Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012



Pdf көрінісі
бет14/22
Дата27.03.2017
өлшемі3,3 Mb.
#10487
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

 
1  -  Кесте.  Біршама  қалыпты  жағдайдағы  стратегиялық  менеджменттің  үрдіс  
құрылымы. 
 
Өкінішке  орай,  экономика  әдебиеттерінде  стратегиялық  жоспарлауға 
стратегиялық  менеджметтің  мәселелері  баяндалғанымен  де,  толық  элемент  ретінде 
назар  қойылмаған.  Бұдан  бөлек,  көптеген  жағдайда  жобадағы  қызметке  болжамды 
мерзімге (тұрақты емес сыртқы ортаның деңгейінен әртүлі болуы мүмкін) өте маңызды, 
нақты  бағдар  болатындай  көрсеткіштер  мен  жоспар  құру  сұрақтары  талқыланбаған 
болатын.  Кейбір  ғалымдар  стратегиялық  жоспарлау  элементін  стратегияны  жүзеге 

     
 
 
124 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
асыру  кезеңіне қосады, жоспарлау болжам сипатты екендігін ұмытып кетеді, ал жүзеге 
асыру – бұл болжамдағы нәтиженің іске  асуы. 
Стратегиялық  жоспарлау  түсінігі  көптеген  ғалымдармен  әр  түрлі  түсіндіріледі. 
Стратегилық жоспарлаудың бірнеше  анықтамасы бар. 
А.И.  Ильиннің  ойынша,  стратегиялық  жоспарлау  –  бұл  аспап  болып  табылады, 
яғни  аспап  көмегімен  кәсіпорынның  қызмет  ісін  жүргізу  мақсаттарының  жүйесі 
қалыптасады  және  оған  жетуге  барлық  ұжымның  күші  бірлеседі  [1].  Бұл  анықтамада 
стратегиялық жоспарлаудың мазмұны емес, оның неге арналғандығын көрсетеді. 
Л.П.  Владимировтың  тұжырымында,  стратегиялық  жоспарлау  –  бұл 
функционалды  стратегияны  өңдеу  және  фирманың  даму  мәселелерін  шешуге  көмек 
көрсету  мақсатында,  фирманың  басшылығы  қабылдайтын,  әрекеттер  мен  шешімдер 
жиынтығы  [2].  Негізінде  бұл  анықтамада  да  стратегиялық  менеджмент  пен 
стратегиялық жоспарлаудың арасындағы айырмашылық жүргізілмейді. 
Л.П.  Басовскийдің    болжамдамасы  бойынша,  стратегиялық  жоспарлау  –  бұл 
ұйымдар  мен  кәсіпорындардың  мақсаттарына  жетуге  қажетті  стратегияны  өңдеу 
бойынша  шаралары  мен  кешенді  шешім  болып  табылады  [3].  Бұл  тұжырымдама, 
жоспарлау мен стратегияы өңдеу арасына теңдік белгісін  қояды, алайда оны дұрыс деп 
санауға болмайды. Жоспарлау стратегияға  қарағанда  кең ұғым, өйткені ол стратегияны 
құру  мен белгілі  мерзімге  оны жүзеге  асыру бағдарлама шамасын өзіне  қосады. 
А.Д. Вачугов пен В.Р. Веснин экономистері стратегиялық жоспарлауды  – нақты 
мақсаттың  жиынтығы  деп  санайды,  яғни  белгілі  мерзімге  мақсатқа  жетуге  қажеттілі 
бар.  Олар  көбінесе  өндіріс  дамуының  жалпы  мәселелерін  және  алдын  ала  көп  жылға 
ресурстарды  бөлуді  қамтыған,  сонымен  қатар,  белгілі  бір  иерархияға  бағынуына 
қарамай, әртүрлі бағыттар бойынша өз бетімен әзірленеді. В.П. Грузинов стратегиялық 
жоспарлау  бойынша  келесідей  түсінікме  береді:  бұл  кәсіпорынның  болашақтағы 
көрінісі,  оның  мемлекеттегі  қоғамдық-саяси  құрылымы  мен  экономикадағы  рөлі  мен 
орны  және  жаңаша  күйге  жетудегі  негізгі  жолдары  мен  әдістері.  Сонымен  бірге, 
стратегиялық  жоспарлау  бастан-аяқ  кәсіпорынның  басшылығынан  жоғары  айрықша 
құзыретті  болып  табылады  [4].  Біздің  ойымызша,  бұл  анықтамалрда  жоспарлау  үрдісі 
оның нәтижелерімен теңдестірілген. 
Т.П.  Любова,  Л.В.  Мясоедова,  Ю.А.  Олейникова  ғалымдары  стратегиялық 
жоспарлауды  былайша  түсіндіреді:  «...бұл  мақсаттары  қойылған  және  нарықтық 
ортаның  екіұштылық  жағдайдағы  олардың  өзгеруімен,  кісіпорынның  белгілі  жұмыс 
істеу  мерзімінде  эффективті  модельдеу  үрдісі  болып  табылады,  сондай-ақ  оның 
мүмкіншілігіне сәйкес бұл мақсаттар мен мәселелерді жүзеге асыру әдісін анықтау» [5]. 
Бәлкім,  статегиялық  жоспарлаудың  осы  анықтамасы  кәсіпорынды  жұмыс  істеткізуде 
кез келген динамикалық үрдісінен  ажыратылмайды, яғни бұл да дұрыс емес. 
Э.А.  Уткиннің  түсінігінде  стратегиялық  жоспарлау  –  адамның  тәжірибелік 
қызметінің  ерекше  түрі  –  сыртқы  ортаның  өзгермелі  жағдайына  қарай  тез  бейімделу 
мен  ұзақ  мерзімді  болашақтағы  оның  эффективті  жұмыс  істеуін  қамтуды  жүзеге 
асырумен,  басқарма  объектілерінің  қылықтары  сәйкес  келетін  стратегиялар  мен 
мақсаттарды  ұсынуды  қарастыратын,  стратегиялық  шешімдерді  әзірлеуге  жататын, 
жоспарлық  жұмыс  (болжамдар,  жобалар,  бағдармалар  түрінде)  [6].  Бұл  анықтама, 
стратегиялық  жоспарлауды  басқарма  функциясы  ретінде  қарастырғанда  дұрысырақ 
болып  келеді.  Стратегиялық  жоспарлау  мен  зерттелетін  категориясы  арасындағы 
байланысын  анықтап,  осы  анықтама  негізінде 
«стратегиялық 
жоспарлау» 
тұжырымдамасын құру мұмкіндігі  бар.    
Стратегиялық  жоспарлауда  екі  тәсіл  қолданамыз.  Бірінші  тәсілге,  стратегиялық 
басқарма  түрлері,  стратегиялық  жоспарлау  мен  стратегиялық  менеджмент  байланысы 
кеңінен  таратылған  генетикалық  айқындалған  байланыс  пен  жалғастырушылық 
негізінде  олардың  арасында  тұтас  пен  бөлшек  сияқты  айырмашылық  жасалмайды, 

     
 
 
125 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
өйткені  олардың  сыртқы  ортаның  тұрақты  емес  әртүрлі  деңгейіне,  ұжымның  әртүрлі 
жұмыс істеу  жағдайына жарамдылығы жайында айтылады. 
Екінші  тәсіл  менеджментті  басқарма  функцияларының  жиынтығы  ретінде 
қарастыруға  сүйенеді  –  мақсатты  тұжырымдау,  жобалау,  ұйымдар,  уәждеме,  бақылау, 
анализ, реттеу және т.б. (әртүрлі кәсіпорвндағы басқарма үрдісін үлкейту немесе талдап 
тексеру  деңгейіне  тәуелді  ретінде).  Бұл  жағдайда  жоспарлау  басқарма  үрдісінің 
міндетті  бөлігі  болатын  функция  секілді  және  ұйымның  жүйе  ретінде  басқармалы 
болуы  үшін  барлық  функциялары  орындалуы  қажет.  Соған  қарамастан,  стратегиялық 
мақсаттарға  жету  үшін  стратегияны  жүзеге  асырудағы  барлық  мерзімге  қаншалықты 
толық  құрамды  жоспарлардың  қажеттілігі  жөніндегі  сұраққа  жауап  табылмай  отыр. 
Қандай  жоспарлауды  стратегиялық  деп  санауға  болады  –    тек  толық  құрамды 
жоспарларды  немесе  ұзақ  мерзімді  стратегияны  жүзеге  асыруды  қамтитын,  қысқа 
мерзімді  жоспарды құруды  да стратегиялыққа  жатқызуға  бола ма? 
Бұл  сұрақтарға  жауаптарды  біз  келесідей  жорамалдардан  шығардық: 
стратегиялық  жоспарлауды  тек  стратегияның  өзінің  шегімен  сәйкес  келетін 
жоспарлауда  ғана  санау  қажет  және  оны  жүзеге  асырудағы  барлық  қажетті 
параметрлерін 
нақти 
ықтималдықпен 
анықтау 
есептелінген 
(ақпараттық, 
технологиялық,  қаржылық,  материалдық,  еңбектік  –  қорлар  мен  негізгі  белгілері). 
Демек,  стратегиялық  жоспарлау  стратегиялық  жоспарды  құру  үрдісі  ретінде  болса, 
онда  бұл  сөзді  толық  мағынасында  түсінудің  қажеті  жоқ.  Стратегияның  шегіне 
қарағанда, қысқа  уақыт мерзіміне тактикалық жоспар  құрылуымен стратегияны жүзеге 
асыруды  қамтамасыз етуге болады және ол мерзім  ішінде ақиқаттың жеткіліктілігімен 
қызмет нәтижесін болжауға  болады.  
Стратегиялық  жоспарлау  мен  стратегиялық  менеджменттің  арасындағы 
айырмашылығы келесідей: 
1.
 
стратегиялық жоспарлау – бұл тар ұғым; 
2.
 
стратегиялық  жоспарлау  –  ақпаратты  басқару  аспабы,  ал  стратегиялық 
менеджмент – адамдарды басқару  аспабы; 
3.
 
стратегиялық жоспарлау – талдамалы үрдіс, ал стратегиялық менеджмент – 
ұйымдыстара-талдамалы; 
4.
 
стратегиялық  жоспарлауда  экомомикалық  және  техникалық  ауыспалықтар 
қолданылады.  Ал  стратегиялық  менеджментте  олардан  бөлек,  психологиялық, 
социологиялық және саяси факторлары  қолданылады. 
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік  белгілері:   
1.  Стратегияны  көпшілік  жағдайда  жоғарғы  басшылар  тұжырымдайды,  алайда 
оны жүзеге асыруда  басқарудың барлық деңгейіндегілері  қатысуы  көзделеді. 
2.  Стратегиялық  жоспар  жеке  бір  ұйым  үшін  ғана  емес,  бүкіл  кәсіпорынның 
болашағы  үшін  жасалады. 
3.  Стратегиялық  жоспар  көлемді  зерттеулермен  және  нақты  деректермен 
негізделеді.  Қазіргі  заманғы  бизнесмен  тиімді  бәсекелесу  үшін,  фирма  сапа,  рынок, 
бәсеке  және  басқа  да  факторлар  туралы  толып  жатқан  ақпаратты  ұдайы  жинауы,  әрі 
талдауы тиіс. 
4.  Стратегиялық  жоспар  ұзақ  уақыт  бойы  тұтастығын  сақтаумен  қоса,  қажет 
болған  жағдайда  жетілдіруді  және  қайта  бағыттауды  жүзеге  асыратындай  икемді 
болатындай жасалуы  тиіс. 
 Стратегиялық  жоспарлау  басқару  жүйесінің  функционалдық  құрылымының  
негізі  болып  табылады.  Стратегиялық  жоспарлаудың  көмегімен  кәсіпорын  қызметінің 
мақсаттары  анықталып,  оларға  жету  үшін  ұжымының  әрекеттері  біріктіріледі; 
кәсіпорын 
стратегиясы 
құрылады. 
Стратегиялық 
жоспарлардың 
негізінде 
қабылданатын  шешімдер  және  басқару  аппаратының  қызметі  кәсіпорынның  алдына 
қойған мақсатына жетуді  қамтамасыз ететін стратегияны құрайды. Яғни, стратегиялық 

     
 
 
126 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
жоспар  -  бұл  кәсіпорынның  мақсаттарын  және  оларға  жетудің  жолдарын  анықтаудан 
тұратын үрдіс  болып табылады.  
Стратегиялық  жоспарлау  кәсіпорынның  мақсаттар  жүйесін,  альтернативті 
стратегияларын құру,  ішкі және сыртқы ортасын талдау, жоспарларды құру мен жүзеге 
асыру  үшін  құқықтық  және  ұйымдастырушылық  алғышарттары  негізінде  жүзеге 
асырылады.  Стратегиялық  жоспарды  құрушылардың  экономика  және  құқық,  экология 
және урбанистика, статистика және социология, стратегиялық менеджмент және қаржы 
сфераларында  ортақ  және  арнайы  білімі  болуы  қажет.  Сонымен  қатар,  олар  қоғамдық 
пікірді  талдау  және  қоғамды  стратегиялық  жоспарлау    үрдісіне  жұмылдыру  әдістерін 
білуі тиіс. Стратегиялық жоспарлау  кәсіпорынның болашақта туындайтын  мәселелері 
мен мүмкіндіктерін ресми болжаудың жалғыз әдісі болып табылады. Ол кәсіпорынның 
жоғары  деңгейіндегі  басшыларына    ұзақ  мерзімдік  жоспар  құруға  және  шешім 
қабылдауға  негізді  қамтамасыз  етеді.  Шешім  қабылдауда  тәуекел  деңгейін  азайтып, 
кәсіпорынның  барлық  құрылымдық  бөлімшелерінің  мақсаттары  мен  міндеттерінің 
ықпалдасуын жүзеге асырады.  
Стратегиялық  жоспарлау  –  бұл  ұйымның  мақсаттарын  таңдау  мен  оларды    іс 
жүзіне  асыратын  үдеріс  қызметінің  бірі  болып  табылады.  Стратегиялық  жоспарлау 
барлық  басқарма  шешімдерінің  түп  негізін  қамтиды,  сондықтан  да  көптеген 
кәсіпорындар  мен  ұйымдар  дамудың  стратегиялық  жоспарлауын  құруға  бағытталған. 
Стратегиялық  жоспарлаудың  динамилақ  үрдісі  барлық  басқарма  қызметі  қамтылатын 
қолшатыр  іспеттес,  стратегиялық  жоспарлаудың  артылықшылықтарын  пайдаланбаса, 
ұйымдар  және  жеке  адамдар  толықтай  корпоративті  кәсіпорынның  бағыты  мен 
мақсатын  бағалаудағы  нақты  әдісінен  айырылады.  Стратегиялық  жоспарлау  үрдісі 
ұйымның мүшелерін  басқарудың   негізін  қамтиды. 
 
Сонымен, стратегиялық жоспарлау – бұл ұйымның стратегияны жүзеге асыру 
мерзіміне  тең  уақыт  ішінде  стратегиялық  жоспар  түрінде    нақтылау  мен  тағайындау 
үрдісі.  Стратегиялық  жоспарлаудың  негізгі  мақсаты  -  кәсіпорынның  болашақтағы 
табысты  қызметін  модельдеуде  (стратегияны  жүзеге  асырудың  барлық  мерзімінде). 
Стратегиялық  жоспарлаудың  негізгі  мәселесі  –  өзгермелі  ортадағы  ұйымның 
мақсаттарына  жету  үшін  қажетті  енгізулер  мен  бейімділікті  қамтамасыз  ету  болып 
табылады.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Басовский  Л.  Е.  Прогнозирование  и  планирование  в  условиях  рынка: 
Учебноепособие. – М.:  ИНФРА-М, 2001ж.. 
2.
 
 Владимирова  Л.  П.  Прогнозирование  и  планирование  в  условиях  рынка: 
Учебноепособие. – М.:  Издательский дом «Дашков  и К», 2000ж. 
3.
 
 Грузинов  В.  П.,  Грибов  В.  Д.  Экономика  предприятия.  –  М.:  Финансы  и 
статистика,1997ж. 
4.
 
 Любанова  Т.  П.,  Мясоедова  Л.  В.,  Олейникова  Ю.  А.  Стратегическое 
Планированиена предприятии: Учебное пособие. – М.:  Изд. «ПРИОР»,  2001ж. 
5. Ильин А. И. Планирование на предприятии: Учебник. 4 изд. – Мн.: Новое знание, 
2003ж. 
6.          Стратегическое  планирование  /  Под  ред.  Э.  А.  Уткина.  –  М.:  ТАНДЭМ,  Изд.        
«ЭТМОС»,  1998ж. 
7.         Каренов Р.С. Теория и практика менеджмента. - Алматы:  Ғылым, 1999ж. 
8.         Керимбеков Т.Н. Планирование и прогнозирование. – Алматы:  Ғылым,1998ж.  
 
 
 
 

     
 
 
127 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
         ӘОЖ 337 
 
МЕМЛЕКЕТТІ  БАСҚАРУ  ПРОЦЕСІНДЕГІ 
 «ЖАСТАР  САЯСАТЫ  ТУРАЛЫ  ЗАҢЫНЫҢ» РӨЛІ 
 
Д. Искакова  
І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ-сы 
 
Бұл  мақалада  қазіргі  мемлекеттік  басқару  аясында  «Жастар  саясаты  туралы  Заңның» 
жүзеге асырылуы туралы мәселе қарастырылған. 
 
В данной статье рассматривается проблема реализация «Закона о молодежной  политике» 
при  государственном управлении  на сегодняшний  день.  
 
In  this  article  the  problem  realization  "The  law  on  youth  policy"  is  considered  at  public 
administration  today. 
 
Жастар – ұшқыр ойлы, талғамы биік, сөзге  шешен, саяси сауатты да, салауатты 
болған жағдайда да  ғана Қазақстанның болашағы зор деуге  болады. Ал жастардың дәл 
осы қасиеттерге ие болуына аға буынның қосар үлесі мен берері мол екені сөзсіз. Неге 
десеңіз,  жастар  өз  бетінше  дамымайды.  Олардың  өмірі  қоғамда  болып  жатқан 
әлеуметтік-экономикалық,  саяси  жағдайлармен  байланыса  өрбиді.  Сондықтан 
жастардың қоғам дамуында алатын орнын ескере отырып, олардың өмірде дұрыс бағыт 
таңдауына,  аға  буын  жауапты  десек  асыра  сілтегендік  емес.  Әрине,  барлық 
жауапкершілікті  аға  буын  өкілдеріне  артып  қойған  болмас,  бұл  орайда  жастардың 
өзіндік  үлестері  де  болуы  тиіс.  Дегенмен  халық  даналарының  «алдыңғы  арба  қалай 
жүрсе, кейінгі  де сол бағытты ұстанады» - деген қанатты сөзін  естен шығармайық. 
Бүгінгі  таңда  еліміз  байып,  іргеміз  нығайып,  әр  қадамымыз  нақты,  істеріміздің 
қомақты  болуы  қуантады.  Осы  жетістігіміз,  бүгінгі  бақытты  да,  баянды  ғұмыр 
кешуімізге, сонау 1986 жылы желтоқсанда  қыршынынан қиылған, Отаны мен елі үшін 
өмірін  құрбан еткен батыл да, батыр  қыз-жігіттеріміздің  арқасы екенін ұмытпағаймыз. 
Бұл бақыт, барлық пен байлық, тіліміз бен діліміз, дініміз -  сол жастардың бізге берген 
аманаты.  Қазіргі  жастар  аманатқа  қиянат  қылмай,  келер  ұрпаққа  осы  байлығымызды 
дәл осы қалпында табыс етуі парыз. Осы тұрғыдан алып қарасақ, жастар  қоғамға жаңа 
дем,  жаңа  өмір  мен  бағасыз  құндылықтарды  әкелушілер  іспетті.  Тарихқа  үңілсек,  қай 
заманда да ең алдымен жастарға жағдай жасалғанын көреміз. 
Жастар  қоғам  өмірінде  болып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық,  мәдени 
өзгерістерге толыққанды қатысқан  кезде ғана нақты нәтижеге  қол жеткізуге болатыны 
сөзсіз.  Сол  себепті  жастар  мәселесі,  дәлірек  айтқанда  жастар  саясатының  өзектілігін 
арттырып, жетілдіру бүгінгі  күннің өмір талабынан туындап отырған қажеттілік болып 
табылады.  Қоғам  жастар  арқылы  биологиялық  және  рухани  жаңару  сатысынан  өтіп 
отыратыны баршамызға  мәлім.   
«Жастар»  сөзінің  ғылыми  мағынасына  сүйенсек,  «жастар  –  бұл  қоғамда  болып 
жатқан  өзгесіртерге,  сонымен  қатар  ересектер  өміріне  бейімделіп  жатқан,  әлеуметтік 
ересектіктің  қалыптасу  кезеңін  басынан  кешіріп  жүрген  әлеуметтік-демографиялық 
топ».  Жастар  еліміздің  еңбекке  қабілетті  халқының  30  %  -  ын  құрайтыны  тағы  бар. 
Қазақстан  Республикасындағы  мемлекеттік  жастар  саясаты  туралы  2004  жыл  7 
шілдедегі  Заңының  1  тарау  1  бабына  сәйкес,  жастар  деп  Қазақстан  Республикасының 
14  жастан  29  жасқа  дейінгі  азаматтары  саналады.  Яғни,  осы  жастар  еліміздің  ертеңі 
болып  есептеледі.  Осы  орайда,  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың:  «Еліміздің  ертеңі  – 
жастардың  қолында»  деп  өскелең  ұрпаққа  сенім  артуы  заңдылық.  Жастар  саясаты  – 

     
 
 
128 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
мемлекеттік  саясаттың  ажырамас  бөлігі  ретінде  қарастырылып,  оның  жүзеге  асуына 
мемлекет,  қоғам,  және  мемлекеттік  емес  ұйымдар  мен  саяси  партиялар  міндетті  түрде 
қатысуы тиіс. 
Себебі  жастар  мәселесі  -  өте  күрделі  мәселе.  Ол  бүкіл  қоғамға,  барлық  елдерге  ортақ 
мәселе. Жастар саясаты Заңы мен Тұжырымдама, жастардың болашағын айқындайтын, 
қажетті  әрі  маңызды құжат деп есептейміз. 
Біздің  пайымдауымызша,  бұл  құжаттар  жастардың  бойына  отансүйгіштік, 
еңбекке  баулу,  еліміздің  ертеңі  үшін  жауапкершілікті  сезіну  сынды  қасиеттерді 
дарытып  қана  қоймай,  ауыл  жастарының  жағдайын  жақсарту,  кәсіпкерлердің  жастар 
ұйымдарын  қолдау,  жастардың  жұмыссыздығы  мен  жас  отбасылардың  тұрғын-үй 
мәселесін  оңтайлы  шешуге  негізделген  игі  бастамалардың  қайнар  көзі.  Осы  құжаттар 
оңтайлы нәтиже  беру  үшін  көптеген  жастар  ұйымдары  жұмыс  істеуде.  Олардың  саны 
1998 жылы онға жетпейтін, ал бүгінгі күні елудің үстінде. Жалпы республика бойынша 
жастар ұйымдарының саны 150-ден асып отыр. 
Осы  айтылып  кеткен  шаралардан  кейін  еліміздің  4  млн-ға  жуық  қомақты 
әлеуметтік  тобын  құрайтын  жастардың  қоғамымыздағы  алып  отырған  орны  мен 
олардың рөлін белгілейтін  нормативтік құжаттың қабылдануы заңды құбылыс. 
Бұл  заңның  басы-қасында  қойылатын  сұрақтар  өте  көп.  Мәселен, 
«Бұл  Заңнан  не  күтуге  болады?».  Нақтырақ  айтқанда,  бұл  заң  жастардың  барлық 
мәселесін  шешіп тастай алмайды. Бірақ жұмыссыздық, баспана мәселесі,  жоғары білім 
алу  жолдарының  күрделенуі,  қоғамда  түрлі  қылмыстың  етек  алуы,  нашақорлық  пен 
маскүнемдік  сияқты  мәселелердің  белең  алуына  тосқауыл  қоюға  себеп  болады. 
Сондықтан  бұл  мәселелерді  жастар  үшін  бөліп  алып  шешу  мүмкін  емес.  Ал  барлық 
мәселені  былай  қойып,  тек  жастарға  ғана  назар  аудару  керек  десек,  бұл  әрине  үлкен 
қателік.  Бұл  заң  мемлекеттің  жастарға  деген  салмақты  бетбұрысын  көрсетеді,  себебі 
жастарға  толыққанды  көңіл  бөлмеген  мемлекеттің  келешегі  жоқ.  Өмірге  деген 
көзқарасы толық  қалыптасып үлгермеген жастар кез-келген дағдарыс немесе қоғамның 
өтпелі  кезеңі тұсында  ішкі  күйзеліс, саяси енжарлыққа, нигилизмге бейім келіп, бұның 
салдары ұлттың рухани байлығының азып-тозуына жол ашады. Әрине, мұндай келеңсіз 
жағдайларды болдырмауымыз керек. 
Адам  жалаң  сөзбен  патриот  бола  алмайды.  Тұжырымдама  жобасындағы 
отансүйгіштік  мәселесіне  қатысты  жазылған  пікірлермен  толық  келісеміз.  Қазіргі 
жастар еліктегіш,  көрсеқызар.  «Осы елде тудың ба, осы елдің патриоты болуың керек» 
десең, бетіңе  қарап күледі. Өйткені  қазіргі жастар  қай елде жақсы өмір бар,  қай жерде 
өзін таныта аламын деп санайды, сол елге барып өмір сүргісі  келеді. Оған біз  шет елге 
кетіп,  сол  жақта  тұрмысқа  шыққан  қыздардың,  сол  жақта  әдейі  қалған  жігіттер  дәлел. 
Жастарымызды  Қазақстанның  нағыз  патриоты  етіп  тәрбиелейік  десек,  әуелі  олардың 
бойынан  елімізге  деген  мақтаныш  сезімін  оятуымыз  керек.  Ой-саналарына  «мен 
қазақпын»  деген  ұлы  ұғымды  сіңіруіміз  қажет.  Айта  кетер  болсақ,  Лондон 
Олимпиадасы  еліміздің  абыройын  асқақтатты,  Қазақстанда  тұратын  әрбір  азаматтың 
бойында  патриоттық  сезім  ұялатып,  рухын  өрлетті  десек  артық  айтқандық  емес.  Осы 
бір  жарыстың  өзі  Қазақстан  туралы  қан шама  жақсы  пікірлер  қалыптастырып  кетті. 
Міне,  тарихи  маңызды  шаралар  адамның  өміріне  көп  әсер  етеді.  Қазақстанда  тұратын 
қай  ұлт  өкілі  болса  да,  ертең  шетелге  шыққанда  «мен  қазақпын»  деп  мақтанып  жүре-
тіндей саясат жүргізуіміз  керек.   
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын абыроймен атап өттік. Ендігі кезекте әлеуметтік 
салаға  бет  бұру  -  күн  тәртібінде  тұрған  өзекті  мәселе.  Өйткені  жүргізіліп  жатқан 
реформалардың әрі қарай жүзеге асуы осы реформаларды қолдайтын әлеуметтік базаны 
кеңейтуге  байланысты.  Ал,  реформаларды  қолдайтындардың  санын  қалай  және 
кімдердің  үлесімен  көбейтуге  болады?  Әрине,  жастарды  тартқанда  ғана  оңтайлы 
нәтижеге қол жеткіземіз. 

     
 
 
129 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Жастар  саясатын  қолдайтын  құнды  құжаттар  бар.  Ал,  сол  құжаттың  басты 
механизмі  саналатын  жастардың  бүгінде  жағдайы  қандай,  көкейкесті  мәселелері  не?  
Жоғары оқу орнын бітіріп, қолына диплом ұстаған әрбір жас түлек жұмысқа орналасу 
жайын ойлаумен болады. Өйткені  елімізде жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі 
әлі  де  жүйелі  шешілмеген.  Әсіресе,  тәжірибесі  жоқтығын  сылтау  етіп,  жұмысқа 
қабылдаудан  бас  тартатындар  жетіп  артылады.  Жасыратыны  жоқ,  жұмысқа  орналасу 
таныс-тамырдың  арқасында  мүмкін  болып  жатады.  Міне,  жастар  үшін  бұл 
толғандырарлық мәселе болатыны да осыдан. 
Жоғары  оқу  орындары  түлектерінің  жұмыспен  қамтылу  деңгейінің  төмен  болу 
себептері:   
Біріншіден,  жоғары  оқу  орындарына  белгілі  бір  мамандықты  оқуға  түскен 
жастар  еңбек  нарығындағы  сұранысқа  назар  аударады.  Ал  оқуларын  аяқтаған  жастар 
заман талабына сәйкес мамандықтарға деген сұраныстың да өзгеріп  кеткенін  түсінеді. 
Екіншіден,  техникалық  мамандықтар,  ақпараттық  технологиялар  саласындағы 
мамандар,  сондай-ақ,  био  және  нанотехнология  салаларындағы  мамандықтарға 
бөлінетін  мемлекеттік  гранттар  санының  арту  үдерісіне  қарамастан,  білім  беретін  оқу 
ордаларының  профессорлық-оқытушылық  құрамы  мүлдем  өзгермейді,  осыған 
байланысты, студенттерге берілетін білім нарықтағы жұмыс берушілердің талаптарына 
сай  келмей,  бұрынғы  сабақтастығын  сақтап  қалады.  Ең  бастысы,  жоғары  оқу  орны 
түлектерінің  оқу  үрдісінде  алатын  теориялық  білімі,  іс  жүзіндегі  дағды  мен  ептілікті 
былай қойғанда, еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің талаптарына мүлдем  сәйкес 
келмей жататын жасырудың қажеті  жоқ.  
 
Қорыта  келе,  жастар  арасындағы  позитивтік  бағыттарды  одан  әрі  нығайтып, 
келеңсіз  тұстарын  жою  үшін  мемлекеттік  жастар  саясаты,  жастарды  әлеуметтендіру 
азаматтық  ұсыныстарды  жүзеге  асыруға  және  қолдауға  бағытталып,  жастардың  саяси, 
әлеуметтік  және  экономикалық  салаларға  қатысу  құқығын  кеңейтуді,  экономикалық-
әлеуметтік  мәселелер  бойынша  шешім  қабылдауға  жастарды  қамтуды,  олардың 
шығармашылық  қабілеттері  мен  белсенділігін  арттыруды  көздеуі  тиіс.  Ал  жастардың 
әлеуметтік-саяси  белсенділігі  туралы  мәселеге  келсек  олардың  қай  жерде  жүрсе  де 
азаматтық позициясын, ұстанымын танытып, белсенді болып жүргені жақсы.  «Жастық 
шақ  –  ерлік  жасайтын  шақ»  демекші,  жастардың  көзінен  ұшқын  көрініп,  мемлекеттің 
дамуы  үшін  қолдан  келгенінше  жұмыс  істесе,  ол  өздерінің  болашағына  да  жақсы  деп 
ойлаймын.  «Не  ексең,  соны  орасың»  демекші  жастар  тек  жақсы  жұмыстар  істеп, 
болашақта  соның  жемісін  көруі  керек.  Қазір  олар  үшін  өзін  танытуға  барлық  жағдай 
жасалған.  Мәселен,  Қазақстан  Республикасы  Президенті  жанында  Жастар  саясаты 
жөніндегі  қоғамдық  кеңес  құрылған.  Мұндай  кеңестер  облыс  және  аудан  әкімдерінің 
жанынан  да  құрылуда.  Еліміздің  әрбір  жас  азаматы    Президентке  өзінің  ұсыныстарын 
Интернет арқылы жолдай алады. 
Жастарға  қатысты  мәселенің  барлығы  –  «өзекті  мәселе»  деп  есептеймін.  Сондықтан, 
жастар саясаты саласын әрі қарай жетілдіру  қажет. Біздіңше, бұл құжаттарды жай ғана 
қағаз  ретінде  емес,  мемлекетті  басқару  үдерісі  барысында  маңызды  құжат  ретінде 
пайдаланса, еліміздің  ертеңі айқын, алға қойған мақсаттарымыз  анық болар еді. 
 
ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР  ТІЗІМІ 
1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы 2004 жыл 7 
шілде  №518-11. 
2. Зайниева Л.Ю. Мемлекеттік  жастар саясаты:  Қазақстан әлемдік  тәжірибе 
тұрғысында. Алматы, 2009 
3.Назарбаев Н.Ә. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,  қауіпсіздігі  және ел-
ауқатының артуы. Қазақстан – 2030, Алматы, 1997 

     
 
 
130 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
4. Симтиков Ж. К. Қазіргі  кездегі  КР жастар саясатының қалыптасуы мен жүзеге асу 
ерекшеліктері.  Алматы, 2005 
5. Қазақстан Республикасы мемлекетік  жастар саясатының Тұжырымдамасы. 
Алматы,1999. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет