109
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
өлеңдерінің кірмей қалу себептері Кәкітайдың баспаға шығарушы адамдарға өкпелейді,
араздық ұстанады” деп жасқанып қалғандығынан десе де, Абайдың баспаға шығуына
тарихтық бірінші зор еңбек етуші – Кәкітай” дейді. [8,92] Кітапқа кірігізілген ақын өлеңдері
17 бөлімге топтастырылған. “Масғұт” әңгімесі, “Ескендір” дастандары бөлек, Пушкин,
Лермонтов, Крыловтан аударған 41 өлеңі жеке топтастырылған. Кітаптың көлемі 120 бет.
Кітапта ақынның фотосуреті берілген. Жинаққа Мүрсейіт Бекүлының (1860-1917) жазған
қолжазбалары, көшірмелері негізге алынған. Мүрсейіт Абайға жетінші атасы Әнет бабадан
қосылады, Әнет Абайдың жетінші атасы Әйтекпен бір туысады. Мұрсейіт орыс мектебінде 4
жыл, кейін Бұқарда оқып білім алған. М.Әуезов “Біздің асыл нұсқа есебінде сүйенетініміз–
ол Мұрсейіттің көшірмелері –дейді. [9,20] Абай өлеңдерінің 2-жинағы 1916 жылы
Орынбордан “Дин уа мағишат” баспасынан “Абай термесі” деген атпен жарық көрді.
Бастырушы ақын Самат Әбішұлы Нұржанов. Кітапқа Абайдың бірінші қарасөзі мен бұрын
жарияланбаған 7 өлеңі кірген. Жинақты құрастырушы. “Бұл бір елге көп жайылмаған қазақ
ақыны Абай Құнанбайұлының бұрын басылмаған аз ғана сөздері еді. Мен қолымдағы барды
кітапша етіп, бастырып алуымды қаладым” деп ескертеді. (С.Әбішұлы Баянауылда 1888
жылы туған. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болған)
Абайдың мұрасын қалың жұртшылықтың игілігіне айналдыру мақсатында
Қазақстанның оқу комиссариаты ресми түрде қолға алып, бұл істі жүзеге асыруды белгілі
ақын Бернияз Күлеевке тапсырады. Қанша әрекеттенсе де, Б.Күлеев Абай шығармаларын
қайта бастыру мәселесін шеше алмай, шағын ғана сөзбасын жазып, 1909 жылғы жинақты
қайталап бастыруға мәжбүр болған. Кітап көлемі 9,0 б.т. 5000 дана. 1922 жылы Қазан
қаласынан шыққан жинаққа Қазақ АССР-нің Татарстандағы кітап бастыру жөніндегі өкілі,
ақын Б.Күлеев жазған алғы сөзде: “Жаман атты жоқ пен заманға аударып, қолдағы бар
бірінші басылған өлеңдері емлесін түзетіп, баспасын жөндеп, сол қалпымен қайтадан
бастырылды, артқан кемшіген еш нәрсесі жоқ”,-делінген. [10,93] Б.Күлеев 1909 жылы
кітаптағы кейбір қате сөздерді түзетуге А.Байтұрсынов пен М.Әуезов жәрдемдескенін атап
көрсетеді.
Осындай жағдай 1922 жылы Ташкентте үшінші рет басылған Абай жинағында да
қайталанады. Абай мұрасының тұңғыш толық жинағы М.Әуезовтың ұзақ жылдар ізденуінің
нәтижесінде Қызылордада 1933 жылы латын әрпімен жарық көрген жинақ. Жинақта бұрын
басылмаған өлеңдері, поэмалары, қарасөздері түгелге жуық жарияланды әрі ақынның
ақындық өнерінің эволюциялық даму жолын ғылыми тұрғыдан тануға мүмкіндік тудыратын
хронологиялық жүйені ұстанды, шығармалары: өлеңдері, поэмалары, қарасөздері деп
жіктелді. Абайдың ғылыми өмірбаяны тұңғыш рет барынша толықтырылып қайта жазылды,
алғашқы Абай туралы естеліктер жарияланады. Ақын өлеңдерінің құрылысы, өлең өлшемі
табиғи қалпына келтіріліп 35 өлеңге түсінік берілді. Кейінннен 1934, 1936 жылдары
Алматыдағы Қазақстан көркем әдебиет баспасынан өлеңдер жинағы,1936 жылы Қазақстан
өлкелік баспасы дайындауымен Москвадан орыс тілінде таңдамалы өлеңдер жинағы жарық
көрді. Сонымен қатар, 1933 жылғы тұңғыш толық жинақ негізінде ақын мұрасы 1939,1940
жылдары 2 том болып қайта жарық көрді. Абай шығармаларының толық жинағына жаңа
көзқарас тұрғысынан С.Мұқановтың “Абай – халық ақыны” (1939) алғысөзі мен
М.Әуезовтың “Абайдың ғылыми өмірбаяны” (1940) екінші рет толықтырылып қайта
жазылды. Екі томдықта 88 өлеңге түсінік жазылып, 1086 тың өлең жолымен толығып,
естеліктер саны да молая түсті. 16 өлең тексі нотасымен басылып, әр түрлі фотосуреттер
берілді. Абайдың әдеби мұрасын бағалаудағы, ғылыми тұрғыда зерттеп танып білудегі
алғышарттардың бірі–шығармаларын толық түрде бастыру болса, бұл саладағы күрделі де
қиын жұмысты М.Әуезов ұзақ жылдар
бойы талмай ізденіп, абыроймен орындап шықты.
Абай шығармалары 1943, 1944 жылдары “Әскери кітапханалар” айдарымен
жарияланып, майдандағы қазақ жауынгерлерінің рухани азығына айналды. Ақын
шығармаларын жариялау, әсіресе, 100 жылдық мерейтойға байланысты кең қанат жая
бастады. 1933 жылдан соң Абайдың жаңадан табылған өлеңдері алдымен баспасөзде
жарияланып, кейіннен 1945 жылғы академиялық толық жинағына енгізілді. Академиялық