Жануар физол



Pdf көрінісі
бет129/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

Терінің тыныстық қызметі. Организмдегі газ алмасуда тері де маңызды 

рөл  атқарады.  Егер  иттің  терісіне  ауа  өткізбейтін  лак  жағып  тастаса,  дене 

жылуы 25

0

-қа дейін төмендеп, сыртқы тамырлар босайды да, қан жүрек пен 



өкпеге  жиналады,  ит  тұншығады.  Мұндай  иттер  зəр  өзектері  қиылып 

тасталған  иттерден  жылдамырақ  өледі.  Жылқы  мен  қоянның  терілерін  ауа 

өткізбейтін  нəрсемен  жауып  қойса,  олардың  тəбеті  жойылып,  организм 

əлсірейді,  денелері  дірілдеп,  тынысы  жиілейді,  температурасы  төмендеп, 

жануарлар 12-40 сағат ішінде өліп кетеді. 

Тері  дем  алуды  жеңілдетіп,  көмір  қышқыл  газын  бөлуде  үлкен  рөл 

атқарады.  Тері  арқылы  да  газдар  атмосфералық  ауа,  ұлпалық  сұйық  жəне 

тері  капиллярлары  арасындағы  үлес  қысым  айырмасына  сəйкес  алмасады. 

Терінің  беткейі  альвеолалардың  жалпы  беткейінен  100  есе  кем.  Соған 

қарамай  қалыпты  жағдайда  тері  арқылы  организмнен  шығатын  көмір 

қышқыл  газының  шамамен  1-1,5  пайызы  бөлініп,  дəл  осы  мөлшерде  оттегі 

сіңеді. Демек, өлшем бірлігіне шаққанда өкпе мен терінің газды алмастыру 

қарқыны шамалас. 

Газдардың тері арқылы алмасу қарқынына түрлі факторлар əсер етеді. Ол 

дене жұмысы кезінде, ауаның жылылығы жоғарыласа, атмосфералық қысым 

төмендесе  -  күшейеді.  Терінің  газ  алмастыру  қызметі  организмнің 

физиологиялық  күйіне  қарай  өзгере  береді.  Мысалы,  денеге  кофеин  егу 

арқылы  үлкен  ми  қыртысының  қозғыштығын  жоғарылатса,  өкпе  мен  тері 

арқылы  көмір  қышқыл  газының  бөлінуі  артады,  ал  бром  еккенде  – 

бəсеңдейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет