7.9. Құстардың тыныс алу ерекшеліктері
Құстардың тыныс органдарына көптеген құрылымдық жəне əрекет
ерекшеліктері тəн. Олардың тыныс жүйесі мұрын қуысынан, жоғарғы жəне
төменгі (дыбыс) көмекейлерден, кеңірдектен, бронхылардан, өкпе мен ауа
қапшықтарынан тұрады. Құстардың тыныс жүйесінің жалпы сиымдылығы
оларға салмағы жағынан шамалас сүт қоректілер жүйесінің сиымдылығынан
3 еседей көп. Бұл тыныс жолдарының күрделілігімен байланысты.
Құстардың ұзын кеңірдегі өкпеге кіре берісте оң жəне сол бронхыларға
тарамданады. Олар көкірек-мойын қапшығына тармақ береді де, өкпені
бойлай өтіп, құрсақ қапшығымен жалғасады.
Өкпеде бас бронхыдан екі қатар– дорсальдық жəне вентральдық, екінші
реттегі бронхылар тарамдалады. Олардың біразы өкпеден шығып,
қапшықтармен жалғасады (бұл эктобронхылар), ал қалған түрлері
(эндобронхылар) өкпенің өзінде тұйықтала бітеді.
1
2
3
4
5
6
159
66-сурет . Құстардың бронхылары мен ауа капиллярлары: А - жалпы схема;
Б - парабронхы; В - парабронхы каналы; 1- негізгі бронх; 2- екінші реттік
бронх; 3- эктобронх; 4- парабронх; 5- ауа капиллярлары; 6- бронх саңлауы.
Эндобронхылар парабронхылармен жалғасады. Олардың өсінділерін ауа
капиллярлары деп атайды (66-сурет). Нəзік дəнекер ұлпамен қоршалған
парабронхылар мен ауа капиллярлары бес–алты қырлы ұяшықтар түзеді.
Олар сырт пішіні жағынан өрмекші торына ұқсас горизонтальды жəне
вертикальды түтікшелер жүйесін құрап, өкпе паренхимасының негізін
жасайды. Бұл түтікшелер торы кіші қан айналым шеңберінің
капиллярларымен қоршалады да, газ алмасу процесін қамтамасыз етеді.
Ауа қапшықтар эктробронхылардың кілегей қабығының өсінділері.
Құстарда 9 қапшық болады, оның төртеуі жұп, біреуі – тақ (67-сурет). Кейбір
қапшықтардан түтікті сүйектерге өсінділер кетеді.
Құстардың өкпесі онша үлкен болмайды жəне оның керілгіштік қасиеті
нашар. Олар көкірек қуысында омыртқаның екі жағын ала бірінші қабырға
мен бүйрек аралығында орналасады. Өкпенің дорсальды беткейі
қабырғаларға жабысып жатады. Құстарда көкет болмайды. Құстар дем
алғанда ауа өкпе арқылы артқы қапшықтарға өтеді. Алдыңғы қапшықтарға
тыныстық ауа бармайды, оларға тек өкпеден шықан ауа ғана келеді. Дем
шығарылған кезде артқы қапшықтардағы ауа бас бронхыға түспей, өкпеге
ығысады. Келесі дем алу кезінде өкпедегі ауа алдыңғы қапшықтарға өтіп,
одан кейінгі дем шығару кезеңінде алдыңғы қапшықтардан сыртқа
шығады. Демек, ауаның белгілі бір мөлшері бүкіл тыныс жүйесінен өтіп
шығу үшін екі тыныс айналымы қажет (68-сурет). Мұндай тыныс жүйесі,
біріншіден, ауаның өкпе арқылы дем алу сатысында да, дем шығару
67-ñóðåт.
²½ñт-ðäû» -ó-
º-ïøûºт-ðûíû»
îðí-ë-ñó
ñõåì-ñû.
160
сатысында да өтуіне мүмкіндік береді; екіншіден, өкпе арқылы ауаны тек
бір бағытта – артқы қапшықтардан алдыңғы қапшықтарға ғана өткізеді.
68-сурет. Құстардың тыныс жүйесімен ауаның жылжу схемасы
Құстардың өкпесінде газ алмасу процесі сүт қоректілермен
салыстырғанда қарқындырақ жүреді. Оған қан мен ауаның бір-біріне қарама–
қарсы жылжуы мүмкіндік туғызады (69-сурет). Осының арқасында өкпеде
газ алмасу процесі үздіксіз жүреді, себебі құстардың артерия қанында
оттегінің үлес қысымы қарсы бағытта жылжитын ауадағы қысымнан əркез
төмен болады.
69-сурет. Құс өкпесіндегі газ алмасу механизмі
Ауа қапшықтары газ алмасу процесіне қатыспайды, олар дене салмағын
жеңілдетіп, құс ұшқан кезде ішкі ағзалардың қалыпты орнын сақтауға,
дефекация процесін атқаруға жағдай туғызады. Қапшықтар ауа қорын
жинап, дене жылуын реттеуде маңызды рөл атқарады. Қапшықтардағы ауа
ағыны күшейгенде су буланып, оның алмасу процесі реттеледі.
161
Тыныс алу процесі көкірек–құрсақ қуысы көлемінің өзгеруі нəтижесінде
атқарылады. Дем алынғанда қабырғалар артқа қарай төмен тарта ығысады
да, көкірек–құрсақ қуысының алдыңғы бөлігі кеңиді. Осының салдарынан
ауа өкпе арқылы ауа қапшықтарына сорылады. Дем шығарылғанда көкірек
қуысы кішірейіп, ауа қапшықтары мен өкпе сығылады да, ауа кері бағытта
жылжиды. Құстар оттегі тапшылығына өте сезімтал. Ауадағы оттегінің
мөлшері 1-2 пайызға төмендегеннің өзінде үйректерде ентігу басталады.
Құстарда тыныс жиілігі сүт қоректілермен салыстырғанда артығырақ.
Оптималды температурада кептерлер - 25-46, тауық -18-34, үйрек-15-30, қаз-
15-25, күркетауық -13-20 рет дем алады.
Құстар тынысының реттелуі сүт қоректілер тынысының реттелу
принципімен жүреді, бірақ оның құпиялары толық зерттелмеген. Тауықтың
кезеген жүйкесін қиып тастаса тыныс сирейді, ал оның орталық ұшын
тітіркендірсе тоқтап қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |