«жансугуровские чтения»


І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫНДАҒЫ  АС БЕРУ ДӘСТҮРІНІҢ



Pdf көрінісі
бет135/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   208
Байланысты:
6-2018

 
І. ЖАНСҮГІРОВТІҢ «ҚҰЛАГЕР» ПОЭМАСЫНДАҒЫ  АС БЕРУ ДӘСТҮРІНІҢ 
СУРЕТТЕЛУІ ЖӘНЕ ДӘСТҮР ЖАЛҒАСТЫҒЫ 
 
Қожатай Б.
1
,  Айтбаева А.Е.

Қорқыт ата атындағы ҚМУ
1
, Қызылорда қ. 
 
Қазақ халқының ертеден келе жатқан аса үлкен тойы  – ас беру. Бұл дүниеден өткен 
белгілі адамдардың жылы толғанда оған жасалатын ақырғы зор құрмет және ұлы жиын. Аста 
жүздеген  үйлер  тігіліп,  үш  жүзге  бірдей  сауын  айтылады.  Ас  беру  дәстүрі  дәулетті 
адамдардың,  ұйымшыл  елдің  ғана  қолынан  келген.  Абылай  ханның  асы,  Құнанбайдың,  
Өскенбайдың, Керей Сағынайдың, Дулат Сыпатай батырдың, Бөкенбай болыстың асы бүкіл 
қазақ еліне мәлім болып, аңызға айналған той деңгейінде өткен. 
 Ас  берудің  белгіленген    ережелері  мен  тәртіптері  жасалған.  Ас  бірнеше  күнге 
созылған. Бірінші күні «ошақ қазарда»  үй тігу, ошақ қазу т.б  жұмыстары, екінші күні «мал 
сояр»,  ал  үшінші  күні  «ұстаған»  деп  аталады.  Бұл  күні  той  басталады.  Төртінші  күні  -  «ат 
шабар».  Бас  бәйгеге  қыздың  құны  «қырық  жеті»  белгіленген.  Ат  жарысы,  балуан  күресі, 
ақындар айтысы, көкпар және басқа ойын-сауықтар өткізілетін болған. Ас сәрсенбі, бейсенбі, 
жұма, сенбі күндері берілген. Бұрынырақта ең жоғары хан көтеру мәселесі де осы ас үстінде 


 
111 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
шешімін  тауып  отырған.  1771  жылы  Түркістанда  Қожа  Ахмет  Йасауи  кесенесінде 
Әбілмәмбет ханның асы берілген. Бұл аста үш жүздің өкілдері халық арасында зор беделге 
ие Абылайды ақ киізге орап, хан сайлаған. Аста ұлттық ойындар өткізу арқылы қазақтардың 
арасында  белгілі  балуаншылардың  есімдері  анықталған.  Әнші,  ақындардың  қатары 
толықтырылып отырған.  
Қазақ  ақыны  І.Жансүгіров  11-12  жасында  Қаракерей  Қабанбай  батырдың  немересі 
төбе  би  Сүлейменнің  1904  жылы  Тарбағатай  тауының  бөктерінде  асында  бәйгеге  қатысқан 
екен.  Дәл  осы  аста  тұңғыш  Тарбағатай  тауының  Бұғыбай  жазығында  гимназия  салынып, 
романға  бәйге  жарияланып,  «Бақытсыз  Жамал»,  «Қамар  сұлу»,  «Қалың  мал»    сынды 
романдардың  тууына  игілікті  жағдай  жасалынған.  І.Жансүгіровтің  «Құлагер»  поэмасында 
аузынан  сөз,  алдынан  дау  кетпеген,  «малы  мол,  малайы  көп,  қатыны  көп»  керей  руының 
«арыстандай  керауызды  нән  байы»  Сағынайдың  асына  жер-жерден  онымен  үзеңгілес, 
терезелері тең жуандары да, өнерпаздары келіп жатады. Сағынайдың асына 500 ақ үй тігіліп, 
оған 500 бұқар кілемі ілінген, 5 тонна шай әкелінген, жаңа ыдыс-аяқтар Ташкент пен Казан 
қалаларынан  алынған.  Он  мың  көрпе  жастық,  қонақтарға  сыйлауға  бес  жүз  бұқар  шапаны, 
Сібірден  бес  жүз  аң  терісі  алынған.  20мың  қой,1000  жылқы  сойылған.  500  жігіт  табақ 
тартып,  300  қыз  қонақтарға  дастархан  жайған.  Бәйгеге  500  жылқы  қатысқан.  Ақанның 
Құлагері осы аста мерт болған.  Әдетте жұрт көп жиналған мұндай аста өнерпаздардың өнері 
сайысқа түседі. Атағы жер жарған бұл асқа ту Қарауылдан Құлагерін ертіп Ақан да келеді. 
Бұл кез Ақанның сері, Құлагердің дүлдүл атанып тұрған шағы болатын-ды. Осы аста Ақан ең 
соңғы  досы,  серігі,  қызығы  Құлагерінен  айырылады.  Ақын  Сағынай  асын  суреттейтін 
жерлерінде  аз  ғана  сөзбен  асқа  жиналған  әр  ел,  әр  ру  адамдарының  іс-әрекеттерін,  мінез-
құлықтарын өте ықшам, соншалықты дәл суреттейді: 
Бір үйде тұздықталған тәтті тамақ, 
Бір үйде ет тартылмай қаққан жалақ. 
Бір жерде табақ теуіп, етке өкпелеп 
Боқтамсып бір үй жатыр жерді сабап [1]. 
Көк  майсаға  қатар-қатар  тігілген  үйлерге  әр  рудың  мықтылары  келіп  түсіп 
жатады.Оның ішінде деміне нан піскен қаупілдектері де, зілдей пұлданған шонжарлары да, 
тырнақ астынан кір іздеген кірпиаздары да, ата-бабасының аруағын, руының айбындылығын 
бетке ұстағандар да, бірін-біріне айдап салып, екі ортада пайда түсіргісі келетін пасықтары, 
иығын  ұрысқа  тығып  жүретін  желөкпелері  де,  мүшеге  таласып,  астамсып,  табақ  теуіп 
жатқандарды қысқасы сан алуан мінезді адамдар жетерлік. 
Шорманның Оқасы! – деп шапты анталап, 
Бір үйді қырғыз алды Шабдан манап, 
Оязы Қараөткелдің Измаилов 
Бір үйде ләйліп отыр арақ ішіп... 
Бір үйде өлеңші отыр жұрт мақтаған
Сөз сатып, тиын тілеп, ел ақтаған... 
Жиылған көп күшіген әрбір тұстан
Қалмаған қарға, құзғын түгел ұшқан. 
Тояттап қазы, қарта –түйе кекрек 
Қыпқызыл билер жатыр қымыз құсқан... [1] 
Осындағы  әрбір  асқа  тігілген  сырты  «ақ»  үйлердің  ішінде  қандай  пәле  болып 
жатқанын ақын өткір сарказм мен ирониясы арқылы айқын көрсетеді.  
М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  эпопеясында  жас  Абайдың  үлкен  азаматтық  іс  атқарып, 
көзге түсіп, ел аузына ілінуі – Бөжей асын өткізуге тікелей атсалысқан кезі болатын. Автор 
Абай  бейнесін  халық  өмірімен  тығыз  бірлікте  байланыстыра  суреттей  келіп,  өз  халқының 
қамқоршысы,  қорғаны  дәрежесіне  көтереді.    Профессор  Ж.Дәдебаев:  «Жазушының  аса  бір 
ерекше шабытпен суреттеген эпизодтарының бірі – Бөжей асы. Ас берудің қазақта жолы да, 
тәртібі  де  өзгеше  екенін  Абай  жақсы  түсінген.  Әкесінен  Бөжей  асына  бірнеше  елге  хабар 
айтылып,  шақырылып  отырғаны,  бәрімізге  үлкен  сын  дей  келе,  осы  міндетті  атқарысуға 


 
112 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет