Жануар физол



Pdf көрінісі
бет130/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   504
7.8. Жануарлар дыбысы 

Жануарлар  дыбысы  күрделі  рефлекс  түрінде  пайда  болатын  құбылыс. 

Оны  шығаруда  мұрын  мен  ауыз  қуысы,  өкпе,  көмекей  жəне  ондағы  дыбыс 

байламдары  (дыбыс  шымылдығы)  қатысады.  Дыбыс  байламы  серпімді  ұлпа 

жəне  ет  талшықтарының  əрекетінен  тарылып,  өткен  ауаның  əсерінен 

тербеліп  тұрады.  Дыбыс  саңлауының  мөлшері  өзгеріп  отырады  да,  өкпеден 

шыққан  ауаның  керіліп  тұрған  дыбыс  байламын  тербелтуінің  салдарынан 

дыбыс пайда болады. 

Əр  түрлі  жануарлар  мен  құстар  шығаратын  дыбыстар  өзінің  тембрімен, 

биіктігімен,  күшімен,  жиілігімен  ерекшеленеді.  Жануарлардың  əр  түрінің 




 

158


өзіне  ғана  тəн  дыбысы  болады.  Ол  көмекейдегі  дыбыс  аппаратының 

құрылым ерекшеліктеріне байланысты. 

Құстардың көмекейі жақсы қимылдамайды, оларда бөбешік болмайды да, 

кеңірдек  ашасында  (бифуркация)  төменгі  көмекей  пайда  болады.  Дыбыс 

шығаруда  кеңірдек  ашасының  ішкі  жағында  орналасқан  сыртқы  ернеулік 

еттердің  əрекеті  маңызды  рөл  атқарады.  Бұл  еттерге  қарама-қарсы, 

физиологиялық  жағдайы  евстахий  түтігі  еттерінің  жиырылуымен  реттеліп 

отыратын, бұғана қапшығының дабыл жарғағы орналасады. Аталған сыртқы 

ернеулік  еттер  жиырылғанда  оң  жəне  сол  бронхылардағы  дабыл  жарғағы 

бір-біріне жақындап, саңылау пайда болады. Деммен шыққан ауа ағыны осы 

жарғақты тербелтіп, дыбыс тудырады 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет