Жануар физол



Pdf көрінісі
бет146/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   504
21.

 

Қой сілекейіндегі несепнəр (мочевина) мен электролиттер мөлшері 

  

  



Бездер 

Несепнəр 

мг/% 

Электролиттер, мэкв/л 



Na

К



+

 

С1



-

 

НСО



3

-

 



НРО

2-



 

Шықшыт безі 

Бұғақ безі 

Алқым безі 

Қан плазмасы 

20-30 


10-15 

8-10 


15-20 

 

170 



30 


140 

13 


16 

11 


11 


11 

28 


105 

112 


10 

12 


25 

 

48 





 

 

Таблицада  келтірілген  деректер  күйіс  малының  сілекей  бездері  денедегі 



азотты заттардың алмасу процестеріне қатысатынын көрсетеді. Алқым жəне 

бұғақ  бездерінің  сілекейі  жалпы  сілекей  мөлшерінің  10-12  пайызы  ғана, 

сондықтан  жоғарыда  келтірілген  сілекей  құрамы  сілекейдің  жалпы  сипатын 

көрсетеді. 

Шықшыт  безі  сілекейді  толассыз  бөлгенімен,  азық  қабылдаған  немесе 

күйіс  қайырған  кезде  оның  қызметі  күшейеді  (76-сурет).  Мысалы,  көбек 

қойылған  шықшыт  безінің  өзегінен  тыныштық  жағдайда  минутына  12  мл, 

азық қабылдау кезінде - 18 мл, күйіс қайтарғанда - 48 мл сілекей бөлінеді.   

 

   


 

 

Күйіс малы бөлген сілекейдің құрамы мен мөлшері мал қабылдаған азық 



сапасына  қарай  да  өзгереді.  Мысалы,  сілекей  балғын  азықтарға  қарағанда 

көлемді, құрғақ азықтарға көп бөлінеді. Тəулігіне ірі қара 90-190 л, ал қой - 6-

10 л сілекей бөледі. 

Ырықсыз  сілекей  бөлу  құбылысы  онтогенездік  даму  үстінде,  көлемді 

азыққа  көшумен  байланысты  қалыптасады.  Бұзауларда  ол  5-6,  ал  қозы  мен 

лақта  3-4  аптадан  бастап  байқалады.  Шықшыт  безімен  қатар  тоқтаусыз 

сілекей  бөлетін  бездерге  ауыз  қуысындағы  кейбір  майда  бездер  -  төменгі 

ұрттық жəне тіл бездері жатады. Алқым, бұғақ, артқы ұрттық, таңдай бездері 

сілекейді тек азықты қабылдаған кезде, немесе күйіс қайырғанда бөледі. 

Шықшыт  безінің  сілекейді  толассыз  бөлуінің  негізінде  рефлекстік  əсер 

жатады. Көбек арқылы мес қарынның, жұмыршақтың, өңеш түбінің механо- 

76-ñóðåт.

 

Ñèûðäû»  øûº- 



øûт 

áåçiíåí 


ñiëåêåé 

á¼ëiíóäi 

ñèï-тт-éтûí 

äè-ãð-ìì- 

(ï-éûç). 

ļ»ãåëåê  iøiíäåãi  ñ-íä-ð 

ñiëåêåé  á¼ëó  º-ðºûíûí 

áåéíåëåéäi (ìë/ìèí) 

 



 

180


жəне  хеморецепторларын  тітіркендірсе,  сілекей  бөлу  күшейеді.  Қалыпты 

жағдайда  сілекей  бөлу  орталығының  тонусы  мес  қарынның  керілуіне, 

жынның  механикалық  əсеріне,  ашу  процесі  кезінде  бөлінген  ұшпалы  май 

қышқылдарының  (ҰМҚ)  қарынның  кілегей  қабығындағы  сезімтал  жүйке 

ұштарын  тітіркендіруіне  байланысты  қалыптасады.  Сілекей  бөлу  қарқыны 

жынның қоюлығына (консистенциясына), қарынның толу деңгейіне, ондағы 

ашу  процесінің  күшіне,  сутектік  көрсеткіш  ауытқуларына  байланысты 

өзгеріп  отырады.  Қарыннан  сілекей  бөлу  орталығына  қозу  толқындары 

кезеген  жүйкенің  сезімтал  талшықтары  арқылы  беріледі.  Кезеген  жүйкені 

қиып тастағанда сілекей бөлу азаяды. 



Шошқаларда сілекей тек азық қабылдаған кезде ғана бөлінеді. Тəулігіне 

сақа  шошқалар  15  л  сілекей  бөледі.  Шошқа  сілекейінде  көмірсуларды 

ыдырататын ферменттер көбірек болады. 

Егер сілекейдің жалпы мөлшерін 100 пайыз деп алсақ, соның 55 пайызын 

шықшыт  безі,  4  пайызын  алқым  безі,  36  пайызын  ауыз  қуысының  майда 

бездері  бөледі  екен.  Алқым  безі  мен  ауыз  қуысының  майда  бездері  сілтілік 

реакциялы  сірнелі  (серозалы)  сілекейді  тоқтаусыз  бөле  береді.  Бұғақ  безі 

муцинге бай шырышты секрет, ал шықшыт безі аралас секрет бөледі. Соңғы 

екі  без  тек  азық  қабылдаған  кезде  ғана  іске  қосылады.  Бөлінген  сілекей 

мөлшері  азықтың  ылғалдығына  байланысты  өзгереді  (Е.3.Ткачев).  Мысалы, 

мегежін құрғақ құрама азық жегенде 10-12 л (əр кг азыққа 1,5-2,0 л), ал сол 

азықты дымқыл күйінде жегенде-3-4 л ғана (əр кг азыққа - 0,5-0,6 л) сілекей 

бөледі. 

   Сүтпен  қоректеніп  жүрген  торайларда  сілекейді  аралас  бездер  көбірек 

бөледі,  сондықтан  олардың  сілекейінің  тұтқырлығы  жоғары  келеді.  Бұл 

сілекей  сүтпен  араласа  келіп  қарында  ірімтік  түйірлердің  пайда  болуын 

қамтамасыз етеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет