ой, аға несін айтасыз, – деді ол
төтесінен сөйлеп, – жұмыс көп, жоспар
көп. Баяғы күндер келмеске кетті. Енді
жүрген жерің, басқан ізіңнің өзі есеп.
Есепсіз, жоспарсыз күнің жоқ.
Мен одан «Үшсерік» шаруа қожалы-
ғының жайын сұрадым.
– Ол қожалық бар, – деді ол, – бірақ
мен сол қожалықтан шықсам ба деп
жүрмін.
Сөйтті де, ол торлама дорбасынан
жаялықтай қағазды суырып алды.
– Міне, мынау мен құратын шаруа
қожалығының жалпы картасы. Мынау
ауыл, – деп әлдебір шиыр сызықтарды
көрсетті, – ал осы ауылдан он-он бес
шақырымдай жерде тау бар. Осы таудың
бөктерінде, міне, мына жерде жайлау бар.
Бұрынғы ата-бабаларымыздан қалған
құтты қоныс. Менің сол араға жаңадан
тас қора салсам ба деген ойым бар. Көктеу
қора да осы тұстан салынады. Қазірше екі-
үш жүз қой, жүз қаралы тана-торпақ сыя-
тын қора салынса да жарап жатыр. Оған
шамамен бес миллион теңге кететін түрі
бар. Міне, мынау, – деп енді мүлдем жаңа,
тың сызбаларды алдыма жайып тастады,-
Іле дариясының жағасына салынатын
қыстық қора. Тұрғын үй, күзетші үйі тағы
басқалары осында орын теппек. Бұған да
пәлен миллион кетті дей беріңіз.Сатып
алуға тиесілі техника түрі, өзгелері тағы
бар. Қойшы, әйтеуір қалайда қомақты
сома қажет.
–Тым көп емес пе?
–Бәрі де алдын ала ойластырылған,
компьютермен әлденеше рет есептелген,
– деді ол сенімді сөйлеп, бәрінің де өз
есебі бар.
– Ол ақшаны қайдан аласың?
– Бұйырса, осы аптаның ішінде
банктердің бірінен алып қалармын.
– Өтеу мерзімі неше жыл?
– Он жылдан астам. Шамалы ғана
пайызы бар.
– Жақсы екен. Ал жаңа шаруа
қожалығыңның атын не деп атамақсың?
– «Нұрлы жол» деп атасам ба деп ой-
лап жүрмін.
– Жарайды, жаңа «Нұрлы жолың»
құтты болсын. Тек табыс тілеймін.
– Рақмет, міне байқайсыз ба, – деді
ол қағаздарын жинастырып жатып, –
Бүгінгі Үкімет бағдарламасының бас-
ты бағыты осы. Бұл – елді тек байыта-
тын, болашаққа апаратын нұрлы жол.
Үкіметіміз даңғыраған жол салып, жүр
деп, демегендей болып тұрса, жүрмей не
көрініпті бізге?!
– Бәрекелді, жолдарың болсын.
Амантай ішкі қуанышын жасыра ал-
май, маған қарап, жымиып қойды.
Амантай еш адаспаған екен. Бәрі де
өзі ойлағандай болып шықты. Үлкен
бағдарлама тезінен іске асты. Екі жылға
не жететін, не жетпейтін уақытта шаруа
қожа лығының аты дүркіреп шыға баста-
ды. Жақсы жағынан шықты. Кім айтса да
мақ тап, сүйсіне сөз қылысты...
– Жолың болсын «Нұрлы жол» дедім
мен шын сүйсінгенімді жасыра алмай. Іш-
тей дұға оқығандай қылып, құпиялап қана
жүрекпен айттым...
Жігіт жүз теңгені алған бойда есікке
ұмтылды. Бір шыны шай ішіп болмастай
уақытта көк бөтелкенің біреуін құшақтап,
қайта оралды.Бөтелкенің аузын тісімен
жұлып алып, екі стаканға меймілдете
құйды да, үстелдің үстіне қойды. Өзі
дегбірі кеткендей болып, асығып тұр.
– Аға, – деді мені үстел басына
сүйрелеп, – кел, отыр.
– Неге? – дедім мен бейқам қалпымды
бұзбай.
– Негесі жоқ, – деді ол қолды бір
сілтеп, – давай арақ ішеміз.
– Ішпеймін, – дедім мен салқын са-
быр сақтап, – ішпеймін.
Ол сүйрелеуін қояр емес.
– Жә, ішесің, шын ағам болсаң
ішесің...
Ол үстелге сүйрелейді. Мен орнымнан
тапжылмаймын. Осылай аз тәжікелескен
соң, бұл іс те бітті. Жігіт екі стаканды
бірінен соң бірін қылғытты да, сілейіп,
ұйықтап қалды. Аздан соң үй иесі әйелдің:
– Шай дайын, – деген үні естілді. Мен
ас үйге бет алдым. Ал жігіттің аты – Аман-
тай екен.
Уақыт бізді келесі жылы тағы кез-
де с тірді. Мезгіл мамыр айының іші еді.
Жо лым түсіп және бір рет баяғы өзім жағ
-
дайын жазуға барған «Еңбекші»» ауылына
барған едім. Шағын ауылды шиырлап
шығып, орталық көшемен келе жаттым.
Арт жағымнан біреу шақырғандай бол-
ды. Жалт қарадым. Шынында да, әлдекім
қолын бұлғап, еңкеңдеп жүгіріп келе жа-
тыр екен. Мен тоқтап, оны күтіп алдым.
Кім екенін қол созым жерге келгенде
айқын ажыраттым. Амантай екен. Үстінде
қоңыр күртеше, бұтында көнелеу ескі
шалбар, аяғына киген бәтеңкесі де ақ
жемденіп, тоза бастапты. Өзі бұрынғыдай
емес, майы сығылған бүйенге ұқсап, сып-
тығырланып, ширатылып алыпты. Уақыт
шіркін тірлік атты қайраққа жанып-жа-
нып жіберіпті де, лыпылдатып қойыпты.
Әңгімеміз салған жерден жараса кетті.
– Келгеніңіз бек жақсы болды, үйге
жүріңіз, – деді салған жерден қиыла
тіл қатып, – Өзіміз де ылғи сізді ойлап
жүруші едік.
Біз үйге де келіп жеттік. Үй иесі –
өткендегі жүзін әжім өрнектеген кекселеу
әйелдің шайы дайын екен.
Мен байқамаған екенмін, Амантай
тым сөзшең, ашық жігіт екен. Есіп сөйлеп
отырды.
– «Бітер істің басына, жақсы келер
осы қожалықтың есепшісімін. Шаруа
қожалығының бар есеп дүниесі менің
қолымнан өтеді. Қазір көктем, егістікке
дайындалып жатырмыз. Бұрыннан
біліс адам дегенің бар болсын, шындап
келгенде біз оларды түсіне бермейді
екенбіз. Әншейін сыртынан ғана көріп,
соған мәз болып жүріппіз. Ал олардың
кім, неткен жандар екенін жем-жемге
келгенде, басыңа іс түскенде анық біледі
екенсің.
– Айта түс, – деп мен оны қостап
қойдым. Амантай сөзін соза түсті.
– Жаңа айттым ғой, – деді әлдебір
жанармайдың исі білінген салалы
саусақтарымен нанды үзіп жатып,-
барлық есеп менің қолымнан өтеді.
Ақшасын есептеп шығарамын. Бір
трактор егістік жұмысына шығу үшін
неше ақша керек? Оның майы бар,
қайта жабдықтауы бар, толып жатқан
қ и ы н д ы қ т а р ы б а р . С о н ы ң б ә р і н
есептесең, қып-қызыл шығынға саяды.
Осының бәрі келіп, теңгеге тіреледі.
Теңге судай шашылады. Сонан соң ба-
рып, қожалықтың теңге қоры омсырая-
ды да қалады. Ал басқалары «бізде пәлен
мың теңге болуы тиіс» деп шалқаяды.
Мен кеткен шығынды есептеп, мәнін
түсіндірсем, мойындарын ішіне алып
жатып кеп тулайды. «Қайда кетті, не
болды» деп көкке алақан жаяды. Қызық-
ей, өздері. Түкке түсінгілері келмейді.
Олардың ойынша трактор, күллі тех-
ника атаулы тегін қозғалатын сыңайлы.
Жаңағы өздері даулаған ақшаны тап
бір мен жегендей боламын. Міне, жор-
налшы бауырым, біздегі хал бір сәтке
осындай.
– Ештеңе етпейді, шыда, – дедім
қуат бере сөйлеп, – әлі-ақ түсінісіп
кетесіңдер.
– Мен де соны айтып жатырмын,
– деп енді сөзге үй иесі әйел араласты,–
Олар бәрін кешегі кеңес заманындағыдай
көреді ғой. Онда егістікке шыққан трак-
тордың шығынын кім есептеп көрген.
Бәрі де тегін сезілетін. Бұлар сол «социа-
лизм тұмауынан» әлі айыға алмай жүр.
Оның үстіне қарыз көп. Арақ қарызы да
жеткілікті. Ауыл әлі арақ ішуін тоқтатқан
жоқ.
– Арақ аты аталғанда Амантай арқа-
сына ер батқан аттай қипақтап қалды.
Жайсыздық табын сезінгені.
– Қойшы соны, – деді жақтырмай, –
іс теп жатырмыз ғой, төлейміз.
Ұстаз ұлағаты
– Еліміздің еңбек сіңірген мұғалімі, Ке-
реку өңіріне есімі кеңінен танымал ұстаз
Бақыт Субекованың қызы екенімді мақтан
етемін,-деді жаңа танысым ерекше толқып.
– Ал нағашы атам Субек Қуанышбайұлының
өмірі бірнеше кітап жазуға боларлықтай.
Тағдырдың талқысын тартсын дегендей,
Субектің ата-анасы өмірден ерте озады. Ағасы
Түсіпбек, жөргекте інісі Құрманғали және
жалғыз Бәтия деген қарындасымен Субек
жетім қалады. Салт бойынша ағайындары
жетім балаларды тентіретпей бөліп алған
екен. Балалық шақтың қызығын бауырла-
рымен бөлісе алмаған Субектің өмір жолы
басқаша қалыптасады. Әуелден еті тірі,
өмірдің ащы-тұщысын жасынан көрген ол
өз бетімен күнкөріс қамына кіріседі. Ол кез-
де Баянаула дуан орталығы болатын. Сол
жерде орыс байларына жалданып жұмыс
істейді. Өзіне-өзі келіп, ержетіп, бұғанасы
қатқан кезде жалшылықты тастап Сағынай
ұстаға көмекші болып орналасады. Көнектен
ауа үрлеген кезде көріктегі қып-қызыл шоқ
болып балқыған темірді қамырша илеп
жаншып, қажетті тетіктерді жасап шығаруды
үйрене бастайды. Ол кезде қазан-аяқтан бас-
тап барлық құрал-жабдықтар, үй шаруасы
мен шаруашылыққа, аң аулауға қажет деген
нәрселердің бәрі де, тіпті әшекей бұйымдар
да ұстаның қолына қарап тұратын. Жасаған
заттары мен күнделікті тұрмысқа қажетті
дүниелері жұрттың көңілінен шығып, ауыл-
ауылдан тапсырыс берушілер ағылып келіп
жатады. Ұста еңбегіне ел риза болып, оның
елу жылда – ел жаңа
Достарыңызбен бөлісу: