Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012



Pdf көрінісі
бет21/22
Дата27.03.2017
өлшемі3,3 Mb.
#10487
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

«Әрине,  көркем  аудармашы  болу  менің  бала  күннен  келе  жатқан  арманым. 
Герольд  Бельгер  сияқты  қаламы  жүйрік  аудармашы  ағаларымыздың  еңбектерін  оқып 
өстім.  Және  аудармадағы  үлгі  тұтар  адамым  да  сол  кісі.  Жалпы,  қазақ  әдебиеті  корей 
еліне  әлі  таныла  қоймаған,  сол  сияқты  корей  әдебиеті  де  біздің  елімізде  өте  тапшы. 
Сондықтан  алдағы  уақытта  осы  салада  біраз  еңбек  етіп,  екі  ел  арасындағы  әдеби 
байланыстың  дамуына  өзімнің  үлесімді  қоссам  деймін.  Бірде  Оңтүстік  Кореядағы 
Хангуг  шет  тілдер  университетінің  профессоры,  қазақтанушы  Сон  Ёң  Хун  мырзаның: 
«Біз  студенттерімізге  қазақ  тілін  оқытып  жатырмыз.  Әрине,  қазақ  тілін  біліп  шыққан 
студенттерімізге  жұмыс  табу  өте  қиын.  Тіпті,  мүмкін  емес.  Себебі,  қазақ  жерінде 
қазақтардың  өзі  де  қазақ  тілін  жетік  білмей,  орыс  тілінде  нан  сұрап  жейді.  Бірақ,  мен 
студенттеріме  ылғи  «Қазақтың  әдебиетін  оқыңдар.  Әсіресе,  Абайдың  қара  сөзін 
оқыңдар. Қазақ тілінде сөйлеп, нан тауып жей алмасаңдар да, қазақ әдебиетінен рухани 
азық  табасыңдар»  деп  ескертіп  отырам  дегені  бар  еді.  Құдайға  шүкір  қазақ  әдебиеті 
классикалық  туындыға  кенде  емес.  Қазақтың  Абайы,  Мұхтары,  Мұқағалиы,  Дулаты, 
Әбдіжәмілі  сияқты  ұлдарының  кез  келген  шығармасын  аудару  мен  үшін  асқақ  арман. 
Бірақ,  мұндай  шығармаларды  аудару  мен  секілді  аудармаға  жаңа  келген  маман  үшін 
оңай  шаруа  емес.  Қажырлы  еңбекті,  тынбай  ізденісті,  сонымен  қоса  біліктілік  пен 
тәжірибені  ауадай  қажет  етеді.  Сол  сияқты  озық  техникасымен  әлемге  аты  шыққан 
корей  елінің  де  әдеби  туындыларын  қазақ  тілінде  сөйлетіп,  қазақ  оқырманына  ұсыну 
менің басты армандарымның бірі»   [1]. 
 «Әрине,  көгілдір  экранда  көрсетіліп  жатқан  телехикаяларды  шетінен  аударып 
беріп  жататынымыз  рас.  Бірақ,  уақыт  тапшы  екен  деп  сапасыз  аудармаға  жол  бермеу 
керек.  Себебі,  аударма  аудармашыдан  асқан  адал дықты,  үлкен  жауапкершілікті  талап 
етеді.  Шама  шарқымыз  келгенше  сапалы  аударма  жасауға  тырысып  жатырмыз  деп 
ойлаймын.  Бірақ,  тәжірибенің  аздығынан  «әттеген-айлар»  да  жоқ  емес.  Дегенмен  де, 
осыдан  дәл  бес-алты  жыл  бұрынғы  аудармамен  салыстырып  қарасаңыз,  көгіл дір 
экрандағы  аударманың  да,  дубляждың  да  сапасының  бір  шама  өскенін  байқайсыз»,- 
дейді  Данияр  Әнуарұлы,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті,  шығыстану 
факультетінің  оқытушысы,  жас аудармашы. 
Серік  Асылбеков,  прозашы,  аудармашы:  қазіргі  кешендегі  Қазақстандағы 
аударма  жайлы:  «Аударма  мәселесі  туралы  сөз  қозғағанда,  ең  әуелі  сөздіктер 
мәселесіне  тоқталу  қажет  сияқты.  Мәселен,  бізде  орыс ша-қазақша,  қазақша-орысша 
үлкен сөздік бар.  Ал енді қазақ ғылымы, қазақ өнері дүниежүзімен эммиграцияға түсуі 
үшін  бізде  қазақша-ағылшынша,  ағылшынша-қазақша,  немесе  француз,  неміс 
тілдерінің  толық  сөздіктері  болуы  керек.  Осы  уақытқа  дейін  мұндай  сөздіктің 

     
 
 
183 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
жоқтығынан біз әлі күнге орыс тіліне иек артып, соның алдында тәуелді болып отырған 
жайымыз бар. Енді  ғалымдардан үлкен топ құрып, әуелі сөздіктерді  шығар у мәселесін 
қолға  алғанымыз  жөн  деп  ойлаймын.  БҰҰ-ның  ресми  алты  тілі  бар  емес  пе.  Жоқ 
дегенде  сол  алты  тілдің  қазақша  толық  сөздігін  жасайтын  уақыт  жетті.  Әрине  қазірде 
шет тілдерін жақсы білетін жастар аз емес. Бірақ шығарманы өзге тілден тікелей аудару 
үшін жай біліп қана қоймай, ол тілдің әдеби нормаларын да игеруі керек  қой. Және бір 
адам өзге тілдің  бүкіл сөзін білуі мүмкін емес. Сондықтан да жаңағыдай толық сөздік 
ең басты қажеттілік  болып отыр» [1]. 
Белгілі  аудармашы  К.Юсуптің  редакторлығымен  шығатын  «Әлем  әдебиеті» 
журналы қазақ көркем аудармасына, аударматануына үлкен үлес қосып жүр. Болашағы 
зор  осынау  журналға  жан-жақты  қамқорлық,  қаржылай  көмектесу  қажет. 
Республикалық деңгейдегі  қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі аударма басылымын шығару 
да – уақыт  талабы. 
Кеңестік  коммунистік  идеологияда  көркем  аудармаға  ерекше  көңіл  бөлінді. 
Кейбір  республикалар  мұны  ұтымды  пайдаланды.  Мысалы,  Балтық  жағалауы,  Грузия, 
Әзірбайжан, т.б. республикалар басқа тілден тікелей тәржімелеудіқолға алды. Сонымен 
бірге басқа тілге үздік аударылған туындыларын бағалап отырды. Эстонияда өзге тілге 
аударылған  үздік  шығарма  аудармашысы  мен  басқа  ұлттың  шығармасын  өз  тіліне 
шебер  тәржімелеушіге  жыл  сайын  сыйлық  тағайындалды.  Ресейден  бастап,  бірқатар 
елдерде  бұл  дәстүрлі  сипат  алды.  Бізде  1983  жылы  көрнекті  жазушы  М.Д.Симашкоға 
І.Есенберлиннің  «Көшпенділер»  трилогиясы  мен  Ғ.Мүсіреповтің  «Оянған  өлке» 
дилогиясының  екінші  кітабын  аударғаны  үшін  Абай  атындағы  Мемлекеттік  сыйлық 
берілді.  Суреткердің  қазақ  тақырыбында  жазылған  көптеген  тілдерге  аударылған 
туындылары  еленбей,  ақыр  аяғында  аудармасы  ғана  лауреаттық  атақ  иеленді. 
Аударманы  түпнұсқамен  салыстыра  сараптағанымызда,  көркемділігі  мен  стильдік 
сәйкестігі  жағынан  түпнұсқадан  төмендігі  аңғарылады.  Бізде  аударманы  зерттеу 
дамымағандықтан,  шетелдегі  атақ-абыройы  үлкен  жазушы  амалсыз  аудармасына  ғана 
атақ  алды.  Қазақ  әдебиетінің  қазынасына  қаншама  көркем  классиканы  баламалы  да 
биік  үлгіде  аударған  ұлттық  аудармашыларымыздың  еңбегі  еленбеді.  Осыдан  туатын 
ой:  көркем  аудармада  М.Әуезов  атындағы  республикалық  мемлекеттік  сыйлық 
тағайындау  уақыты  да  жетті.  Ұлы  суреткердің  әлем  және  орыс  классикалық 
әдебиетінен аударғаны өз алдына, аударма  зерттеуге және аударманың басқа да түріне 
белсене  араласқаны  белгілі.  Балтық  бойы  мемлекеттеріндей  ұлтының  талантты  ақын-
жазушыларының  туындыларын  өз  тіліне  сәтті  және  өз  әдебиетін  басқа  тілге  сапалы 
тәржімелеген  дарынды  аудармашыларды  елеп-ескеріп,  марапаттап  отырсақ, 
әдебиетіміздің  әлем өркениетіндегі  беделі  де артар еді  [2]. 
Біздегі  тағы  бір  кемшілік  –  көркем  аударма  редакторларын  даярлау  ісі.  Барлық 
аудармалар  ешқандай  рецензиясыз  әрі  әдеби  өңделмей,  баспаға  барады.  «Аударма» 
баспасы  осыдан  біраз  жыл  бұрын  кеңестік  кезеңдегі  бірқатар  классикалық  туындылар 
аудармасын  қайта  бастырып  шығарады.  Ол  кездегі  кейбір  тәржімелер  сапасы  сын 
көтермейді.  Сонан  соң  классиканың  бәрін  аудару  міндет  емес,  ұлттық  ерекшелігімізге 
лайықтысын тәржімелеу қажет. Тәуелсіз елімізді шетелдік үздік әдеби шығармалармен, 
таңдаулы  классикамен  толықтыру  –  аса  маңызды,  қажетті,  игілікті  іс.  Көркем 
аударманы ұлттық әдебиетіміздің басты талаптарының біріне айналдырмай, өркениетті 
елдер санатына ілесе алмаймыз. Сапалы да білімді, білікті, жазу өнерін жетік меңгерген 
көркем  және  жазбаша  тәржімешілер  әрі  кәсіби  ауызша  аудармашылар  даярлауды 
үкіметтік  деңгейде қолға алу  – аса қажет.  
Қазіргі  таңда  шет  тілдерінен  тікелей  қазақ  тіліне  аударып  жүрген 
аудармашыларымыз  көп  емес.  Соның  бірі,  М.Құрманов,  ол  неміс  ақыны  Гетенің 
шығармаларын аударған.  Немісшеден  жасаған өлеңнің жолма-жол аудармасы: 
Барлық шыңдардың басында 

     
 
 
184 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
Тыныштық 
Ағаштардың  басында 
Болар болмас 
Леп байқалады, 
Ормандағы құстардың үні өшкен 
Тек  сабыр ет, сәлден кейін 
Сен де тыншығарсың. 
М.Әлімбаев та аударған: 
Мақпалдай қара түндерде, 
Маужырап таулар мүлгиді. 
Тым-тырыс, бей-жай қыр-белде 
Қоңыржай мұнар сырғиды. 
Бұрқ етпес шаң да жолдағы, 
Желпінбес жасыл шалғында. 
Аялдай тұрсаң болғаны. 
Тыныстар күнің алдыңда. 
 
Әрине,  М.Әлімбаев  неміс  тіліндегі  түпнұсқадан  емес,  Лермонтов  мәтінінен 
тәржімалаған.  Нәтижесінде  Лермонтовтың  қосымша  өлеңі  болып  шыққан.  Ал  Абай 
аудармасындағы  «Таулы  шыңдар»  гетелік  түпнұсқаға  рухани  жақын.  Лирикадағы 
ырғақ,  интонация,  ақындық  ой-сезімді  терең  сезіліп  жеткізді.  Бұл  –  классикалық 
аударма  үлгісі  [3].  
Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына балақайлар үшін тамаша тарту жасаған 
«Болашақ» қауымдастығы,  «Меломан»  компаниясы және «Алтын қыран»  қоры бірігіп, 
Голливудтық  жоба  «Көліктер-2»  мультфильмін  қазақ  тілінде  сөйлетуге  мұрындық 
болды.  Ал  анимациялық  фильмді  ағылшын  тілінен  қазақ  тіліне  аударған  белгілі  ақын 
Дәурен Берікқажыұлы  болатын [4]. 
Ал  анимациялық  фильмнің  аудармасын  жасағандардың  қатарында  белгілі  ақын 
Дәурен  Берікқажыұлы  бар.  Бауыржан  Байбектің  айтуынша,  фильм  тікелей  ағылшын 
тілінен  аударылған.  Аударманың  бүгінгі  баланың  таным-түсінігіне  сай  келуі  талап 
етіліпті.  Сондықтан  да  болса  керек,  аудармаға  тартылғандардың  көпшілігі  жобаның 
соңына дейін шыдамаған  көрінеді  [5].       
Шет  ел  әдебиетін  қазақ  оқырманына  жеткізуді  мақсат  етіп  қойған 
Д.Берікқажыұлы  бүгінгі  таңда  ағылшын-америка  поэзиясын  тікелей  аударумен 
айналысып  жүр.  «Қазақстан»  арнасынан  берілетін  ағылшын  тіліндегі  фильмдерді 
қазақшалаумен айналысатын ол «Тіршілік әлемі»  («Living», 26 серия),  «Шынайы өмір» 
(«Natural State», 26 серия),   «Чемпионат алдындағы бір жыл» («On The  Ball», 22 серия) 
деректі  фильмдері  мен  «Құрдым»  («Pitch  Black  »),    «Анджеланың  азабы»  («Angela’s 
Ashes»),  «Боб  Робертс»  («Bob  Roberts»)  және  «Салқын  басытқы»  («Buffet  Froid») 
сияқты бірқатар  фильмдерді  ана тілімізде  сөйлеткен [5]. 
Аударма  Абайдан  бастау  алған  дейміз,  Абайдың  кезіндегі  аудармалар  тек  орыс 
тілінен  аударылған  болатын.  Өзге  тілдердің  әдебиетін  де  тек  орыс  тілі  арқылы  қазақ 
тіліне аударған. Абай көбіне орыс ақын шығармаларын аударған, мысалға айтып өтсек: 
А.С.Пушкиннен  «Онегиннің  сипаты»,  «Татьянаның  Онегинге  жазған  хаты»,  « 
Онегиннің  Татьянаға  жауабы»,  «Онегин  сөзі»,  «Ленский  сөзінен»;  М.Н.Лермонтовтан 
«Кең  жайлау  –  жалғыз  бесік  жас  балаға»,  «Ал  сенейін,  сенейін»,  «Көңілім  менің 
қараңғы.  Бол, бол, ақын..»,  «Қараңғы түнде тау қалғып...»,  «Өзіңе сенбе, жас ойшыл», 
«Көңілдің  күйі  тағы  да...»;  А.Мицкевичтен  «Дүрілдеген  нажағай...»;  И.А.Буниннен 
«Қоқытпа  мені  дауылдан...»;  В.А.Крыловтан  «Мен  көрдім  ұзын  қайың  құлағанын...»; 
Я.П.Полонскийден «Жүректе көп қазына бар, бәрі жақсы...»; И.А.Крыловтан «Емен мен 
шілік»,  «Қазаға  ұрынған  қара  шекпен»,  «Есек  пен  бұлбұл»    тағы  басқа  көптеген 

     
 
 
185 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
шығармаларын  қазақ  тілінде  сөйлеткен  алғашқы  қазақ  аудармашысы  атанған  [6,381]. 
Қасым  Аманжоловтың  аудармаларына  келер  болсақ,  ол  Джорж  Байронның  «Чайль 
Гарольд»  поэмасынан  үзінді,  «Романс»,  «Альбомға»,  А.С.Пушкиннің  «Қысқы  кеш», 
«Ақын»,  «Тұтқын»,  «Арыстанды  тырнағынан  таниды»,  «Жазушы  мен  ақын», 
М.Ю.Лермонтовтың «Ақын ажалы», «Тұтқын», «Отан», «Күн», «Маскарад», «Желкен», 
«Тамара»,  Н.А.Некрасовтың  «Сұрқия  жылан»,  «Таңертеңгі  саяхат»,  «Саша»  атты 
шығармаларын қазақ  тіліне  аударған  [7,422]. 
Аударма дамып келеді,  кезінде тек орыс әдебиетін аударған болса, қазіргі таңда 
шет  ел  әдебиеттерін  де  қазақшалағандары  бар.  Мысалы  айта  кетер  болсақ,  Гераклит, 
Демокрит  үзінділідерін  Ә.Қодар  аударған.  Платонның  «Сократтың  ақталу  сөзін» 
Қ.Әбішев,  «Пратагорын»  Р.Сәбитов,  М.Сәбит,  «Мемлекет»  бірінші,  екінші  кітабын 
Т.Әбжанов, 
«Тимейді» 
А.Сағиқызы 
қазақша 
тәржімалаған. 
Аристотельдің 
«Метафизика»  кітабын  Қ.Әбішев,  Ә.Қодар,  «Үлкен  этика»  бірінші  кітабын 
Т.Рысқалиев, «Саясат»  кітабын  Қ.Әбішев  қазақ  тіліне  аударған  болатын [8,352]. 
Балаларға  арналған  Ганс  Христиан  Андерсен  ертегілерінде  қазақша 
тәржімалаған  аудармашыларымыз  бар,  олар  «Шақпақтас»,  «Қайтпас  қайсар  қалайы 
солдат»    Ғ.Жұмабаев,  «Нағыз  ханша»  Ш.Бейсенова,  «Кішкене  Иданың  гүлдері» 
Б.Мұқаев, «Түйме қыз» Ж.Нұсқабаев, «Түймедағы» Т.Әбдіков, «Үй сәулесі», «Шынайы 
шындық»,  «Аю  бадам  анасы»,  «Қорған  дуалынан  қарағанда»  Қ.Құрманғалиев,  т.б. 
аударған   [9,397]. 
Көріп  отырғанымыздай,  аударма  саласы  күннен  күнге  дамып  келеді.  Қазақ 
жерінде аударманың бастау алғанда тек орыс классик әдебиетін тәржімалаған болатын. 
Келе-келе шет ел классиктерінде  қазақшалай бастады. Дегенмен, шет тілден аударатын 
аудамашылардың  саны  қазіргі  таңда  да  көп  емес,  болашақта  саны  артады  деген 
сенімдеміз.   
 
ӘДЕБИЕТТЕР   
1.
 
Қазақ әдебиеті  газеті.  № 8 (3276) 2012. 
2.
 
www.anatili.kz 
3.
 
www.abai-inst.kz. 
4.
 
www.baq.kz/kaz/news. 
5.
 
Газет «Қазақ  тілі  мен әдебиеті»  10.10.2006.-125б. 
6.
 
Құнанбаев А. Қалың елім  қазағым.- Алматы:  Жалын,-1995.-382б. 
7.
 
Аманжолов Қ.Аудармалар  ІІ том. Алматы:  -2001.- 422б. 
8.
 
Әбішев Қ., М.Сәбит, Рақымжанова Б. Антика дәуірі философия үлгілерінің қазақ   
тіліндегі  аударма мұрасы. Астана аударма:  2009.- 400б. 
9.
 
Андерсон Х. Таңдамалы ертегілер.  Алматы:  Балауса, 2005.-400б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     
 
 
186 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПОЗДРАВЛЯЕМ!!! 
 
24  декабря  2012  года  в    г.  Астана  в  Министерстве  образования  и  науки  были 
объявлены  результаты  отбора  на  международную  стипендию  Президента  Республики 
Казахстан «Болашак». 
Обладателями  международной  стипендии  от  Жетысуского  государственного 
университета им. И.Жансугурова  стали: 
 
 
 
 
 
 ЕРКИНБАЕВА   
ЛЯЗЗАТ  КАЛЫМБЕКОВНА  
 
доктор юридических наук, профессор 
первый проректор  – проректор  по учебно-
методической работе 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ИМАНГАЗИНОВ 
 МУРАТБЕК  МУБЫРАКХАНОВИЧ 
 
доктор филологических наук, профессор 
кафедры казахской филологии 
 
 
ЗНАМЕНАТЕЛЬНЫЕ   СОБЫТИЯ  

     
 
 
187 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
 
 
 
 
ПОЗДРАВЛЯЕМ!!! 
 
28 декабря  2012года в   г.  Астана в Министерстве образования и науки РК под 
председательством  министра  Бакытжана  Жумагулова  состоялось  итоговое  заседание 
Республиканской конкурсной комиссии по присвоению звания «Лучший преподаватель 
вуза - 2012». 
В    текущем  году  на  конкурс  было  подано  более  500  заявок  из  97  высших 
учебных  заведений  республики.  В  частности,  134  преподавателей  из  9  национальных 
вузов,  239  –  из  35  государственных  вузов,  8  –  из  1  международного  вуза,  75  –  из  33 
частных, 72 – из 15 акционированных вузов, 4 – из 4 негражданских вузов.  
По  результатам  конкурсного  отбора  были  определены  200  самых  достойных 
претендентов республики  на присвоение звания «Лучший  преподаватель вуза». 
Обладателями звания  «Лучший  преподаватель вуза»  в  2012 году   от  
Жетысуского   государственного  университета им. И.Жансугурова  стали: 
 
 
 
АНДАСБАЕВ 
 ЕРЛАН  СУЛЕЙМЕНОВИЧ
 
 
доктор технических наук, 
 декан физико-математического 
факультета 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
БАЙДЫБЕКОВА  
САЛТАНАТ  КЕНЖЕБАЕВНА 
 
кандидат экономических наук, доцент 
 заведующая кафедрой учета и аудита 
 
 

     
 
 
188 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
 
 
 
 
МАЗМҰНЫ 
СОДЕРЖАНИЕ 
 
 
МАТЕМАТИКА,  ФИЗИКА, ИНФОРМАТИКА 
 
 
Т.Т. Досаева  
СҰЙЫҚТАРДЫҢ    БУЛАНУЫ............................................................................... 
 

 
Д.Н. Нургабыл,  А.Б. Уаисов 
О ГРАНИЧНЫХ  СКАЧКАХ ЛИНЕЙНЫХ  ДИФФЕРЕНЦИАЛЬНЫХ 
УРАВНЕНИЙ  С МАЛЫМ ПАРАМЕТРОМ  ПРИ СТАРШИХ 
ПРОИЗВОДНЫХ...................................................................................................... 
 
 
 
 

Ж. Нысамбаев, А.О.Алдабергенова, Қ.Ж.Шетиева 
АБСТРАКТЫЛЫ   МАТЕМАТИКАЛЫҚ   МОДЕЛДЕРДІ  ҚҰРУ ӘДІСТЕРІ.... 
 
 
13 
С.Р. Сакибаев,  Б.Р.Сакибаева  
РАЗРАБОТКА  КОРПОРАТИВНЫХ  ИНФОРМАЦИОННЫХ  СИСТЕМ  С 
ИСПОЛЬЗОВАНИЕМ  КОМПОНЕНТНОЙ  МОДЕЛИ JAVA............................ 
 
 
 
18 
Р.С. Сакибаев, Б.Р. Сакибаева 
ИССЛЕДОВАНИЕ  АСИМПТОТИКИ  АМПЛИТУДЫ  РАССЕЯНИЯ   
РАСПАДАЮЩЕЙСЯ  КВАНТОВОЙ  ЧАСТИЦЫ................................................ 
 
 
 
22 
Э.С. Сергазинова,  А.Д.Онгарбаева, А.Ж.Есимбекова  
ҚАШЫҚТЫҚТАН  ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША  БІЛІМ 
БЕРУДІҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................................................................................. 
 
 
 
26 
Л. Ж.Терлікбаева, Е.С. Хаймулданов  
ADOBE  FHOTOSHOP БАҒДАРЛАМАСЫН  ОҚЫТУ КЕЗІНДЕ 
БАҒДАРЛАМАНЫҢ  МҮМКІНДІКТЕРІН  АШУ.................................................. 
 
 
 
31 
 
ПЕДАГОГИКА,  ПСИХОЛОГИЯ 
И МЕТОДИКА  ОБУЧЕНИЯ 
 
Н.Б. Әужанова, Д.М.Мукашева 
ЭТНОПЕДАГОГИКАҒА  НЕГІЗДЕЛГЕН  СЫНЫПТАН   ТЫС 
ЖҰМЫСТАРДЫ  ҰЙЫМДАСТЫРУ  .................................................................... 
 
 
 
38 
 
С.Қ. Мамилина, М.Д. Шынтемірова  
ЖОҒАРЫОҚУ ОРНЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ  ЛИДЕРЛІК САПА 
 
ҚАСИЕТТЕРІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ  МАҢЫЗЫ................................................... 
 
 
44 

     
 
 
189 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
М.Д.Шынтемірова, С.Қ.Мамилина  
ТҰЛҒАНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК  – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН   АНЫҚТАУ   ЖОЛЫ............................................................... 
 
 
 
49 
 
 
ЕСТЕСТВЕННО  -  ТЕХНИЧЕСКИЕ  НАУКИ 
 
С.С. Багашева,  Мукашева Д.М. 
ТАЛДЫҚОРҒАН  ҚАЛАСЫНДАҒЫ  ЕТ,  СҮТ ӨНІМДЕРІНІҢ           
МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ......................................................... 
 
 
 
56 
А.С. Бахтаулова, Ю.Е. Степанова  
ИЗУЧЕНИЕ  ВИДОВОГО РАЗНООБРАЗИЯ И ПРОДУКТИВНОСТИ 
ЭКОСИСТЕМЫ СКЛОНОВ С РАСЧЛЕНЕННЫМ,  МЕСТАМИ   
СГЛАЖЕННЫМ  РЕЛЬЕФОМ  НА ТЕРРИТОРИИ  ЖОНГАР-АЛАТАУСКОГО 
ПРИРОДНОГО ПАРКА............................................................................................ 
 
 
 
 
 
59 
 
А.К. Самбетбаева  
АБРАЗИВНЫЙ  НАПОЛНИТЕЛЬ  ДЛЯ МОЮЩИХ  СРЕДСТВ......................... 
 
 
64 
 
ФИЗИЧЕСКАЯ   КУЛЬТУРА И СПОРТ 
 
Б.А. Битлеуов  
ПСИХОФИЗИОЛОГИЧЕСКИЕ  МЕХАНИЗМЫ,  ОБЕСПЕЧИВАЮЩИЕ 
ВЫСОКИЙ УРОВЕНЬ  СПОРТИВНОЙ  ПОДГОТОВЛЕННОСТИ  И 
СПОРТИВНОЙ  ФОРМЫ ЛЕГКОАТЛЕТОВ......................................................... 
 
 
 
 
68 
А.И.Федоров, М.А.Прокофьева,  Е.К.Утегенов  
ОТНОШЕНИЕ  СОВРЕМЕННЫХ  ПОДРОСТКОВК СВОЕМУ 
 ЗДОРОВЬЮ:  СОЦИОЛОГИЧЕСКИЙ  АНАЛИЗ.................................................. 
 
 
 
71 
 
 
Б.Ш. Шаяхметов,  М.С. Қанғалаков  
ЕЛ ҚОРҒАУ – ЕРЛЕР МІНДЕТІ..............................................................................
 
 
 
77 
 
ЮРИСПРУДЕНЦИЯ 
 
Ш.К. Сейжанова  
КОРРУПЦИЯ – ПРОБЛЕМА ЭКОНОМИЧЕСКАЯ, ЮРИДИЧЕСКАЯ  И 
СОЦИАЛЬНАЯ......................................................................................................... 
 
 
 
82 
 
 
ЭКОНОМИКА 
 
С.У. Абдибеков, М.Т. Туриспаева 
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ  ДЕНЕЖНО-КРЕДИТНОГО  РЕГУЛИРОВАНИЯ 
БАНКОВ В РЕСПУБЛИКЕ  КАЗАХСТАН  ............................................................. 
 
 
88 

     
 
 
190 
 
І.Жансүгіров  атындағы  ЖМУ  ХАБАРШЫСЫ    № 4 /2012     
 
 
 
М.Н. Абдилдинова  
РОЛЬ ИННОВАЦИЙ  В РАЗВИТИИ  ЭКОНОМИКИ КАЗАХСТАНА  И 
ЗАРУБЕЖНЫЙ  ОПЫТ РАЗВИТИЯ  ИННОВАЦИЙ............................................. 
 
 
 
 
93 
 
 
М.О. Асаубаев  
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ШАҒЫН  ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ 
ДАМУЫНДАҒЫ  БАНКТІК  НЕСИЕЛЕУДІҢ  АЛАТЫН  ОРНЫ........................... 
 
 
 
98 
А.Е. Беделбаева  
БЕЛГІСІЗДІК ЖАҒДАЙЫНДА  ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ЖОБАЛАРДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІН  БАҒАЛАУ  ӘДІСТЕРІН  ЖЕТІЛДІРУ............................................. 
 
 
 
101 
Г.Валишанова  
БАНКТІК  НЕСИЕНІҢ  МӘНІ МЕН  ҚАЖЕТТІЛІГІ  ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ..... 
 
 
106 
 
Ж. Дүйсебаева  
ҚР САЛЫҚ САЛУ МЕХАНИЗМІНІҢ  МӘСЕЛЕЛЕРІ  ЖӘНЕ  
ОЛАРДЫ ШЕШУ  ЖОЛДАРЫ................................................................................. 
 
 
 
111 
 
А.К. Есенгабылова, Р.Х.Ахмадиева 
АГРОТУРИЗМ  И КАЗАХСТАНСКИЕ  РЕАЛИИ:  ПРОБЛЕМЫ И 
ПЕРСПЕКТИВЫ....................................................................................................... 
 
 
 
   116 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет