Жануар физол



Pdf көрінісі
бет102/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

6.4. Лимфаның түзілуі 


 

130


Құрамы  жағынан  лимфа  қанның  ультрафильтраты.  Л.Людвиг  пен 

X.Г.Старлинг  теорияларына  сəйкес  лимфа  майда  артериялар  жəне  оларға 

жалғас  жатқан  капиллярлар  мен  ұлпааралық  сұйықтың  гидростатикалық 

жəне  онкостық  қысымдарының  айырмасына  байланысты  түзіледі.  Тамырда 

гидростатикалық қысымның өсуі лимфаның түзілуін күшейтеді, ал онкостық 

қысымның  жоғарылауы  -  əлсіретеді.  Капиллярлардың  артериялық  ұшында 

гидростатикалық  қысым  жоғарырақ  (с.б.  25-30  мм),  ал  веналық  ұшында  - 

төменірек (с.б. 15 мм) болады. Онкостық қысым да капиллярлардың веналық 

ұшында  жоғарылайды.  Аталған  факторлар  əсерінен  қанның  сұйық  бөлігі 

капиллярлардың  артериялық  бөлігінен  сүзіліп  шығады  да,  веналық  ұшында 

кері сорылады (51-сурет).  

Лимфа  түзу  қанның  онкостық  қысымы  төмендеген,  ұлпа  сұйығы  мен 

лимфаның  осмостық  қысымы  жоғарылаған  жағдайда  күшейеді.  Осыдан 

жұмыс  кезінде  ұлпаларда  жиналған  кіші  молекулалы  ыдырау  өнімдері 

лимфаның түзуін күшейтеді.  

 

51-сурет.  Артериолалар  мен  венулалардағы  фильтрация  (А)  жəне 

реабсорбция  (Б)  құбылыстары;  КГҚ  -  капиллярлардағы  гидростатикалық 

қысым;  КОҚ-  капиллярлардағы  онкостық  қысым;  ҰГҚ  -  ұлпадағы 

гидростатикалық қысым; ҰОҚ - ұлпадағы онкостық қысым 

 

Капиллярлар  қабырғасы  тек  сүзілу  процесін  қамтамасыз  ететін  енжар 



(пассивті)  жарғақ  емес,  ол  лимфа  түзуде белсенді рөл  атқарады, оның  түрлі 

заттарға  талғамды  өткізгіштік  қасиеті  бар.  Лимфа  капиллярлары 

эритроциттерді,  лимфоциттерді,  хиломикрондарды,  кейбір  ірі  молекулалы 

заттарды жақсы өткізеді. 

Лимфа  түзу  капиллярлар  қабырғасының  өткізгіштік  қасиетін  өзгертетін 

заттардың əсерімен күшейеді. Ол заттар бірінші жəне екінші дəрежелі лимфа 

айдағыш заттар болып бөлінеді. Бірінші дəрежелі лимфа айдағыш заттарға 

белоктардың ыдырау өнімдері (пептондар мен альбумоздар), тауық белогы, 

сүлік сығындысы, гистамин т.б. жатады. Бұл заттар лимфаның түзілуін ғана 

күшейтіп қоймай, оның құрамындағы органикалық заттарды көбейтеді. 




 

131


Тұзды ерітінділер, қант жəне несепнəр екінші дəрежелі лимфа айдағыш 

заттарға  жатады.  Олар  қанның  осмостық  қысымын  жоғарылатып,  судың 

ұлпалардан  қанға  өтуін  күшейтеді.  Осының  əсерінен  қан  қысымы 

жоғарылап, лимфа түзу қарқыны артады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет