Жануар физол



Pdf көрінісі
бет14/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

16

1-ТАРАУ 



ЖАНУАРЛАР ФИЗИОЛОГИЯСЫ ПƏНІНЕ КІРІСПЕ  

 

1.1. Физиология пəнінің мазмұны, мақсаты жəне салалары 

Жануарлар  физиологиясы  –  биологияның  маңызды  салаларының  бірі. 

Физиология  деген  сөз  грек  тілінде  тірі  организмнің  функциялары  туралы 

ғылым немесе тіршілік тану деген мағына береді. Физиология организмнің 

тіршілік əрекетін, жеке мүшелер мен жүйелердің қызметін зерттеп, олардың 

ерекшеліктерін,  биологиялық  маңызын  анықтайды,  организмнің  сыртқы 

ортамен  қарым-қатынастарындағы  заңдылықтарды  ашады.  Бұл  ғылым 

организмнің тіршілік əрекеттерін даралап тексермей, оларды біртұтас тығыз 

байланыстағы  процестер  жиынтығы  ретінде  қарайластырады  жəне 

организмге  тəн  біртұтастық  қасиет  орталық  жүйке  жүйесі  кызметі  мен  əр 

түрлі  биологиялық  белсенді  (активті)  заттардың  əсерінен  қалыптасады  деп 

тұжырымдайды. 



Физиология  пəнінің  негізгі  мақсаты  -  əртүрлі  құрылымдық  деңгейдегі 

тіршілік  процестерінің  (зат  алмасу,  тыныс  алу,  қоректену,  т.б.) 

заңдылықтарын зерттеу; организмнің жеке жүйелерінің жəне тұтас организм 

мен  сыртқы  орта  араларындағы  өзара  əсерлердің  механизмін  анықтау;  əр 

түрлі  эволюциялық  даму  деңгейіндегі  жəне  түрлі  экологиялық 

жағдайлардағы  жануарлар  организміндегі  физиологиялық  функциялардың 

сапалық  айырма  -сын  тексеру;  организмнің  жеке  даму  (онтогенез) 

жағдайында 

түрлі 

физиологиялық 



функциялардың 

қалыптасу 

заңдылықтарын  зерттеу.  Осы  аталған  мақсаттарға  сəйкес  жануарлар 

физиологиясы  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  бірақ  дара  дамитын  бірнеше 

салаларға  бөлінеді. Оларды  жалпы,  салыстырмалы,  эволюциялық,  жас  жəне 

салалық (дербес) физиология деп атайды. 



Жалпы  физиология  жеке  торшалар  мен  олардың  цитоплазмасы-  ның 

(торша  сұйығының),  қабығының  (мембрана)  қызметін,  торшааралық 

байланыстарды, басқаша айтқанда организм тіршілігінің негізін зерттейді. 

Салыстырмалы  жəне  эволюциялық  физиология  əр  түрлі  жануарлар 

организмінің тіршілік əрекетін филогенездік даму үстінде зерттейді. 



Жас  физиологиясы  организімнің  тіршілік  əрекеттерінің  дара  өсіп-  даму 

(онтогенез) 

процесінің 

əр 


түрлі 

сатысындағы 

ерекшеліктерін, 

функциялардың  пайда  болуын,  қалыптасуын  жəне  олардың  ара 

қатынастарының өзгерістерін зерттейді. 

Салалық  (дербес)  физиология  жануарлардың  жеке  кластары  мен 

топтарының (мысалы, жеке түліктердің), жеке органдардың (жүрек,  




 

17

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-схема. Физиология пəнінің басқа ғылымдармен байланысы 

Эвалюциялық 

ілім 

 

Зоология 



Ботаника, 

агрономия 

Генетика 

жəне мал 

өсіру 

Ауру тану, 



терапея, аурудың 

алдын алу

 

Токсикология



фармакология

 

Жануарлар 



гигиенасы 

Мал дəрігерлік 

сараптау қызметі 

Жалпы физиология 

Биохимия мен 

бейорганикалық 

химия 

Цитология мен 



молекулярлық 

биология 

Биотехнология 

Жануарлар морфологиясы мен 

эмбриологиясы 

Эвалюциялық жəне 

экологиялық физиология 

Адам мен жануарлардың салыстырмалы 

физиологиясы 

Салалық физиология 

Жас физиологиясы 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет