жөн көрмедік. Ербол Жеткергенұлы
еститінмін. Ол қала әкімі болып тұрған
адамдар.
дар екендігі байқалды. Оның әсіресе
өткені де бар. Ауданның ең үлкен де
тұрмайды. Өйтсе қызығы да қалмас еді.
бірді-екілі адамдар да болды. Тіпті аудан
айтушы да болмай қалған жоқ. Әттең,
жұмбақтау болды. Бірақ халқымыз
аңғартты. Әкімнің өз қызметін бұдан да
білдірілді.
алдына бөлек әңгіме. Ал «Алтын асық»
сатып алған. Ауданда «Сыбаға», «Құлан»
өз көзімізбен көрдік. Елді текті ұрпақ
да бар. Реті келгенде айта кетейік Ер-
атақты Мөңке бидің ұрпағы. Демек,
басқарып отыр.
халқымыз. Қалың қазаққа аты мәшһүр
лаймыз.
4
5
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
№43 (1301)
29 қазан – 4 қараша
2015 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
Сейдін БИзАҚОВ,
филология ғылымының
докторы, профессор
тАғзыМ
толғАуы тоқсАн туғАн тіл
Осындай күрмеуі шешілмей кел-
ген мәселе, күрделі сөздер мен біріккен
сөздерді жазудың дұрыс өлшемі табыл-
май, олардың емлесі әр алуан пікірталас
тудырып, қиындық келтіріп келгені
белгілі. Өкінішке орай, жаңа сөздікте
де біріккен сөздерді беруде бірізділік
сақталмағаны байқалады. Орфографиялық
сөздікте «екі сөзден құралған тіркестер осы
тіркес күйіндегі білдіретін мағынасына
ұқсамайтын басқа бір заттың, ұғымның
атауы болып келетін болса, бір сөз ретінде
біріктіріліп жазылатыны» айтылыпты.
Осыған орай арамтамақ, тісқаққан, жана-
шу, бойұру, алабөтен, қолағаштай, күнгөру,
күнара, күйгешті, күнұзақ, күнгөрсетпеу,
қолжету, қолғою, қолүзу, белбайлау, бел-
шешу, көгерім тұлғаларын да бірізділік
сақтап біріктіріп жазу тіліміздегі кейбір
олқылықты орайластыруға оңды ықпал
етпек. Бұрынғы айтқанымыздан ескеріп
арамтамақ, күнқағар, күншуақ, ақжем
секілді біріккен сөздер берілгенмен, әлі де
біріктіріп жазуға келетін жүздеген сөз не
қалып қойған (күйгешті, көгөрім), не тіркес
сөз боп жазылған. Мысалы, бір сыңары
дене мүшесі, адам ағзасы болып келген
сөздер біріктіріп жазылады деген ереже бар.
Алайда мұнда да белгілі жүйе сақталмаған.
Қазіргі орфографиялық ереже бойынша
көптеген біріккен сөз бен жалқы есімдер
фонетикалық принцип негізінде естілуі
бойынша жазылып, фонеманың дыбыстық
қоршауға тәуелді түрленімі таңбаланады:
күздігүні, жаздыгүні, ашудас, құлагер, қолғап
(қол + қап), түрегел (тұра + кел), қолғанат
(қол + қанат).
Біріккен сөздердің табиғи дұрыс айты-
луын осылайша сақтап, дауыссыз дыбыстың
ассимилициясының үндестік заңына сәйкес
айтылуын қиындатпай, дыбыстық жағынан
қиюластырып жазу өзекті мәселеге айна-
лып отыр. Тіліміздің басты орфоэпиялық
заңдылығына сөз тіркестеріндегі сөздердің
бір-бірімен үндесіп, үйлесіп айтылуы
арқылы әуендік, ырғақтық дыбысталу
жүйесі жататыны белгілі. Тіліміздің табиғи
жарасымды ырғағына қиянат жасамас
үшін, қайсыбір сөздерді құлаққа қасаң
естілетіндей, сындырмай сірестіріп айтуға
жол бермей, естілуінше жазу тиімді болмақ.
Фонетикалық тәсілді тиімді жерінде
қолдану емледегі солқылдақтықты болдыр-
мау әрі әдеби тілде дұрыс сөйлеу нормасын
сақтау талабын жеңілдетер еді. Жазу, сөйлеу
нормаларын жетілдіру бағыты орнығар еді.
Қазақ тілінің орфографиялық сөздігінің
құрастырылғанына көп уақыт болған жоқ.
Жазу дәстүріміздің кейінірек тиянақталып
қалыптасқанынан шығар, оқырман
қауымның емле ережесін фонетикалық
принцип тұрғысынан қабылдауға бейім
тұратынын байқап жүрміз. Ертеректе атақты
бір ғалымның ең қолайлысы фонетикалық
ұстаным бойынша жазу дегені біріккен
сөздерге қатысты айтылса керек.
Біріккен сөздерді фонетикалық ұстаным
тұрғысынан жазу керек дегенде, оның мына
төмендегідей тиімді тұстарын ескеруге
тиіспіз.Біріншіден, біртұтастық қасиетке ие
болған біріккен сөздің тіркес күйіндегіден
өзгеше мағынаға ие болып кеткендері
немесе жаңа мағыналық реңкімен ажыра-
тылатындары да аз емес: қолғап, ақсақал,
сегізаяқ, қаракүйе, қарақұрт, қарақұс,
қолшоқпар, арамтамақ, қанішер, қаптесер,
алыпсатар, ашықауыз.
Ана тіліміздің лексикалық құрамының
атауыш сөзбен және одан туындай-
тын сөз тұлғаларымен молығып,
стильдік құрылымының дами түсуі
біріккен сөздерді ретке келтірілген,
біріздендірілген күйінде қатарын
кемітпей, қолданысқа енгізумен
де байланысты. Тіліміздегі күрделі
атаулардың бірде бірігіп, бірде
бөлек жазылуы орфографиялық
сөз нұсқаларының белгілі бір тобын
құрайды. Біріккен сөз деп – сыңарлары
мағына жағынан да, тұлға жағынан да
бірігіп, біртұтас мағынаны білдіретін,
біртұтас құрамдағы, бір екпінмен ай-
тылып, сөйлемнің бір мүшесі қызметін
атқаратын сөздерді айтамыз. Түркі
тілдеріне тән ортақ заңдылық бойын-
ша біріккен сөздер ықшам, жинақы
қолданысты молықтырумен қоса, тілдің
жалпы коммуникативтік қызметіне
де қолайлы болып табылады. Сөз
тіркесінің біріккен атауыш сөзге айна-
лып, жаңа сөздің қалыптасуы, оларға
қосымшалардың жалғануы арқылы
туынды тұлғалардың пайда болуы
қазіргі әдеби тілімізде сөзжасамның
өнімді тәсілінің бірінен саналады. Қазақ
тілінің емлесін жетілдіру ісінде біріккен
сөздердің орфограммасына баса көңіл
бөлініп келеді.
Дей тұрсақ та, белгілі бір жүйені,
реттілікті сақтап біріктіріп жазуға
келетін сөздер тілімізде әлі де болса
жетерлік.
Белгілі қаламгер Мырзағали Іңірбаев – Мір Шайыр басқарған «Адам Ата-Ман
Ата» Қоғамдық қоры Ман Ата тауының Ман Ата асуында жатқан ежелгі Ман Ата
әулие зиратына кесене тұрғызды. Таяуда осы кесенені жұртшылық өкілдеріне
таныстыру рәсімі болып өтті.
«КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН
КЕЛТЕ БОЛМАС»
Біріккен және кіріккен сөздердің орфографиясы жайында
Екіншіден, біріккен және тіркес
күйіндегі сөздердің қатар қолданылатыны
да кездеседі. Мысалы, білдірер мағыналық
өзгешелігін ескеріп, біргүні мен бір күні
сөздерін ажыратып жазу тиімді. Біргүнінің
орысшасы «однажды». Мысалы, «біргүні
мынандай оқиға болды» дейміз. Ал
«оның бір күні көлік тосумен өтті» десек,
синтаксистік тіркестің білдірер мағынасы
мүлдем басқаша. Өйткені «бір күні» – екі
сөзден тұратын, әр сыңарының мағыналық
дербестігі бар сөз тіркесі. Сөйтіп тіліміздің
лексикалық қорын жаңа сөзбен үстемелеп
әрі стиль жағынан да байыта түсеміз.
Үшіншіден, фонетикалық ұстанымды
сақтап жазу омонимдерді тұлғалық жағынан
даралау үшін де тиімді болмақ. Мысалы,
қарақұс (құс) – қарағұс (шүйде), қаракүйе
түсу – қарагүйе (зоол.), қарақазан (ауқатты)
– қарағазан (сараң), қарақұлақ (ойын) –
қарағұлақ (зоол.), кәрі қыз – кәріғыз (өс).
Төртіншіден, сөз тіркесін біріктіріп жазу
ондағы мағыналық дербестігі жоқ сыңарын
шектеу үшін де қажет. Мысалы, таяқ жеді,
қара ала, ақ сұр, көк ала сөздерін атқамінер,
ойтүрткі, қағазбасты, ақниет, жанпида,
алақол, ақниет, дүниеқоңыз дегенге ұқсатып
біріктіріп жазу тиімді.
Бесіншіден, тіліміздің морфологиялық
құрылымын жетілдіре түсуде де туыс
тілдер тәжірибесін ескеріп, тиімдісін
кәдеге жарату ұтымды болмақ. Мысалы,
қазақ тіліндегі сөз тіркестерінде айты-
латын мағыналық дербестігі жоқ «алу»
көмекші сөзі қазіргі ұйғыр тілінде жазудың
– Б а ғ з ы з а м а н д а ж а с а м п а з
өмір сүрген ғұлама ағартушы әрі
ұйымдастырушы Ман туралы жер
бетінің көптеген халықтарына мәлім
және оның қаһармандық қызметінің
іздері бүкіл Еуразия континентінде
сайрап жатыр, – деді Мір Шайыр. –
Нәсілі ежелгі арийлермен сабақтас
дей-дей түркілік, тұрандық дерлік
М а н а д а м з а т т ы қ ұ л ы і с т е р і н
әуелі Үндістаннан бастағанын
байқаймыз. Ол адам баласын
әлеуметтік ілімге, білімге, әдет-
ғұрыпқа, әдепке үйреткен, тұрмыс
құру, еңбек ету, кеме жасау істеріне
баулып, ережелер, заңдар шығарған.
Үндістандағы ежелгі мемлекеттік
құрылымдар, Әзербайжандағы
Ман империясы, біздің аймақтағы
Кангюй қала-мемлекеті, Манкент
қаласы, Ман әулеттері сол сан
қырлы еңбектің жемістері. Ман
атын иеленген өзендер, таулар:
Сібірдегі Ман, Маңғыстаудағы Ман
Ащы (Манашы), Отман (Отпан),
өз өлкеміздің атауы Ман+қыстау.
Мысалдар жетерлік. Ман туралы
адамзаттың тұңғыш пайғамбары
Заратустрадан бастап Аристотель,
ұлтымыздың бастауындағы Майқы
би, Түмен ақын, орыс, неміс,
ағылшын ғалымдары мол мәлімет
қалдырған. Ман ғұмыр сапарының
соңында адамзаттық ұлы мұратпен
бағзы дүниеде-ақ киесімен әйгілі
Маңғыстауға кеп, топырақ осында
бұйырған. Ол Маңғыстаудың 360 (362)
әулиесінің басы деп саналады. Еңбек
Ері, академик Әбіш Кекілбайұлы
зороастризмдегі Алғашқы Адам
Манның өзі Маңғыстауда, Ман Ата
тауында мәңгілік орнын тапқан
деп айқындады. Орыс зерттеушісі
А.Шапошников: «Ман – Атлант...
Миф о Первочеловеке Ман – сыне
Земли и Неба известен иранцам,
германцам... но только у скифов-
саков сформирован общеиндоевро-
пейский образ Первочеловека» деп
бұны нақтылай түсті. Бейнесі әлем
халықтары әдебиетінде, ежелгі үнді-
арий, герман мифологияларында
Первочеловек Ман, Құдай-Адам,
Воху-Ман, Бақ-Ман, Бог-Ман, Адам
Ата-Ман Ата атанған Ман Ата зира-
тына қазақ қана емес, барлық ұлттар
өкілдері, шетелдіктер де тоқтап,
Алматы қаласының Тілдерді да
мыту, мұрағаттар және құжаттама
басқармасы жылдағы дәстүрше
биыл да Көркемсөз оқу шеберлерінің
қалалық байқауын өткізді.
Негізі сынаққа көркемсөз оқу
шеберлігін меңгерген 1530 жас
аралығындағы азаматтар қатысты.
Байқау алдымен аудандық деңгейде
өтті. Мұнан соң жеңімпаздар
қалалық деңгейде бақ сынайды.
Қалалық байқауға 18 үміткер
қатысты. Олардың арасында оқушы
да, студент те, мұғалім де бар. Қаты-
су шылардың өнерін бағалау кезінде
үміткерлердің көркем мәтінді оқу
шеберлігіне, дауыс мәнеріне және
тіл тазалығына, мәтінді таңдау
талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына,
киім сәніне баса назар аударыл-
ды. Байқау мәнерлеп өлең оқу,
прозалық шығармадан және драмалық
ш ы ғ а р м а д а н ү з і н д і о қ у с е к і л д і
кезеңдер бойынша өткізілді. Байқау
көңілімізден шықты. Жастардың
ө н е р і н е , т а л а н т ы н а с ү й с і н д і к .
Үміткерлер жақсы дайындықпен кел-
ген. Тіпті кейбіреулерінің, мәселен
Раушан Есбосынова, Балнұр Омар,
кіріккен тұлғаларды жергілікті ерекшелікке
немесе ауызекі сөйлеу тіліне жатқызбай
бәрін дерлік түгелдей әдеби тіл өлшеміне
жатқызып, қолданысқа енгізуіміз қай
жағынан алсақ та тиімді.
Біріккен сөздің құрылымы тілдің та-
рихи даму барысында одан әрі тұлғалық
өзгеріске ұшырап, кіріккен сөзге айна-
лып кеткендері бар. Олардың қайсы бі-
рінің сыңарларының аражігі сақталмай,
ажыратуға келмейтіндіктен кіріккен сөз
екені танылмай кеткені де аз емес. Мысалы,
былтыр, биыл, табалдырық, қарлығаш, сек-
сен, тоқсан, ағайын, білезік, бүгін, бүрсігүні,
құрметін білдіріп өтеді. Маңғыстау
жолдарының жиегінде ондаған,
жүздеген әулие, зираттар бар. Бәрі
қастерлі, қасиетті. Бірақ тек Ман
Атаға ғана жұрт жаппай тоқтап өтеді.
Ол адамдарды ерекше ілтипатпен
шапағатына бөлеп жатыр.
Кесене құрылысы өзге тамдар-
дан ерекше, ол Жаңаөзеннің ақ
мәрмәрінің іші ойып алынып, бетон-
далып құйылған. Жан-жағындағы
терезе іспетті 18 ашықтан ішіндегі
ежелгі ғұлама зираты көрініп жа-
тыр. Ал маңдай бетінде Қордайдың
қалыңдығы 9 сантиметр, зор 10
гранитіне Астана қаласында біз
жоғарыда атап өткен ғұламалар
н а қ ы л д а р ы о й ы п ж а з ы л ғ а н .
Кесененің кокарда тұсында үлкен
қызыл гранитке ежелгі түркі жазуы-
мен Ман Ата деп түсірілген. Одан
төменде ежелгі футарка, герман,
араб, авеста қаріптерімен және Мы-
сыр, шумер иероглифтерімен әулие
есімі жазылған, себебі Ман Ата есімі
осы жазулармен де әлемге тараған.
– Бұл Ман атамызға бүгінгі
ұрпақтың құрметін білдіріп, атын
жаңғырта беру мақсатындағы
алғашқы қадамдардың бірі, – деді
Мір Шайыр. –Әуелі биыл «Ман
Ата. Первочеловек Ман» кітабын
шығардық, Баспасөзде үсті-үстіне
мақалалар жарияланып жатыр. Енді
Ман Атаның жатқан жерін абаттан-
дыру, саялы ағаштар отырғызып,
күтімге алу міндеті тұр. Ал тау
үстіндегі маңайы бірте-бірте тарихи-
танымдық, туристік орталыққа айна-
латын Ман Ата стеласын тұрғызу күн
тәртібінде. Кідіртпей Ман Ата моно-
графиясын жазуды қолға алмақпын.
Қазір тарихқа талас күшейді. Ман
ғұламаны әркім, әр халық өзіне тар-
тады. Ал ұлы мұраға ие біздерміз. Біз
өз тарихымызды жұртқа қолжаулық
етпей, оған ие болуымыз керек.
Бұл маңызды істегі басты мақсат
– осынау игі мұраның ежелгі де
жаңа мемлекетімізде өркениеттік
үдерістің өрістеуіне, адамгершілік,
әлеуметтік идеялардың салтанат
құруына қызмет етуі.
C.БАЗАРБАй
Маңғыстау облысы
Алтынбек Сұлтанқұлов, Әділет
Базарбайұлы, Ақниет Зәмзат, Айша
Бөрібай секілді жастардың өнері
сахнаға шығып жүрген артистердің сөз
саптауынан, қимыл-қарекеттерінен еш
кем болмады.
Алайда жарыстың аты – жарыс.
Белгіленген орындар бар. Әйтпесе
қатарластарынан қалмай, бірге үзеңгі
қағыстырған кейбір қатысушыларға да
жүлделі орындарды беруге болатын еді.
Сонымен байқау қорытындысы
былайша аяқталды. Бірінші орынды
«Тұран» университетінің үшінші курс
студенті Әділет Базарбайұлы, екінші
орынды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-
дың екінші курс студенті Раушан
Есбосынова, үшінші орынды №156
мектептің 10-сынып оқушысы Айша
Бөрібай және М.Тынышпаев атындағы
Қазақ көлік және коммуникация-
лар академиясы Алматы колледжінің
бірінші курс студенті Ақниет Зәмзат
иемденді.
Жүлдегерлерге дипломдар мен
бағалы сыйлықтар, басқа қатысу-
шы ларға Алғыс хаттар мен естелік
сыйлықтар тапсырылды.
Нұркен ЖАНДӘуЛЕТҰЛЫ
ке айналуы сөз тудырудың ертеден келе
жатқан өнімді тәсілі екенін ескеріп, емлеге
оңтайлы өзгеріс енгізу мүмкіндігін әлі де
болса ойластыра бергеніміз абзал. «Біз
деген шынында да жалқау халықпыз ғой.
Себебі не айтсақ та «жатырмыз» деген сөзді
қосып айтпасақ, ішкен асымыз бойымызға
тарамайды. Мәселен, «мал бағып жатыр-
мыз», «жұмыс істеп жатырмыз», «отын жа-
рып жатырмыз». Көрдіңіз бе, тіпті отынды
да жатып алып жарамыз. Жалқаулықтың
бұдан асқан үлгісі бар ма екен, сірә» деген
екен бір редактор («Өркен, №12, 12 1992).
Әзілде де шындық бар демекші, мағыналық
дербестігі жоқ сөздердің сөйлемдерде
қаптап тұруы тілімізді көркейте алмайтыны
анық.
Расында да, «отын жарып жатыр» де-
ген сөз тіркесін орыс баласына ұғындыру
– қиынның қиыны. «Неге жатыр?» деген
сұрақтың оның көкейінде тұрары анық.
Бір қаламдасым түркі тілін зерттеп жүрген
Дания елінен келген ғалымның: «Ұйықтап
жатыр» дегенді түсінуге болады. Ал неліктен
«келе жатыр». Жүріп келе ме, әлде жатыр
ма?» деп таңдана сұрай бергенін еске алады.
«Ана тілі» газетінде «кележатыр», «баража-
тыр» деп кейде біріктіріп жазып жүргеніміз
де тегін емес. Ал ең тиімдісі – бұл сөздің
тілімізде айтылып жүрген кіріккен тұлғасын
орнықтыру.
Сөз тіркестерінің лексикаланып, жаңа
сөз тұлғаларының қолданысқа енуінен
грамматикалық құрылымның да өзгеріп
жетіле түсу бағыты сезіледі. Осыған орай,
әдеби тіліміздің тұрпат-тұрқын жақсарта
түсетін ең қажетті тәсілдер жайында тіл
мамандары мен зерттеушілер жеткілікті
назар аудара қоймаған тұстарына қатысты
ой-пікірімізді ортаға салайық деп отырмыз.
Тіл өзінің даму барысында мағыналық
дербестігі жоқ сөз тұлғаларынан арылуға ты-
рысып отырған. Сөйлеу тіліндегі мағыналық
дербестігі жоқ «жатыр» көмекші етістігінің
қосымшаға айналып, синтаксистік тіркестің
кіріккен тұлға түрінде айтылуы – мұның бір
айғағы.
Мағыналық дербестігі жоқ сөздерді
мүмкіндігіне қарай кіріккен түбір қосым-
шасына айналдырып жазудың тиімділігі
дау тудырмайды. Өйткені орфоэпияның
тілдің лексикалық арнасын байытуға,
тілдегі сөздерді көркемдеп қолдануға,
тілдің сти листикалық аясын кеңейтуге әрі
сөздің әсер лілігін арттыруға себін тигізетін
сәттеріне мән бере отырып, орфография-
ны жетілдіре түсуді мақсат тұтатынымыз
түсінікті.
Бұл айтылғанның тағы бір тиімді тұсын
сөз тіркесі мен оның кіріккен нұсқасының
қатарынан қолдануы айғақтайды. Айталық,
естіп жатыр сөз тіркесі мен
естіватыр
кіріккен сөзінің білдірер мағынасында
айырмашылық бар. Естіп жатыр – демек
жатып алып құлақ түруде. Бұл синтаксистік
тіркестегі екі сөздің де білдірер мағыналық
дербестігі бар. Ал естіватыр бір ғана атауыш
сөз ретінде бір мағынаға ие. Мұнда адамның
жатқан, отырған, тұрған, жүрген секілді
қимылы белгісіз, тек есту үстінде екені
айтылған.
Қорыта айтқанда, басқа тілді оқырманға
тілімізді үйретуде ыңғайсыздық пен
қиындық тудырар тұсын ретке келтіріп,
әдеби тіліміздің фонетикалық жүйесін кең
ауқымды етіп, грамматикалық құрылымын
шыңдап, сөздің тұлғалық тартымдылығын
жақсартып, орфографиялық заңдылығын
жетілдіріп, әдеби тілдің көркемдігін артты-
рып, лексикалық қорын молайтып, дамыта
түсетін түзету ғана ұтымды болмақ. Өйткені
көптілді ортадағы тілдердің өзара салыстыр-
малы бәсекесі – табиғи заңдылық. Одан
ешқайда қашып құтыла алмаймыз. Олай
болса өз тіліміздің әсем өрнегін, ішкі иірімі
мен ұтымды оралымын, өзінің дыбыстық
құрамы жағынан ең бір әуезді, үнді, құлаққа
жағымды естілетін тілдің бірі екенін ең ал-
дымен өз ұрпағымыздың санасына ұялата
алсақ, олардың осы тілге деген құрмет
сезімін кемітпей, оны меңгеруге деген
ынтасын оята алар едік.Ал сөздік құрамы
осыншама бай, грамматикалық амал-
тәсілі мейлінше икемді, ішкі мүмкіндігі
қарымды, оралымды екені, дамып жетілуге,
жаңаруға бейімділігі ең алдымен жан-жақты
ойластырған орфографиялық сөздіктен та-
нылатыны анық. Бұл айтылғанның тіліміз
үшін өмірлік маңызы бар.
Тіліміздің сапалық даму мәселесі
төңірегінде ортаға салған бірлі-жарым
ой-пікіріміз қайсыбір оқырман қауымға
алғашында үйреншікті дағдыдан кереғарлау,
тосындау боп көрінуі мүмкін. Дегенмен,
шынтуайттап келгенде, түптің-түбінде
емлені жетілдірудегі оңды өзгеріс осы
тақылеттес бағытта болатынын қуаттап,
қолдау білдіретін қаламгерлер де табылар
деген ойдамыз. Басқа ұлт өкілдерімен қоса,
орыс тілінде білім алушы өз қандастарымыз
қазақ тіліне мұрнын шүйіріп қарамасын,
әзіл-мысқылға жол бермей, тілімізді құрмет
тұтып, оны ұлықтап үйренуге деген ынта-
ықыласын кемітпесін, өз тілін өзекке
теппесін, өз тілінде сөйлегенді намыс көріп,
қор санамасын десек, емлемізді ұштай
түсудің епетейлі тұстары мен тетіктеріне
мән берейік. «Келісіп пішкен тон келте
болмас» дегендей, ана тіліміздің көсегесін
көгертуге атсалысып, аянбай еңбек етіп
жүрген озық ойлы, зерделі зиялыларымыз,
тіл мамандары, журналистер, баспа орында-
ры – күллі қаламгерлер ақылдасып, кеңесіп
бір мәмілеге келіп, ортақ ісімізді дұрыс
жолға қоюда күш біріктіріп, күрмеуі күрделі
мәселені зейін қоя зерделеп, орнықты, әділ
пікірін айтып, ұтымды жолды табармыз деп
сенеміз.
фонетикалық принципі тұрғысынан
біріккен сөз тұлғасының қосымшасына
айналып кеткен. Айталық, сетивалмақ
(сатывалмақ), қеқивалмақ (қағывалмақ),
қ и ш қ и р и в а л м а қ ( ш а қ ы р ы в а л м а қ ) ,
өткүзүвалмақ (өткізівалмақ), қилалмайду
(қылалмайды), чиқивалди (шығывалды)
дегенге ұқсатып, сөздің кіріккен тұлғасын
әдеби нормаға айналдыру мүмкіндігін
ескерген тиімді. Баспасөзде әсіресе поэзия-
да «ал» көмекші етістігінің бірігіп жазылып
жүрген тұстары кездеседі. Патша баланы
ойлап жүралмады,Үйінде сабыр қылып
тұралмады (Таһир-Зұхра). Киімін алмас-
тырып базар шықты, Көңілін бөтен іске
бұралмады (Сейфулмәлік).
А л т ы н ш ы д а н , б і р с ы ң а р ы н ы ң
тұлғалық та, мағыналық та дербестігі жоқ
сөздерді біріктіріп жазу ешқандай да талас
пікір тудырмауға тиіс. Оған жек+көру,
өмір+сүру, жас+өспірім сияқты сөздер
жатады. Мұндағы жек, сүру, өспірім
сыңарларының ешқандай мағыналық,
тұлғалық дербестігі жоқ. Сондай-ақ
бақилық деп айтқанымызбен, бақи сөзі
көп қолданыла бермейді. Сондықтан мәңгі
бақи,
өмір бақи деп бөле-жармай, біріктіріп
жазу сауаттылықты арттырады әрі жаңа
сөздер туындайды.Жетіншіден, орын-
ды үнемдеумен қоса жаңа аталыммен
лексикалық қорды мо лықтыратын тұстарды
ескерген артықтық етпес еді. Оған барсигеді
(барса игі еді), келсигеді (келсе игі еді), ба-
рыппекен (барып па екен), деппең (деп пе
едің), баралмайды сөздері мысал болады.
Ешкім бұл сөздерді барып па екен, деп па
едің т.б. деп айта қоймайды.
Қорыта келгенде, біріккен сөздерді
бірыңғай жүйені сақтап, үндесім мен үйлесім
заңдылығына сәйкестендіріп, фонетикалық
ұстаным бойынша жазу орфография мен
орфоэпиялық норманы тиянақтандырып,
одан ауытқуға жол бермей, оқырманды
шатастырмай, сауаттылықты арттыруды
жеңілдете түсер еді. Сол арқылы басқа ұлт
оқырмандарына да тілімізді құрмет тұтқыза
алар едік. Тіл мәдениетін арттырудың басты
шарты – бүкіл жұртшылыққа ортақ жазба
әдеби тіліміздің нормасын қатаң сақтау,
емле ережелерін басшылыққа алу, сөз
қолданудағы ала-құлалыққа жол бермей,
бірізділікті сақтау мәселесі бүгінгі таңда
өткір күйінде қалып отыр.
Біріккен сөздерге, олардың орфог ра-
фия сына қатысты әр алуан пікір болғанмен,
о бастағы сөз тіркесі нұсқасынан түбірінен
өзге ріске түскен кіріккен сөздер ешбір
күмән тудырмайтын басы ашық атауыш сөз
тұлғасы, сөздік құрамды еселеп молықтыра
түсетін аталымдар. Кіріккен сөз – ана
тіліміздің фонетикалық, лексикалық әрі
морфологиялық құрылымының одан әрі
дами, жетіле түсуін айғақтайтын тілдегі
оңтайлы өзгеріс. Осыны ескеріп, қайсыбір
әжептәуір, қызғыш, қарақат, бірдеме, біресе,
түрегел секілді сөз тірке сінің ықшамдала
түсіп, кіріккен атауыш сөзге айналғаны
аңғарыла бермейді.
Біріккен сөздердің емлесін орнықтыруда
тілді шұбарлауға итермелейтін ала-құлалық
пен тұрақсыздықты аластауға жағдай жасай
отырып, тілді байытуға, оның түрлі амал-
тәсілдерін жетілдіруге септігі тиер, ықтимал
басқа да жайларды есте тұтқанымыз абзал.
Кіріккен тұлғалардың емлесіне қатысты
даулы мәселенің ғылыми дұрыс шешімін
табуға болатынына сөз қолдану тәжірибеміз
дәлел. Аталған жарыспа тұлғалардың әдеби
нұсқасын анықтауда ескерусіз қалдырмауға
тиісті жайттар баршылық. Көптеген сөздер
тіркес күйіндегі білдіретін мағынасынан
өзгешелеу болғандықтан, лексикаланып
кеткен бір бүтін сөз ретінде танылмақ.
Оған алып кел – әпкел – әкел, бір уақытта
– біруақта, бұл күн – бүгін, сонан соң – со-
сын, дегенсоң – дегесін сөздерінің қолдану
ерекшелігі айғақ болады. Баспасөзде жиі
қолдану барысында морфологиялық сөз
нұсқаларының кіріккен түрі мағыналық
өзгешелігімен, стильдік реңкімен ажы-
ратылып, жеке сөздерге айналып кетуі
байқалуда.
«Кем-кетіксіз тіл болмайды» деген
екен атақты бір ғалым (нет идеальных
языков). Әрдайым тілімізді марапаттап
келдік. Бұл дұрыс та шығар. Алайда емле-
ге өзгеріс енгізер сәттегі көздейтін басты
мақсатымыз – көңіл көзін әрірек жүргізіп,
тіліміздің тартымдылығын төмендетіп,
табиғилығын кемітетін, кем соғар тұстарын
ескеріп барып, шешім қабылдау керек екені
анық. Бай да бедерлі, бейнелі де нақышты
тіліміздің ертеңін ойласақ, бұл мәселені
аттап кете алмаймыз. Тіліміздің тұрпат-
тұрқын жақсарта түсіп, көріктендіретін
емледегі тиімді өзгеріс түріне және бірер
мысал келтіре кетелік.
Емлені икемді ете түсуге қатысты үлкен
мәселе кіріккен түбірдің шегі мен әдеби
тілге жататын сөз формасын анықтау екені
белгілі. Тілдегі варианттылық тіліміздің
тарихи дамуының бір айнасы, елесі іспеттес
дедік. Сөздердің лексикалануы мен жаңа
сөз тұлғаларының пайда болуы нан грам-
матикалық формалардың да өзгеріп
жетіле түсу бағыты сезіледі. Әдеби тілге
қатысы жағынан әр алуан мұндай сөз
тұлғаларының көркем әдебиет пен мерзімді
баспасөзде жаппай қолданылып жүргендері
аз емес: сосын/сонан соң, сосынғы, барғасын/
барған соң, келгесін/келген соң, айтпаппек/
айтпап па едік, өткізбеппек, отырағап,
қартайғасын, айтқысыгеп, біруақ/бір уақыт
мысалынан да екі, кейде үш сөздің ық-
шамдалып кірігуінен жаңа сөз тұлғасының
туындағанын көреміз.
Сөз тіркестерінің осылайша бір
сыңарының энклитикаға ұшырап, аффикс-
Достарыңызбен бөлісу: