Глава Государства Н.А. Назарбаев определил инновациидальнейшим
приоритетом развития страны. В своем новом послании народу Казахстана «Стратегия
«Казахстан-2050»: новый политический курс состоявшегося государства» он определил
цель на 2050 год, т.е. создать общество благоденствия на основе сильного государства,
развитой экономики и возможностей всеобщего труда.Сильное государство особенно
важно для обеспечения условий ускоренного экономического роста[6].
В короткие сроки оченьважно Казахстану выработать конкурентную
инновационную среду, вкоторой, с одной стороны, генерировались бы инновационные
решения, сдругой – они мгновенно находили бы применение на практике иприносили
прибыль.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
1. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2003-2015гг.//
http://government.kz/docs/
2. Белл Д. Грядущее постиндустриальное общество. Опыт социального
прогнозирования. — М.: Academia, 1999.
3. Экономика Казахстана за 20 лет: инновации и диверсификация. Рахман Алшанов,
ректор университета "Туран", д.э.н., "Казахстанская правда", 18 ноября 2011г
4. Толеген Е.Т. Исследование инновационного развития Республики Казахстан Астана -
2011 //http://www.economy.kz/
5. «Сильный Казахстан построим вместе», выступление Президента Н.А. Назарбаева на
Форуме 4 июля 2011 года http://www.zakon.kz/top_law_news/vystuplenie-prezidenta-
respubliki.
6. Послание Президента Республики Казахстан - Лидера нации Нурсултана Назарбаева
народу Казахстана «Стратегия «Казахстан-2050»: новый политический курс
состоявшегося государства» // http://www.akorda.kz/ru/
98
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
ӘОЖ 336
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ
ДАМУЫНДАҒЫ БАНКТІК НЕСИЕЛЕУДІҢ АЛАТЫН ОРНЫ
М.О. Асаубаев
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ-сы,
madik_ps@mail.ru
Мақалада мемлекетіміздегі шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырудың
бірден-бір көзі банктік несиелеу мәселелері жайлы айтылған. Себебі шағын және орта бизнес
субъектілерін несиелеуді дамыту мен жетілдіру бүгінгі күні отандық экономиканың дамуында
өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
В статье рассматриваются вопросы банковского кредитования субъектов малого и
среднего бизнеса в нашей стране. На сегодняшний день развитие и совершенствование
банковского кредитование субъектов малого и среднего бизнеса являетя одним из актульных
вопросов в развитии отечественной экономики.
In the article examined bank landing issues of SME (small and middle entrepreneurship)
parties in our country. Nowadays bank landing development and improvement of SME parties are one
of the actual problems in the country economical development.
Тірек сөздер: кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес, банктік несиелеу,
коммерциялық банктер, қаржыландыру, инновация, бизнес субъектілері
Шағын және орта кәсіпкерлік немесе бизнес – бүгінгі экономикалық даму
жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады. Нақты
сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының
дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен
қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштерінің шамаларының артуына тікелей
әсер етеді. Сондықтан кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытуға көбірек көңіл бөліне бастағаны байқалады. Осы шағын бизнестің дамуының
бірден бір көзі болып - банктік несие табылады. Коммерциялық банктердің
экономиканың нақты секторын және де сауда фирмаларын несиелендіруі – ұлттық
экономиканың өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің
атқаратын өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас
бөлігі. Олардың дамуы мемлекеттің, экономика агенттерінің шаруашылық өмірі үшін
әрі тиімді, әрі пайдалы
[3].
Шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруды жандандыру отандық
экономиканы дамытудың ең өзекті мәселелерінің бірі. Себебі, олар арқылы әлеуметтік-
экономикалық дамудың көптеген мәселелері шешіледі: өндіріс өнеркәсібін
модернизациялауды кеңейтеді, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығарады, жұмыс орны
санын өсіреді, халықтың әл-ауқатының жалпы деңгейін көтереді.
Шет мемлекеттердің тәжірибелері көрсеткендей, кәсіпорынды қаржыландырудың
кең таралған көздерінің бірі – коммерциялық банктердің жеке инвестициялары болып
табылады. Банктiк несиеге деген сұраныс күннен-күнге өсуде, ал оған шағын бизнес
субъектiлерiнiң қол жеткiзе алмауы көкейтестi мәселелердiң бiрi болып отыр.
Әлеуметтiк-экономикалық ақпарат және жобалау институты жүргiзген сауалнама
бойынша Қазақстанның шағын бизнес субъектiлерiнiң 84% несиеге тәуелдi екендiгiн
көрсеткен. Сондай-ақ осы институттың мәлiмдеуi бойынша банктен алынатын несиелер
мына мақсаттар үшiн жедел қажет:
99
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
–
айналым қаражаттарын толықтыру – 63,5 %;
–
құрал-жабдықтарды ауыстыру және жөндеу – 42,9 %;
–
ғимараттарды салу және жөндеу – 25,4 %;
–
жалақыны өтеу – 3,2 %;
–
жал және коммуналдық қызметтердi өтеу – 2,1 %[4].
Банктер алдында тұрған бiрден-бiр мәселе несиелiк саясатын түзету ғана емес,
сонымен қатар несиелеу процесiн ұйымдастыру мәселесiн де шешуi керек сияқты.
Көбiнесе отандық коммерциялық банктердiң шағын бизнестi несиелеуде – мынадай
тәжiрибесiн, яғни жобалық қаржыландыру мен активтермен несиелеуiн айта кеткен жөн.
Нәтижесiнде қамтамасыз етiлген несие – табысты бизнеске, жақсы қаржылық
көрсеткiштерi бар белгiлi бiр қарыз алушы типiне несие берiледi. Бұл шын мәнiнде өте
қатаң талап, көптеген қарыз алушылардың мұндай талапты несие түрiне қол жеткiзуi
мүмкiн емес. Осыған қарамастан банк несиелерiнiң 70% стандартты деп алынса, ал
қалған 30% күмәндi және үмiтсiз несиелер қатарына жатқызылады[5].
Осы ретте шағын және орта бизнес үшiн қаржы көзi болып екінші деңгейдегi
коммерциялық банктер мен қорлар табылса, шағын және орта бизнестi жандандыру
үшiн берiлетiн несие әдiстерiн жетiлдiрiп қана қоймай, сол шағын бизнес субъектiлерiне
қарыз қаражаттарды алу мен табу көздерiн iздестiрудi де ойлау қажет. Бүгiнгi күнi
Қазақстан шағын және орта бизнестi несиелеу бағытындағы өзiнiң азғана жиған
тәжiрибесi бойынша шағын бизнес субъектiлерiмен банктерден алынған қаржы-
қаражаттарын тиiмдi пайдалана алмай отырғаны белгiлi. Ал, халықтан әр түрлi қаражат
тарту (жергiлiктi деңгейде) өзiнiң корпоративтi бағалы қағаздарын шығару, басқа да iрi
компаниялар субъектiлерiмен бiрiккен консорциумдар құру, мүмкiн шағын бизнестi
басқарудың жетiлуiне, акционерлiк ұжымдық шешiм түрiнде орта бизнес
кәсiпорындарына айналуына жол ашылатын едi. Бiрақ, бұл жағдайда кәсiпорынның
өзіндік тәжiрибесi мен меншiктi бағалы қағаздары жоқ болғандықтан тағы да
қиындыққа кездеседі.
Республикамыздағы тағы бір мәселе – шағынкәсіпкерлікке қаржылық көмек
көрсетуде географиялық дисбаланс байқалады. Басты себеп қаржының басым бөлігі
Алматы (62%), Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында жергілікті органдардың
шағын бизнеске көңіл аудармауы мен төмен қолдауына байланысты жалпы берілген
несиелеу (1,5%) болып табылады. Ал, Алматы облысының үлесіне барлық банктік
несиелердің 13%, Шығыс-Қазақстан – 6%, Жамбыл облысының үлесіне небәрі 1%. Ал,
екінші қалалар мен ауылдың шағын және орта кәсіпорындары несиелік ресурстарға өте
зәру болып отыр, яғни несие ресурстары аймақтық жобалардан тыс қалып отыр. Өйткені
коммерциялық банктердің аймақтармен байланысы және аймақтық кіші және орта
жобаларды қаржыландыруға олардың ынтасы жоқ[6].
Сонымен қатар, банктік нормативтердің де шағын бизнесті қаржыландыруға
ынтасы төмен. Қазіргі кезде аймақтардаұсақ сауда орнын, тамақтандыру саласы сияқты
өте қарапайым жобалар ғана ұсынылады.
Елде отандық шағын және орта кәсіпкерліктің тиімді дамуы үшін қызметі
инновацияны енгізумен, өнім экспортымен байланысты, ШОБ субъектілері
жеңілдетілген несиелеу сияқты қолдау түрін әрі қарай тарату және кейбір жағдайларды
іске асыру механизмін құру қажет, франчайзинг, венчурлік бизнесті субмердігерлік
және лизингті белсенді қолдану үшін жағдайлар жасау керек. Осындай қолдаудың
нәтижесінде шағын және орта кәсіпкерлік ұлттық экономикада елеулі рөл атқара
бастайды.
Сонымен қатар, шағын және орта бизнесті несиелеудің және қаржыландырудың
мынадай жүйесін құруды ұсынуға болады:
1.
Ең басты міндет – ол шағын және орта кәсіпорындарын несиелеу мен
қаржыландыру көлемін ұлғайту;
100
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
2.
Елдің барлық аймақтарында несиелік мекемелердің желісін кеңейту бойынша
нақты шараларды қолға алу;
3.
Шағын бизнес субьектілерінің қарыз қаражаттарға қол жеткізу мүмкіндіктерін
құру үшін Үкімет, өкіметтің аймақтық органдары шағын және орта бизнес
кәсіпорындары алатын несиелердің кепілдендірілген жүйесін құру;
4.
Банк қызметін қайта құру. Мемлекеттің шағын және орта бизнесті несиелеу мен
қаржыландыру бойынша саясатын жүргізуге маманданған банктер мен қаржы
ұйымдарының жүйесін қалыптастыру;
5.
Қарыз алушының несиелік тарихын жинақтайтын несие бюросын құру қажет.
Аталған мақсаттарды орындау үшін шағын кәсіпорындарға берілетін несиелер
бойынша пайыздық мөлшерлемені қаражаттандыру бағдарламасын жүзеге асыру
кезінде бюджеттің барлық деңгейдегі қаражаттарын бөлу керек. Сонымен қатар,
соманың қайтарымдылығына кепіл беретін сақтандыру қорының жүйесі болуы шарт.
Шағын және орта бизнесті несиелеуді қолдауда кешендік көзқарастың қажеттілігі
ұзақ мерзімдік тұрақтылықтың кепілі бола алады.
Мемлекеттік қолдау мен реттеудің бірізді әлеуметтік әділеттік принципі орнығуы
тиіс. Шағын және орта бизнесті несиелеуді өзінің дамуына байланысты алғышарттар
мен мүмкіндіктерге қарай ырғақты дами отырып, әрдайым мемлекет тарапынан
қолдауға мұқтаж.
Олар:
-
тұтынушылық тауарлар мен қызметтер ассортиментін көбейту және өндіріс
көлемін ұлғайту;
-
халыққа қажет тауарлар мен қызметтердің өндірісін шұғыл ұйымдастыру;
-
экономиканың мемлекеттік секторының тиімсіз өндірісін (аз сериялы, бөлшек)
қолға алып, өнім шығару және осының есебінен ірі кәсіпорындар қызметінің тиімділігін
арттыру;
-
қосымша әрі көмекші өндірісті жандандыру;
-
нарық сұранысына ыңғайлы және шұғыл жұмыс істейтін өнім түрлерін шығару
арқылы қоғамдық өндірістің көлемін ұлғайтып, халықтың әл-ауқатының артуына ықпал
ету;
-
жаппай жұмыссыздықты ауыздықтауға көмектесу;
-
экономикадағы бәсекелестікті дамыту, тағы басқалар жатады.
Жоғарыда айтылған алғышарттарды жүзеге асыра отырып, елімізде, әсіресе
ауылдық аймақтарда ШОБ қызметін жандандырып, дамытуға болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Бухгалтер бюллетені 2003/31.
2.
Бухгалтерлік есеп және аудит 2002/6.
3.
Мейірбеков Б.К. Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мен реттеудің қажеттілігі /
Сб. науч. тр. -Алматы: Экономика, 2000. 142-156 бет.
4.
Банки и банковские операции: Учебник для вузов / Жуков Е.Ф., Максимов Л.М.,
Маркова О.М., 1997. - С. 471.
101
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
ӘОЖ 336.7(075.8)
БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДА ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
А.Е. Беделбаева
Экономика және бизнес магистрі
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ.
aselya.bedelbayeva@mail.ru
Мақалада тәуекел мен белгісіздік жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін
бағалау әдістері қарастырылған. Жасалаған талдаудың нәтижесінде, инвестициялық
жобалардың тиімділігін бағалау және басқару әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар
жасалды.
В статье рассматриваются достоинства и недостатки различных методов оценки
эффективности инвестиционных проектов с учетом факторов неопределенности и риска. На
основе
результатов
проведенного
анализа
выдвигается
ряд
предложений
по
совершенствованию применения данных методов.
In article merits and demerits of various methods of an assessment of efficiency of investment
projects taking into account uncertainty and risk factors are considered. On the basis of results of the
carried-out analysis a number of suggestions for improvement of application of these methods moves
forward.
Тірек сөздер: инвестиция, инвестициялық жоба, тәуекел, белгісіздік, тиімділік.
Инвестициялық қызметтің барлық түрі тәуекелмен тығыз байланысты. Жобаны
жүзеге асырудың әр түрлі шарттарында жоба бойынша шығындар мен нәтижелер де
түрліше болады. Сондықтан тәуекел мен ықтималдылық факторларын есептегенде
олардың тиімділігін есепке алады. Айта кететін жайт, инвестициялық жобаның дамуы –
динамикалық үдеріс, сондықтан да шешімдерді қабылдаудың әрбір мезетінде жобаны
жүзеге асыру шарттары өзгеріске ұшырауы мүмкін.
Инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін, тиімділіктің критериалды
көрсеткіштерінің белгілі бір жиынтығын талдау арқылы жүргізілетін, жобаның
инвестициялық сапаларын бағалау қажет. Себебі инвестициялық мақсаттардың жүзеге
асырылу дәрежесі, инвестициялардың тиімділігін бағалаудың нәтижесіне тәуелді.
Алынған нәтижелердің объективтілігі мен шынайылығы, өз кезегінде, пайдаланылатын
талдаудың әдістеріне тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибеде әзірленген
инвестициялардың тиімділігін анықтаудың әдістері, нақты және қаржылық
инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін де, сондай-ақ, инвестициялау
объектілерін таңдау үшін де қолданылады.
Инвестициялық жобаның (ИЖ) тиімділігін бағалаудың негізінде, жобаны жүзеге
асырудан алынатын кіріс пен инвестициялық шығындарды өлшейтін, көрсеткіштер
жүйесі жатыр. Инвестициялық қызметтің табыстылығы мен тәуекелдерінің оңтайлы
үйлесімділігін анықтау үшін, әртүрлі жағдайларды ескеру қажет. Сондықтан, осы
мақалада, біз, инвестициялық талдау әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін
қарастырып, шешімдерді қабылдау үдерісінде тәуекел мен белгісіздікті есепке алу
мәселелеріне ерекше көңіл бөлеміз.
Ұзақ мерзімді инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау үшін әртүрлі
көрсеткіштер пайдаланылады, олардың кең тарағаны мыналар [1,25б.].
-
таза ағымдағы құн – NPVақша бірл.;
102
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
-
табыстылық индексі – РІ;
-
дисконттау есебімен өтелу мерзімі – DPP, жылдар;
-
табыстылықтың ішкі нормасы – IRR,%;
-
табыстылықтың модификацияланған нормасы - МIRR,%.
Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдаған кезде, ақша ағындарының
болашақтағы құны болжамды сипатта бағаланады. Болашақтағы нәтижелердің
белгісіздігі экономикалық факторлармен қатар (нарық конъюктурасының, бағаның,
валюта бағамының, инфляция деңгейінің және т.б.), экономикалық емес факторларға да
(климаттық және табиғи жағдай, саяси қарым-қатынас және т.б.) тәуелді.
Болжамданған нәтижелердің белгісіздігі тәуекелдің пайда болуына себепші болады.
Сонымен қатар, жоғарыда қарастырылған тиімділік көрсеткіштерінің ортақ кемшілігі –
енгізілетін өлшемдердің орташа мәндерін қолдану болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың әлемдік тәжірибесінде, тәуекел мен белгісіздік
жағдайында инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әртүрлі әдістері
пайдаланылады, олардың қатарына жататындар [2,140б.]:
-
дисконттау мөлшерлемесін түзету әдісі (тәуекел үшін сыйақы);
-
нақты эквиваленттер әдісі (шынайылық коэффициенттері);
-
тиімділік көрсеткіштерінің сезімталдығын талдау (NPV, IRR және т.б.);
-
сценарийлер әдісі;
-
ойындар теориясының әдісі (MAXIMIN, MINIMAX критерийлері және т.б.);
-
«шешімдер ағашын» құрастыру;
-
Монте-Карло әдісі бойынша үлгілеу.
Бұл әдістердің сипаттамасы әртүрлі әдебиет көздерінде кеңінен қарастырылады.
Біз осы әдістерді тәжірибеде қолданудың ерекшеліктері мен кемшіліктеріне
тоқталамыз.
Дисконттау мөлшерлемесін түзету әдісі болашақтағы ақша ағындарын қазіргі
уақытқа неғұрлым жоғары мөлшерлемемен келтіруді қарастырады. Алайда, мүмкін
болатын тәуекел деңгейі (ақырғы экономикалық нәтижелердің мүмкін болатын
ауытқуы) туралы ешқандай ақпарат бермейді.
Нақты эквиваленттер әдісі, алдыңғы әдіске қарағанда, дисконт шамасын емес,
инвестициялық жобаның ақша ағындарының шамасын түзетуді қарастырады. Осы
мақсатта әрбір жоспарланатын t мерзімі үшін арнайы төмендетуші коэффициенттер
есептеледі. Есептеу тәсілдерінің бірі – t кезеңіндегі тәуекелсіз салымдар (операциялар)
бойынша таза ақша ағыстарының осы t кезеңіндегі жоспарланған таза ақша ағыстарына
қатынасы болып табылады. Бұл әдіс, ақша ағындары тәуекелсіз салымдардың кірістері
ретінде қарастыратындықтан, инвестициялық жобаның тиімділігін талдауды белгісіздік
және тәуекел жағдайында жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Тиімділік көрсеткіштерінің сезімталдығын талдау әдісі, инвестициялық
жобаның басты айнымалыларының әсерін сандық негізде бағалауға мүмкіндік береді.
Берілген әдістің негізгі кемшілігі – инвестициялық жобаның бір өлшемінің өзгерісі
жағдайында, қалған өлшемдерінің өзгеріссіз қалуы. Ал бұндай жағдай, тәжірибеде
сирек кездеседі.
Сценарийлер әдісі сезімталдықты талдау әдісінің негізгі кемшілігін жоюға
мүмкіндік береді. Себебі, бұл әдістің көмегімен тәуекел факторларының өзгерісінің
әсерін ескеруге болады. Сценарийлер әдісінің негізгі кемшіліктері бар: біріншіден,
әрбір даму сценарийі үшін ақпаратты таңдау және сараптамалық өңдеу бойынша үлкен
көлемді жұмысты орындау қажет; екіншіден, даму сценарийлерін таңдауда
субъективтілік үлесінің басымдылығы.
MAXIMIN критерийі (Вальд критерийі) инвестордың тәуекелін минималдайды,
алайда, бұл әдісті пайдаланғанда тиімділігі жоғары болып табылатын көптеген
инвестициялық жобаларды қабылдаудан негізсіз бас тартамыз. Бұл әдіс инвестициялық
103
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
жобаның тиімділігін жасанды түрде төмендетеді, сондықтан оны кепілдендірілген
нәтижеге қол жеткізу қажеттілігі туралы сөз қозғалғанда пайдаланған мақсатты.
MINIMAX критерийі (Сэвидж критерийі), MAXIMIN критерийіне қарағанда,
тек жоғалтуларды төмендетуге ғана емес, сондай-ақ, пайданы жоғалтуды төмендетуге
бағытталған. Ол қосымша пайданы алу үшін, белгілі бір дәрежеде тәуекелге бел бууды
қарастырады. Бұл критерий, инвестициялық жобаның шешімін қабылдағанда, сыртқы
ортаның жағымсыз дамуымен байланысты тәуекелін ескермейді.
Гурвиц критерийі сызықтық комбинация көмегімен MAXIMIN және MINIMAX
критерийлері арасында баланс орнатады. Бұл әдісті пайдаланғанда, көпшілік
сценарийлердің ішінен, минималды және максималды тиімділікті көрсететін ИЖ
j
таңдалып алынады. NPV көрсеткіші бойынша оңтайлы ИЖ таңдау келесі формула
арқылы жүзеге асады:
(1)
мұнда,
- пессимизм-оптимизм коэффициенті, басқарушының тәуекелге
қатысты бейімділігін білдіреді [3,56б.]. Егер, бейімділік нақты анықталмаса, онда,
.
(Вальд нүктесі) болғанда, гурвиц критерийі максимин критерийімен, ал
болғанда, максимакс критерийімен сәйкес келеді. Жоғарыда қарастырылған
ойындар теориясы әдістерінің ортақ кемшілігі – даму сценарийлерінің шектеулі саны
қарастырылатындығында.
«Шешімдер ағашын» құрастыру әдісі сценарийлер әдісіне ұқсас келеді және
сыртқы орта динамикасын көпнұсқалы болжауға негізделген. Бұл әдістің бір
айырмашылығы мынада: ұйым, қажетті жағдайда, жобаның жүзеге асырылу
қадамдарын өзгертуі мүмкін. Алайда, бұл әдістің бірқатар кемшіліктері бар: біріншіден,
зерттелетін «шешімдер ағашының» көлемі үлкен болған жағдайда, әдістің техникалық
күрделілігі; екіншіден, мүмкіндікті бағалауда субъективтіліктің жоғары деңгейі.
Монте-Карло әдісі бойынша үлгілеу – тәуекел жағдайында инвестициялық
шешімдерді бағалаудың кең тараған әдістерінің бірі. Монте-Карло әдісі бойынша
инвестициялық
жобаның
көптеген
нұсқалары
қарастырылатындықтан,
ол
мүмкіндіктерді неғұрлым нақты бағалайды [4,72-92бб.]. Алайда, тәжірибеде
қолданғанда, бұл әдістің кемшіліктерін келесі негізгі себептермен түсіндіруге болады:
-
мүмкіндіктерді бөлу заңдарына қатысты, алынған нәтижелердің жоғары
сезімталдығы;
-
заманауи бағдарламалық құралдар мүмкіндіктерді бөлу заңдары мен ондаған
айнымалылардың коррелициясын ескерген жағдайда да, олардың шынайылығын
тәжірибелік зерттеп, бағалауға мүмкіндік бермейді;
-
жоғарыда аталған екі себептің салдарынан, инвестициялық шешімдердің қате
қабылдануы мүмкін.
Белгісіздік жағдайында шешім қабылдау үшін нақсыз қосындылар теориясының
әдістері пайдаланылады. Бұл әдістің негізгі артықшылықтары келесідей:
-
қабылданатын инвестициялық шешімдердің шынайылығы мен сапасын
жоғарылатуға мүмкіндік беретін қол жетімді барлық ақпаратты пайдалануға мүмкінд ік
береді;
-
инвестициялық жобаның мүмкін болатын даму сценарийлерінің толық
спектрін қалыптастырады;
-
инвестициялық жобаның оңтайлы қоржынын қалыптастыру міндетін шешуде
бірақатар артықшылықтары бар.
Жобаларды басқаруда тиімді ұйымдастырушылық құрылымды таңдау үшін
келесі әдістерді пайдалану керек:
104
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
1)
баламалар әдісі;
2)
сараптамалық әдіс;
3)
мақсаттарды құрылымдау әдісі;
4)
ұйымдастырушылық үлгілеу әдісі [5,86б.].
Баламалар әдісі баламалы ұйымдардың басқару құрылымының тәжірибесін
қолдануға негізделген.
Сараптамалық бағалау әдісі, инвестициялық тәуекелдің болу мүмкіндігін
бағалау үшін қолданылады. Бұл жұмысты жүргізу үшін, мәселенің мән-жайын жақсы
білетін, кем дегенде, үш сарапшының қатысуы керек. Атап айтқанда, ұйымның
басқарушысы, экономикалық сұрақтармен айналысатын территория әкімшілігінің
қызметкері, жоғары білікті маман және т.б. сарапшы бола алады. Жеке жұмыс
жасайтын әрбір сарапшыға, жобаға әсер ететін жалпы тәуекелдердің тізімі беріледі.
Сарапшылардың міндеті – берілген тәуекелдердің болу мүмкіндігін белгіл і бір бағалау
жүйесі бойынша бағалау болып табылады. Сарапшылар бағаларының қарама-қайшы
еместігін талдау үшін, келесі ережелерді ескереміз:
1-ереже:
; i=1,…, n (мұндағы А
і
және В
і
– і-тәуекеліне қатысты
екі сарапшының бағалары) – кез келген фактор бойынша екі сарапшы берген
бағалардың арасындағы максималды айырма 50-ден кем болуы керек. Салыстыру
модуль бойынша жүргізіледі («қосу» немесе «алу» белгілері ескерілмейді). Бұл ереже
жеке тәуекелдің болу мүмкіндігін бағалауда, айырмашылықтарды жоюға бағытталған.
2-ереже:
– сарапшылардың орташа келісілген бағасын
анықтауға бағытталған. Бұл ереже 1-ші ереже орындалғаннан кейін пайдаланылады.
Айырмашылықтарды есептеу үшін, бағалар модуль бойынша қосылады, ал алынған
нәтиже, жобаның барлық жай инвестициялық тәуекелдер санына бөлінеді. Егер,
алынған өлшем 25-тен аспаса, онда сарапшылардың бағасы біріне-бірі қарама-қайшы
емес даген қорытынды шығаруға болады.
Барлығы, 3 (үш сарапшы болғанда) пікірлерді жұптық салыстыру жасалу керек:
1-ші және 2-ші, 1-ші және 3-ші, 2- ші және 3-ші сарапшы үшін. Егер, сарапшылардың
пікірлері арасында қарама-қайшылықтар болса (1 және 2 ережелердің орындалмауы),
онда нақты позицияны белгілеу үшін, бұл сұрақ кеңесте талқыға салынады.
Бұл әдіс бойынша, жай тәуекелдердің басымдылық дәрежесі бойынша, үлес
салмақтары анықталады.
Сараптамалық әдісті пайдалануда туындайтын негізгі мәселе, алынған
нәтижелердің объективтілігі мен нақтылығымен байланысты. Бұл, сарапшыларды
сапасыз іріктеу, топтық талқыға салу мүмкіндігі, белгілі бір пікірдің басымдылығы
сияқты факторларға тікелей байланысты.
Мақсаттарды құрылымдау әдісі ұйымның мақсаттар жүйесінің әзірленуін
қарастырады. Бұл әдісті пайдалану үшін келесі кезеңдер орындалады:
-
мақсаттар жүйесін әзірлеу;
-
ұйымдастырушылық құрылымның ұсынылатын нұсқаларын сараптамалық
талдау;
-
жауапкершілік пен құқықтарды тағайындау.
Ұйымдастырушылық үлгілеу әдістеріне келесідей әдістер жатады:
-
иерархиялық басқару құрылымының математико-кибернетикалық үлгілері
(мысалы, көпсатылы оңтайландыру үлгісі, жүйелі, индустриалды динамиканың үлгісі);
-
ұйымдастырушылық жүйенің графо-аналитикалық үлгісі (функцияларды
бөлудің жүйелік, матрицалық, кестелік, графикалық суреттелуін көрсетеді);
-
ұйымдастырушылық құрылымның табиғи үлгісі – шешімдерді қабылдау
мақсатында жасанды жағдайларды ойластыруға негізделген. Оларға зертханалық
тәжірибелер, басқарушылық ойындар т.б. жатады;
105
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
-
математикалық-статикалық үлгілер – ұйымдар туралы эмпирикалық
мәліметтерді жинауға, талдауға және өңдеуге негізделген.
Ұйымдық құрылымдарды жоспарлағанда ұйымдық құрылымдарға қойылатын
негізгі талаптарды ескерген жөн:
1.
Оңтайлылық. Басқарудың барлық деңгейдегі сатылары арасында оңтайлы
байланыс орнығуы керек;
2.
Жеделдік. Шешім қабылдау мен сол шешімді пайдаланудың аралығында
ешбір кері өзгерістер орын алмауы керек;
3.
Сенімділік. Басқару аппаратының құрылымы басқару жүйесіндегі
байланыстың үздіксіздігін қамтамасыз етіп,
шынайы ақпараттың берілуін
кепілдендірілуі керек;
4.
Тиімділік. Басқару аппаратына минималды шығын жұмсау қажет;
5.
Икемділік. Құрылым қоршаған ортаның өзгерісіне сәйкес өзгеруі керек;
6.
Тұрақтылық [6,121б.].
Басқару құрылымы сыртқы әсерлерге қарамастан, өзінің негізгі қасиеттерін
сақтауы керек.
Жобаны орындау және оны басқару үрдісінде желілік жоспарлау және басқару
жүйелерінде желілік үлгі қолданылып келеді.
Ықтималдық желілік модельдерді балама және балама емес деп бөлуге болады.
Балама емес желілік модельдерде барлық немесе кейбір жұмыстардың ұзақтығы
ықтималдық үлестірім функцияларымен сипатталғанымен олардың орындалу тізбегі
белгіленген, яғни жұмыстардың арасындағы байланыстар бірмәнді анықталған. Балама
модельдерде барлық немесе кейбір жұмыстардың ұзақтығы ғана емес олардың
арасындағы байланысы да ықтималдық сипатта болады.
Қазіргі кездегі ықтималдық желілік жоспарлаудың көптеген тәсілдерінің ішінде
бағдарламаларды бағалау және талдау – ББжТ ( Program Evaluation and Review
Technique, PERT), статистикалық сынақтар немесе Монте-Карло, бағдарламаларды
графиктік бағалау және талдау әдістері ( Grafic Evaluation and Review Technique, GERT)
кеңінен тараған [7,104-121бб.].
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың әртүрлі әдістерін
қарастырып, біз мыныдай қорытындыға келдік:
1.
Инвестициялық есептеулер бойынша, тәжірибеде кең қолданысқа енген ақша
ағындарын дисконттау әдісі, инвестициялық жоба нәтижелерінің мүмкіндік сипатын
ескермейді. Бұл әдіс, әсіресе, белгісіздік пен жоғары тәуекел жағдайына
бейімделмеген.
2.
Отандық және шетелдік зерттеушілердің тәжірибесі көрсеткендей, нақты
инвестицияларды басқару міндеттерін шешуде, мүмкіндік тәсілдерінің сенімсіз құрал
екендігін мойындау қажет.
3.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жою үшін, нақсыз қосындылар
теориясының жетістіктерін келесі шарттарды ескеріп пайдалану керек: біріншіден,
инвестициялық үдерістің мүмкін болатын сценарийлерінің толық спектрін
қалыптастыру керек; екіншіден, шешім қабылдау, жобаның тиімділігін екі критериймен
емес, жиынтық бағалау арқылы жүргізілуі керек.
4.
Белгісіздік пен тәуекел жағдайында инвестициялық жобаларды жоспарлау
және басқару жүйелерінде желілік үлгіні кеңінен қолдану қажет.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
Виленский П.Л., Лившиц В.Н., Смоляк С.А. Оценка эффективности
инвистиционных проектов. Теория и прктика.М.:Дело, 2004.
2.
Шарп У., Александер Г., Бэйли Г. Инвестиции/пер. с анг. М.:ИНФРА-М, 2001.
106
І. Жансүгіров атындағы ЖМУ ХАБАРШЫСЫ № 4 /2012
3.
Деревянко П.М. Оценка проектов в условиях неопределенности //
Корпоративный менеджмент, 2006.
4.
Manash R. Forms and methods of estimation of efficiency of investment // Journal
of
Economics.-2008.-Number
1.-р.75-92.
Еlectronic
resource.
-
http://
www.springerlink.com/
content/u10522pu41832v16/
5.
Царев В.В. Оценка экономической эффективности инвестиций. СПБ.: Питер,
2004.
6.
Пересада А.А. и др. Инвестирование: Навч. - метод. пособие для самост. вивч.
дисц. / А. А. Пересада, А. А. Смирнова, С. В. Оникиенко, О. А. Ляхова. - К.: КНЭУ,
2001. - 251с.
7.
H. Ing, R. A. Noulty, T. D. McLean. Тhe different methods to formalizations
uncertainly// -2010.-Number 4.-р.104-121. Еlectronic resource www. sciencedirect.com.
Достарыңызбен бөлісу: |