аяғының саусақ сүйектері. Көктопай, көк – түс, топай – 1. Жылқының бақайшық сүйегі; 2.
ірі-қара малдың асығы. Қасқабұла, қасқа – малдың маңдайында болатын, ұзынша келген ақ
түсті жолақ; бұла – ешкім бетінен қақпаған, еркін, ерке. Сұрсерке, сұр – түс, серке – 1) бес-
алты жастағы тартылған теке; 2. ауыспалы мағынасы ел ағасы, беделді азамат.
Көктұйғын – тыйған жүйрік осы жақты,
Берместен бес жыл бәйге келе жатты.
Жиында неше дуан жүйрік жиған
«Шаппай бер, бәйгемді!» - деп талай айтты.
Көктұйғын, көк – сын есім, заттың түсі; тұйғын – қаз, үйрек аулап қоректенетін
лашын тұқымдас жыртқыш құс. Қызқара, қыз – 1. Ұрғашы жынысты сәби, әйел бала; 2.
Оттың, күннің қызуынан ысып кету; 3. Жылу әсерінен бір нәрсенің көгеріп, дәмінің
бұзылуы, бүліну, қара сөзі – көмірдің, күйенің түсіндей ( аққа қарама қарсы түс); 2. Жылқы,
түйе, сиыр малдарының жалпы аты; 3. Назар аудару, көз жіберу. Аналитикалық тәсілдің
қосарлану тәсілі арқылы жасалған. Елік-құбақан, жалқы есімі. Елік – 1. Таулы, орманды
жерлерде мекендейтін киіктің бір түрі, бұғы тұқымдас аң; 2. Бір нәрсеге еліктеу, қызығу,
құбақан – 1. Ақ пен боздың арасындағы түс, сүр; 2. Ауыспалы мағынада қарапайым,
жұпыны, орташа. Алаүйрек, ала сөзі – 1. Түрлі түстердің араласып келген түрі; 2. Көз
алмасының ақ түсті қабығы; 3. Ауыспалы мағынада ауызбірлігі жоқ ынтымақсыз, үйрек -
башпайларының арасы жұқа жарғақ терімен тұтасқан, тұмсығы жалпақ су құсы [3].
Синтетикалық тәсілмен жұрнақ арқылы жасалған антропонимдер: Абылай, тарихи
жалқы есім, ар. – абыл/ әбіл – ата, әке. Әбілмәмбет деген есімнің қысқарып, дыбыстық
тұрғыдан өзгерген түрі [4].
Жарылқап: жарылқа – 1) қарық қылу, кенелту, мүсіркеу, есіркеу, 2) ауысп. біреуге
алғыс, тілек айту, бата беру, -п – көсемше жұрнағы. Жақып, жақ – 1. Адамның, жан-
жануардың қызылиек пен тіс орналасқан бет сүйегінің төменгі бөлігі; 2. Белгілі бір тұс,
тарап; 3. От жағу, тұтату, тамызу; 4. Жұғып сіңетіндей етіп үйкелеу, жағу, -ып – көсемше
жұрнағы.
Сонымен қорыта келгенде «Құлагер» поэмасындағы жалқы есімдердің жасалу
ерекшеліктерінде синтетикалық тәсіл мен аналитикалық тәсіл арқылы жасалған
атаулардың мол екендігіне көзімізді жеткіздік.
Басты назар аударған жалқы есімдер тағлымы терең, қазақ халқы үшін аса маңызды.
Себебі, қазақ халқы жалқы есімдердің мағынасы болсын жасалу жолы болсын,
талғампаздықпен қараған. Әр жалқы есімді атар алдында бір жақсылықтың нышаны болғай
деген көзқараспен, оймен таңдаған.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Жансүгіров Ілияс. Құлагер: Өлеңдер, аудармалар, поэмалар. – RS; Халықаралық
Абай клубы, 2012. – 304 бет.
2. Қазақ грамматикасы. Астана 2002. – 783 бет.
3. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Жалпы редакциясын басқарған Т.Жанұзақов. –
Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 968 бет.
4. Жанұзақов Т. Есімдер сыры. – Алматы: Парасат, 2004. – 2008 бет.
165
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Достарыңызбен бөлісу: |