Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата04.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3357
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Бабаев С. «Жантану негіздері»:. - Алматы: Заң әдебиеті, 2004 ж. 
2.
 
БекниязовТ., "Журналистиканың терминдері мен ұғымдары". Оқу құралы:  
Алматы, Қазақ университеті, 2006. - 153 бет 
3.
 
"Московский комсомолец в Пензе" 14-21 наурыз 2002 жыл. 
4.
 
Барманқұлов М.К. "Телевидение: Деньги или власть": - Алматы: "Санат", 
1997 жыл. 
5.
 
Барлыбаева С.Х. "Телевидение в мире и в Казахстане. Телевизионная 
журналистика". (уч. Пос.)  - Москва, 1993 жыл. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
125 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
       
 КУЛЬТУРА И  СПОРТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
126 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ӘОЖ: 268.152 
 
ВОЛЕЙБОЛ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ 
САЛАСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ 
 
К.Е. Берикболов, Б.А. Муздыбаев  
Жетісу мемлекеттік университеті. Талдықорған қаласы. 
Berikbolovk@mail.ru 
 
Волейбол ойынының әлемде және орта Азияда пайда болуы мен қалыптасуы. 
Волейбол ойыны ол командалық ойын, жарыс алдында өте күрделі жүктемені талап 
ететін  спорттың  бір  түрі.  Оқу-жаттығу  өту  кезінде,  жоғары  дәрежедегі 
волейболшылар  өзінің  шеберлігін  және  жарысқа  алдындағы  психологиялық 
дайындығын  арттыра  отырады.  Волейбол  ойыны  дене  шынықтыру  және  спорт 
мамандығы саласында зор үлесі бар.    
История  развитие  игры  волейбола  в  мире  и  в  средней  Азии.  Волейбол  это 
командная игра, которая требует высокой нагрузки в соревновательных рамках. Во 
время  тренеровочных  сборах  отточивается  мастерство  игрового  вида,  а  так  же 
психологическии настрой перед соревновательными играми. Роль игры Волейбол в 
сфере физической культуры и спорта так же имеет немаловажную роль в воспитание 
будущего поколение.    
The history  of development  of the  game of volleyball in  the  world  and in Central 
Asia.  Volleyball  is  a  team  sport  that  requires  a  high  load  on  the  competition  framework. 
During  trenerovochnyh  fees  ottochivaetsya  skill  game  species,  as  well  as  the  mental 
attitude  to  competitive  games.  Role  playing  Volleyball  in  Physical  Education  and  Sport 
also has an important role in the education of the future generation
   
 
1895  жылы  Америка  Құрама  Штаттары  колледждерінің  бірінде  доктор 
У.Морган  жаңа  ойын  ойлап  тапты.  Ол  «Волейбол»  деп  аталды.  Бұл  сөздің  дәл 
мағынасы  «әуедегі  доп».    Бұл  ойын  тез  арада  өз  қолдаушыларын  тапты.  әсіресе  ол 
американ  өрт  сөндірушілері  арасында  кең  тарады.  Олар  өрт  мұналарының  қасына 
жіп керіп қойып, сол арқылы үрленген қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын. 
Волейбол  біртіндеп  американдықтардың  сүйікті  ойынына  айналды.  Оны 
балалар  мен  жастар,  орта  жастағы  еркектер  мен  мырзалар,  жас  және  жасамыс 
әйелдер  ойнай  бастады.  Бәсекес  ойын  кезінде  жас  жағынан  шектеу  болған  жоқ. 
Фермерлердің балалары әкелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін. Оның ешбір  
сөкеттігі  де  болған  жоқ.  Ойынның  ережесі  де  тым  қарапайым  болатын,  әйтеуір 
допты жерге түсірмеу керек. 
1897  жылы  жоғарыда  аталған  тапқыр  У.Морган  ойын  ережесін  енгізуді 
ұсынды.  Ол  кездегі  ереже  бүгінгіге  мүлде  ұқсамайтын.  Алаңның  көлемі  7.6х15.1 
метр, тордың биіктігі 198 см, еді. Доптың салмағы 340 гр. болатын. Екі  жақтың да 
ойыншылар  санына  шек  қойылмайтын.  Сондықтан  да  олар  бір-бірінің  аяқтарын 
басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын. 
Волейболдың  дамуының  бірінші  кезеңі  1895-1920  жылдар.  Бұл  кезде  ойын 
көрермендер  алдында  өткізіліп,  командаға  біріккен  ойыншылар  өзге  спорт 
түрлеріндегідей  формалар  киіп  шығатын  болды.  Таусылмайтын  таласты,  тіпті  тым 
қызбалау техастықтар арасында жиі болатын жанжалдарды болдырмас үшін Морган 
алаңның  орта  тұсына  бір  бүйірден  орындық  қойып,  оған  төрешіні  отырғызуды 
ұсынды.  Төрешінің  пікірі  ойыншылар  үшін  бұлжымас  заң  болды.  Кешікпей 
волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада  Куба, Пуэрто-Рико, Перу, Бразилия, 

     
 
 
127 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Уругвай  және Мексика елдерінде ойнай бастады. 1900-ыншы жылдардың басында 
волейболмен Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты. 
Жалпы  білім  беру  мектептеріндегі  волейбол  ойынының  қозғалысы  адам 
баласына  аса  пайдалы  табиғи  қозғалыс  пен  дене  мүшелерінің  қимылынан  жүгіру, 
жүру,  секіру,  лақтыру,  т.б.  жаттығулардан  тұрады.  Бұл  ойынды  он  жасар  баладан 
бастап  қай  жаста  болмасын,  бәрі  ойнай  береді.  Сондықтан  да,  волейбол  дене 
тәрбиесі  пәні  жаттығуларының  бірі  ретінде  ең  тиімді  де  ағзаға  пайдалысы  болып 
табылады.  Волейбол  ойыны  адамның  көңілін  шаттандырып,  іскерлікті  арттырады. 
Бүгінгі  волейбол  ойынының  даму  деңгейі  өзінің  ең  жоғарғы  нүктесіне  жетті  деуге 
болады. Себебі, ойының бүгінгідей даму жылдамдығы бұрын – соңды болып көрген 
жоқ. Ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы, секіруі, лақтыруы, кілт тоқтауы, 
міне  мұның  барлығы  жалпы  ойынның  жылдамдығын,  ойыншылардың  дайындық 
деңгейін көрсетеді. 
Осындай ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы, адамның 
координациясы  қалыптасады.  Қандай  жаттығу  болмасын,  қозғалыс  барысында 
нақтылы орындалады. Айталық, шабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл 
түсіру,  болмаса  допты  әріптесіне  дәл  бере  білу,  болмаса  допты  қарсыласының 
алаңына  алдап  тастау,  т.б.  Демек,  адамның  барлық  қабілет-қасиетін 
қалыптастыратын ойынның бірі. 
Спорт  және  қимыл  ойындары  –  дене  тәрбиесінің  сезімталдыққа  негізделген 
тәсілі,  олар  денсаулықты  сақтауға  және  нығайтуға  өте  тиімді.  Сірә,  спорт 
ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның 
адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.     
Ойын  тактикасының  қарапайымдылығы  және  доп  үшін  тікелей  тартыстың 
жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады.    
Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. 
Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау 
реакция  жылдамдығын,  ептілікті,  төзімділікті  қалыптастыруға  көмектеседі,  тыныс, 
жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады,  жалпы 
алғанда организмге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас 
мүддесінің  команда  мүддесіне  бағындыра  білуге,  тәртіпті  болуға,  өзгелерге  дер 
кезінде көмекке келуге үйретеді.  
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, 
волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. 
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, 
демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді. 
Адам  бойындағы  қабілетті  жетілдіру.  Жеке  бастың  психологиялық қабілетін 
дамыту.Жеке  бастың  психологиялық  қабілеті  -  әр  адамның  тәрбие  жүйесінің 
негізінде  қалыптасады.  Яғни,  оның  өзін  қоршаған  ортамен  қарым  –  қатынасы, 
еңбекке  деген  қабілеттілігі,  жеке  адамдармен  қарым  –  қатынас  жасаудың  негізгі 
қағидаларының қалыптасуы, т.б. 
Демек,  жеке  бастың  психологиялық  қабілетінің  дұрыс  қалыптасуының 
нәтижесінде әр адамның өмірге деген көзқарасы әр түрлі болып қалыптасады. Жеке 
адамның  бір  –  бірінен  айырмашылығының  өзі  осында.  Әр  адамның  өмірге  деген 
көзқарасы,  тіршілігінің  қалыптасуы,  белгілі  бір  қоғамға  сенуі,  мінезінің  ерекше 
қалыптасуы, белгілі бір, қоршаған ортадағы орны, тағы да осылайша жалғаса береді. 
Адамның  психологиялық  қабілеті  тіршіліктегі  кәсіби  мамандығына 
байланысты  қалыптасып,  өзгеріп  тұруы  мүмкін.  Жеке  бастың  тіршілікте  керекті 
негізгі қасиеті өзі өмір сүріп жатқан ортамен қарым – қатынасы, яғни, адамгершілік 
қасиеті  негізінен  дене  шынықтыру  жаттығуларымен  шұғылданған  кезде  ғана 
қалыптасады. Бұл қасиеттің қалыптасуы, әсіресе, жарыс кезінде ерекше байқалады. 

     
 
 
128 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Себебі,  бір  ойыншы  барлық  ынтасы,  күш  –  жігерімен  командасын  жеңіске  тартса, 
екінші  біреуі  күш  –  қуатын  толық  пайдаланбай  ынта  –  жігерсіз  ойнайды.  Бірінші 
кездескен  қиыншылыққа  төзе  алмай,  әріптестерінің  талабына  көне  алмай,  бұл 
ортадан кетуге мәжбүр болады. 
Ендеше,  белгілі  бір  ортада  психологиялық  қабілеттің  қалыптасуы,  яғни 
адамгершілік қасиеттің қалыптасуына спортпен шұғылдану негізгі рөл атқарады. 
Дене  шынықтырумен  шұғылданудың  негізгі  мақсаттарының  бір  бағыты, 
бұлшық  еттердің  жетілуінің  біркелкі  және  барлық  бұлшық  еттер  бірдей  деңгейде 
дамуы  болып  табылады.  Әдетте  адамның  күнделікті  тіршіліктегі  бір  қалыпты  жай 
қозғалыста  болуы  ағзаның  дамуына  әсер  етпейді.  Әсіресе,  жасөспірімдердің 
нақтылы осы кезеңде қол, сан, кеуде бұлшық еттері онша дамымайды. Сондықтан да 
осы  аталған  мүшелердің  бұлшық  еттерін  жетілдіру  үшін  арнаулы  жаттығуларды 
орындау міндеті қойылады. 
Жасөспірімдердің күш қабілетін жетілдіру үшін төмендегідей жалпы дамыту 
жаттығуларын орындау ұсынылады: 
- гиманстикалық жалпы дамыту жаттығулары; 
- салмақ (батпан, жекпе-жек, әріптесімен жұмыс істеу, т.б.) көтеру; 
-  күшті  дамытатын  қозғалмалы  ойындарды  (арқан  тартыс,  ат  үстіндегі 
аударыспақ,  екі  бала  біріне  –  бірі  мініп  ат  үстінде  тартысады,  күреседі,  т.б.) 
пайдалану; 
-  гимнастикалық  спорт  құралдарына  күшті  дайындайтын  жаттығулар 
(тартылу, өрмелеу, акробатикалық жаттығулар) орындау; 
- акробатикалық жаттығуларды орындау; 
-  жаттығуды  орындаған  кезде  дұрыс  тыныс  алу  және  дем  шығару  жүйесін 
білу; 
- таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын үзбей орындау; 
- жаттығудың орындалу жүйесін білу; 
-  әрбір  жаттығуды  орындау  үшінжалпы  дамыту  және  арнаулы  жаттығулар 
жиынтығы жасалады. 
Жылдамдық  қабілетін  жетілдіру.  Жылдамдық  –  қоршаған  ортаның  тигізген 
әсеріне ағзаның өте тез жауап қайтаруы. Яғни, ағзаға белгілі бір құбылыс әсер еткен 
кезде  біздің  денеміз  соншалықты  тез  жауап  қайтарады.  Адамның  жылдамдық 
қабілеті – оның қозғалыс реакциясының жылдамдығымен анықталады. 
Адамның  бойындағы  жылдамдық  қасиетін  жетілдіру  үшін  оған  дайындық 
керек.  Айталық,  көлік  жүргізушінің  алдында  адам  өміріне  қатер  төніп  тұр  дейік. 
Міне,  бұл  кезде  жылдамдықты  пайдалану  үшін  адамға  дайындық  керек.  Реакция 
жасайтын жылдамдық осы кезде қажет. Демек, күнделікті тіршілікте жылдамдықтың 
өзі емес, оны орындауға кететін уақыт аралығы негізге алынады. 
Сондықтан  адамның  қозғалыс  реакциясы  күрделі  жаттығудан  басталып, 
қарапайым  жаттығумен  аяқталады.  Жылдамдықтың  қарапайым  түрі  –  күні  бұрын 
белгілі,  бірақ  кенеттен  түскен  хабарға  жауап  қайтару.  Ал  күрделі  қозғалыс 
реакциясына  жауап  қайтару  үшін  орта  әсерінің  жағдайын  анықтай  білу  керек. 
Мәселен, ұшып келген футбол добын асықпай тоқтатып алу керек пе? Жоқ, немесе 
бірден  өз  әріптесіне  нақтылы,  яғни,  жеткізіп  беру  керек  пе?  Міне,  ойыншы  бұл 
жағдайда  қандай  жылдамдық  таныту  керек.  Ол  үшін  қарсыласының  қалай  әсер 
ететінін  білу  керек  және  әріптесіне  қарапайым  жаттығуларды  орындауға  осындай 
жылдамдықты анықтау керек. 
Жас  ұрпақтың  жалпы  дене  қуатын  дамыту  үшін,  үлкен  өмірге,  еңбек  етуге, 
Отан  қорғауға  дайындау  үшін,  олардың  мектепте  оқыған  кезеңдерінде  мынадай 
негізгі міндеттерді орындауымыз керек: 

     
 
 
129 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
- Денсаулықтарын нығайту, мүсін түзулігін қалыптастыру, ағзаларын дамыту 
және шынықтыру; 
- Негізгі қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды әр түрлі өмір 
жағдайында қолдана білу шеберлігіне үйрету; 
-  Жігер-күш,  дене  қуаты  қасиеттерін  дамыту,  жеке  және  қоғамдық  гигиена 
дағдыларына үйрету. 
Барлық  міндеттерді  орындаудың  негізгі  амалы  –  дене  тәрбиесі  жаттығулары 
мен  теориялық  білім.  Ол  амалдар  волейбол  сабағында,  оқу  күні  ішіндегі  және 
сабақтан тыс уақыттардағы сыныптан тыс жұмыстар кезінде орындалады. 
Волейбол  үрдісі  күрделі,  әржақты  және  мектептің  басқа  оқу  тәрбие 
жұмыстарымен  өте  тығыз  байланысты  болғандықтан,  ол  терең  ой-толғаныстарын, 
көлемді білімділікті керек етеді. Волейбол міндеттерін дұрыс түсінген мұғалім жеке 
оқушылардың  денсаулықтарын  нығайту,  қозғалыс  ептілігі  мен  дағдыларын 
қалыптастыру  арқылы  оларды  үлкен  өмірге  дайындайды.  Мұғалім  оқушыларды 
тұрақты, жүйелі волейбол жаттығуларымен шұғылдануға үйретеді. 
Волейбол  ойын  ретінде,  басқа  да  спорттық  ойындардан  көлемді  түрде 
ерекшеленеді. Ең басты ерекшелік ойыншы волейболда допты көп уақыт ұстап тұра 
алмайды, ойыншының допты қолында ұстау ұзақтығы 0,25 – 0,3 секунд. Ал гандбол, 
баскетбол ойындарында ойыншы допты белгілі бір уақыт аралығында қолында ұстай 
алады.  Біздің Совет одағының волуйболдан ерлер арасындағы құрама командасына 
жүргізілген  бақылауымыздың  көрсеткіштері  бойынша:  бір  партиялық  ойында  доп 
тек  7,0  –  7,5  минут  қолда  болады.  Ойын  3-2  есебімен  аяқталған  жағдайда,  доп,  
орташа есеппен 5 партияның 32,0-35,1 минуты бойына ойында болады.  Сол уақыт 
аралығында  волейболист  колемді  жұмыс  атқарады.  Яғни  250-300  іс-қимылды 
орындау, оның ішінде секіру – 50-60реттен, серпіліс – 27-33 – рет, құлау 12-16 – рет. 
Одан басқа волейболист ойын арасында допты беруі 190-220;   допты алуы 190-210; 
допты келесі  ойыншыға беру 220-240;  қарсыластарғы беру 180-210(6 ойыншымен). 
Өлшем бойынша, доп, ер ойыншының соққысынан кейін жылдамдығы секундына 30 
метр  көрсетеді,  ал  қыз  ойыншының  соққысыныан  кейін  20  метрлік  көрсеткіште 
болады.      Ал  адамның  іс  –  қимылы  қалай  болар  екен?  Тіпті  жоғарғы  класс  болып 
есептелетін  Жапония  ерлер  құрама  командасының  ойыншыларының  өздерінде, 
допты  қозғалысқа  ұшырау  уақытынан  бастап,  ойыншыға  әсер  ету  жағдайынан 
туындаған іс  – қимыл  уақыты 0,304 секунды  құрайды.  Іс – әрекет  әсерінің басталу 
уақыты  0,144  секунд,  онгың  үстіне  0,160сек.  бұлшықеттің  қысқаруына  кетеді 
(өлшемдер  Мацусито  командысының  ойыншысы  Иокотаның  үлгісінен).  Бұндай 
уақыт көрсеткіштері  жаттыққан ойыншыларға тән болса, бастаушы ойыншылардікі 
шамамен  0,35-0,4  сек.  болады.  Ойын  іс  –  қимылының  қийындығы,  мұндай 
техникалық  шеберлік  арсеналын  әр  түрлі  шартты  жағдайларды  қолдануға  тура 
келеді. Ойыншыдан мұндай іс – қимыл нақтылықты, іс – әрекет дифференциялығын, 
бір  іс  –  қимылдан  екінші  мүлдем  мінездемесі  не  болмасы  ритмі  арқылы 
ерекшеленетін іс – қимылға тез арада көшуді талап етеді.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Железняк Ю.Д., Портнова Ю.М. Спортивные игры. Москва, 2002. 
2. Лесгафт П.Ф. Избр. пед. соч. В двух томах. 1 том, Москва, 1990.  
3. Қазақстан Республикасының Заңы «Дене шынықтыру және спорт туралы»-
Қазақстан  Республикасы  Президентінің  02.12.1999ж.  жарлығымен  қабылдаған, 
04.07.2003 ж. өзгертулер мен қосымшалар енгізілген. Алматы: 2003. 
4.  Қазақстан  Республикасының  «Дене  мәдениеті  мен  спортты  дамытудың 
2005-2011 жж. арналған» мемлекеттік бағдарламасы. Алматы:2005. 

     
 
 
130 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
5.    Қазақстан  Республикасының 
«Дене  тәрбиесінің  мемлекеттік 
бағдарламасы». 
Білім және ғылым министрлігінің №148 бұйрығымен 11.03.2003ж. бекітілген. 
Алматы: 2003. 
6. Қарақов А. Дене шынықтыру-сауықтыру жүйесінде болашақ мамандардың 
кәсіби  дайындығын  жетілдірудің  ғылыми-педагогикалық  негіздері.  Пед.ғыл.док. 
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. А.Қарақов. 
– Түркістан, 2008. – 44 б.  
7.  Төтенайдың  Базарбегі.  Спорт  атауларының  орысша-қазақша  сөздігі.  – 
Алматы: Ана тілі, 1994. 
 
 
УДК : 259.144 
 
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ САБАҚТАРЫНДА ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҚАҒИДАЛАРЫН 
ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІН АНЫҚТАУ 
 
Мұқаметәлі Т., Ноғайбеков Н.Т. 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті 
T.mukametali@gmail.com
arlan86-86@mail.ru 
 
Қаңдай  бір  мақсаттарды  шешпесін,  әрбір  дене  шынықтыру  мұғалімі  дене 
тәрбиесі  жүйесінің  қағидаларын  басшылыққа  алуы  міндетті.  Қағидалардың 
әрқайсысының  толықтай  орындалуы  оқытушының  қызметіне  байланысты. 
Қағидалар  әр  сабақ  сайын  бір  мезгілде,  жас  ерекшеліктеріне  қарамастан,  дене 
тәрбиесі жүйесіне сүйене отырып жүзеге асырылуы тиісті. 
Каждый учитель решая любые задачи руководствуется принципами системы 
ФКиС.   
Полное решение принципов зависит от деятельности преподавателя. Принцип 
оздоровительной  направленности  при  проведение  урока  физической  культуры  это 
применение  оздоровительных  и  развивающих  факторов.  Если  анализировать  эти 
принципы  с  помощью  физической  культуры  решаются:  во  первых  восполнение 
жизненно важных движении, во вторых активизация работоспособности организма.    
Every teacher  deciding any tasks follows  principles of  the system physical  culture 
and sport.   
The  complete  decision  of  principles  depends  on  activity  of  teacher.  Principle  of 
health  orientation  at  conducting  lesson  of  physical  culture  this  application  of  health  and 
developing  factors.  If  to  analyse  these  principles  by  means  of  physical  culture  decide:  in 
the  first  filling  in  vitally  important  motion,  in  the  second  activation  of  capacity  of 
organism.    
 
Сауықтыру бағыттағы қағидалар дене тәрбиесі сабағын ұйымдастырып өткізу 
кезінде  мұғалім  дамытушылық,  сауықтырушылық  қызметі  басшылыққа  алу  деп 
білеміз. Бұл
 
қағидаларды талдайтын болсақ, дене тәрбиесі көмегіменен біріншіден - 
қазіргі  өмір  жағдайында  пайда  болатын  қозғалыс,  қимыл  белсенділігіндегі 
кемістіктерді  өтеу;  екіншіден    организмнің  қызмет  атқарушылық  мүмкіншілігінің 
жұмыс  қабілеттілігін  арттыру  және  қолайсыз  әсерлерге  қарсылығын  жетілдіруді 
айқындайды.  
Бұл қағидалар төмендегі негізгі талаптарды орыңдағанда ғана жүзеге асады:  
     1.  Сауықтыру  бағалылығы  бар  ғылыми  негізделген  дене  тәрбиесінің  құралдары 
мен әдісі қолданылуы керек.  

     
 
 
131 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
2. Денеге түсетін жүктеме оқушылар мүмкіншілігіне байланысты жоспарлануға 
тиісті.  
3. Дәрігерлік-педагогикалық бақылау кез келген оқу-тәрбие процесінде міндетті 
элемент болуы қажет.  
4. Санитарлық тазалық талаптарды сақтау, күнді, ауа мен суды тиімді пайдалану 
-  міне  бұның  бәрін  дене  жаттығуларымен  айналысуды  ұйымдастырғанда  еске  алып 
отыру керек. 
Жеке  тұлғаның  жан-жақты  даму  қағидасы  қоғамдағы  адамды  тәрбиелеу 
жүйесінің  мақсатын  айқындайды.  Дене  тәрбиесінде  бұл  қағидалар  екі  негізгі 
талаптың орындалуын қарастырады:  
1.  Дене  тәрбиесінің  міндеттерін  шешу  ақыл-ой,  еңбек,  адамгершілік  және 
эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыста жүргізілуі керек.  
2.  Дене  тәрбиесі  бойынша  жүргізілетін  жұмыстарды  жоспарлағанда  дене 
қабілеттілігінің  келісімді,  үйлесімді  дамуы.  Қозғалыс  біліктілігі  мен  дағдысы  және  
арнаулы біліммен қарулануы қамтамасыз ететіндей етіп жоспарлау қажет. 
Еңбек  және  қорғаныс  практикасымен  байланыс  қағидасы  тәрбиенің  барлық 
жүйесінің  қолданбалы  бағытын  білдіреді,  Бұл
 
қағиданың  шешілуі  төмендегі 
талаптарды орындау арқылы жүзеге асырылады.  
1.  Дене    тәрбиесінің    мазмұны    бәрінен  бұрын  өмірге  қажетті  жүру,  жүгіру, 
секіру,  жүзу т.б.  кезіндегі  біліктілік  пен  дағдыларын  қалыптастыру  қажет. 
Дене тәрбиесінің бұл талаптары оқу бағдарламаларында жүзеге асырылған.  
2.  Жан-жақты  дене  тәрбиесі  арқылы  адамның  дене  дайындығы  кең  көлемде 
жүргізілуге  тиісті,  өйткені  оның  қабілеттілігі  әртүрлі  еңбек  және  әскери  істерді 
игеруге мүмкіншілігі болатындай дәрежеде болу керек.  
3.  Еңбек  және  патриоттық  тәрбие  беру  ісінде  дене  жаттығулармен  айналысуды 
кең көлемде пайдалану қажет.  
Дене  тәрбиесі  жүйесінің  қағидасы  өзінен  өзі  практикалық  жұмыстарға  ену 
мүмкін  емес.  Оны  жүзеге  асыруға  тиісті  деңгейде  экономикалық,  материалдық, 
техникалық,  әдеуметтік  және  мәдени  негіз  болатындай  жағдай  қажет.  Аталған 
қағидалардың іс жүзіне асырылуы осы базаларға тәуелді. Бұлай болмаған жағдайда 
ұрандалған қағидалар утопиялық шақыруларға айналуы мүмкін. 
Мысалы,  көпшілікті  қамтитын  дене  шынықтыруды  жалпы  халықтыққа 
айналдырамыз  деген  ұран  қажетті  материалдық  база,  спорттық  құрал  жабдықтар 
болмаған 
жағдайларда 
денешынықтыру 
саласындағы 
қызметкерлерді 
көзбояушылыққа итермелейді. Ал мұндай жұмыстан нәтиже күту қиын. 
Дене  тәрбиесі  жүйесінің  сипаттамасында  "принциптер"  түсінігі,  күрделі 
әлеуметтік-педагогикалық құбылыстың жетекші заңдылықтарының өмір сүретіндігін 
ашып  көрсету  үшін  қолданылады.  Нақты  педагогикалық  жұмыс  барысын  жүзеге 
асыруда  оларды  басшылыққа  алуға  әрбір  мүғалім  міндетті.  Мысалы,  қазіргі 
кезендегі  қоғамымыздың  даму  бағытындағы  принциптерге  сәйкес  оқытудың  кез 
келген саласы баланың жеке қасиеттерін қалыптастырумен бірге қатар жүруі қажет. 
Әскери  және  еңбек  іс-тәжірибесіне  байланысты  принциптерге  сәйкес  дене 
жаттығуларымен  шұғылданудың  мазмұны  оқушыны  өмірге  дайындаудың  мына 
қажеттіліктерін  ашып  көрсетуі  тиіс:  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  принципіне 
сәйкес  кез  келген  козғалыс-қимылына  үйрету  баланың  адамгершілігіне,  ақыл-ой 
және  эстетикалық  дамуына  ықпал  етуі  тиіс,  яғни  сауықтыру  бағытындағы 
принциптерге  сәйкес  әрбір  педагогикалық  қызмет  барысын  жоғарғы  сауықтыру 
тиімділігіне  бағыттаған  жөн.  Дене  тәрбиесі  жүйесіне  тән  бұл  жалпы  принциптер 
оқыту  принциптерімен  қоса  жеке  принциптер  аркылы  да  жүзеге  асырылады. 
Мысалы, 
жекелік, 
дербес 
принципін 
жүзеге 
асырғанда 
баланың 

     
 
 
132 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
психофизиологиялық  қызметіне  жағымсыз  әсер  ететіндей  қозғалыстар  қимылын 
іріктеп, яғни тиімсізін алып тастауға мүмкіндік береді.  
Дене  тәрбиесін  педагогикалық  жүйе  ретінде  сипаттайтын  заңдылықтардың 
көп  түрлілігіне  байланысты,  принциптер  үш  өзара  байланысты  мына  топтарға 
бөлінеді:  оқыту  припциптері  немесе  арнаулы  білім  мен  қозғалыс  дағдыларының 
заңдылықтарын қалыптастыратын принциптер; дене мүмкіншіліктерін тәрбиелейтін 
принциптер  немесе  кушті,  шапшаңдыңты  т.б.  арттыратын,  сонымен  бірге 
заңдылықтарды ашатын принциптер; дене жаттығуларымен шұғылдану кезіпде жеке 
тұлга ретінде баланы тәрбиелеу принциптері. Педагогиканың негізгі бір бұтағы бола 
отырып, дене тәрбиесінің үйрету материалдарының ерекшеліктерін есептей отырып 
жүзеге асырады. 
Балалардың  оқуға  деген  саналы  түрде  және  белсенді  көзқарасын 
қалыптастыру  қажеттілігі  саналылық  және  белсенділік  принциптерінде  қаралған. 
Қызметтік  мүмкіншіліктерінің  ұқсастығы  негізінде  оларды  көзқарас  принциптері 
тобына біріктірген жөн. 
Оқу  жүйесінің  нәтижесін  нақты  бағалау  қажеттілігі  беріктік  және  ғылыми 
принциптерінде  қарастырылған.  Қызметтік  мүмкіндіктерінін  ұқсастығы  негізінде 
сұрыптау, бағалау принциптері тобына бірігеді. 
Оқу  материалының  ең  тиімді  құрылымын  жасау  қажеттілігі  қайталау

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет