айтысы болып өтті. Айтыстың облыс
мәні бар. Неге десеңіз, Сүйінбай есімін
еңбегі зор. 1935 жылы І.Жансүгіров пен
Өнербаев құттықтау сөз сөйлеп ашты. Одан
шашу шашты, ақындарға сәттілік тіледі.
Республикасынан ақындар қатысты. Жазу
бағасын берді.
ерекшеленген. Халық ақынының Тезек
десек, артық айтқандық емес. Осы ретте,
шығармашылығын өлеңжырға қосты.
Ерлан Дәулетұлы шықты. Ақындар елдік пен
жырға арқау етті. Ал Айнұр Тұрсынбаева
Ақтық сынға 4 жұп шықты. Солардың ара
алды. Ал бірінші орын Астанадан ат арыл
8
9
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
зерде
Өткен ғасырдағы 70-жыл-
дарда қазақ баспасөзі
шырқай өрлеп, қай-
қайсысы болмасын, қалың
қауымға жүздеген мың
данамен таралып отырды.
Олардың сыртында, ақын-
жазушылардың том-том
шығып жататын кітаптары
бар. Жаңадан отау тігіп,
аяғын қаз-қаз басып келе
жатқан жас шаңырақ – ба-
сылымдар өзінше. Бір ғана
«Мәдениет және тұрмыс»
журналының таралымы
400 мыңнан асқан еді сол
тұстарда. Онда мен осында
орынбасар – екі басшының
бірімін. Күнделікті жұмыс
бастан асады.
Бұларды айтып отырған
себебіміз, күнделікті қызмет
қаншалық қауырт болса да,
өзге басылымдарды оқуға
уақыт табамыз. Барлық
басылымдардың басшы-
лары да, қосшылары да
таныс, сырмінез.
Әшірбек Сығай
жайлы естелік
Баспасөзде бұрын көрінбеген жаңа
есімдер бірден назарға ілігеді. Сондай
шақтарда, әсіресе, күн сайын шығатын
газеттер бетінде жасындай жарқылдаған
– бұрын байқалмаған – бір жас перінің
аты-жөні жиі көзге түсе бастады. Жаз-
ған дары өткір, терең, мазмұнды, ойлы,
салмақты, салдарлы. Автордың аты-
жө нінің астына сыншы деп жазылып
жүрді. Біз, әрине, жазғандарын оқыған
бойда бұл кім болды дейміз ғой, баяғы.
Ол Әшірбек Сығай еді. Мақаласын,
сыни тұжырымдамасын оқығанымыз
болмаса, өзін біле бермейміз.
Бірде Мұхтар Әуезов атындағы
театрдың директоры, халық артисі
Райымбек Сейтметов таяу арада жаңа
қойылымның тұсаукесері болаты-
нын айтты. Өз басым онымен қимас
дос ретінде жақын араласатынбыз.
Поэзиялық жаңа спектакльдің аты –
«Махаббат заңы». Белгілі ақын Мұхтар
Шахановтың өлеңдері мен поэмалары
негізінде. Алдын ала айта кетейік, да-
рынды режиссер Райымбек Сейтметов
содан кейін де Мұхтардың екінші пье-
сасын, Абай, Т.Бердияров басқа да біраз
ақынның өлеңдері бойынша спектакль-
дер қойды. Бәрі табысты өтті.
Мұхтардың пьесасын көруге кел-
гендер залдың аузы-мұрнына сый-
май кетті. Бұл жас ақынның алғаш-
қы асқан биік асуларының бірі
еді. Спектакль бітіп, жұрт тараған
с о ң д а с т а р қ а н ж а й ы л д ы . Ө н е р
маңайын дағы біраз қауымның басы
қосылды. Құттықтаулар, ақ тілеулер.
Отырғандардың көбі таныс, бейта-
ныстар да баршылық. Дастарқанның
орта шеніндегі орта бойлы, шағын
денелі сарғалтақ жігітке әлсін-әлсін
көзім түсіп отырды. Жасы үлкендерден
имене ме, сыйлағаны ма, ешкімнің
бет-жүзіне қарамай, өзімен-өзі
томаға-тұйық отыр. Сөзге араласпай-
ды, сөйлемейді. Бірақ әлденеге риза
еместей, өңі сұсты, қабағы қатулау.
Біреу-міреуді менсінбей отыр ма деп те
ойлауға болатындай. Бір жағына төгіле
қайырылған жібектей сарғыш шаш-
тарын жиі-жиі сипап қояды. Бұл кім
деп маңайдағылардан сұрау ыңғайсыз.
Біле жатармыз деп сабырға жеңдіреміз.
Кенет дастарқан басқарушы Райымбек:
– Әй, Әшірбек, неге көңілсіз
отырсың?! Бірдеңе демейсің бе? – деп
саңқ етті. – Бұл менің інім Әшір бек
Сығаев, екеуміз бір жерден біз, жаз-
ғандарын оқып жүрген шы ғарсыңдар.
Жақында актерлік факультетті бітірді,
– деді онан соң. – Мамандығы актер,
әнші, бірақ, жазушы боламын деп жүр.
Әзірше театр сынын дөңгелетуде.
Е, Әшірбек Сығаевымыз осы бол-
ды ғой, не айтар екен дейміз (оның
сөйлемекке ұмсынғанын байқап).
Сөйледі. Қысқа, нұсқа. Мазмұны есте
жоқ. Пьесаны мақтады-ау деймін.
Әйтпесе, Мұхтар сыр берер ме еді,
Венгрия босқындардың келуін тоқтату мақсатында
Хорватиямен шекараны жапты.
Ел үкіметі Виктор Орбан мұндай шаралар Венгрия
мен Еуропа елдерінің азаматтарын қорғау үшін жа-
салып отырғандығын мәлімдеді. Шекара жабылған
соң босқындар екі шекаралық транзиттік аймақта
баспана беру бойынша өтініш бере алады. Таяуда
Венгрияда жаңа көші-қон заңы күшіне енді. Оған
сәйкес полиция елге заңсыз кірген мигранттарды
қамауға алуға міндетті. Шекарадан заңсыз өткен және
шекарадағы қоршауларды бұзған адамдар үш жылға
дейін бостандығынан айырылуы мүмкін.
Канадада кезекті парламент
тік сайлау болып өтті. Нәти
же сінде консерваторлық пар
тия жеңіліске ұшырап, жеңіске
жет кен Либералдық партияның
серкесі Джастин Трюдо үкімет
құру құқына ие болды.
Жеңіске жеткеннен кейін
43 жастағы Дж.Трюдо Канадада
елде түпкілікті өзгерістер жасауға
уәде берді. Сайлау науқаны
кезінде ол орта тап мүддесін көбірек сөз еткен болатын.
Бұл да дауыс беруге әсер еткені анық. Ал оның сайлау
барысында басты қарсыласы болған консерваторлық
партияның басшысы Харпер Д.Трюдоның саясатта
тәжірибесі жоқ, салықты көтермек деп сынаған бола-
тын.
зАМАндАс
Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР
Ж
аһанның жүрек лүпілі
Ж
аһанның жүрек лүпілі
БАлқАн түБегі
АзИя
еуропА
елең еткізер
солтүстік АМерИкА
Келімсектерге – тосқауыл
Мешіттегі жарылыс
Апат қайдан демеңіз...
Көне ғибадатхана
Джастин Трюдо –
Канада Премьер-министрі
Бангладеш астанасы Дак ка
дағы Хусейн Далан мешітінде жа
рылыс болып, 100ге жуық адам
зардап шекті.
Д е р е к т е р г е с ү й е н с е к ,
мешітке белгісіз біреулер бес
жарылыс құрылғысын тастап
кетіпті. Апат орын алған сәтте
ғибадатханада 25 мың адам
болған. Ал лаңкестік оқиғаны
«Ислам мемлекеті» ұйымы өз
мойнына алып отыр. Полиция қызметкерлері оқиғадан
кейін көп ұзамай екі күдіктіні құрықтады. Қазір тергеу
амалдары жүргізіліп жатыр.
Францияның оңтүстікбатысындағы Жиронда
департаментінің Либурн қаласында жолаушылар автобусы
мен жүк көлігінің қатысуымен болған ірі жол көлік апаты
салдарынан 42 адам қаза тапқан.
Бұған дейін көз жұмғандар саны 39 адам деп
хабарланған болатын. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауын-
ша, қуатты соқтығысудан кейін екі көлік құралы өртене
бастаған. Жол көлік оқиғасы орнына 60 өрт сөндіру
көлігі келген. Төтенше оқиғаның мән-жайы анық-
талуда.
Мексиканың Чьяпас шта
тында орналасқан суқойма ла
рының бірі соңғы жылда құр ғақ
шылықтың салдарынан 24 метрге
дейін тартылып кетті.
Бұл жайт елдегі шаруаларды
айтарлықтай алаңдатқанымен,
археолог-ғалымдар үшін қуа-
ныш ты жайт болып отыр.
Өйткені көлдің тартылуы нәти-
жесінде оның түбінде жатқан
көптеген жәдігерлер су бетіне шыққан. Солардың
бірі 400 жылдық тарихы бар көне ғибадатхана да та-
былды. Ғимарат XVI ғасырда испан отарлаушылары,
яғни конкискадорлар салған. Қазір су бетінде оның
қабырғалары көрініп тұр. Ең биік тұсы – 10 метр,
ғимараттың жалпы ұзындығы – 61 метр, ені – 14 метр.
Ғибадатхана өткен ғасырдың алпысыншы жылдары
су астына кеткен болатын. Себебі оның маңына үлкен
дамба салынған. Жергілікті ғалымдар бұған дейін де
нысанның төбесі су бетіне шығып қалатын кездердің
болғанын айтады.
қайтер еді. Тілектес Мейрамовты да
мақтады. Тілектес бас рөлді ойнаған-
ды. Ақын бейнесін жақсы сомдады.
Әшірбек мақтау айтқанда, жас актердің
құлағына дейін қызарғаны көз алдымда.
Ол күні жақын танысудың сәті
түскен жоқ. Бір-бірімізге бас изеп
қоштастық та, жөнімізге тарастық.
Ертеңіне Мұхтар телефон ша-
лып, алдағы сенбіде Райымбек, тағы
біреулерді шайға шақыратынын айт-
ты. Маған да келіңіз деді. Айтылған
күні шағын топ дастарқанда отырдық.
Қуанышы тасып-төгілген Мұхтарда
ес жоқ. Жиналғандарды бір-бірлеп
та ныстырып болысымен, Мұхтар
Райымбекке қайта-қайта алғыс айту-
мен болды. Басқалар да қалысып
жатқан жоқпыз. Жаратылысынан қолы
ашық, барынша меймандос Мұхтардың
дастарқаны басында – ұмытпасам –
Нұрғали Нүсіпжанов, телевизия
қызметкері Жаңабек Тоқпановтар да
болды-ау деймін. Мен үшін таңсықтауы
– әнеугүні театрда көрген шынашақтай
сарғалтақ жігіт – Әшірбек. Жеке өзі
келіпті. Келініміз Күләшпен кейінірек
таныстық.
Мұхтарға құтты болсын, жаза бер де-
гендей тілек-ниеттер есесімен айтылып
жатыр. Түннің бір уағында тарайтын
мезгіл жетіп, тысқа шықтық. Қимай
қоштасу, кім қай бағытқа, кім кіммен
бірге қайтады – айтылып жатыр.
жөніндегі басқарма бастығы боласың,
бір күн мұрсат, ойланып кел де жауабын
айт деді. Екеумізден өзге ешкім сезбесін
деді. Оны білетін енді сіз үшінші боп
тұрсыз. Не дейсіз, келісім берейін бе,
жоқ па? Өзіме тәжірибем әлі аздай
көрінеді. Ауыр соғып жүрмес пе екен?
– Сеніміңе рақмет. Шынында да,
мұндай нәрсе тістен шықпауы тиіс. Ай-
наланы білесің. Маған айтпасаң да өкпе
болмас еді. Айтқан екенсің, онда тыңда.
Бас тартпа. Келісім бер. Ондай жоғары
лауазым текке ұсынылып отырған жоқ
және күнде айтылмайды.
– О, бәрекелде, – деді кексе адам-
дарша мипаздай сөйлеп. – Өзім де солай
дейтін шығар деп едім, дөп түстіңіз. Де-
мек, енді ешкіммен ақылдасудың керегі
жоқ қой, солай ма?
– Өзің білесің, бірақ, меніңше со-
лай. Айтпақшы, келін ше, біле ме, не
дер екен?
– Ол не десін, әйелдерге ақшасы
көп болса болды емес пе?
– Келіннің аты кім?
– Күләш. Әлі танысасыз ғой. Тағы
бір сұрақ. Айта берейін бе?
– Айта бер.
– Онда былай. Жаман айтпай,
жақсы жоқ, министр уәдесінде
тұрмаса қалай болады? Осы
жұмысты істей берейін бе,
әлде арызымды беріп, кетіп
қалайын ба? Қазір қайта-
26 жасында. Үлкен бедел, абырой,
мәртебе.
– Идеология хатшысы Саттар
Имашев көмекшісіне бұл жігіт төрт
жылдан кейін мынау деген кадр болады
деп айтты, – деді бас бармағын көрсетіп.
Құдай қолдап, аруақ жар боп, дос
інім солайша биіктен-биікке өрледі,
бақыт құсы басына қонған үстіне қона
түсті. Орталық комитеттен қайтадан
Мәдениет министрлігіне оралды, ми-
нистрге орынбасар боп. Одан Өнер
академиясына ректор, одан тағы да
Мәдениет министрінің бірінші орынба-
сары. Отызында орда бұзып, қырқында
қыр асқан, Алматы, Астанадан бас-
тап, барлық облыс орталықтарында
өткен (өтетін) неше алуан байқау,
фестиваль, басқа да алқалы жиын-
дарда жюри председателі, қазылар
алқасын басқарған, белгілі театр сын-
шысы, ұстаз-профессор, Мемлекеттік
сыйлықтың (басқалары бір төбе) иегері,
«Театр тағлымы», «Сахна саңлақтары»,
«Толғам», «Жарнама алдындағы ой»
секілді кітаптардың авторы, көрнекті
ж а з у ш ы Ә ш і р б е к С ы ғ а й ж а й л ы
кезінде талай айтылып, жазылды, ел-
жұрты риясыз сыйлады,
а р д а қ т а д ы , а я л а д ы .
Біз де жарты немесе
бүкіл Қазақстандағы
үлкен-кіші қауым
б е с с а у с а қ т а й
Сәкең, Сәбит Оразбаев (солай екені он-
сыз да белгілі оларды абыз деп аспанда-
тып, құрғақ сөз емес, іс жүзінде көрсетіп
жүретін белгілі эстет-жазушы Қали
Сәрсенбаев екенін де айта кеткен орын-
ды деп білеміз).
Өз басым өмірбақи – негізінен
бір-ақ редакция – «Мәдениет және
тұрмыс» журналында жарты ғасырдан
астам қызмет атқарғандықтан, айтулы
өнер өкілдерінің көбімен азды-көпті
таныс-біліс, сыйлас, олардың ішінде
Райымбек, Әшірбектей ерен өнер
өкілдерімен етене жақындау болдық.
Ал Асанәлі мен Сәбитті ол екеуінің
үлкен өнерге қадам басқан шақтарынан
бастап театр сахнасы, киноэкран
арқылы білсем, кейін таныс-білістік
аясы кеңіп, ұлғая түсті. Райымбек пен
Әшірбектің арқасында одан сайын
жақындастық. Олай дейтінім, басқаны
айтпағанда, Райымбек пен Әшірбектің
салтанатты мереке-жиын, мерейтой-
лары, қонақтықта бір дастарқанда
бас қосып, сан қызықшылықты бірге
өткердік. Оның үстіне, Райымбек
Сәбит сырқаттанып қапты, көңілін
сұрайық деп бұрынғы және қазіргі
үйлеріне талай рет бірге бардық.
Асекең, Асанәлінің үйіне де солай.
Бір жолы Әшірбектің (Каменкадағы)
үйінен шыққан бойда Райымбек «жол-
шыбай Асанәлінің үйіне соғамыз»
деген соң, сонда барып, Асекеңнің
анасымен сәлемдестік. Асекең жаңа
үйінің қоршама балконын айналды-
ра көрсетіп, маған керемет альбом
сыйлады. Райымбек екеумізді түннің
бір уағына дейін жібермей, әңгіме-
дүкен құрдық. Асекеңнің басына
түскен қиын шақтарда да жұрт қатарлы
басы-қасында болдық. Сонау жылы
Асекеңмен «Алатау» санаторийінде
қатар демалып, бірақ пәлендей
әмпейлесе алмадық. Себебі қасында
алғашқы жарқосағы Айман бар-тын
да, маған жерлес бес дәрігерден оның
ауыр сырқат екенін естіп, мазаламау-
ды ескердім. Асекеңе білдірмедім.
Әйтсе де, бірде санаторийдің мәдениет
үйінде опера театрының бір топ
әншісі концерт беріп, Асекең, Айман
үшеуміз қатар отырып көрдік. Бір
әнші «Құсни-Қорланды» орындаған
соң Айман: «Сізге ұнады ма?! – десін.
Мен күлбілтелемей шынымды айт-
тым: «Онша ұнаған жоқ» деп. «Маған
да ұнамады» деді Айман. Кейін ой-
ламаймын ба, сол жолы айтулы опе-
ра әншісі Айман менен неге пікір
сұрады екен деп. Пікір сұрағанына
риза болсам да, жауабым ұнамай қала
ма деп ойламағаным рас. Ал марқұм
Айманның сол жолы менен пікір сұрау
себебін Асекең жақсы білсе керек.
Өйткені содан бірер жыл бұрын ба екен,
Асекең, Айман бәріміз Райымбектің
үйінде қонақта болғанда... мен...
Асекең осы күнге дейін көрген жер-
де... «әндеріңді сағындық қой» деп
жүретініндей... біраз ән айтқан бо-
лып ем... қомсынатындар олай дей
бермейді...
. . . А й м а н ө м і р д е н ө т к е н с о ң ,
орны толмас қазаның Асекеңе оңай
соқпағанын барша жұрт біліп, адал
жанашырлар іштей де, сырттай да
күйініп, егіліп жүрді. Сондайлардың бір
де бірегейі Әшірбек бірде: «Асекеңнің
үйіндегі жеңгеміздің қайтыс болғанына
жылдан асып кетті. Қу қызмет қол
байлап, ағамызға көңіл шай бере ал-
май жүрмін. Бұйырса, алда сөйтемін.
Осы бастан біліп жүріңіз, Рекең мен
сіз міндетті түрде бірге боласыздар.
Және өлгеннің артынан өлмек жоқ,
біраз уақыт өтіп кетті ғой, сондықтан,
А с е к е ң н і ң к ө ң і л і н к ө т е р у ү ш і н
серперлетіп, қорқорлатып (Әшірбектің
өз сөзі) дуылдатып өткізуіміз керек.
Басқа да жігіттер болады» деді.
– Біз дайын, ниетіңе жет, – дедім
(басқа не дейін).
«Сәлемнің де сәті бар» дегендей,
арадан тағы да біршама уақыт өткенде
Асекеңді ортаға алып, Әшірбектің
үйінде бас қостық. Мезгіл қыс. Ораза
кезі. Күн қысқа, түн ұзақ. Дастарқан
басында театр, өнер қайраткерлері.
Директор, режиссер, халық артистері
дегендей. Төрде – Асекең.
Бұл күні қонаққа Әшірбектің
облыстық театрлардың бірінде бас ре-
жиссер боп істейтін жан досы, марқұм
Жақып Омаров та келген-ді. Әшірбек
ақ сары, Жақып қара торылау демесе,
екеуінің кескін-келбет, ойы да, бойы
да бірдей. Екеуі де алғыр, әзілкеш.
Қосылып ән салғанда дауыстары да
бірдей, ашық, сазды. Дуэтпен ән де-
гендер кетіп жатыр бірінен соң бірі
әуелеп: «Сырымбет», «Дәйдидау», «Қара
торғай», «Ақтолғай»...
Мәжіліс қыза түсті. Лұқпан хакім
айтқандай, Асекеңнің құрметіне
арналған бір күн мың жасаған күнмен
тең болғандай болды.
Ақиқаттан артық не бар? Бұл фәниде
осындай да сыйластық салтанат құрған
думанды сәттер өткен. Сол кешке куә
болғандардың біразы – Әшірбектен
бастап – бақилық. Алла Тағала тірілерге
жүрім беріп, марқұмдардың аруағы шат
болсын!
Асыл бейнең жадымызда, Әшірбек
жаным! Рухыңа мың тағзым! Кешір!..
Зәкір АСАБАЕВ
Асулар
биіктер
мен
– Мен сізбен бірге жүреді екенмін,
өйткені, сіз тұратын мөлтекауданмен
мен тұратын мөлтекаудан арасы жақын
құсайды, – деді Әшірбек маған қарап.
– Қарсылық жоқ.
Біз тұратын үйдің жанына келген соң
көшеден ұстаған машинадан атып шық-
қан Әшірбек көліктің қаражатын төлеп
қоя берді де, екеуміз ұзақ сонар әңгіме
соқтық. О, тоба, әнегүнгі театр да көрген
қабағы қатулы Әшірбек пен қарсы ал-
дымда тұрған ашық-жарқын Әшірбектің
айырмасы жер мен көктей. Ағалап
іші-бауырыма кіріп барады. Аузын
ашса жүрегі көрі нетін ашық-жарқын,
қарапайым, көпшілд ігі көрініп, білініп
тұр. «Осылайша біраз қауқылдасайық,
аға! Сізді сыртыңыз дан жақсы біле мін.
Райымбек ағам нан естимін, жаз ған-
дарыңызды оқып жүремін. Алда арала-
сып тұрайық. Үйіңіз ге келерміз, сіз де
ба рарсыз» дейді.
Не керек, Әшірбек екеуміздің ол
өмірден өткенше жалғасып, жым-
дасып кеткен «аға дос, іні достық»
қатынасымыз сол күнгі кештен бас-
тау алған-ды. Ол үшін Райымбек пен
Мұхтарға қарыздармын. Өмірдің ай-
тулы кезеңдерінің бірінен саналатын
сол шақтар неге ұмытылсын. Бәрі есте,
көкейде.
Райымбек айтқандай, Әшірбек
Мәдениет министрлігінде істейді екен.
Мен ойлағандай, инспектор, нұсқаушы,
басқа да емес, театр бөлімінің бастығы
екен. Редакциямен екі ара қол со-
зым жер. Сәл мүмкіндік болса, бір-
бірімізге шауып барамыз. Түскі үзілісте
іргедегі паркте түстеніп, серуендейміз.
Не айтса да кесіп сөйлейтін, өткір,
алғыр, майдалық, көлгірліктен ада, тура
мінезді. Сыр бүкпейді. Қолында ата-
анасы, келіншегі, жас сәбилері барын
айтқан.
« Б ұ й ы р с а , а л ы с қ а ш а б а т ы н
боларсың» деймін ішімнен. «Алдың
ашық болғай».
Даусы ашық, өткір, адуынды.
Менімен құрдасындай әзілдесуге
бейімделіп алды. Қалжыңға бағып,
айтпағанды айтады, демегенді дейді.
Сыйымды, жарасымды. Қайта қыл-
жақ пастығы бір басына жететін мен
пақыр кейде оның әзіліне жауап қайтара
алмай, тосылыңқырап қаламын. Бір
мүшелдей кіші, бірақ, жаны жарқын
інімен жасы қатар құрбыдай көсіле
шабуға ыңғайсызданамын. «Иә, иә»
деуден аспаймын.
– Өзіңіздесіз бе, қазір барамын, –
деді бір күні күтпеген жерден.
– Келе бер!
Келді. Әдеттегідей, иығымнан бір
нұқып, күлімсірей қарады да:
– Сізге ешкім білмеуі тиіс құпия
айтуға келдім, – деді бәсеңдеу үнмен. –
Тек аузыңызға ие болыңыз. Райымбек
ағама да айтқан жоқпын. Тек сізге. Бүгін
министр шақырып алып, өнер істері
қайта шақырып жатқан редакциялар
көп. Бәрі кел, өнер бөлімін басқар дейді.
Мен бармай жүрмін.
– Қой енді, – деймін. – Ондайды
ұмыт. Министр уәдесін жұтпайды. Көр
де тұр. Бірақ, сен де маған уәде бер,
қай күні бұйрық шығады, сол күні мен
бірінші құттықтап, бірінші боп жуамын.
Келістік пе?
– Болды, ұрынып тұрған өзім, қалай
келіспеске! Хабар менен. Күте тұрасыз.
– Күтуін күте тұрамыз әрі тілеуіңді
тілеп жүреміз. Басқарма бастығы
міндетті түрде коллегия мүшесі болады.
Әрі қарай одан да жоғарыға шырқайсың,
құдай қаласа!
Әшірбек қайтып кетті. «Е, Алла, жо-
лын оңғара гөр» деймін іштей мінәжат
етіп. Бір ойым айтады: «Өтпей қалса да
ештеңе жоқ, бәрібір, өсетін жігіт» деп.
Жүрегім шым етеді. Оқыс ойды қолма-
қол қуып шығамын. Алдағы жарқын
күнді күтемін.
Тілек қабыл болды. «Кеше Орталық
комитет бекітті, бүгін бұйрық шықты.
Әзірше онша көп ешкім білмейді. Білсе
де мейлі. Ал қалай, мен кешке театрға
барғалы отырмын. Келініңіз де келеді.
Жеңгеміздің уақыты болмаса, өзіңіз
келіңіз.
– Болды, – деймін. – Барамын.
– Онда жолыққанша!
Жұмысты ертелеу аяқтап, ерте-
леу бардым дегеннің өзінде, Әуезов
театрының алдына жеткенімде жұрттың
бәрі әлдеқашан ішке кіріп, асығып-
аптыға жүгіріп бара жатқан бірді-екілі
көрермендер көзге түседі. Әшірбек
әлі жоқ. Тұр деген жерінде тұрмын.
Бір кезде қарсы алдымнан бетінде
тарыдай қара меңі бар, орта бойлы,
аққұбаша, көркем келіншек маған бір
қарап, кесе-көлденеңдеп өте шықты
да, анадай жерге барып тұрды. Түсінікті.
Күләш келін, жұмысынан жеткені осы
болса керек. Ізінше Әшірбек те келді.
Күләшқа апыл-ғұпыл мені танысты-
рып, ішке кірдік. Жайғастық. Мен
үзілісті күтемін. Тағатсыздана. Бар есіл-
дертім бір шампанның басына тезірек
су құю. Уәде бойынша, Әшірбектің
жаңа қызметін бірінші боп атау, жуу.
Кеңсесіне кейін бара жатамыз.
Үзіліс те жетті. Күләш екеуін буфет-
ке ертіп барып, ол мақсат та орындалды.
– Сіз де қадалған жерден қан ала-
ды екенсіз. Айтқаныңызды орындап
тындыңыз! – деді Әшірбек жарқылдай
күліп.
– Райымбек бар ғой, әлі спек-
такльден кейін тағы жалғастырамыз!
– деймін.
Қанаты қатар-қатпаста дос-жа-
рандарынан оқ бойы озып, жора-жол-
дас, тума-туыстарының көзайымына
айналған Әшірбектің үлкен асуларға
басқан алғашқы қадамының бірі осы-
лай. Күндердің күні Орталық комитетке
нұсқаущы болатын мезгіл де жетті.
білетін, жора-жолдас, ниеттес достары
жетіп артылатын, адал пейілді, тілегі
ақ жанашырларға зәредей зәрулігі жоқ
Әшірбекті өзгелерден бөле-жарып,
бірде-бір қалаулысы мен едім деп
отырған жоқпыз. Бірақ артымнан ерген
інім екені рас-тын. Ала білетін ағайын
алатынын осылардан ала жатар деп,
қырық жылдан астам уақыт бір жүріп,
бір тұрған қайран азаматтың рухына
тағзым дейміз. Келінім Күләш, мені көз
ашқаннан етене білетін ұлдары Қанат,
Сұңғат, Нұрзат қарақтарым бүгінде
бір-бір шаңырақ иесі, солар аман-сау
болып, өсіп-өне берсін... дей отырып...
тағы да аса қымбат бір-екі жайды да айта
кетуді парыз санаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: