Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012



Pdf көрінісі
бет12/22
Дата27.03.2017
өлшемі3,3 Mb.
#10487
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22

 
 
         ӘОЖ 336.7 
БАНКТІК НЕСИЕНІҢ  МӘНІ МЕН ҚАЖЕТТІЛІГІ  ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ 
 
Г. Валишанова  
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
gul.zira@mail.ru 
 
Бұл  мақалада банктік  несиенің  мәні,мазмұны,қажеттілігі,  даму тарихы  қарастырылған. 
Банктік  несиенің  ерекшеліктері  және  оның  түрлері  ашылған.  Қазақстандағы  несиелік 
қатынастардың даму қажеттіліктері зерттелген. 
 
В  данной  статье  рассматриваются  сущность,содержание,необходимость  и  история 
возникновения  банковского  кредита.  Раскрываются  особенности  видов  кредитов,  в  частности 
банковского  кредита.  Изучена  его  необходимость  в  развитии  кредитных  отношений  в 
Казахстане. 
 
This  article  reviews  essence,  content,  necessity  and  history  of  bank  credit  origin.  The 
pecularities of credit types (bank credit) are revealed. The necessity of the credit relation development 
in Kazakhstan was studied. 
 
Тірек  сөздер:  банк,  несие,  ақша,  несиелік  қатынастар,  тауарлы  –ақша 
қатынастары, капитал қозғалысы,  несиенің принциптері 
 
Несие-ақша  сияқты  тарихи  экономикалық  дәреже  болып  табылады.    “Кредит” 
деген  сөз-“қарыз”,  “несие”;  “Kredo”  –  сенемін  деген  мағына  беретін  латынша 
“Kreditum”  деген  сөзден  шыққан.    Ол  экономикалық  дәреже  ретінде  әртүрлі 
экономикалық  қоғамдарда  қызмет  етеді.    Ол  тауар  өндірісінің  пайда  болған  кезінен 
бастап қарапайым формада: бай және кедей қоғамда көрінеді.  Несие қатынастары ақша 
қатынастары сияқты үнемі  даму үстінде  болады.  Алғашқы несие табиғи түрде (астық, 
мал, еңбек  құралдары және т.б.)  қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз  шаруалар мен 
кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған.  Тауар-ақша 
қатынастарының дамуымен несие ақша  түріне көшті. 
Несиенің  обьективті  қажеттілігі  табиғи  және  ақшалы  түрде  жүзеге  асатын 
ерекшеліктерден  кеңейтілген  өндірісті  шығарып  тастайды.    Ол  капитал  түрлері  үнемі 
ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауары меншік өндіріске, 
өндірістік  тауарлыға  және  тауарлық    қайтадан  ақша  түріне  ауысып  тұрады,  яғни 

     
 
 
107 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
капиталдың  ауыспалы  айналымы  жүреді.    Ауыспалы  айналымның  бірінші  кезеңінде 
ақша  өндіріс  қорына  ауысып  кетеді,  екінші  кезеңде,  өндіріс  прцесінде,  дайын  өнім  
жасалады, өндіріске тауар келеді. Үшінші кезеңде тауар сатылып, бастапқы ақша түріне 
ауысады.    Капиталдың  осындай  ауыспалы  айналымы  тұрақты  түрде  бөлек  жеке 
кәсіпорында  және  жалпы  халық  шаруашылығында  үнемі  жүріп  жатады.    Капиталдың 
қозғалысы  –  оның  тек  ауыспалы  айналымы  емес,  сондай-ақ  оның  айналымында.  
Капиталдың  айналымы  дегенде  оның  үнемі  қайталанатын  ауыспалы  айналымы 
түсіндіріледі. 
Капитал  түрлерінің  ауысуы  бір  шаруашылық  субьектілерінде  ақша  қаржысының 
уақытша  босатылып  және  басқа  шаруашылық  жүргізуші  субьектілерде  ақша  деген 
қажеттіліктің  қалыптасуымен  қоса  жүреді.    Әрбір  шаруашылық  субьектісінде  өзінің 
жеке ауыспалы айналымдағы капиталы болады [1, 60]. 
Қызмет  процесінің  бағыттылығы  ауыспалы  айналымның  әртүрлі  сатыларында 
болатын ақша ресурстарының оларда бір мезгілде және үнемі бар болуын: материалдық 
өндіріс  саласы  үшін  -  өндірістік,  тауарлы  және  ақшалы,  ал  айналым  саласы  үшін  - 
тауарлы және ақшадай  болуын талап етеді. 
Несие  мәні  несиенің  –  қайтару,  төлемдік,  мерзімдік,  қолма-қол    ақша,  мақсатты 
сипат сияқты маңызды принциптерімен анықталады. 
Бұл  принциптер  несиенің  алғашқы  даму  кезеңдерінен  бастап  қалыптасты,  ол 
кейіннен заңды түрде бекітілді. 
Несиенің  қайтарылу  принципі  қарыз  алушының  несиені  пайдаланғаннан  кейін 
несие  берушіге  уақытында  қайтару  қажеттілігімен  сипатталады.    Ол  банктің  несие 
қорын  жаңғыртып  отыруды  қамтамасыз  ететін  несиені  пайызбен  өтеуде  өзінің  іс-
жүзіндегі  орнын  анықтайды.    Бұл  несие  капиталының  қозғалысына  қажетті  талап 
болып  табылады.    Ол  белгілі  бір  мерзімге  берілген  соманың  толық  қайтарылуын 
қамтамасыз  етеді. 
Несиенің төлемділігі   қарыз алушыға берілген несиенің  уақытында қайтарылуын 
және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді пайдаланылуына  қарыз алушы 
да ынталы болады. 
Несиенің жеделдік принципі қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта емес, несие 
келісімшартында  белгіленген  уақытта  қайтару қажеттігін  көрсетеді. 
Белгіленген  мерзімді  бұзу  –  несие  беру  үшін  қарыз  алушыға  өндіріп  алынатын 
пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын өндіріп алуға болатын 
экономикалық  санкция  қолдануға  жеткілікті  негіз  болып  табылады.    Несиенің 
қамтамасыз  етілу  принципі  несие  келісімшартында  қарыз  алушы  өз  мойына  алған 
міндеттемелерді  бұзу  мүмкін  жағдайда  несие  берушінің    мүліктік  мүддесін  қорғауды 
қамтамасыз  етудің  қажеттілігін  көрсетеді.    Бұл  принцип  жалпы  экономикалық 
тұрақсыздық  кезеңінде  өзекті  мәселе болып табылады [2, 75 – 76].   
Несиенің  мәнін  тану  оның  негізін  ашады,  яғни  несиелік  қатынастар  туындайтын 
базада қарастыруды  ұйғарады.   
Қайтарымдылық  –  несиелік  қатынасқа  тән  белгіні  анықтайтын  өзіндік  ерекшелікті 
көрсетеді. 
Несиенің    қайтарылуы  –  уақытша  пайдаланған  несиеленген  құнды  несие  берушіге 
қайтару  процесі.    Ол  өзінен-өзі  туындамайды.    Ол  құнның  ауыспалы  айналымында 
аяқталатын  материалдық  процестерге  негізделеді.    Алайда,  бұл  тек  қайтарымның  негізін 
жасайды.Несиенің  қайтарылуы  обьективті  процесс  болып  табылады,  яғни  оны  мәміленің 
табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға болмайды. 
Несие  беруші  мен  қарыз алушы  бекіткен  келісімшартқа  сәйкес ол  заңды  сипатқа ие 
болады.  Халық шаруашылығы деңгейінде несиенің қайтарылуы, тұтас алғанда, қайтарудың 
жиынтығын  көрсетеді.    Бұл  жерде  ол  алынған  несиенің  бір  ғана  белгісін  көрсетпейді, 
экономикалық категория сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді.  

     
 
 
108 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Несиенің  көптеген  анықтамалары  бар.Несие  –  бұл  несие  капиталының  қозғалысы.  
Несие  капиталы  –  бұл  қайтару  талабымен  пайызбен  төленетін,  меншік  иелеріне  несиеге 
ұсынылатын ақша капиталы.  Ал, капитал – бұл өзі-өзінен өсетін құн, оның ақшадан сапалық 
айырмашылығы  –  несие  капиталының  өзінен-өзі  өсетін  құнның  бір  түрі,  ал  ақша  болса, 
өзінен-өзі өсім бере алмайды. 
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік.  Несиеге – кеңейтілген қайта өндіру 
мақсатында  жеделдік,  төлемдік,  қайтару  талаптарына  сай  оларды  ақшаны  бөлу  және 
халықтың,  экономиканың  бос  ақшалай  қаражаттардың  жұмылдырылуын  қамтитын  несие 
капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-қатынасты көрсетеді. 
Несиенің    мүмкіндігін  шындыққа  айналдыру  үшін  белгілі  бір  талаптар  бар.  
Біріншіден,  несие  мәмілесінің  қатысушылары  –  несие  беруші  мен  қарызға  алушы  – 
экономикалық  байланыстардан  туындайтын  міндеттемелердің  орындалуын  өз  мойнына 
алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субьектілер сияқты алға шығуы 
керек.    Екіншіден,  егер  несие  беруші  мен  несие  алушының  мүдделері  бір  жерден  шықса, 
онда  бұл  жағдайда  несие  өте  қажет  болады.    Несие  мәмілесін  жүзеге  асыру  үшін  оның 
қатысушылары  міндетті  түрде  несиеге  өзара  қызығушылық  танытулары  керек.    Несие 
беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге 
ақшалай  қаражатты  ұсынуда,  екінші  жағынан  –  оны  алуда  несиелік  қарым-қатынастар 
туындайды. 
Осылайша,  экономикалық  негіз  бен  (капиталдың  бірдей  болмауы)  пайда  болуы 
талаптарының  жиынтығы  несиенің  обьективті  қажеттілігін  анықтайды  және  оның 
эволюциясын түсіндіріп береді. 
Шаруашылық  жүргізуші  субьектілердің  жеке  ауыспалы  айналымынан  туындайтын 
несиеге қажеттілік несиенің обьективті жүзеге асуын төлем қаражаттарын  құру  және жаңа 
бекітілген    құнды  қайтару,бөлу  процесінде  оның  рөліне  жете  назар  аудармай,  оны  толық 
дәрежеде  анықтамайды.    Ақша  эмиссиясының  процесі  формаға  тәуелді  емес  (қолма-қол 
ақша  және  қолма-қолсыз)  несие  капиталының  бір  көзі  болып  табылатын  несие 
операцияларының нәтижесі бар. 
Түрліше  несие  қарым-қатынастарындағы  несиенің  мән-маңызы  сол  немесе  басқа 
қоғамдық  формацияда  оның  өмір  сүруінің  обьективті  себептерімен  анықталады  [3,  103  – 
105].Сонымен,  несиенің  обьективті  өмір  сүруінің  негізгі  талаптары  төмендегідей 
тізбектеледі: 
-    жеке тауар  өндірушілердің  өндірістік  (негізгі  және  айналымдық)  қорлар  айналымы  
мен жеке ауыспалы айналымдардың  уақыт жағынан сәйкес келмеуі; 
-  несие беруші мен қарызға алушының заңды тұрғыдан дербестігі; 
-  несиелік  қатынасқа  несие  беруші  мен   қарызға  алушының  мүдделік  танытуы.  
Несие  обьективті  қажеттіліктен  туындаған  және  ол  қоғамдық  өндіріс  процесінде 
маңызды рөл атқарады.  Несие ақшалар капиталдың қарызға трансформациясын қамтамасыз 
етеді  және  несие  берушілер  мен  қарызға  алушылардың  арасындағы  қарым-қатынасты 
білдіреді.Оның  көмегімен  мемлекеттің,  халықтың,  ұйымдардың  және  кәсіпорындардың 
табыстары  мен  бос  ақшалай  қаражаттары  жинақталып,  уақытша  пайдаланудың  төлеміне 
аударылатын несие капиталына айналады.  
Ғалымдар  бүгінгі  таңда  экономика  ғылымының  алдында  бір  жағынан  теориялық 
талдау  қорытындыларын  белсендірек  жүргізіп,  екінші  жағынан  несие  ісін  дамытып, 
жетілдірудің  керек  екенін  айтуда.Теорияны  тәжірибеден  оқшау  қарастырмау  керек  екені 
түсінікті.    Барлық  теоретикалық  проблемалардың  соңы  тек  тәжірибелік  әдістермен 
шешілетіні  кездейсоқтық емес. Теория мен тәжірибе арасында диалектикалық бірлік бар.   
Несиенің түрі  –  бұл несиелік  қатынастар  құрылымының,  олардың негізгі  қызметінің 
яғни  әр  алуан  сыртқы  және  ішкі  өзгерістер  барысында  толық  сақталатын  көрінісі.Несие 
берушілер  мен  қарыз  алушылар  арасындағы  байланыстар  қалай өзгергенімен  де,  несиенің 
түрі  сол  күйінде  сақталады.Несиенің  екі  формасы  бар:  тауарлыжәне  ақшалай.  Мұндағы 

     
 
 
109 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
тауар  түрінде  берілетін несиені  –  коммерциялық,  ал  ақшалай түріндегі  несиені  банктікдеп 
атайды. 
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан туындайды.  
Коммерциялық несие  –  бұл  қарыз  берушінің  қарыз  алушыға  қарызға  берген  тауарын 
білдіреді.Коммерциялық  несие  –  бұл  вексель  айналысының  пайда  болуына  себеп  болған 
экономикадағы  несиелік  қатынастардың  алғашқы  формасы.  Несиенің  бұл  формасының 
басты мақсаты – тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу. 
Мұнда  қарыз  алушы  да  және  оны  берушілер  ретінде  кәсіпкерлер  мен  бизнеспен 
айналысатындар  бола  алады.    Коммерциялық  несие  көбінесе  тауарды  сатып  алушының 
нақты  ақшасы  болмай  қалуы  барысында  туындайды.    Мұндай  жағдайда  айналыс  құралы 
ретінде  қарыз  алушының  көрсетілген  соманы  уақытында  төлейтіндігін  куәландыратын 
арнайы қарыздық міндеттеме – вексель қолданылады [4, 31].  
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай: 
-
 
қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе қызметті сатумен 
айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады; 
-
 
коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі; 
-
 
қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен байланысты; 
-
 
коммерциялық  несиенің  орташа  құны  сол  кезеңдегі  банктік  пайыз  мөлшерімен 
салыстырғанда төмен болады; 
-
 
қарыз  беруші  мен  қарыз  алушы  арасындағы  несиелік  мәміленің  заңды  түрде 
рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар бағасының құнына қосылады. 
Банктік  несие–бұл  банктік  мекемелерден  қарыз  алушыларға  ақшалай  түрде  берілетін 
несиені білдіреді.  
Банктік несие – бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы 
болып  табылады.  Банктік  несие  бойынша  несиелік  қатынастың  құралына  несиелік  шарт 
немесе  несиелік  келісім  жатады.  Банктік  несиеде  несие  беруші  банк  және  арнайы  қаржы 
мекемелері  болса,  ал  қарыз  алушылар  ретінде  кәсіпкерлікпен  немесе  бизнеспен 
шұғылданатын  қаржы  ресурстарына  деген  сұранысы  бар  кез  келген  заңды  ұйым  болып 
табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты – бұл пайыз түрінде табыс алу. 
Несиенің түрлері коммерциялық және банктік несиеден туындайды [5, 31 – 32].  
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әртүрлі несиелер береді. Олар мынадай 
белгілеріне байланысты жіктеледі: 
Қарыз алушылар категорияларына қарай
Қаржылық институттарға берілетін несиелер: 
- мақсатты қорларға; 
- банктерге; 
- қаржы-несиелік мекемелеріне. 
Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер: 
- өнеркәсіп салаларына; 
- ауыл шаруашылығына; 
- саудаға; 
- дайындау ұйымдарына; 
- жабдықтау-сату ұйымдарына; 
- кооперативтерге; 
- жеке кәсіпкерлерге. 
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер. 
Мерзіміне қарай: 
-
 
қысқа мерзімді (1 жылға дейін) 
-
 
орта мерзімді (1 жылдан 3-5 жылға дейін) 
-
 
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары). 
Тағайындалу және пайдалану сипатына қарай: 

     
 
 
110 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
-
 
негізгі қорларға жұмсалатын; 
-
 
айналым қаражатына жұмсалатын. 
Қамтамасыз ету дәрежесіне қарай: 
Қамтамасыз етілген: 
-
 
кепілхатпен; 
-
 
кепілдемемен; 
-
 
кепілдікпен. 
Сақтандырылған.  
Қамтамасыз етілмеген: 
-
 
сенім несиесі. 
Қайтарылу дәрежесіне қарай: 
1) Стандартты  несие – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарылу ешқандай күмән 
жоқ несиелер; 
2) Күмәнді несиелер- қайтарылу уақыты кешіктірілген, мерзімі ұзартылған және банк 
үшін тәуекел туғызатын несиелер. Соңғы қабылданған активтердің жіктеу ережесіне сәйкес, 
күмәнді  несиелер  ішінара  бөлінеді:  1-санатты  күмәнді,  2-санатты  күмәнді,  3-санатты 
күмәнді, 4-санатты күмәнді, 5-санатты күмәнді. 
3)  Үмітсіз  несиелер–  қайтару  уақыты  кешіктірілген,  мерзімі  өткен  ссудалар  шотына 
жазылған несиелер. 
Валютамен берілуіне қарай: 
-
 
ұлттық валютамен; 
-
 
шетел валютасымен. 
Берілу шартына қарай: 
1.  Тұтыну несиесі  –  бұл  жеке  тұлғаларға  тұтыну  тауарларын сатып алу үшін және 
тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие 
2.    Ипотекалық  несие  –  бұл  қозғалмайтын    мүліктерді  кепілге  ала  отырып,  ұзақ 
мерзімге берілетін несие. 
3.  Овердравт  несиесі  –  клиенттің  шотынан  қаражатты  шегеру,  дебеттік  қалдық 
бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы. 
4Овернайт  несиесі  -  өтімділікті  қолдау  мақсатында  бір түнге  берілетін  банкаралық 
несиенің түрі. 
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін қысқа мерзімді 
несие. 
6.  Банкаралық несие– банктердіңбір-біріне беретін несиесі. 
7.  Ломбардтық  несие  –  тез  іске  асатын  бағалы  заттарды  немесе  бағалы  қағаздарды 
кепілге ала отырып, берілетін несие. 
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты берілетін несие.  
9.  Рамбурстық  несие  –  шикізаттарды  ішке  алып  кіру  және  жартылай  фабрикат  пен 
дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде пайдаланылатын несие . 
10.  Сенім  несиесі  –  банктің  сеніміне  кірген  төлем  қабілеті  жоғары  клиенттерге 
берілетін несие. 
11.    Маусымдық  несиесі-  жабдықтаушының  қаржыландыру  уақыты  мен түсімді  алу 
мерзімі арасындағы уақыт алшақтықтығын жабуға арналған несие. 
Несиелеу обьектісіне қарай: 
-
 
меншікті айналым қаражаттарын толықтыруға; 
-
 
материалдық қорлар жиынтығы мен өндіріс шығындарына; 
-
 
сыртқы  экономикалық  қызметке  байланысты  тауарларды  экспорттау  мен 
импорттауға; 
-
 
азаматтардың  жеке  қызметтері  үшін  шикізаттар,  материалдар,  құралдар  және  басқа 
да мүліктер алуына; 
-
 
ломбардтық, кепілдік және ссудалық операцияларға; 

     
 
 
111 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
-
 
театрлар  және демалыс  үйлерінің  кірістері  мен  шығыстары  арасындағы  маусымдық 
үзілістерге; 
-  күрделі жұмсалымдарды қаржыландыруға; 
-
 
тез өтелетін тиімділігі жоғары шараларға [6, 260-262 ]. 
Қорытындылай келе айтарымыз,қазіргі кезде банктік несиенің мәні,алатын орны зор. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Сейітқасымов  Ғ.С.  Ақша,  несие,  банктер:  Оқулық.  –  Алматы:  Экономика, 
2009. – 466 б. 
2.  Мақыш  С.Б.  Ақша  айналысы  және  несие.  Оқу  құралы.  –  Алматы: 
ИздатМаркет,  2004.– 268 б. 
3. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Банк  ісі: Оқу құралы .- Алматы: Қазақ  университеті, 
2009. – 248 б. 
4.  Мақыш  С.Б.  Коммерциялық  банктер  операциялары:  Оқу  құралы.-  Алматы: 
ИздатМаркет,  2004. – 240 б.  
5.  Нурпейсова  Л.  Банктердің  шығындардан  сақтану  тәртіптері  //  ҚазҰУ 
Хабаршы.  Экономика сериясы. 2008. – №3. – 31 – 34 бб. 
6. Мақыш  С.Б. Банк ісі:  Оқулық.  – Алматы:  Жеті  жарғы, 2009. – 552 б. 
 
 
        ӘОЖ 336.2 
 
ҚР САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІНІҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ  ЖӘНЕ  
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ж. Дүйсебаева  
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы 
Dusebaeva@mail.ru 
 
Бұл  мақалада  салық  салу  механизмінің  өзекті  мәселелері  және  оларды  шешу  жолдары 
қарастырылған. 
Салық саясатын іске асыруда салық механизмінің алатын орны зерттелген. Мемлекеттің 
салық  саясаты  шеңберіндегі  салық  механизмінің  өзекті  мәселелері  және  шешу  жолдары 
көрсетілген. 
 
В  данной  статье  рассматриваются  актуальные  проблемы  и  пути  решения  налогового 
механизма.  Изучена  степень  воздействия  налогового  механизма  в  реализации  налоговой 
политики.  Рассмотрены  проблемы  реализации  налогового  механизма  и  пути  их  решения  в 
рамках налоговой  политики  государтва. 
This  article  reviews  actual  problems  and  ways  of  the  tax  mechanism  solution.The  degree  of 
influence on tax mechanism in realization of tax politics is studied. The problems of realization of tax 
mechanism and the ways of their solutions  in the stale tax politics  are appointed. 
 
Тірек  сөздер:  салық,  салық  жүйесі,  салық  механизмі,  салықтық  жоспарлау, 
салықтық болжау,  салықтық тактика, салықтық стратегия. 
 
Салық  механизмінің  элементтері  салықтық  жоспарлау  мен  болжау,  шешімді 
қабылдау  және өңдеулер жүйесінде негізгі  элементтер болып табылады. 
Салықтық  жоспарлау  мен  болжаудың  негізгі  мақсаты  -  бюджеттік 
тапсырмалардың  сандық  және  сапалық  көрсеткіштердің  экономикалық  негізін 
қамтамасыз  ету  және  салық  концепцияларының  заңдық  тәртібіпте  қабылданған  және 
өңдеулерден  елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету.  Бұл  -  мәселенің 

     
 
 
112 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
орындалуының  бірінші  қаржылық  жолы  және  келешектегі  перспектива.  Осымен 
байланысты салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясы ерекшеленеді. 
Салықтық  тактика  дегеніміз  –  билік  органдарының  тәжірибелік  әрекет  кешені 
және  бюджеттің  табыс  баптарының  жалпы  құрылымын  өңдеу,  салықтық  реттеу  мен 
бақылауды  өткізу.  Тактикалық  қадамдардың  сапалық  мазмұны      барлық      деңгейдегі    
бюджеттердің     уақыттылы    және    толық орындалуының дәрежесін  көрсетеді. 
Ағымдағы  жылдағы  салық  міндеттемелердің  орындалуын  қамтитын  салықтық 
қатынастардың  мазмұнын  зерттеп,  талдау  стратегиялық  салықтық  жоспарлаудың 
ұтымдылығын білдіретін  негізгі  шарт қызметін  атқарады. 
Стратегиялық  салықтық  жоспарлауды  басқару  теориясы  мен  тәжірибесінде 
айырықша  орын  алады.  Ол  барлық  дамыған  елдерде  экономикалық  дамудың  тәсілі 
ретінде қолданылады. 
Мемлекеттік  салықтық  жоспарлаудың  мақсаты  -  бюджетке  салық  төлеушілерден 
салықтардың  түсуін  және  қаржы  ресурстарын  анықтау.  Бұл  ресурстарды  жоспарлауда 
басқару органдары мүмкіншілігінше жоғарғы деңгейде алуға бағытталады. Бұл процесс 
қоғам  дамуына  байланысты  жалпы  мемлекеттік  тұтынушылардың  өсуін  есептеуге 
негізделеді.   
Салықтар  бойынша  нақты  тапсырмалардың  өңделуі  есепті  жылға  бірқатар  өзара 
байланысты әрекеттерді  қосады: 
-  қалыптасқан  экономикалық  тенденция  есебімен  салықтық  режим  варианттарын 
іздеу; 
- оптималды салық салу  вариантына баға беру; 
- алдағы салық режимдерінің  негізділігі; 
-  салықтық  табыстар  проектісін  есептеу,  өткен  жылдың  бюджеттік  орындалуына 
экспертиза өткізу  нәтижелерінің  есебі; 
-  үкімет  пен  парламент  салықтық  міндеттемелерді  талқылау,  олар  бюджеттік 
жіктелуіне  сәйкес  болуы  және  бюджет  табыстарының  соңғы  келісімі  заңға  сәйкес 
негізінде  болуы [1]. 
Әртүрлі  деңгейдегі  бюджеттерге  нақты  салықтық  түсімдердің  есебіне  үш 
принципиалды мағыналы қондырғылар үлкен маңызға ие. 
1. Салық төлеуші мен бюджет арасындағы  қарым- қатынастардың негативті және 
позитивті жақтарын жекелеп талдау; 
2. Бюджет- салық жүйесінде  факторлық талдауды жүргізу,  оның мақсаты  жалпы  
салық  жүйесінің    әсерін,    жекелеген    салық  түрлерінің  қаржы-шаруашылық 
көрсеткіштеріне,  керісінше  тиімділігін  көрсету; 
3.  Экономикалық  фискалдық,  бюджеттік  және  салықтық  құбылыстардың  пайда 
болу  мүмкіншіліктеріне  болжамалы  баға  беру,  салық  төлеуші  мақсатымен  бюджет 
мақсаты  арасындағы  алшақтық.  Оларды  толық  жою  немесе  сәйкестендіру  мақсатында 
кешенді  шараларды  өндеу. 
Бүгінгі  таңда  салық  ғылымы  бюджеттегі  салықтық  түсімдердің  көлемін  болжау 
әдістерінің  арнайы  тәсілін  құрды.  Тәжірибеде  салықты  болжау  мен  жоспарлауда 
жалпыға белгілі және кеңінен қолданылатын дәстүрлі әдістер қолданылады: баланстық, 
экстрополяциялық, нормативті және тағы да басқалар. 
Сонымен,  табысты  болжау  -  бұл  заңмен  белгіленген  салық  пен  алымдардың 
құрылымындағы  бюджеттік  табысты  жоспарлау.  Осындай  болжаулар,  негізінен, 
бюджеттік процесте қолданылады, яғни болашақ бюджеттік баланысты  анықтау үшін,  
шығынды    жіктеу,    қарызды    қаржыландыратын    құралдар    және  үлестік  принцип 
негізінде  табысты ұлғайту. 
Табыстың анықтамасын бергенде дәстүрлі түрде мемлекеттік бюджетке табыстың 
түсім  көлемі  салық  құрылымының  өзгерісіне  әсерін  айқындайды.  Табысқа  әсер  еткен 
өзгертулерді  перспективті  жақсартулар  деп  санауға  болады.  Мұндай  есеп,  заң 

     
 
 
113 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
органдарына жеткізімді,  яғни енгізілген өзгертулер салық заңдылығында орталық және 
жергілікті  басқару  органдарының табысына әсерін айқындайды. 
Салықтық  реттеу  -  салық  механизмі  элементтерінің  ішінде  және  мемлекеттік 
салық менеджменті саласында мобильді  болып табылады. 
Салықтық  реттеу  -  бұл  өндірісті  дамыту  үшін  мемлекеттің  жанама  шаралар 
жиынтығының  әсері,  ол  жалпы  салық  салу  деңгейін  төмендету  немесе  жоғарылату 
арқылы бюджеттік  алымдардың нормасын өзгерту  жолы арқылы болады [2, 196 ]. 
Салықтық  реттеудің  негізгі  бір  құралы  салық  ставкасы  болып  табылады.  Салық 
ставкаларын  бекіту  методологиясы  және  оның  базасы  өте  маңызды  мәселе  болып 
табылады. 
Салықтық  реттеудің  тәсілдері  өзара  байланысты  екі  салаға  бөлінеді:  салық 
жеңілдіктері  және  салық  санкциялары.  Бұл  ішкі  жүйелердің  оптималды  сәйкестілігі 
салық  салуда  икемділікті  қамтамасыз  етеді  және  соңында  салық  саясатының 
нәтижелігін  көрсетеді.  Салықтық  техниканың  ағымдағы  түзетулері  экономикалық 
конъюнктураның  дамуына  әсерін  тигізеді.  Инвестициялық  процестермен  сыртқы 
экономикалық  әрекетті  салықтық  реттеу  жалпы  елдің  шаруашылық  комплексінің 
құрылымына  позитивті  әсер  етеді.  Әлеуметтік  салықтың  тәжірибеде  салықты  қуаттау 
жүйесінің  бірқатар  ұйымдастыру  принциптерін  өңдеп  шығарған.  Олардың  негізгілері 
төмендегідей: 
-  салық  жеңілдіктерінің  қолдануы,  меншік  түріне,  әрекет  түріне,  оның 
парламенттегі    тобының  субъективті  бағалауына  байланысты  таңдамалы  сипаттамаға 
ие болу керек; 
-  салық  жеңілдіктері,  оның  ішкі  табиғаты  бойынша  әкімшілік  жоспарлы 
сипаттамада қолдануы; 
-инвестициялық  салық  несиесі  тек  қана  инвестициялық  бағдарламалардың 
орындалуын қамтамасыз ететін  салық төлеушілерге  беріледі. 
Жалпы мемлекеттік  мағыналар: 
- салық жеңілдіктерін  қолданылуы бюджет табыстарына  шығын жасамауы қажет, 
не корпоративтік ,не жеке тұлғалардың экономикалық  қызығушылыққа әсерін тигізбеу 
керек; 
-  салықтық  жеңілдік  портфелін  қалыптастыру  тәртібін  анықтау,  жалпы 
мемлекеттік  деңгейде анықталады да, ортақтандырылған билік  заң тәртібіне  бекітіледі; 
- жергілікті  деңгейде жеңілдікті  қолдану  жоғарғы заңдылықпен анықталады . 
Салықтық  реттеу  экономикалық  негізделген  жеңілдіктер  жүйесі  арқылы  жүзеге 
асырылады,  ол  өзара  келісілген  стратегиялық  әрекеттегі  салықтық  преференциялар 
комплексі  арқылы  жаңа  және  бәсекелестік  деңгейі  жоғары  өнімді  шығаруда  шығатын 
қаржы шығындарын, технологиялық процестің модернизациялауды толықтырылады, шағын 
және орта өндірістік бизнесті қалыптастырады. 
ҚР жаңа Салық кодексінің қабылдануы, оның либералды салық салу жүйесінің болуы 
Қазақстан  үшін  маңызды  және  әлемдік  салық  салу  жүйесінде  өзін  танытып,  халықаралық 
кәсiпкерлерді тарту үшін қолайлы салықтық және инвестициялық ахуалды жасап, біздің елге 
тарту болып табылады.      
Шетелдiк  инвестицияларды  Қазақстан  экономикасына  тарту  үшiн,  салық  жүйесін 
бәсекеге  түсе  алатындықтай  жоғарылату  үшін  үлкен  шаралар  қабылданып,  жасалуда. 
Негізінен,  ол  еліміздің  экономикасына  қосымша  шетел  инвестициясын  тартуға, 
халықаралық капитал мен ұйымдастырылған бизнес (кәсiпкерлiк) түрін тартуға бағытталған. 
Егер бұрын мемлекетіміз  ішкі мәселелерді шешуге бағытталған болса, енді Қазақстан қазiр 
дүниежүзілiк  салық  жүйесіндегi  орнына  көзқарасын  түбегейлi  қайтадан  қарастырды  және 
өзінің сыртқы салық жүйесінің саясатының бағытын айтарлықтай өзгертті. 
Нарықтық  қатынастардың  даму  жағдайында  экономикалық  реформалардың  басты 
мақсаты  әртүрлі  деңгейдегі  бюджеттердің  кіріс  көзін  жоғарлату  проблемаларын  шешетін 

     
 
 
114 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
нарықтық экономиканың негізгі құралы ретінде салық механизмін тиімді пайдалануы болып 
табылады [3, 221 б]. 
Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызмет етуін талдап зерттегенде, салық 
салу механизмінің теориялық және практикалық проблемалары әлі шешілмегені анықталды. 
Салық  механизмінің тиімсіз  аспектілерінің бірі  негізінде  салық  жинау проблемалары 
жатыр.  Соңғы  жылдары  осы  проблемаларды  шешу  мемлекеттің  салық  саясатының  басты 
мәселенің бірі ретінде саналады. 
Салық төлеушілердің іс-қимылы салық салу базасының жиынтығы негізінде сипаттама 
құрылуы келесідей критерияларға жауап беру қажет: 
- салықтарды жеңілдету және салықтардан жалтаруды мүмкін емес ету; 
-  салық  төлеушілердің  потенциалды  мүмкіндіктерін  өндіріске  және  оны  өндіруге 
икемдеу; 
-  қызмет  нәтижесі  салық  төлемдерінің  мөлшерінің  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ететін 
мінез-құлықтың тұрақтылығы болу керек, бұл салық төлеуден бас тартуға кедергі жасайды. 
Потенциалды салық төлеушілердің салық жинау процесінде нақты қамтамасыз ететін 
салық  салу  базасының  анықтамасы  айқын  болу  қажет.  Қазіргі  таңда  салық  ставкалары 
жоғары  екені  бәріне  белгілі.  Олардың  анықталуы  кезінде  тапшылықта  тұрған 
кәсіпорындардың  мүмкіншілігін  ескермейді.  Негізінен,  басқа елдердің  қолданылып  жүрген 
ставкаларын  қабылдайды,  бірақ  сол  елдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайын,  халықтың 
өмір сүру деңгейін ескермейді. 
Салық  механизмінің  маңызды  бір  бағыты  ТМД  елдерімен  және  басқа  елдермен 
ақпарат алмастыратын жүйе құру қажет. Ол Қазақстан Республикасынан тыс жерде жұмыс 
істейтін жеке тұлғалардың табысын анықтап отыру үшін және салықтардан жалтартпау үшін 
белгілі бір жағдай жасау керек. 
Ішкі  инвестицияларды  ынталандырмайынша  экономиканы  көтеру  мүмкін  емес.  Сол 
сияқты  Қазақстан  Республикасының  салықтық  қарым-қатынастарды  жаңғыртудың  басты 
бағыттарын болжамдайды: 
-  Қазақстан  Республикасының  Парламент  Мәжілісіне  салықтық  және  кедендік 
заңдарды  жаңғырту  мақсатында  маманды  ассоциация  және  қоғам  ұйымдарының  өкілдері, 
заңгерлер, аудиторлардан тұратын тәуелсіз байқауларды тартуда комиссия құруды ұсынады; 
-  қаржы  тапшылығына  байланысты  отандық  және  шетел  инвесторлары  мен  
өндірушілерін  қолдауға бағытталған  салық  және кеден  ісі  жөнінде жұмыстарды жүргізу 
жүйесін құрастыруды ұсыну; 
-  Қазақстан  Республикасының  Үкіметіне  салық  және  кеден  заң  актілерін  жаңғырту 
жұмыстарын  жүргізген  кезде  максималды  түрде  кәсіпкерлердің,  тәуелсіз  аудиторлардың, 
қоғамдық бірлестіктер мен құрылымдардың жұмыс тәжірибиесін ұсыну. 
Егер  осы  айтылған  ұсыныстар  іске  асырылса,  онда  Қазақстан  Республикасының 
салықтық қарым-қатынастары жақсы дамиды. 
Казіргі  кезде  Қазақстанда  өндірістің  дамуына  ғана  емес,  сонымен  бірге  кез-келген 
бизнестің  дамуына  жақсы  жағдайлар  жасалған.  Бүгінгі  таңда  шағын  және  ірі  бизнеспен 
айналысатын  кәсіпкерлер  келесідей  негізгі  проблемалармен  қақтығысады:  салықтар, 
заңдылықтардың  тұрақсыздылығы,  мемлекеттік  органдардың  қайшы  келуі,  сот  жүйесінің 
дамымауы,  несие  берудің  аздығы,  қылмыс.  Біздің  ойымызша,  шағын  және  ірі 
кәсіпорындарға, жеке кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін енгізу қажет [4, 63 – 65].  
Экономиканың  тұрақтылығының  жоқ  болуы,  өндірістің  төмендеу  жағдайларында 
белгілі  бір  қызмет  түрлеріне  салық  каникулын,  салықтық  несие,  салықтық  жеңілдіктерін 
беру  арқылы  ынталандыру  қажет.  Біздің  салық  жүйеміз  отандық  өндірушілерді 
ынталандыруы  қажет. Өйткені,  әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей, экономиканың  өсуі  шағын 
және ірі бизнестің дамуына байланысты болады. 
Тұрақты  экономикалық  өсуді  қамтамасыз  ету,  бизнестің  бәсекеге  қабілеттілігін 
ынталандыру,  бизнестің  «көлеңкеден»  шығуы  және  салықтық  әкімшілендіруді  одан  әрі 

     
 
 
115 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
жетілдіру  үшін  мемлекеттің  2009  –  2013  жылдарға  арналған  салық  саясаты  мыналарға 
бағытталатын болады, ол өз кезегінде салық механизмімен орындалады: 
-  елдің  бәсекеге  қабілеттілігін  күшейтуге  мүмкіндік  беретін  бәсекелі  салық  жүйесін 
құру; 
- салық жүйесін Қазақстан дамуының жаңа кезеңінің міндеттеріне сәйкес келтіру, бұл 
экономиканы жаңғыртуға және оны әртараптандыруға ықпал етуге тиіс; 
-  жеңілдіктерді  оңтайландыру  және  тиісінше  экономиканың  шикізаттық  емес 
секторына    салық  жүктемесін  азайту,  заңды  тұлғаларға  салық  салуды  халықаралық 
стандарттарға сәйкес келтіру; 
- қосылған құн салығын алдыңғы қатарлы әлемдік практикаға сәйкес келтіру; 
- импортқа және ішкі өндіріске арналған акциздердің ставкаларын бір ізге түсіру; 
- жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу жүйесін реформалау; 
-  әкімшілдендіру  рәсімдерін  оңайлату,  салық  қызметтерінің  сапасын  және  салық 
рәсімдерінің  ашықтығын  арттыру,  салық  есептілігінің  мөлшерін  қысқарту,  салық 
тексерулерін тәртіпке келтіру. 
  Орта  мерзімді  кезеңдегі  бюджет  саясаты  бюджеттік  жоспарлаудағы  жаңа  тәсілдер 
ескеріле отырып, жүргізілетін болады. Тұтастай алғанда экономикаға ынталандырушы әсер 
ететін  бюджет  шығыстарын  шектеуді  емес,  оларды  өсіруді  көздейтін    мемлекеттік 
шығыстардың қалыпты саясаты жүзеге асырылатын болады [5, 171 – 172]. 
Салық  ісін  тиімді  ұйымдастыру  мақсатында    салықтарды  белгілі  топтарға  бөліп 
жіктейміз.  
Салықтарды мынадай ерекшелік белгілері бойынша жіктейміз:  
1.
 
Салық салу объектісіне байланысты;  
2.
 
Қарауына қарай;  
3.
 
Салық салу органына байланысты; 
4.
 
Экономикалық ерекшелігіне байланысты;  
5.
 
Салық салу объектісін бағалау дәрежесіне қарай;  
Салық  салу  объектісіне  қарай  салықтар  тікелей  және  жанама  салықтар  болып 
жіктеледі. 
Тікелей салықтар тікелей табысқа немесе мүлікке салынады.  
Тікелей салықтарға мынадай салықтар жатады: 
-
 
корпорациялық табыс салығы;  
-
 
жеке табыс салығы;  
-
 
жер салығы;  
-
 
көлік құралдарына салынатын салық;  
-
 
мүлік салығы;  
-
 
жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;  
-
 
әлеуметтік салық.  
Жанама  салықтарды  тұтынушы  төлейді.  Тауар  немесе  қызмет  бағасына  алдын  ала 
салық енгізілгендіктен, іс жүзінде оны бюджетке сатушы аударады.  
Жанама салықтарға мыналар жатады:  
-
 
қосылған құнға салынатын салық;  
-
 
акциздер;  
Бюджетке түскен  соң  қолданылатын  белгісіне  қарай  салықтар  жалпы  және   арнайы 
болып жіктеледі.  
Жалпы  салықтар  бюджетке  түскен  соң,  жалпы  мақсатқа  жұмсалады.Оған 
корпорациялық табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және т.б. жатады. 
Арнайы  салықтар  бюджетке  түскен  соң,  алдын  ала  белгіленген  нақты  шараларға 
жұмсалды. Мысалы, көлік құралдарына салынатын салық жол қорын  құруға жұмсалады. 

     
 
 
116 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Салық  салу  органына  байланысты  салықтар  жалпы  мемлекеттік  және  жергілікті 
болып  бөлінсе,  экономикалық  белгісіне  қарай  табысқа  салынатын  салық  және  тұтынуға 
салынатын салық болып жіктеледі.  
Табысқа  салынатын  салықтар  салық    төлеушінің  кез  келген  салық  салынатын 
объектісінен түсетін табысынан  алынады. Олардың санатына мына салықтар кіреді: табыс 
салығы, пайдаға салынатын салық.  
Тұтынуға  салынатын  салықты  салық  төлеуші  тауар  немесе  қызмет  құнын  төлеген 
кезде төлейді. Оған қосылған құнға салынатын салық пен акциздер жатады.  
Салық  салу  объектісін  бағалау  дәрежесіне  қарай    салықтар  нақтылы  және  дербес 
болып бөлінеді.  
Нақтылы салықтар салық төлеушінің салық салынатын объектісінің сыртқы белгісіне 
қарай салынады. Оған жер салығы, мүлік салығы жатады.  
Дербес  салықтар  салық  төлеушінің  салық  салынатын  объектісінен  алатын  табыс 
мөлшеріне байланысты салынады. Оған корпорациялық табыс салығы, жеке  табыс салығы 
жатады [6, 103 – 105]. 
Қорытындылай келе айтарымыз, салық жүйесінде  салық механизмінің алатын орны  
мен рөлі зор. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1. Болашақтың  іргесін бірге  қалаймыз. Қазақстан Республикасының Президенті 
Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына  Жолдауы // Егемен Қазакстан, 2011, 29 қаңтар 
2. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Қаржы. – Алматы:Экономика,  2009.–551 б. 
3.  Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер  туралы  (Салық 
кодексі).  – Алматы:Юрист,  2009. – 468 б. 
4. Малдыбаева Г. Классификация налоговых нарушений по видамнало –  
гов// Вестник налоговой службы РК,2009. №8. – 63 – 65 бб. 
   
  5. Сұлтанов А. Салық есебі.  Оқу құралы.  - Алматы:  Экономика, 2008. – 190 б. 
6. Нурумов А. Налоги и финансы рыночной экономики.– Астана: Елорда, 2007.–
410 б. 
 
 
    УДК 72.025 (575) 
 
АГРОТУРИЗМ  И КАЗАХСТАНСКИЕ  РЕАЛИИ:  ПРОБЛЕМЫ И 
ПЕРСПЕКТИВЫ 
 
А.К. Есенгабылова, Р.Х. Ахмадиева 
Жетысуский государственный университет имени И.Жансугурова, г. Талдыкорган 
Aiman_13_90@mail.ru, Rasya88@mail.ru 
 
Мақала туризмнің негізгі бағыты болып табылатын агротуризмге, оның түсінігін ашып 
көрсетуге және дамуының шетелдік тәжірибесін сипаттауға арналады. Мақалада қазіргі кездегі 
Қазақстандағы агротуризмнің мәселелері мен даму перспективасы қарастырылған. 
 
Статья посвящена одному из основных направлений туризма – агротуризму, раскрытию 
его  определения  и  описанию  зарубежного  опыта  развития.  В  статье  рассматриваются  
проблемы и перспективы развития Казахстанского агротуризма на современном этапе.  
 
The article is devoted to one of the main directions of tourism  – agrotourism, to  its definition 
and the description  of foreign experience.  Problems and  perspectives  of the Kazakhstani agritourism 
development  at the present stage are considered. 
 

     
 
 
117 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Ключевые слова: туризм, агротуризм, ресурс, агроэкономика, туристская услуга,  
кластер, экологическое  образование. 
 
В  настоящее  время  огромное  внимание  уделяется  развитию  агротуризма  как 
одного  из  основных  направлений  туризма.  Агротуризм  предполагает  временное 
пребывание  туристов  в  сельской  местности  с  целью  отдыха  и  участия  в 
сельскохозяйственных  работах.Такой  вид  поездок  включает  в  себя  проживание  на 
фермах  и  деревенских  усадьбах,  а  также  сельскохозяйственные  работы,  сбор  грибов, 
ягод  и  других  даров  природы  в  экологически  чистой  местности.  Сегодня  агротуризм 
пользуется  большой  популярностью  у  жителей  индустриальных  стран  с  высоким 
уровнем  урбанизации.  Яркими  примерами  этого  являются  Франция  и  Италия.  Почти 
25% всех туристов из данных стран предпочитают сельский туризм, выезжая на отдых 
в крестьянские  усадьбы. Кроме того, агротуризм чрезвычайно популярен в Германии и 
Великобритании,  Австрии,  Швейцарии,  Испании,  Канаде,  Доминиканской  Республике 
и  на  Кубе.За  рубежом  работает  международная  программа  WWOOF,  что  означает 
«Всемирные  Возможности  на  Органических  Фермах»  или  «Добровольные  Работники 
на  Органических  Фермах»  -  это  набор  международных  программ  агротуризма, 
позволяющих  совместить  отдых  с  работой  в  сельском  хозяйстве.  Агротуризм  может 
выступать как фактор развития сельских районов. Он является традиционной составной 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет