«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет134/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   208
 
 
 
 
басылым  жаңадан  табылған  өлеңдерімен  толықтырылып,  ғылыми  аппараты  едәуір 
жетілдірілді.  Ақынның  219  өлеңі  мен  поэмаларына,  қарасөздеріне  арнайы  ғылыми  түсінік 
берілді.  Дегенмен,  ұлы  ақынның  академиялық  толық  жинағы  да  өз  дәрежесінде  шықпады. 
Себебі,  ақын  шығармаларының  конондық  тексін  даярлау  үшін  алдымен  арнайы 
текстологиялық  зерттеулердің  болмауы  тікелей  әсер  етті.  Сондай-ақ  М.Әуезов  жазған 
“Абайдың  өмірбаяны”  белгісіз  себептермен  бұл  жинаққа  енбей  қалды.  1954  жылғы  екі 
томдық толық жинақтың кейбір аударма өлеңдердің орысша түпнұсқасын айқындау жағынан 
елеулі жаңалығы бар.  
1957  жылғы  М.Әуезовтың  басқаруымен  дайындалып  жарық  көрген  2  томдық 
академиялық  жинақтың  құндылығы  М.Әуезовтың  текстологиялық  жұмыстарға  тікелей 
қатысып,  басшылық  жасауында.  Бұл  жинақта  Абай  шығармаларының  текстерін  бастыруда 
орын  алып  келген  кейбір  олқылықтар  түзетіліп,  әсіресе  қарасөздеріндегі  дұрыс  оқылмай 
жүрген бірталай сөздер қолжазбаларды салыстыра тексеру нәтижесінде анықталды.  
1977 жылғы жарық көрген толық жинақта бірлі-жарым сөздердің оқылуында болмаса, 
айтарлықтай айырма жоққа тән.  
Абай  өлеңдерінің  1909  жылғы  басылымы  мен  1977  жылғы  басылымының 
аралығындағы 60 жылда ақын шығармалары қазақ тілінде отыз бес, орыс тілінде алты, шет 
тілінде 10 рет кітап болып жарияланып, жалпы тиражы милионнан асқан екен.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Кітапта: Құнанбаев А.Алматы “Ғылым” 1967, 27 бет.  
2. «Абай» журналы №3 1992, 52б. 
3. «Дала уәләяты»  газеті,1889ж.1 желтоқсан. 
4. “Қазақ әдебиеті»  газеті  Ә.Марғұлан  1963 ж., 16 тамыз 
5. Құнанбаев А. Алматы “Ғылым” ІІ т.ш.ж. 1957, ІІ т. 55 бет 
6. Мырхзахметов М., Абайтану тарихы, А.,1994, 19 бет.  
7. Абай журналы,  № 3,1992 
8. Әуезов М., 20 т.ш.ж. 20 том, 18 бет.  
9. Әуезов М., 20 т.ТШЖ, 20т. 20 бет.  
10. Абай журналы № 6,1993 
 
 
ӘОЖ 801.82 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет