Жаныс ақынға Асылдан асыл тараған жамбыл өмірзақ ҚАрғабайұЛЫ



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата22.12.2016
өлшемі2,36 Mb.
#80
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

Алты АлАштың АрдАғы

Жырмен халқына 

Жігер берген

Қазақтың маңдайына біткен от ауыз­

ды, орақ тілді ақындарының бірі,  Мұхтар 

Әуезовше айтқанда «айтыс өнерінің ал­

тын діңгегі» Сүйінбай Аронұлының 200 

жылдығына орай М.Әуезов атындағы 

Әдебиет және өнер институты, Алматы 

қаласы және Алматы облысы әкімдіктерінің 

ұйымдастыруымен Алматыдағы Жамбыл 

атындағы қазақ мемлекеттік филармония­

сында «Сөздің пірі – Сүйінбай» атты 

халықаралық ғылыми­практикалық конфе­

ренция өтті. Жиынға қатысушылар алдымен 

филармония алдындағы ақын ескерткішіне 

гүл шоғын қойып, тәу етті. 

Конференцияны М.Әуезов атындағы 

Әдебиет және өнер институтының директо­

ры, ҚР ҰҒА корреспондент­мүшесі Уәлихан 

Қалижан кіріспе сөзбен ашты. Ақынның 

жауһар жырларынан үзінділер оқып, 

жиынның маңызы мен мәніне тоқталып, 

кешті ерекше шабытпен жүргізіп отырды. 

Алғашқы сөзді Алматы қаласының 

әкімі Бауыржан Байбек алды. Қала бас­

шысы ақын шығармалары бүкіл Орта 

Азияға ортақ екеніне тоқталып, жақында 

ғана филармонияның алдына Сүйінбай 

бабамыздың ескерткіші орнатылғанын 

тілге тиек етті. «Біз – бақытты ұрпақпыз, 

Нұрсұлтан Назарбаевтың кемеңгер са­

ясаты арқасында өткенімізді біртіндеп 

жинап келеміз. Тәуелсіздік алғаннан соң 

ғана біз біртұтас ел болып, алдағы бақытты 

болашаққа нық қадам жасаудамыз» дей 

келе, Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 

конференцияға жолдаған құттықтау хатын 

оқып берді. Онда: «…Уақыт араға жылдар 

салып, заман алға ұмтылған сайын есімі 

ел есіне, туған халқына жақындай түсетін 

ұлы тұлғалар болады. Кезінде жыр дүлдүлі 

Жамбылдың өзі пірге балаған, елдің 

тәуелсіз болуын армандап, қиын заманда 

жырмен халқына жігер берген Сүйінбай 

сондай сүлейлердің санатынан еді. Әдетте 

үлкен ақынды да заманның өзі тудырады. 

Сүйінбай халқымыздың Қоқан хандығының, 

Ресей империясының тізесі батқан күрделі 

заманда өмір сүрді. Сондай кезде өзінің 

ақындық қуатын туған халқына бағыштады… 

Бүгінге оның тәуелсіз елі есімін ардақтап, 

ескерткіш тұрғызып, шығармаларын 

жарыққа шығарып, ауыл, көше, мектеп­

терге атын беріп, лайықты құрметтеп, 

қошемет көрсетуде. Ақынның есімі әрдайым 

халықпен бірге» делінген. 

Қазақстан Республикасының Парламенті 

Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жа­

қыповтың құттықтауын У.Қалижан оқыды. 

Сондай­ақ Анкара қаласының мэрі де өз 

құттықтауын жолдапты.

Мінберге көтерілген ҚР Мәдениет және 

спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 

С ү й і н б а й   А р о н ұ л ы н ы ң   е ң б е к т е р і н і ң 

халықтық сипат алғандығын, елдің бірлігі 

мен ынтымағы, арман­мақсаты, мүддесі ақын 

жырларының басты қағидасы екендігіне 

т о қ т а л д ы .   Х а л ы қ   а р а с ы н а н   ш ы қ қ а н 

батырлардың сыртқы жаумен шайқасын, 

тәуелсіздік үшін қалай күрескенін тал­

май жырлағанын, сонымен қатар түркі 

халықтарының эпостық жырларын да жатқа 

біліп, шәкірттері арқылы кейінгі ұрпаққа 

мұра етіп қалдырғанын сөз етті. 

Алматы облысы әкімінің орынбасары 

Бақтияр Өнербаев облыс көлемінде аталып 

жатқан шараларға тоқталса, ТҮРКСОЙ 

Халықаралық ұйымының Бас хатшысы 

Дүйсен Қасейінов түркі мәдениетінің аса ірі 

тұлғасы Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық 

мерейтойы Түркия елінде де кеңінен аталып 

өтіп жатқанын, Сүйінбай апталығы өтіп, Ан­

карада ақын атындағы саябақ ашылғанын, 

саңқылдаған

Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сиынбай!

Сырлы, сұлу сөздері – 

Маған тартқан сыйындай!

Сүйінбай деп сөйлесем,

Сөз келеді бұрқырап

Қара дауыл құйындай, – деп жырға 

қосқан ұлы ақын Жамбылдың даңқты 

ұстазы, жыр дүлдүлі, халық ақыны 

Сүйінбай Аронұлының туғанына биыл 

200 жыл толып отыр. Ақиық ақын ме-

рейтойына орай елімізде және шетел-

де ауқымды мәдени шаралар жыл ба-

сынан бері өтіп келе жатқаны көпшілік 

қауымға белгілі. 

Сүйінбай өлеңдері түрік тілінде Ан-

карада басылып шықты. М.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер ин-

ституты Сүйінбайдың екі томдық 

академиялық жинағын жарыққа 

шығарды. Сүйінбай жылына арналған 

барша ұйымдастыру, мәдени-

көпшілік шаралардың тынысын ашу 

мақсатында Алматы облысының 

Жамбыл ауданында «Сүйінбай» 

қоғамдық қоры құрылды. Ақынның 

туған ауылы Қарақыстақта атқарылған 

жұмыстар да сан алуан. Елді мекеннің 

орталық көшелері абаттандыры-

лып, адам  танымастай көркейіп, 

құлпырды. Ақынның осындағы әдеби-

ескерткіш мұражайы, ауыл шетіндегі 

кесенесі қайта жөндеуден өткізілді. 

Алматыдағы Жамбыл атындағы Қазақ 

мемлекеттік филармониясының алды-

на ақын ескерткіші орнатылды. Міне, 

Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық 

мерейтойына арналған осынау іс-

шаралар өткен сенбі күні ақиық 

ақынның тал бесігі мен жер бесігі – 

Жамбыл ауданындағы Қарақыстақ 

ауылында өз мәресіне жетті. 

түрік тілінде жыр кітабы жарық көргенін 

жеткізді. 

Сүйінбай ақын туралы терең жазып 

жүрген қоғам қайраткері Мырзатай Жол­

дасбеков мінбеге көтерілгенде халық зор 

қошеметпен қарсы алды. «Жамбыл өмір 

бойы Сүйінбайды ұстаз, пір тұтқан, ірі 

айтыстарда Сүйінбайсыз сөз бастамаған. 

Сүйінбай бір ғана Жамбыл емес, өзінен 

соңғы ақындарының бәріне де ұстаз. 

Сондықтан да аяулы білімпаз Мұхтар Әуезов 

Сүйінбайды Жетісу ақындарының алтын 

діңгегіне теңеген.

...Жырды домбырамен бастап, қыза келе 

құлағын бұрап термелеп, құйындатып төгіп 

айтады екен. Қыза келе айқай салғанда жа­

нында тыңдап отырған кісіні селк еткізетін 

зор дауысты кісі болған. Сүйекеңді көрген, 

білген, естігендер өлеңнің қызыл желі 

деп бағалайды. Мұның мәнісі мынада: 

Сүйінбайдың тілінен құты қашқан Тезек 

төре айтыстырып бір сүріндірмекке арқадан 

Түбекті шақыртады. Түбек жол­жөнекей 

түс көріп, түсінде Сүйінбай үздіксіз соққан 

қызыл жел болып көрініп, онсыз да атағынан 

именіп келе жатқан Түбек қаймығып, 

айтысқа шықпай қояды.

Сүйінбайдың салған жерден сөйлеп 

к е т к е л і   т ұ р ғ а н   а қ ы н д ы қ   к е л б е т і н , 

қайталанбас сұлу бітімін талантты суретші 

марқұм Әбілхан Қастеев өте дәл әрі әдемі 

бейнелеген. Суреттің дәлдігі, образдың 

жандылығы сонша, мен өзім көрген сайын 

ақынның семсер жырларын өз аузынан 

тыңдағандай әсер аламын.

Жетісуда қылышынан қан тамған хан 

Тезектің сағын сындырып, бетін қайтарған 

үш ұлы өнерпазды білеміз. Олар: Сүйінбай, 

Бақтыбай, Бөлтірік» дей келе, жырдың 

тұтас әлемі – Сүйінбай жырларында 

жатқандығын тілге тиек етті. «Өз сөзімен 

айтқанда, Сүйінбай – қынаптағы қылыш, 

аспаннан түскен жасын, соғып тұрған құйын, 

ескен қызыл жел, жүйріктей жалын тараған, 

күніне шауып жараған, айтысқанды шаңына 

көмген жүйрік; ол – айтысқанның басынан 

өлең асырып, миын шайқаған жырдың бо­

ранды ақпаны, қияқты сұңқары. Сүйінбай 

жырларының оның алмастай өткірлігі 

де, тайпалған жорғалығы да, қанатты 

тұлпарлығы да, даңғыл жыраулығы да айқын 

көрінеді» деді. Қазіргі айтыстың жай­күйі ту­

ралы пікірін де ашық айтты. «Құдайға шүкір 

қазір айтыс көбейді, бірақ соның сапасына 

ешкім мән беріп жатқан жоқ. Айтыс өзінің 

табиғатынан айырылып қалды, шоуға айна­

лып кетті» дей келе, «Қазақ айтысының 7 

томдығын» Сүйінбай, Жамбыл музейлеріне 

және Әдебиет институтына сыйға тартты. 

Тәуелсіздіктің туы – елдің бірлігі, ынтымағы 

екенін, елге рухани байлық берер мұндай 

тойдың көптік етпейтінін тебірене сөйлеп, 

батасын берді.

К о н ф е р е н ц и я д а   н е г і з г і   б а я н д а ­

м а н ы   Қ а з а қ с т а н   Ж а з у ш ы л а р   о д а ғ ы 

басқармасының төрағасы, сенатор Нұрлан 

Оразалин жасады. «Сүйінбайдың ақындық 

әлемі» атты баяндамада халқымыздың 

жадында ғажайып жыр сүлейі, ақтаңгер 

ақын болып бекіген Сүйінбай Аронұлы – 

өзінің өлмес өлең­толғауларымен, сұңғыла 

айтыскерлігімен ұлттық жырымызды биікке 

көтерген, бітімі бөлек, жаратылысы жойқын, 

тұғыры теңселмес ұлыларымыздың бірі, 

бірегейі ретінде баяндалды. 

– Ұлы тарихы үш мың жылдан асып 

жығылар ата жұртымыздың арғы­бергі 

дәуірлердегі ақтаңдақ кезеңдеріне тіл 

бітіп, «өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп» 

жатқан Тәуелсіздік дәуірі елдігіміз бен 

ерлігіміздің қаншама қазыналы кезеңдерін 

қайыра тұғырына қондырды. Көп за­

маналар бедерінде батыс пен шығыс 

елдерінің жабулы мұражайлары мен тас 

күнді ашқан» қайран Қазтуғанның; «баулуы 

жетпей бөрі алмас, бидайықтан алғыр құс 

болмас, бұйырмаса, екеуі түгіл, бірді алмас» 

деп төгілген Шалкиіз бен «жауға шаптым ту 

байлап, шепті бұздым айқайлап, дұшпаннан 

көрген қорлықтан жалынды жүрек қан 

қайнап, ел­жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз 

бас байлап» деп бар өмірі ат үстінде өткен 

Ақтанберділердің жалғастарының жалғасы 

болған Сүйінбай Аронұлы ел өрісін өлеңмен 

кеңейткен, екі тумас, шашасына шаң 

қондырмас, Әуезов сөзімен айтқанда, «айтыс 

өнерінің алтын діңгегі», қазақ жырының 

тұғыры биік тұлғасы!

Сүйінбай – тамырында қазақ дейтін 

қайыпберен мінезді ұлы жұрттың қаны мен 

жыры қатар ойнаған, заман тудырған ұлы 

тұлға. Оның алмастай асыл, жасындай өткір 

жырлары туған халқының жүрегін мәңгілікке 

мекен етері хақ! –  деді баяндамасында 

Н.Оразалин.

Конференция барысында Қытай қоғамдық 

ғылымдар академиясы ұлттар институтының 

профессоры Хуаң Жоңшяң қазақша баян­

дама жасады. Ол өз сөзін «Менің ұлтым 

қытай болғанымен, қазақ әдебиетін, тілін 

зерттеп жүргеннен кейін өзімді қазақ деп 

сезінемін» деп бастап, Сүйінбай бабаның 

тойына шақырту алғанын ерекше ықыласпен 

қабылдағанын жеткізді. «Қазақ­қытай әдеби 

байланыстарының тамыры тереңде. Сонау 

сақ­ғұн заманынан басталған бұл ежелгі 

рухани байланыстар Ұлы Жібек жолы за­

манында жалғасып, атағы жер жарған 

Шыңғыс хан дәуірінде айқын көрініс тапты. 

Қытайда түсірілген «Шыңғыс хан» сериалын 

естеріңізге түсіріңіздерші. Осы фильмдегі 

жар­жар жырының тамаша көрінісі қазақ 

фольклорының ерекше бір жанрын бүкіл 

әлемге танытты емес пе? Рухани тамырластық 

деген осы ғой» дей келе, қазақ эпостарына, 

оның ішінде «Алпамыс» батыр жырының ру­

тайпалық сипатына тоқталды. Ұлы Сүйінбай 

ер Сүйінбай

қараңғы қоймаларында тұншығып, хатқа 

түсіп, қатталып, ондаған ғасырлар бойы­

на шаң басқан ескі сөрелерде іздеушісін 

сарыла күтіп, сарғайып жатқан тарихи 

жәдігерлеріміз жадымызды жаңғыртып, Ұлы 

Далаға қайта орала бастады. 

Жыртығымыз бүтінделіп, үзілгеніміз 

қайта жалғанды.

Шүкір!


Өткенге деген құрмет пен ата тарихымызға 

деген ықылас ойымыз бен бойымызды билеп 

тұрған осындай бір ерекше кезеңде қарт 

Алатаудың бөктерінде, Алаштың ұлы шаһары 

Алматының төрінде қазақтың «от ауыз, орақ 

тілді» ұлы ақыны – Сүйінбай Аронұлының 

200 жылдық мерейтойының өтіп жатуы 

көкірегімізге қанат бітіріп, Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев ұлтқа межелі мақсат етіп 

ұсынған Мәңгілік Ел кейпінде саналарда дүр 

сілкініп оянған ұлттық рухымызды асқақтата 

түскендей, аспандата түскендей күй кешу 

үстіндеміз.

...Сүйінбай ақын – өмірі ат жалында 

өткен ереуілді заманның хас батырларын 

көзімен көріп қана қоймай, өзі де сол батыр 

туған бағлан ұлдардың бірі ретінде Қоқан 

шапқыншыларына қарсы шығып, жанын 

шүпірекке түйіп жүріп айқасқан жолбарыс 

жүректілердің бірі. Сүйінбай сөзінің рухты 

келетіні де сондықтан. Ол – ел арқасын 

аяздай қарыған езгі мен қорлыққа, зорлық 

пен зомбылыққа қарсы тұруға қара жұртын 

жалынды жырларымен үндей білген, елін 

ерлік жолына бастай білген ақын. Тіпті қайсы 

бірі деректерде ақын бес қаруын сайлап, 

атқа қонып, Сұраншы, Саурықтармен қатар 

жүріп, әлденеше жорықтарға қатынасқан 

деп те айтады. «Қарасай батыр», «Өтеген 

батыр», «Сұраныш батыр»,  «Жабай ба­

тыр», «Қараша – Қараш ұлы екен» дейтін 

толғаулардың соншама нанымды, әсерлі 

болып өрілуі де өзі қатысқан, көзімен көрген 

сол қанқырғын жорықтардың әсері, ықпалы 

болуы әбден мүмкін.

Кез келген тарихи тұлға биігіне көтерілген 

ақынның, батырдың, көсемнің, шешеннің ұлт 

санасында орын тепкен өз бейнесі болады. Ол 

бейнені жасаушы – халық. Халық жадында 

Сүйінбай ақын ұлт рухын асқақтатар мінезді 

жырларымен сақталған. Ақын «толғауы 

тоқсан қызыл тілдің» құдіретін мейлінше 

молынан пайдаланады. Соның нәтижесінде 

ақынның сөзі асқақ естіліп, рухы биіктен 

көрінеді! Ол дауды – сөз, жауды – батыр 

алатынын біледі. Бұл –оның өміріне серік, 

өнеріне көрік берген ұстанымы!

«Хандарың отыр қысылып,

«Көппін» деп маған айтпай­ақ

Баймын десең жетпей ме?!

Асқаралы тау мен едім,

Адырмақ тау сен едің.

Тартылған бұлақ сен едің.

Айдын шалқар көл мен едім!

Меніменен айтысып,

Қатаған, сенің қадамың

Әуел бастан оңған жоқ.

Алдаспанға жолықтың,

Түбіңе жетпей тынбаймын!» деп ақиық 

қырандай құйылып келіп, даланың жел 

ілеспес сәйгүлігіндей құйын­перен көсіліп, 

құйғыта шабуында осы мәнер, осы ұстаным 

жатқанын аңғарамыз. Сүйінбай – Жырдың 

қуаты алпыс екі тамырыңызды кезіп, ішіңізде 

әлдекім сарыала тілін салқитып тандыр өртеп 

жатқандай күйге бөлейді. Сондықтан да:

«Сөз бастаған бұлбұлмын,

Топ бастаған дүлдүлмін!

Судан шыққан сүйрікпін,

Бәйгеден озған жүйрікпін!

Шығарма енді үніңді.

Есіңе сақта құлаған,

Қанатың сынған күніңді.

Қырғыз, қазақ жиылып,

Жалпылдатпа мұныңды!»  деген атақты 

Қатағанмен болған айтыстың ең шешуші 

сәтіндегі бейнелі сөз бен бедерлі ойға 

оқырман назарының еріксіз ауарына еш 

күмән жоқ...

Жалпы тұлға сипатын анықтар осы бір 

көркем сөз, кемел ой, терең білім дейтін 

ұғымдардың Сүйінбай жаратылысын та­

нуда, даралауда айрықша рөл ойнайтынын 

байқау қиын емес. Бұл орайда, ақын аруақ, 

ел, рух секілді тарих қалыптастырған сана 

кеңістігін, уақыт кеңістігін, осы бағыттағы 

өзге де өрісі кең, бай атрибуттарды өз 

шығармашылығында шебер әрі орынды 

пайдаланады. Орнымен қолданылған тарихи 

ұғымдар құлпырып, қунақ тартып, ақын сөзі 

демде арқаланып шыға келеді. Оқырманын 

ойлантады, тыңдаушысын ұйытады. 

...Замана ағысын жан­жүрегімен сезінген 

ақынның қырғыз­қазақ арасында шиеленіске 

кімдердің май құйып, нендей мақсат үшін 

К е н е с а р ы   б а с ы н ы ң   ж а д ы ғ а   т ү с к е н і н 

аңғарғаны кейін қырғыз ақыны Қатағанмен 

болған атақты айтысында анық көрініс 

тапқан. «Бөліп ал да билей берге» әбден 

дәніккен орыс отаршылдарының қазақтың 

соңғы ханын өз қолдарымен өлтірмей, 

қырғыз манаптарының қолымен көзін 

жойғызуында үлкен есеп бар еді... Қырғыз 

жерінде болған бір үлкен Астың үстінде 

ақ қалпақты ағайындардың жағымен жел 

үйіріп, дауыл тұрғызар үлкен ақыны Қатаған 

өз сөзін ежелден белгілі сөз бастаудың әзілі 

мен оспағын, қыжыртпа қалжыңын аралас­

тыра айтып, ағайын жұртпен амандасқан 

Сүйінбайға бірден тарпа бас салады. Неде 

болса, қазақтың сөзге шебер, қарсыласын 

алып та, шалып та жығар ерен жүйрігін 

салған жерден сындырып алу үшін «Кене­

сары төренің басын кесіп алғанмын, сен 

кегіңді алғанша ішіңде кетер арманың...» деп 

мықтымсып, андыздай шабады... Сүйінбайды 

сөз­сүңгімен түйіп әрі өтеді, түйіп бері өтеді. 

Қазақтар жағы шынында да әуелгі де сағы 

сынып қалады. Араға аз­кем үнсіздік салып, 

Сүйінбай атқа қонады. Қатаған ақынның 

отына қарсы от ала жүгірмей, әріден толғап, 

«төскейде малы, төсекте басы қосылған» 

екі ел арасын шабындыға жібермей, сабыр 

дейтін биіктен көрінуге шақырады.

«Әуеліде ер Дәуіт,

Ұстаған екен көрікті.

Затсыз туған Қатаған

Мұнша неге желікті?!

Жетпіс екі кісімен

Шейіт болған Құсайын,

Өлімге солар көніпті.

Шейіт болған адамды

Тәңірім артық көріпті.

Он сегіз мың ғаламды

Кезіп жүріп қыдырған

Әзірет Әлі де

Есігіндегі құлынан...

Олар да шейіт болыпты.

Өз мойныңа, Қатаған,

Бұл сөзімнің жазасы.

Шек келтірдің өлімге,

Ол Құдайдың қазасы.

Қанішерді мақтайсың

Халыққа жоқ мазасы...» деп отырып, 

айтыс дейтін жанып тұрған қып­қызыл 

өрт сынды өнердің өрісін кеңейтіп, бірте­

бірте биікке асқақтай көтеріледі. Осы бір 

екі ел арасындағы дау­жанжалға апаруы 

мүмкін «нәзік» тақырыптан сұңғылалық 

мінез көрсетіп, шебер өтеді. Ақынның 

ж а р а т ы л ы с ы н д а ғ ы   к е ң   қ а л ы п ,   к е н е н 

білімдарлық Қатағанмен болған айтыс–ты 

аталмыш өнердің теңдессіз биігіне көтереді. 

Екі елдің екі дүлдүлі алма­кезек айқасып, шы­

найы көркем жырдың ғажайып үлгісін,  жазба 

әдебиеттің тілімен айтқанда, суырыпсалма 

жыр айтысының «шедеврасын» тудырады. 

Әлденеше нұсқада қазақ пен қырғыз арасына 

кең тараған осынау ғажайып айтысты оқып 

отырып, көз алдыңызға өткен ғасырлардың 

қайталанбас суреттері келеді. Екі иықтарын 

жұлып жеп, домбыра мен қомызғы жабысқан 

екі ақынның құйын­перен ағысы, дүлей ша­

бысы елестейді. Құдды аренаға шыққан Рим 

гладиаторларының алапат айқасы секілді! 

Сөздің айқасы! Ойдың айқасы! Білім мен 

парасаттың айқасы! Көпғасырлар бойы 

қалыптасқан қуатты жырдың құдіретін 

танытар алғырлық пен тапқырлықтың 

айқасы! Айтыс соңы әсіре мақтау мен артық 

даттаудың салдарынан сүрінген Қатағанға 

қалың қырғыз тоқтау айтып, жеңістің туын 

Сүйінбайға ұстатады...

Міне, ел жадында бір жарым ғасыр уақыт 

бойы сақталып келе жатқан аталмыш айтыс 

үлгісі көнеден бізге жеткен түркілік тұмса 

өнердің тұғырлы биігіне осылай көтерілді. 

Жеңген Сүйінбай да, жеңілген Қатаған да 

өлмес өнердің кеңістігіне шықты!

Сүйінбай Аронұлының айтыскерлігі де, 

жыраулығы да, төгіп­төгіп жыр саулатар 

қайталанбас ақындық ерен жүйріктігі де 

оны өз дәуірінің биігінен тұрып сөйлеуге 

дағдыландырған. Ол өзіне Алланың берген 

ұлы сыйы – ақындықты еш жерде, еш орта­

да, байлықтың да, биліктіңді де алдында ала­

сартпай, өлең­сөздің иығын бермей өткен.

Сүйінбай – құдіреті жырдың иесі, 

аруақты ақын!

Ол қай жырында да, қандай айтысында 

да арғы­бергіні тереңнен суырып тартар 

сұңғылалығымен дараланып, өлең­жырдың 

а р х и т е х н и к а с ы н   қ ұ б ы л т ы п   о т ы р а д ы . 

Бірде қара өлең, енді бірде ұйқасы шымыр 

төгілмелі ақ өлең үлгісінде келетін түйдек­

түйдек екпінді жырды қарша боратады, қара 

нөсердей толассыз саулатады. Ақын аруақ 

шақырғанда уақыт дейтін ұлы кеңістікті 

көктей өтіп, арғы­бергі, алыс­жақын 

дәуірлерді өз толғауларында шебер пайда­

ланады.

...Халқымыздың арғы­бергі тарихында 



замана мінезіне көнбей, өз ойын өлеңнің 

ыстық өртімен өрген жолбарыс мінезді, 

арыстанойлы, тұлғалы жырдың тұғырлы 

жүйріктері аз өтпеген. Арғысын айтпағанда 

соңғы бес ғасырдан асып жығылар уақыттың 

ішінде «сөзге тоқтаған» құймақұлақ жұрттың 

көзін жұмғызып, ауызын аштырған, ерге 

қондырып, жауын састырған өрен сөздің 

ерен шабысты сәйгүліктері тарихымызда 

жетіп артылады. «Мен жыраумын, жырау­

мын, шөп басында қыраумын. Хан қасында 

төремін, ханға кеңес беремін. Би қасында 

биікпін, ел ішінде иықпын» деген Сыпы­

ра мен «ел жағалай қонбаса, бетегелі бел 

ғаріп, қаз­үйрегі болмаса, айдын шалқар 

көл ғаріп; мұритін тауып алмаса, азғын бол­

са, пір ғаріп, ата жұрты бұқара өз қолында 

болмаса, қанша жақсы болса да, қайратты 

туған ер ғаріп...» деп өткен Асан қайғының; 

«Бетегелі Сарыарқаның бойында соғысып 

өлген өкінбес!» деп аңыраған Доспанбет 

пен «бұлт болған айды ашқан, мұнар болған 

ақын да бұрынғының жыраулары сияқты 

көптеген эпостық жырларды, соның ішінде 

«Алпамыс» жырын жатқа біліп, ел арасына 

таратқандығын сөз етті. 100 томдық «Бабалар 

сөзін» жата­жастана оқып жүргенін, фольк­

лорист ғалым ретінде қазақтың болашақ 

өркениетінің зор екендігін тілге тиек етті. 

Сүйінбай поэзиясының тілі жайлы ака­

демик Өмірзақ Айтбайұлы, «Сүйінбай ақын 

және қырғыз әдебиеті» жөнінде Қырғызстан 

Жазушылар одағының төрағасы Акбар 

Рысқұлов, «Сүйінбай және түркі әлемі жай­

лы» Түркиядағы Памуккале университетінің 

профессоры, тарих ғылымының докторы 

Нергис Бирай және т.б. ғалымдар Сүйінбай 

шығармашылығының тарихи негіздері мен 

ақын мұрасына, оның қоғамдық ортадағы 

рөліне тоқталды.  Мемлекеттік сыйлықтың 

иегері, белгілі ақын Несіпбек Айтұлы 

«Сүйінбай­толғауын» толғады. 

М.Әуезов атындағы академиялық драма 

театрында жыр алыбы Сүйінбайға арналған 

мерекелік концерт өтті. Оған елімізге белгілі 

өнер шеберлері қатысты. Олардың арасын­

да мемлекеттік академиялық фольклорлы­

этнографиялық «Отырар сазы» ансамблі де 

бар.

«халықты тілмен 

қорғадым»

Халықты тілмен қорғадым,

Сөз шындыққа келгенде

Бас кессе де болмадым.

Құтылып жарлы жеткенше, 

Зорларды сөзбен торладым, – деп 

жырлаған халық ақынының туған жері 

Қ а р а қ ы с т а қ т а   ө т к е н   ш а р а ғ а   А л м а т ы 

облысының әкімі Амандық Баталов, ҚР 

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек 

Мұхамедиұлы, ҚР Парламенті Сенатының де­

путаттары Серік Үмбетов, Ләззат Тұрлашев, 

Серікбай Нұрғисаев, елімізге белгілі әдебиет, 

өнер майталмандары, БАҚ басшылары 

қатысты.

профессор Сұлтанғали Садырбаевтың 

жұбайы, қарашаңырақ анасы Садырбай 

келіні Зүкен апаға сый­құрмет көрсетті.  

Зүкен Кеңшілікқызы ақынын ардақтаған 

ел басқарған азаматтарға ризашылығын 

білдірді. Облыс әкімі Анкара қаласында 

осы жазда ашылған Сүйінбай саябағына 

келесі жылы ескерткіш орнату ниетін 

жеткізе келе, Қарақыстақ ауылындағы ақын 

мұражайына арналған автокөліктің кілтін 

мұражай директоры Аяужан Сәдуақасоваға 

тапсырды. Сондай­ақ жиында ҚР Парламенті 

Сенатының депутаты, Қазақстан Жазу­

Мерейтойға келгендер алдымен Қа­

рақыстақ маңындағы ақын кесенесінде жыр 

сүлейінің рухына құран бағыштады, ауылда 

күрделі жөндеуден кейін жаңарған Сүйінбай 

мұражайында болып, ондағы жәдігерлермен 

т а н ы с т ы .   А у ы л ғ а   е р е к ш е   с ә н   б е р і п , 

келбеттендіре түскен Сүйінбай Аронұлы 

саябағының ашылуына қатысты. Алматы 

облысының әкімі Амандық Баталов пен ҚР 

Мәдениет және спорт министрі  Арыстанбек 

Мұхамедиұлы саябақта орнатылған Сүйінбай 

е с к е р т к і ш і н і ң   ж а м ы л ғ ы с ы н   а ғ ы т т ы . 

Саябақ төріндегі салтанатты жиында сахна 

толғаулары ерлікті, бірлікті жырлады. Тезек 

төре, Жантай, Қатаған, Арыстанбекпен 

айтысы аңыз болып қалған шығармалар. Ба­

бамыз ел руханиятына қуатты серпін берген 

ақындардың бірнеше буынына бағдар болды.

Сүйінбайдай бүкіл түркі жұртына ортақ 

тұл ғаның рухани мұрасын ұлықтау елдік 

идея ны асқақтата түседі. Ендеше, бүгінгі 

 руха ният тойы – Сүйінбай ақын тойы құтты 

бол сын, ағайын! Ұлы даланың ұрпақтары 

аман болсын! Ақын рухы, ақын жыры 

асқақ тасын! –деген Амандық Ғаббасұлы 

көп шілік алдында Сүйінбайдың ұрпағы, 

мінберінен ақын туралы келелі пікірлер 

кеңінен қозғалды.

Жетісу өңірінің басшысы Амандық 

Баталов көпшілікті ақын мерейтойымен 

құттықтады:

– Алаштың арқалы ақыны Сүйінбай тойы 

халықаралық деңгейде сән­салтанатымен 

өтуде. Бұл ұлы ақынға деген халықтың рия­

сыз құрметі, елдің елдігі. Елбасы Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаев біздің қасиетті жерімізді 

ықылым заманнан Ұлы дала деп, ал бабала­

рымызды Ұлы даланың ұрпағы, мұрагерлері 

деп атап өткендей, қазақ халқы өзінің 

кемеңгер дана тұлғаларымен ұлылығын 

танытып келеді. Сүйінбай Аронұлы жыр­

лап өткен елдік идеясы ХХІ ғасырға 

нық қадам басқан Қазақстанның 

Мәңгілік Ел мұратымен үндес. 

Оның бөрілі байрақ астына исі 

қазақ баласын біріктіру иде­

ясы бүгінгі таңда орындалып 

отыр. Ұлы ақынның алмас жыр­

лары халықты тұтастыққа, бірлікке 

шақырады. «Жетісу ақындарының алтын 

діңгегі» атанған Сүйінбай бір жырында 

өзін айдарлы алтын барыспен теңеген екен. 

Сол барыс Жамбылда қызыл жолбарыс 

бейнесіне ұласады. Сонау сақтардан 

бері үзілмей жалғасқан алтын барыс 

Тәуелсіздік таңы атқанда қуатты 

қазақ елінің бедерлі берекесіне, 

айбарлы ұранына айналды.

Атадан балаға жалғасқан ақын­

дық, шешендік өнер Сүйін байға 

дарыды. Қаршадайынан қолына 

домбыра ұстап, өлеңді өмірлік серік 

еткен жыраудың алпыс жылдан 

астам уақыт бойы тоқтаусыз шығарған 

мұрасы ұшан­теңіз. Сүйінбай ай­

тыс өнерін жаңа биікке көтерді. 

Толғауларында батырлық рухы, қайсар 

мінезі сұлу жыр болып төгілді. Зама­

ны қайшылықтарға толы бабамыздың 

Қарасай, Сұраншы, Саурық, Өтеген 

батырларға арнаған тарихи жыр­

шылар одағы басқарма төрағасы, ақын 

Нұрлан Оразалин, ҚР Мәдениет және 

спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, 

Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хат­

шысы Дүйсен Қасейінов, Еуразия Жазушы­

лар одағының төрағасы Якуб Омарұлы, Жам­

был облысы әкімінің орынбасары Ерқанат 

Манжуов мерейтойға орай ой­пікірлерін 

ортаға салды. Ақынның бүгінгі ұрпақтары 

атынан Қазақстанның еңбек сіңірген 

ғылым және техника қайраткері, академик 

Төлеген Қожамқұлов ақын мерейтойының 

жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған 

азаматтарға алғыс лебізін білдірді. Ан­

к а р а д а н   к е л г е н   қ о н а қ ,   К е ч н ө р е н 

м у н и ц и п а л и т е т і   х а л ы қ а р а л ы қ 

қатынастар департаментінің ди­

ректоры Мустафа Арач түбі бір 

түрік жұртының жалынды сәлемін 

жеткізді.

Жиын соңы концерттік бағдар­

ламаға ұласты. Ақынның 200 жыл дығына 

орай көпшілікке берілген астан кейін 

Көкбастау атшабарында ұлттық ат спорты 

ойындарынан жарыс өткізілді. Ақын тойы 

құрметіне мұнда қыз қуу, аударыспақ, теңге 

ілу және аузымен құс ілген сәйгүліктердің 

дүбірлі додасы ұйымдастырылды. Құнан 

жарысында Жамбыл ауданы, Беріктас ау­

ылынан Ұлан Омаровтың «Берікқарасы» 

бірінші келді. Топ бәйгеде Қарасай ау­

данынан Жанқойлықовтар әулетінің 

жүйрігі «Бүркіт» топ жарды. Жорға жа­

рысында Мыңбаев ауылының тұрғыны 

Асылбек Бөкебаевтың «Жойқынқара» 

атты су жорғасы алдына қара салмады. 

Жүйріктің жүйрігі сынға түскен Ала­

манда қарасайлық Болат Назарбаевтың 

«Тасқыны» еш сәйгүлікті өзінен оздыр­

мады. Шығыс Қазақстан облысынан Мәлік 

Мусиннің тұлпары Аламанда екінші болып 

келді. Бәйгеге тігілген бес автокөлікті осы­

лар ұтты. Бұдан кейінгі жүлделі орындарды 

жеңіп алғандар да ақшалай сыйлықтармен 

марапатталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет