Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2015



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата04.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#3357
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

СЛАВА  ТАКОМУ  НАРОДУ! [1,235] 
 

     
 
 
114 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Интегрирующей  семой  в  приведенных  выше  значениях  слов  является 
общепринятая сема «общность, единство». Но в поэме О.Сулейменова в слове народ 
на  первый  план  выходят  авторские  семы  «  Родина,  первый,  победа,  величие, 
осуществление давней мечты». Родина – это еще одно понятие, объединяющее всех 
героев  в  общий  род,  поэтому степь в  поэме  автор  называет  матерью,  Родину  – 
женщиной. Своя, родная земля, степь – один из центральных концептов поэмы, что 
отражает приоритеты национальной картины мира. 
Еще  шире  в  поэме  значение  местоимения  мы:  это  человечество,  значит 
Гагарин  -    представитель  всего  человечества.  Вот  почему  «Земля,  поклонись 
Человеку!». 
          Именно  с  земли  человек  смотрит  всегда  на  небо,  видит  звезды,  «вчерашние 
туманные»  и  «сегодняшние  яркие».  Здесь  можно  отметить  изменение  значения 
концепта  «звёзды».  Вначале,  далеко  до  полета,  эти  звезды  «туманные»,  холодные, 
чужие  и  недосягаемые,  сегодня,  после  полета,  они  уже  яркие,  живые,  такими  их 
сделал  человек.            Далее  в  четвёртой  части  встречаем    «до  сегодняшних  близких 
звёзд»  и  «до  сегодняшних  взятых  звёзд».  Теперь  тайна  звёзд  почти  разгадана,  они 
стали  намного  ближе,  потому  что  до  них  долетел  человек,  он  взял  эти  звёзды, 
буквально  дотронулся  до  них  руками.  Теперь  человек  без  страха  смотрит  на 
маленькие мерцающие точки на ставшем близким небе. Так сочетание слова звёзды 
с прилагательными яркий, близкий, взятый изменило значение концепта «звёзды». 
Своеобразно представлен в поэме концептвремя.Реальное историческое время 
О.Сулейменов  разделил  на  два  огромных  по  протяженности  века:  первый  век  – 
предыстория, когда человек с суеверным страхом смотрел на чужие небеса и когда  
впервые осознанно обратил свои глаза и руки к небу. А Гагарин «оторвал от земли 
историю человека»,  «это стало началом  Второго Великого Века». Границей  веков 
явилось  время  покорения  космоса  человеком.О.Сулейменов  персонифицирует 
Землю,  наделяя  её  всеми  особенными  характеристиками  живого  человека.  Она 
прожила  долгую  жизнь,  по  Сулейменову,  она  прожила  первый  век,  полный 
невежества, войн, когда человек поклонялся земле и был благодарен тому, что живёт 
и творит на ней.  
 
Это долгий тяжёлый путь,  
 
Это жизнь, 
 
И твоя и чужая – наша. 
 
Первый век –  
 
Время поисков, 
 
Не забудь, 
 
Как поиск порою бывает 
 
Страшен.    (1, 223) 
Это всё позади, теперь путь земной продлился к самым звёздам: 
 
Я прошу: 
 
Человечество, не забудь, 
 
Что ты стало сегодня 
 
Значительно старше    (1, 224)  
Именно  полет  человека  в  открытый  космос  ознаменовал  для  Земли  начало 
второго века, века открытий и побед. 
Из  анализа  поэмы  видно,  что  человек,    находясь  в  центре  неразрывного 
единства  пространства  и  времени,    не  только  определяет  все  окружающие  его 
предметы  и  явления,  но  и  изменяет  их.  Это  отражается  в  пересечении  полей 
концептов  человек,  пространство  и  время,    а  это  в  свою  очередь  позволяет  нам 
говорить  о  неразрывности  рассматриваемых  элементов  концептосферы  О. 
Сулейменова. 

     
 
 
115 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Таким образом,  на основе анализа даже ограниченного языкового материала 
одной  небольшой  поэмы  можно  говорить  о  том,  что  связь  концептов  время  и  
человек,  а  также  пространство  (земля)    в  произведениях  О.Сулейменова    явно 
представлена в тексте и проявляется в их взаимодействии, взаимном раскрытии, при 
котором представители одного концепта указывают на наличие другого. Это еще раз 
подтверждает,  что  рассмотренные  концепты  составляют  основу  концептосферы 
О.Сулейменова, которые автор наполняет индивидуальными элементами значения. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1.
 
Сулейменов О. Преодоление. Стихи и поэмы. А-А., 1987. 
2.
 
Володина 
Н.В. 
Концепты, 
универсалии, 
стереотипы 
в 
сфере 
литературоведения. М.: Флинта, Наука, 2010. 
3.
 
Ожегов С.И. Словарь русского языка. М., 1972. 
 
ӘОЖ 39
(
594)
 
ШОҚАН ТУРАЛЫ ЖАЗЫЛМАҒАН ДЕРЕКТЕР  
 
З.С. Сламбековт.ғ.к., доцент 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Қазақ жерін Ресей империясының отарлау саясаты мәнінің әлі де, жан жақты 
зерттелмеуі  салдарынан,  қазақ  халқының  өткен  кезеңдерінің  көлеңкелі  тұстары 
баршылық.  Соның  ішінде,  Х1Х  ғасырдың  ортасында  өмір  сүрген,  алғаш  қазақтан 
шыққан  ғалым  Шоқан  Шыңғысұлы  Уәлихановтың  саяси-қоғамдық  қызметі  және 
өмірі. Аталмыш мақалада автор Ш.Уәлихановтың өліміне қатысты, айтылмай келген 
деректі, сол кездегі саяси жағдайлармен байланыстыра ұсынады.  
В  истории  казахского  народа  есть  белые  пятна,  которые  образовались  в 
результате  неполного  изучения  колонизации  казахских  земель  Российской 
империей.  В  том  числе,  жизнь  и  общественно-политическая  деятельность  первого 
казахского  ученого  Х1Х  века  Чокана  Валиханова.  В  данной  статье  автор 
рассматривает  неопубликованные  источники  связанные  со  смертью  Ч.Валиханова 
связывая политическим положением того времени. 
In the history of the Kazakh people have white spots, which were formed as a result 
of  an  incomplete  study  of  colonization  of  Kazakh  lands  by  the  Russian  Empire.  In 
particular,  the  life  and  political  activity  of  the  first  Kazakh  scientist  1  century  Ciocan 
Valikhanov. In this article the author examines unpublished sources related to the death of 
Ch.Valikhanov linking the political situation of the time. 
Кілт сөздер: Қазақстан тарихы, дерек, ресей империясы, отарлау саясаты. 
  
Қазақ  халқының  ұлт  болып  қалыптасуының  рухани  бастауының  алыптары  
Ыбырай  Алтынсарин,  Шоқан  Уәлиханов  және  Абай  Құнанбаевтар  сол  заманның 
тарихи сұраныстарынан туындаған тұлғалар болатын. ХХ ғасыр басында   халқының 
мұңы мен зарын терең  түсінген, азаматтық мақсаты мен борышын  
«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам, 
Қараңғылықтың  кегіне  күн  болмағанда  кім  болам»  -  деп,  жалынды  ақын 
Сұлтанмахұмұт Торайғыров армандаған қазақ аспанына Шоқан Уәлиханов дәстүрлі 
көшпелі  қоғамнан,  ресей  империясының  отарлау  саясаты  нәтижесінде  батыс 
мәдениетіне біртіндеп жақындау барысында сүрген өмірі аққан жұлдыздай болса да, 
халқына  сіңірген  еңбегі  мен  ғылымдағы  алатын  орыны    жарқырап  шыққан  күндей 
болды. 

     
 
 
116 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Шоқан  Уәлихановтың  шығармалары  бес  томдық  көлемде  академик  Әлікей 
Хақанұлы  Марғұланның  жинақтауымен  басылып  шықты.  Оның  география, 
этнография, тарих, этнология ғылымдары бойынша жазған еңбектері және қоғамдық 
саяси  көзқарастарымен    қызметі  туралы  көптеген  ғылыми  зерттеулер  жарық  көрді. 
Дегенмен  де  бұл  зерттеулердің  кеңес  дәуіріндегі  социализм  идеологиясы  үстемдігі 
тұсында  Шоқанның  саяси  қоғамдық  көзқарастары  мен  қызметін,  өмірінің 
шындығын,  оның  сан  қырлы  жақтарын  жан  жақты  терең  ашып  көрсетуге 
мүмкіндіктері  болды  ма  деген  сұрақтарға  жауап  керек  сияқты.  Шоқан  өмірін 
зертеуге саналы ғұмырын арнаған энциклопедияшы ғалым Әлікей Марғұлан Шоқан 
туралы  өзі  ғана  білетін  көп  дүниелерді  жариялай  алды  ма.  Кеңестік  империялық  
саясат  жағдайында,  оның  репрессиялық  озбырлығын    өз  басынан  өткерген  ғалым 
бүгін тірі болса Шоқанның саяси көзқарастары мен өмірі туралы құпия болып келген 
деректерді  жария  етер  еді.  Олай  дейтін  себебім,  жаңылмасам,  1984  жылы  ақпан 
айында  Мұхтар  Әуезовтың  музей  үйінде,  белгілі    фольклоршы  ғалым  Рахманқұл 
Бердібаев  Әлікей  Марғұланмен  кездесу  ұйымдастырып,  зиялы  қауым  өкілдері 
алдында  Ол  Шоқан  туралы  қызықты  әңгімелер  айтты.  Кездесу  теледидар  арқылы 
көрсетілді.  Бұрын  соңды  дидарын  көрмеген,  даусын  естімеген  атақты  ғалымның 
әңгімесі  аса  тартымды  болды.  Сөйлемінің  құрылымы  өте  жинақы,  артық  бояма 
көркем сөзі жоқ. Таза ғылыми қазақша тілде, өзіне тән қоңыр даусымен бір сағаттай 
сөйлеген  болатын.  Атақты  жазушы  Сәбит  Мұқановтың    Шоқан  туралы  жазған 
«Аққан  жұлдыз»  тарихи  көркем  романындағы  Шоқан  мен  әкесі  Шыңғыстың 
арасындағы қатынастардың кеңестік идеологияға икемделініп, жаңа демократиялық 
және 
ескі 
феодалдық 
көзқарастардың 
қайшылықтарының 
көріністеріне 
сәйкестендіріле  суреттелуін  Әлікей  атамыз  жақтырмай,  Сәбитте  жаза  берген  ғой, 
деп,  мәселенің  идеологияландырылған  астарына    мән  берген  болатын.  Шоқанның 
Омбыдағы  жігіттік  шағы  туралы,  оның  өзінің  қатарластарынан  шоқтығы  биік 
тұратындығын, жан-жақты білімділігін, алғырлығы және тектілігіне тән такаппарлық 
қасиетін,орыс  ақсүйектері  қауымдастығы  өкілдері  сауық  кештерінде  қыз 
келіншектер  алдында  жеке  басының  тартымдылығымен  ерекше  көрінетіндігін  атап 
өткен  еді.  Шоқан  жас  кезінде  сері  болған,  орыс  офицерлері  арасында  кең  тараған 
преферанс ойынын жақсы білген, шараптан да бас тартпаған, тіпті, бір қыста карта 
ойынынан  отыз  сегіз  сиырдың  құны  болатын  ақша  ұттырған  деп  Шоқанның  жас 
адамға тән іс әрекеттерінен кейбір мағлұматтарды  айтқан еді. Орта Азияға жасалған 
Черняевтің экспедициялық  корпусының  жорығына қатысқан Шоқан патша үкіметі 
әскерінің  аяусыз  басқыншылық  саясатына  наразы  болғандығын  жалпылама  ғана 
сипаттаған  болатын.  Өзі  білетін  деректерді  ашық  айту  коммунистік  иддеология  
үстемдігі жағдайында мүлдем мүмкін емес еді. 
Шоқан Уәлихановтың өмірінің соңғы жылдарының белгісіз  жақтары туралы 
соңғы кезде біраз мәселелер қозғалып жүр. Солардың ішінде ерекше назар аударуға 
тұрарлығы  кеңес  одағы  кезіндегі  мемлекеттік  қауіпсіздік  комитетінің  полковнигі 
Б.Қыстаубаев  деген  азаматтың  «Тайна  Чокана  Валиханова»  деген  деректік 
материалдарға  негізделіп  жазылған  кітабы.  Бұл  еңбекте  Шоқан  өмірінің  қызметі 
және  оның  қоғамдық  саяси  көзқарастарына  байланысты  патша  үкіметінің  іс 
әрекеттері  туралы  материалдар  негізінде  Шоқан  өлімінің  құпиясына  қатысты 
болжамдар жасалған. 
Бұл мәселе жөнінде әлі жарияланбаған дерек деп айтуға толық негіз  болатын, 
белгілі қоғам қайраткері, атақты жазушы Әнуәр Әлімжановтың өз аузынан естігенін, 
осы жолдар авторы оқырман назарына ұсынып отыр. 
1991  жылы  қыркүйек  айында  Қазақтың  мемлекеттік  университеті  (КазГУ) 
жанындағы  Қоғамдық  ғылымдар  пәндері  оқытушыларының  біліктілігін  арттыру 
институтының  бес  айлық  курсында  тыңдаушы  болған  едім.  СССР-дің  ыдырау 

     
 
 
117 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
процесінің тоқтаусыз жүріп жатқан уақыты. КПСС  биліктен айырылып, саяси ұйым 
ретінде тарап біткен. Институт басшылығы әр апта сайын республикамыздың белгілі 
қайраткер  тұлғаларымен  тыңдаушыларды  кездестірулерді  ұйымдастырып  тұратын. 
Сондай  бір  кездесу  Әнуәр  Әлімжановпен  өткізілді.  Орысша  жазса  да,  қазақша 
шешен  сөйледі  екен.  Еліміздегі  болып  жатқан  экономикалық  саяси  процестердің 
халықаралық  жағдайлармен  байланыстылығын,  СССР-дің  ыдырауының  заңды 
құбылыс  екендігіне  және  обьективтілігіне  талдаулар  жасап,  оның  субьективті 
себептеріне  де  тоқталып,  біраз  оған  мысалдар  келтірді.  Сонымен  бірге,  отарлау 
саясаты  мен  отарлаудың  ыдырауын  әлемдік  даму  процестермен  байланыстыра 
айтқан  лекциясында  Қазақстанның  отарға  айналуы  және  оны  жүзеге  асырудағы 
патша үкіметінің саясатының ұлы державалық шовинистік мәнінің ерекшеліктеріне 
тоқталды.  Отарлау  саясатына  қарсы  ұлт  азаттық  қозғалыс  мәселелерінен  шыға 
отырып,  Шоқан  Уәлихановтың  социал  демократиялық  козқарасы  және  қызметтері 
туралы ойларын ортаға сала келіп,оның өлімінің құпиясы туралы өзі куә болған,әлі 
күнге дейін жарияланбаған оқиғаны айтқан еді. ХХ ғасырдың елуінші жылдарының 
соңында,  Алматы  облысының  Кербұлақ  ауданындағы  Шоқан  Уәлиханов 
совхозының  орталығына  Шоқанның    мемориалдық  кешенін  салу  құрылысы 
басталады.  Ауыл  шетіндегі  төбенің  етегінде  жерленген  Шоқанның  мәйтін  төбе 
үстіне,  көрнекі  жерге  қайта  жерлеп,  басына  ескерткіш  орнату  туралы  шешім 
қабылданып,  арнайы  мемлекеттік  комиссия  құрылады.  Комиссия  құрамына 
Қазақстан  жазушылар  одағына  жақында  тағайындалған  Ә.Әлімжанов,  Ұлы  Отан 
Соғысы  қарсаңында  Әмір  Темірдің  мәйтін  ашқан  атақты  антрополог  ғалым 
М.М.Герасимов  т.б.мүше  болып  кіреді.  Шоқан  қабірін  ашқан  Герасимов  мәйіттен 
күштеумен  өлтірудің  айқын  белгісін,  мойнының  үзілгендігін  анықтаған.  Тез  арада 
бұл мәселе туралы сол кездегі Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші 
хатшысы  Д.А.Қонаевқа  хабарлайды.  Кеңестік  идеологияның  дүрілдеп  тұрған 
уақытында  Шоқанның  өлтірілуінің  жария  етілуі  халықтар  достығына,  кеңестік 
интернационализм мүдделеріне қайшы келетіндіктен республика басшысы «жабулы 
қазан жабулы күйінде қалатындығын» және оның мемлекеттік құпия болатындығын 
ескертеді.  Ә.Әлімжанов  басы  қасында  болған  бұл  мәселені  алғаш  рет  жария  етіп 
тұрмын деген болатын. 
Жасы  отызға  ғана  толған  Шоқан  өлімі  туралы  кеңестік  дәуірде  оның  құрт 
ауруымен  ауырғандығы  туралы  сан  қилы  болжамдар  айтылып  келген  болатын. 
С.Мұқанов  өзінің  «Аққан  жұлдыз»  романында  бала  Шоқан  оқуға    Омбыға  бара 
жатқан жолда, ел ішінде силы бір әйелдің ақ тілек айтып, бетінен сүйгенін, аурудың 
содан жұққан болуы керек дейді. Кейбір болжамдарда Шоқанға Санкт Петербургке 
барған сапарында ылғалды ауа әсер еткен дегенге саяды. Шын мәнінде, Шоқан құрт 
ауруымен  ауырса,  әлемдік  өркениетке  беймәлім  болып  келген  Қашқарияға 
мемлекеттік  құпия  тапсырмамен,  ұзақ  сапарға  қалай  барып  келді.  Науқас  адамды 
бұндай  жауапты  да,  қауіпті  сапарға  үкімет  қалай  сеніп  жібереді.  Әкесіне  жазған 
соңғы  хатында  Шоқан  өзінің  күн  сайын  әлсіреп,  солып  бара  жатырмын  деп  неге 
жазады.  Ә.  Марғұлан  Шоқанның  соңғы  үш  хатындағы  жазуды  әлсіреген,  ауру 
меңдеген адамның қол таңбасы деп айтуының нендей сыры болуы мүмкін. 
Ш.Уәлиханов  өзінің  қоғамдық  саяси  көзқарасы  жағынан  сол  кезде  Ресейде 
алдыңғы  қатарлы  зиялы  қауым  арасында  қалыптасып  келе  жатқан  социал 
демократиялық  қозғалысқа  жақын  болатын.  Батыс  европа  елдерінде  кең  тараған 
социал  демократия  жолындағы  қозғалыста,  сол  бағытта  саяси  партиялар 
қалыптасып, олар саяси аренаға шығып,парламентаризм дами бастады. Ал, Ресейде 
орыс  шаруаларының  басы  байлылығы  енді  ғана  жойылған  еді.  Әлі  де  империяның 
саяси құрылымына демократияның ықпалы жат болатын. Батыс елдері алдына Ресей 
қоғамының өзіндік ерекшеліктерін абсолюттендіріп, самодержавиелік монархиялық 

     
 
 
118 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
биліктің ағартушылығын әсірелеп көрсететін. Қазақ жерін, Орта Азияны отарлауды 
артта қалған мешеуліктен, орта ғасырлық надандықтан азат ету деп көрсетуге қанша 
тырысса  да  отаршыл  саясаттың  озбырлығы  орыс  социал  демократтары  арқылы 
батыс  елдерінің  ақпарат  құралдарына  жетіп  тұратын.  Лондонда  1855  жылы 
А.И.Герцен мен И.П.Огарев «Колокол» журналын шығарып, оның беттерінде Ресей 
империясының  бұратана  халықтарды  отарлаудағы  саясатының  қатігездігін 
әшкерелейтін мақалалар жарық көре бастайды. Бұндай жарияланымдар Ресей билігі 
ағартушы  самодержавиенің  европа  қауымдастығы  алдында,  оның  саясатының 
астарын әшкерелеп, абыройын түсірді. Сондықтан, өзі куә болған Шоқан Черняевтің 
экспидициялық  корпусының  Әулие  Ата  қаласын  зеңбірекпен  атқылап,  халқына 
көрсеткен  аяусыз  қатігез  іс  әрекеттерін  үнсіз  қалдырар  ма  еді.  Черняев  жорығына 
қатысқан Шоқан наразылығын білдіріп, одан кетіп қалғаны белгілі оқиға. Европада 
Парижде  тұратын,  Шоқанды  өзінің  туған  бауырынан  артық  көретінін  хатында 
жазған  Ф.Достоевскиймен  арасында  тығыз  байланыс  болды.  Хат  арқылы  Ресей 
империясының қоғамдық саяси өмірі мәселелері жөнінде пікірлер алмасып тұратын.   
Оңтүстіктегі  қазақ  жерін  отарлаудағы  патша  үкіметінің  саясатының  әшкере 
болуы қаупі және ұзақ уақыт Ресей империясының сыртқы барлауында қызмет еткен 
Шоқанның саяси көзқарасының сенімсіздігі  оның өлімінің себебі болды ма екен. 
 
 
ЖУРНАЛИСТ ИМИДЖІ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ОБРАЗ 
 
Құтымова Гүлфайруз Нұрғалиқызы, магистр, оқытушы 
Айтбаева Бақытгүл Қайырбекқызы, магистр, оқытушы 
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 e-mail: 
gnurgalievna@mail.ru
 
 
Межелеген  мұратқа  жету  үшін,  адресаттың  қызығушылығын  оятып,  күткен 
сапасын алдына арту ең тиімді жолдардың бірі. Журналист өзінің әлеуметтік статусы 
мен  имиджін  орынды  пайдалана  алса  ғана  ресми  қарым-қатынасты  арада  сенім 
орнаған қатынасқа айналдыра алады. Орын алған жағдайға қарай әрекет етіп, соған 
сай  болатын  қарым-қатынас  жолын  таба  білсе  ғана  алға  қойған  мақсатына  жетеді. 
Қажетінше орнаған жағдайға қарап өз мүмкіндіктерін де бағалай алса шешімі қиын 
мәселелерді шеше алады. 
Для  того,  чтобы  достичь  идеалов  плановой  назначения  интереса,  один  из 
самых эффективных способов повышения качества ожидаемого. Если использование 
образа  социального  статуса  журналиста  и  установления  доверия  в  будущее 
отношений  круга.  Действовать  в  зависимости  от  ситуации  ,  это  было  только  в 
состоянии  найти  способ  общения,  чтобы  достичь  поставленных  целей  .  Если 
необходимо оценить возможность рассмотреть ситуацию в создании решения может 
быть трудно решить эти вопросы. 
 
In order to achieve the ideals of a planned destination of interest , one of the most 
effective ways to improve the quality expected. If you use the image of the social status of 
journalists and the establishment of confidence in the future of relations between the circle. 
To act according to the situation , it was only able to find a way to communicate to achieve 
your goals . If you want to evaluate the possibility to consider the situation in the creation 
of solutions can be difficult to resolve the issues. 
Кілт сөздер: БАҚ, психология, манипуляция, позиция, реплика. 
Белгілі  бір  көпшілік  қатысқан  процестерде  журналист  әр  жақтың 
психологиялық ерекшеліктерін нақ әрі толықтай ескеріп, санасып отыруы керек. Ең 
бір  талап  етілетін  жәйт  -  өзіңнің  мүмкіншіліктеріңді  біліп,  кәсібилік  қасиеттерін 

     
 
 
119 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
бағалай  алуы  қажет.  Ол  өзінің  аудиторияға,  билікке,  қалыптасқан  кәсібилік 
парызына  деген  қатынасын  белгілеп  алуы  шарт.  Осыған  байланысты  БАҚ 
өкілдерінің  мақсаттары  мен  тапсырмалары  анықталып,  қоғаммен  қарым–қатынас 
қалыптастырады.  Сондай  –  ақ,  журналисте  басқару,  үйіріп  әкету  қабілеті  болуы 
керек. Ал бүгінде әлеуметтік – психологиялық басқару әдістері журналистер қауымы 
үшін нағыз керекті сала. Басқарудың әлеуметтік  – психологиялық әдістері ұжымды 
қалыптастыру  әрі  дамыту  процесіне,  олардың  өз  араларындағы  әлеуметтік 
процестерге  ықпал  етудің  нақты  амалдары  мен  тәсілдерін  білдіреді.  Бұл  әдістердің 
мақсаты  –  адамдардың  өсе  түскен,  яғни  өскелең  әлеуметтік  қажеттіліктерін 
қанағаттандыру,  олардың  жан  –  жақты  үйлесімді  дамуын  қамтамасыз  ету  және 
осылардың  негізінде  жеке  тұлғаның  еңбекке  деген  құлшынысын,  ұжымдардың 
тиімді  еңбек  етуін  арттыру.  Басқару  әдістері  ең  алдымен  ықпал  етудің  бағытын 
анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен 
ерекшеленеді.  Бұл  сипаттама  адамдардың  мінез  –  құлқын  анықтайтын  және  тиісті 
әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.  
Әлеуметтік–психологиялық  әдістері  рухани  мүддеге  (қажеттілікке)  ықпал 
етудің  мүмкіндіктерін  пайдаланады.  Әлеуметтік  уәждеме  (мотивация)  саяси, 
моральдық,  ұлттық,  отбасылық  және  басқа  да  әлеуметтік  мүдделердің  бағдарын 
қарастырады. Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және 
ұйымдастырушылық  көрсеткіштері  арасында  тығыз  байланыс  болады.  Әлеуметтік 
мәселелерді  шешіп  алмайынша  еңбекке  деген  дұрыс  қатынасқа  (көзқарасқа) 
өндірісті  тиімді  дамытуға  қол  жеткізу  мүмкін  емес.  Әлеуметтік-психологиялық 
аспектіде  өндірістік  ұжымның  рөлін  қалай  ұғуға  болады?  Өндіріс  ұжымы  –  бұл 
қоғамның  пайдасы  үшін  бірігіп  қызметететін,  ортақ  мақсат,  ортақ  мүдде  бастарын 
біріктірген,  бәрі  біреу  үшін,  біреу  бәрі  үшін  жауап  беретін,  бір  ұйымға  жұмыс 
істейтін  адамдардың  жиынтығы.  Өндіріс  ұжымы  –  бұл  бірігіп  еңбек  ететін 
адамдардың  тек  жай  ғана  бас  қосуын  білдірмейді.  Ол  жекелеген  жұмыскерлер  мен 
олардың  топтары  арасындағы  тұрақты  әрекет  ететін  экономикалық,  өндірістік-
техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени тұрғыда қалыптасады. 
Басқарудың әлеуметтік әдістері әлеуметтік әр қилы әдістердің кең спектірін 
қамти алады:  
 - әлеуметтік – саяси;  
 - әлеуметтік реттеу;  
 - әлеуметтік бастама;  
 - моральдік ынталандыру.  
Әлеуметтік  нормалау  әдістері  әр  түрлі  әлеуметтік  нормаларды  енгізу 
жолымен  ұжым  және  жеклеген  жұмыскерлер  арасындағы  әлеуметтік  қатынасты 
оңайлатуға мүмкіндік тудырады. Бұл нормаға ішкі тәртіп ережесі, ұйым жарғысы, әр 
түрлі  кодекстер,  өндірістік  әдеп  ережелері,  тәртіпке  шақыру  формалары  жатады. 
Әлеуметтік  –  саяси  әдіс  –  бұған  қоғамдық  ұйымдардың  ықпал  ету  әдістері  кіреді. 
Әлеуметтік  реттеудің  әдістері  әр  түрлі  ұжымдардың  топтардың,  тұлғалардың 
мүдделері мен мақсаттарын анықтау және реттеу жолымен әлеуметтік қатынастарды 
ретке  келтіріп,  үйлестіруде  пайдаланылады.  Моральдік  ынталандыру  әдістерін  өз 
қызметтерінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген жеке жұмыскерлерді, ұжымдарды 
көтермелеу үшін қолданады.  
Басқарудың  психологиялық  тәсілдері  адамдар  арасындағы  қарым-
қатынастарды  ұжымда  үйлесімді  ахуал  жасау  арқылы  реттеуге  бағытталған. 
Басқаруды ұйымдастыру адам психикасының жұмыс істеуі, яғни дүние таным, қиял, 
ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде жүзеге асады. Соныдқтан, адамның 
уақыт сәтіндегі психикалық ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және 

     
 
 
120 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
тура  әсер  етіп  қана  қоймайды,  барлық  ұжымның  іс-қызмеи  қорытындыларына  да 
әсер  етеді.  Басқаруды  ұйымдастыру  мен  жүзеге  асыру  кезінде  адамдардың  іс-
қызметтегі мінез-құлқының заңдарын ескеру қажет. Бұлар:  
 - адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге ұмтылады;  
 -  әрбір  адам  нәтижесінде  жарамды  формада  өзіне  ең  көп  шамадағы 
көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет етуге ұмтылады;  
 - әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын инстанция не 
айтса, соны істейді;  
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді:  
 - шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау;  
 - еңбекті ізгілендіру
Әлеуметтік–психологиялық  әдістері  рухани  мүддеге  (қажеттілікке)  ықпал 
етудің  мүмкіндіктерін  пайдаланады.  Әлеуметтік  уәждеме  (мотивация)  саяси, 
моральдық,  ұлттық,  отбасылық  және  басқа  да  әлеуметтік  мүдделердің  бағдарын 
қарастырады  [3].  Қарым-қатынас  барысында  журналистің  басты  мақсаты  -  ол 
объектпен  жоғары  дәрежедегі  түсіністік  орнатып,  көздегеніне  жету.  Егер  ол  қажет 
мәліметтердің  көзі  болса,  көп  нәрсе  журналистің  бет-әлпетіне,  өзін  қалай 
ұстағанына,  сөйлеу  мәнеріне,  басқалармен  араласуына,  сөйлесіп  отырған  адамның 
санасы  мен  көңіл-күйін  ажырата  алуына  байланысты  пайдаға  асады.  Межелеген 
мұратқа жету үшін адресаттың қызығушылығын оятып, күткен сапасын алдына арту 
ең  тиімді  жолдардың  бірі.  Журналист  өзінің  әлеуметтік  статусы  мен  имиджін 
орынды пайдалана алса ғана ресми қарым-қатынасты арада сенім орнаған қатынасқа 
айналдыра алады. Орын алған жағдайға қарай әрекет етіп, соған сай болатын қарым-
қатынас  жолын  таба  білсе  ғана  алға  қойған  мақсатына  жете  алады.  Қажетінше 
орнаған жағдайға қарап өз мүмкіндіктерін де бағалай алса шешімі қиын мәселелерді 
шеше алады. 
Тек  жалқаулар  ғана  бүгінгі  таңдағы  БАҚ-тың  кемшіліктерін  атағысы 
келмейді.  Ал  өз  жұмыстары  жайында  журналистердің  ойы  қандай  екен?  Өздеріне 
қаратылған  түрлі  сындарға  қандай  көзқарас  ұстанады?  Бұл  айыптаулар  нақты 
дәлелдермен  көрсетілген  бе  ол  ешкімді  қызықтырмайды.  Осы  мәселелерге  қарап 
тарих беттерін парақтасақ та мардымды ештеңе жолыға қоймады. Терең зерттелген 
сала тіл мәселесі екенін көреміз. Мысалы, "парламенттік сөздердің мәдениеті" атты 
жинақта Б.В. Колодкин сынды депутаттың - жастар санасына тіл арқылы әсер ету - 
деген сияқты, сонымен қатар А.П. Сковородникованың сөз саптаулары келтірілген. 
Аса қызық та жан-жақты басылымдар болып Америка зерттеушілерінің - "Баспаның 
төрт  теориясы"  және  "Масс-медиа  жөніндегі  тұжырымдар"  саналады.  Адам 
психологиясын зерттеген ғалымдар позицияны аса толық бір жинақ  деп есептейді. 
Сондай-ақ  сұхбаттасу  кезіндегі  кездесетін  психологиялық  түйткілдерге 
байланысты  психолог  мамандардың  бірнеше  кеңестері  бар.  Солардың  ішінде 
журналистер  қауымына  қатыстысын  талдап  өтсек,  респондентімен  алғаш 
кездескенде  сыпайы  амандасып,  танысу  -  алдағы  мақсаттарға  жетудегі  негізгісі. 
Екіншіден,  тілші  түйінді  мәселелер  себебін  іштей  зерделеп,  оны  респондентіне 
жеткізу жолын іздеу. Жеткізген жағдайда оның қабылдауы мен эмоциясын бақылап 
отырып, соған сай байыппен әрекет ету - фактіге қол жеткізу жолдары. 
Қарым - қатынас барысында қолданылатын адам санасы мен әрекетіне әсер 
ететін бірнеше тәсілдер бар. Олар: еліктеу, сендіру, еліктіру. Бұлардың механизмдері 
күрделі әрі сан қилы. Олар кең ауқымды жұмыс істейді. Осы арада сендірудің әсері 
жайында кеңінен зерттелген. Дегенмен тәсілдердің барлық түрлері де пайдаға асады. 
Еліктеу  -  бұл  басқа  біреудің  әрекетін,  мінезін,  қимылына  қарап  қайталау. 
Еліктеудің  құрамына  кіретін  негізгі  әрекет  көшбасшының  бар  болмысын  қайталау. 

     
 
 
121 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Ең  кең  тараған  түрі  -  конформизм,  яғни  кез-келген  күші,  билігі  бар адамға  еліктей 
салып, өз орныңды, жеке көзқарасыңды жоғалту, мүлдем дара әрекет ете алмау. 
Еліктіру - эмоциялы-психологиялық әрекеттің түрі. Бұл жерде аса маңызды 
рөл  қолпаштауы  көп  көшбасшыда  болады.  БАҚ-та  кең  тараған  тәсілдердің  бірі  - 
сендіру. Бұл тәсіл адамдардардың бойында басқа бір ерекше сезімнің пайда болып, 
жекешелену  қалпын  тудырады.  Әсіресе  көп  қолданылатындары  манипуляция 
арқылы, мифтік әңгімелер арқылы еліктіру, стереотипизация. 
Сендіру  -  бұл  адамның  білімі  мен  ой  санасы  арқылы  әрекет  ету.  Басқа 
тәсілдерге қарағанда бұл түрі біліп істелгендігімен ерекшеленеді. Ол міндетті түрде 
түрлі дәлелдер мен аргументтердің келтірілуін талап етеді. Бұл тәсілмен жұмыс істеу 
қате  пікірге  бой  алдырғандар  арасында  күрделі  болып  келеді.  Сендіруді  дұрыс 
пайдаланып,  онымен  жұмыс  істей  алу  -  журналистің  хас  шеберлігінен  хабардар 
етеді.  
Жоғарыда  аталған  әртүрлі  факторларда  оқырман  сондай  мол  өзіндік 
психологиялық  әсер  алады.  Қазіргі  заманауи  журналистика  саласында  БАҚ 
өкілдерінің  айналасында  қажетті  нәтижеге  жету  мақсатында  көптеген  түрлі 
эффектілер пайдаланылады. Бұл тәсілдерді жетік білудің қажеттілігі сонда, ол арылы 
жағымсыз әрекеттер жасауға жол берілмейді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы 
адам  санасымен  манипуляция  жасау  бүкіл  әлемде  белең  алған  жайт.  Сол  арқылы 
газет,  журнал,  телеарна,  радиохабарлар  түрлі  пікір  таратып,  жұрт  санасын 
басқарғысы келеді.  
Манипуляция  арқылы  әсер  етудің  негізгі  бөліктері  болып  сендіру  мен 
еліктіру,  еліктеу  саналады.  Бұлар  анық  сенім  ұялатпайды,  олар  адамның  эмоциясы 
арқылы  әлеуметтік  тұрғыда  әсер  етеді.  Манипуляцияның  негізгі  мақсаты  - 
аудиторияны  өзіне  бағынышты  етіп,  кез-келген  пікірмен  келісе  беретіндей  етіп 
жасап алу. 
Мифологизация  -  бұл  арнайы  ойластырылған  әлем  картинасы.  Бұл  жерде 
шындық  тұмандалып, құбылыстар түрлі  кейіпте елестейді. Пропагандалық  аңыздар 
шындықты  жасырып  "өтірік  сана"  тудырады.  Бұл  әсіресе  жастар  арасында  кең 
тараған  сендіру  түрі.  Әлі  ешқандай  тәжірибесі  мен  білімі  жоқ  жастар  алданып, 
тағдырлары тұмандалып қалып жатады. 
Сананы  стереотипизациялау  -  бұл  күнделікті  өмірге  еніп,  сіңіп  кеткен 
құбылыстар арқылы әсер ету. Психологиялық стереотиптер адамдарға тез әрі жедел 
түрде  өмір  заңдылықтарына  бағынуға  итермелейді,  өкініштісі,  адам  бойындағы 
шығармашылық  бастаулары  мен  рухани  байлығын  кемітеді,  сананы  тізгіндеп 
тастайды. Құралу барысында стереотип үш сатыдан өтеді - теңестіру, күшейту және 
ассимиляциялау. 
Манипуляция әдісі мен стереотипизация тәсілі қосылатын болса аса жоғары 
көрсеткіш пен эффект береді. 
Идентификация - бұл өзін басқа түрге жатқызудағы күрделі процесс.  
Өзін  басқа  қоғамға,  топтарға  жатқызу  арқылы  адам  сол  адамдардың 
әрекеттері мен мінез-құлықтарын бойына сіңіріп, өзін жоғалтып алады. 
Имиджмейкерлік  –  бұл  тауар,  адам,  әрекеттердің  арнайы  қызықтыру 
мақсатында ойластырылып жасалған болмысы. 
Имидж  болмыстың  бояуларын  қоюландырып,  сендіру  функциясын 
атқарады. Бұл жерде белсенді әрекет ететін құбылыстар - ол адам психикасын алдау, 
әлеуметтік-психологиялық ұстанымдар, ойдың ұшқырлығы, еліктіру. [4,153 бет]  
Клипмейкерлік  (клип,  түрлі  бейнелерді  түсіру)  -  бұл  арнайы  хабар 
таратудың  бір  түрі.  Басты  ұстаным  -  эмоцияның  шарықтауы  мен  сананың  әлсіреуі. 
Қайталау мен ашулы әрекетпен мінезделеді. Аса танымал "сары баспасөздің" басты 

     
 
 
122 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
ұстанатын  әдісі  болып  саналады.  Психологиялық  бастаушысы  ашу  мен  түрлі 
жағымсыз әрекеттер. 
Сенімді  мағлұмат  беру  –  бұл  аудиторияға  әсер  қалдыру.  Бұл  әрекет 
тәжірибелі журналистердің араласуымен жүзеге асады. Маңызды рөлді комментатор 
мен аудиторияның оған деген сенімі алады. Қарым-қатынас екіжақты диалог түрінде 
жүргізіліп, екі жақ та белсенділік танытады. 
Осы  әрекеттер  арқылы  БАҚ  пен  аудитория  арасында  белгілі  бір  байланыс 
туындайды.Айталық,  әрқайсысы  өз  мақсаттары  мен  қажеттіліктерін  көздейді.  Осы 
арқылы  бір-бірімен  әрекеті  түзіледі.  Бұл  екі  түрдің  әлеуметтік-психологиялық 
әрекеттерінің байланысы күрделі. Олар: 
-  мәліметтік  қысым  (аудитория  -  топ,  журналист  тарапынан  манипуляция 
құралы), 
- жаттану (екіжақты сенімсіздік), 
-  жаңалықпен  қамту  (шынайы,  нағыз  жаңалықты  алу  мақсатында  екіжақты 
қызығушылық), 
- тәрбие, жаһандану  (журналист  -  жаһандандырушы, білім мен мәдениеттің 
өсуіне себепші болады, рухани азықпен қамтамысз етуші), 
-диалог  (бір-біріне  деген  сенім  мен  бағалау.  Орын  алған  мәселені  бірлесе 
шешу). 
БАҚ  пен  аудиторияның  бір-бірімен  байланысының  нәтижелері  мынадай 
эффектіні көрсетеді: 
- утилитарлық (өмірлік мәселеледі шешуге талпыну), 
- заманауи (престижный), 
- позицияны күшейтудегі эффект, 
- танымдық қызығушылықтарды қанағаттандырудағы эффект, 
- эмоциялық, 
- эстетикалық, 
- жайлылық эффектісі. 
Жиі  кездесетін  жағдайлардың  бірі  журналист  позициясының  айқын  емес 
жасырын  көрініс  табуы.  Жазу  үшін  журналистке  белгілі  бір  аргументтер  беріледі, 
бірақ олар фактілермен дәлелденбегендіктен шынға жанаспай қалады.  Осы іспеттес 
құбылыс "псевдоаргументация" деген атқа ие. Мысалы: Оппозиционерлердің түйсігі 
өз  қарсыластарына  қарсы  жұмыс  істейді.  Бұрынырақта  қызмет  баспалдағымен 
көтерілу үшін міндетті түрде жоғарыдағы "ағалармен" бөлісу керек болатын. Онсыз 
мүлдем мүмкінемес[5]. 
Шындық  пен  дәлелсіз  жазылған  бұл  мәтін  арқылы  журналистер  қоғамды 
"оппозиционерлер тек нашар адамдар" деген ойға еріксіз итермелейді. Журналистік 
мәтін  көбінесе  жеке  дара  арнайы  сөздерге  бай  болады.  Олар  мәтін  ішінен  арнайы 
орын алып тұрады. Осындай сөздер "индикатор сөздер" деп аталады.  Олар оқырман 
назарын  байқатпай  бұрып  отырады.  Расында  мұндай  сөздер  сендіру  үшін  өте 
қолайлы құрал. Мысалы: Эх, өсекшілер, өсекшілер, сендер болмасаңдар біз не істер 
едік![5] 
Жоғарыда  аталған  мысалдар  журналистік  практикада  жиі  кездесетін  тағы 
бір нұсқамен тең дәрежеде тұрады. Ол  – авторлық ой ойлау. Осы  жерде ажыратып 
алатын  жайттардың  бірі  "ойдан  шығару"  мен  "ой  ойлау"  түсініктерінің  түрлілігі. 
Ойдан шығару дегеніміз - шынайы өмірде ешқандай жағдайда кездеспейтін жай. Ол 
ойлаудың  ойдан  шығарудан  ерекшелігі  журналист  жазып  отырған  кезде  осылай 
істесем деп ойлап, жарыққа шығарады, бірақ ол міндетті түрде шындық болуы тиіс. 
Автор  өз  кейіпкерінің  не  ойлағаны  жайында  білгісі  келіп  өз  ойын  сонымен 

     
 
 
123 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
байланыстырады.  Мысалы:  Компаниясын  құрып  отырған  ақшасы  мүлдем  оның 
өзінің  ақшасы  емес.  Ол  үлкен  адамдардың  ақшасы.  Әрине  оны  ол  көздерінің 
әдемілігі үшін алған жоқ. Қалалық жарнамалаушылар да жерді сүйгендіктен келген 
жоқ. Барлық ақшаларды кейін қайтарып, жұмыс істеуге тура келеді[5]. Мәтін ішінде 
сенімге  ену  мақсатында  журналистің  пайдаланатын  тағы  бір  әдісі  ол  -  фактілерді 
жинақтау.  Кейбір  зерттеушілер  бұл  тәсілді  "алмастыру  тәсілі"  десе,  енді  біреулері 
"бағаланатын жайлардың жинақталуы" деп те атап жатады.  Оның негізгі  мақсаты  - 
журналист аудиторияға тек шынайы аргументтерді жинақтап, алдына жайып салады. 
А.А.  Тертычный  атағандай  "кейде  журналистер  жазып  отырған  мақаласы  үшін  тек 
фактілерден  құралса  жауапкершілік  алмаймыз  деп  ойлайды".  Бұл  ойды  тек  бір 
жағдайда  қабылдауға  болатын  еді.  Егер  манипуляция  арқылы  адамдарды  сендіру 
тәсілі қолданбаса. Журналист барлық оқиғаны қамти бермейді. бір жайтты атаса, бір 
жайтты  қалдырып  отырады.  Сол  арқылы  аудиторияға  берілетін  мәлімет  бұрын-
соңды  жариялвнғвн  болуы  да  ғажап  емес.  Журналист  мақаласында  аргументтердің 
бірде  "ең  маңыздысын",  бірде  "ең  қызықтысын",  тағы  бірде  "ең  ерекшесін",  кейде 
"ең көрсеткіштігін" алып отырады. Сәйкесінше келтірілген мысал мен аргументтерге 
байланысты оқырманның әлемді қандай қалыпта қабылдайтыны анықталады. 
Мағынасы  жағынан  барлық  мысалдар  оқырманға  арналған  аппеляциямен 
тең. Оның негізі мәліметтің оқырман қауымына көңіл-күй мен белгілі бір таңданыс 
тудыратындай берілуінде. Мысалы: ... Қарапайым адам үшін қызыл желектің қалай 
елестейтінін  білу  қандай  қиын.  Негізі  жер  берушіге  кімнің  ол  жерді  жалдап  тұрып 
жатқаны  маңызды  емес  те.  Тек  оның  өзі  мен  мүлкіне  тиіспесе  болғаны.  Алайда 
сайлауға түсушілер сайлау алдындағы ақшаларын қандай жолмен болса да қайтарып 
алғысы келетіні сөзсіз. Бекер жұмсалмаған шығар, ол өтелуі керек[5]. 
Реплика  –  локаникалық  хабарлама.  Ол  негізінен  журналистің  белгілі-бір 
оқиға жайында жеке көзқарасы, бағасы, газет бетіне оқырманның көңіл-күйін өзіне 
аударту үшін жариялаған ұстанымы. Мақсаттық құрылымы - күнделікті өмірдегі іс-
әрекеттердің айқын көрінісін ашу, өзі де жария болып тұрған мәселені аңғарту. 
Комментарий  (пікір  білдіру)  -  ашық  пікір  алаңындағыдай  іспеттес  ойды 
жеткізе  білу.  Ол  белгілі  бір  оқиғаға  немесе  құжаттарға  қатысты  болуы  мүмкін. 
Мақсаттық  құрылымы  -  оқиғаны  тікелей  түсіндіру,  қоғамның  құлағына  анық 
жеткізіп,  пікірін  алу  [4].  Шолу  (обозрение)  -  қоғамның  өміріне  әсер  ете  алатын, 
энергетикалық  және  дәлеледенген  нұсқасы  бар,  әлеуметтік-саяси  практикада 
қолданылатын  ашық  хабарлама.Мақсаттық  құрылымы  -  берілген  түпнұсқадағы 
мәтіндегі  шынайы  фактілер  мен  символикалық  белгілерді  оқырман  қауымның 
назарына ұсыну. 
Көріп  отырғанымыздай,  жанрлық  жүйе  тек  позицияның  қажеттілігін 
растайды.  Позицияға  қатысты  барлық  жанр  түрлерінде  журналистің  пікірі  мен 
бағасы  өте  маңызды  орынға  ие.  Жазып  отырған  адамның  субъективтілігі  жөнінде 
нақ аталмаса да ол өзі -ақ айқындалып, басылымның түпнұсқасы ретінде қаралады. 
Журналистика  теориясының  тағы  бір  мәскеулік  маманы  А.С.Лавреневская  ұсынып 
отырған объективтілік және субъективтілік жайлы зерттеуі де аса қызық. Мәтіндегі 
объективтілік  деп  ол  шығармадағы  қоғамның  өмірінің  шынайы  проблемаларын 
субъектке  тәуелсіз  тұрғыда  қарастырады.  Ал  субъективтілік  деп  автордың  өзін  қай 
қырынан  көрсете  алатынын.  сол  арқылы  мінезі  мен  мәнерінің  мәтіннен  көрініс 
беретінін,  автор  шығармашылығының  көркемдігін  айтады.  Сонымен  қатар 
А.С.Лавреневская  позицияның  құрамын  айқындап  айтады.  Ол  -  "образдық  бағыт-
бағдар", "авторлық іс-әрекет", "пікір" және "жария етушінің өзіндік орны" (суретші, 
зерттеуші,  жахандық  жария  етуші,  прагматик).  Алайда  бұл  түсініктердің  бәрін 
зерттеуші  жазбаларда  қолдана  бермейді,  тек  фактілерге  сүйенуді  жөн  көреді. 

     
 
 
124 
 
І.Жансүгіров атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ   № 4  / 2015     
 
Дегенмен публицист жайындағы тарихи сараптама өзіне көңіл аудартпай қоймайды. 
Автор  мәтін  ішіндегі  объективтілік  пен  субъективтіліктің  диалектикасын  анықтап, 
оны  ашықтан-ашық  жария  ете  отырып,  өзіне  берілген  рөлді  дұрыс  орындайды. 
Сонымен  бірге  керісінше  автордың  рөлі  көлеңкеленіп,  айқын  таңбалар 
жиынтығының арасынан білінбей қалады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет