1.4. Физиология əдістері
Физиология тəжірибелік (эксперименттік) ғылым. Сондықтан оның
негізгі əдісі – тəжірибе жүргізу. Физиологиялық тəжірибе үш нұсқада
(вариантта) - жедел тəжірибе, созылмалы тəжірибе жəне органдар қызметін
модельдеу, жүргізіледі (2-схема).
Жедел тəжірибелерде малға наркоз беріп, хирургиялық операциялар
жасайды да, ішкі органдарға əсер ету арқылы (тітіркендіру, тамырларды қию,
дəрі-дəрмектер жіберу) олардың тіршілік əрекеттеріндегі өзгерістерді
бақылайды. Жедел тəжірибелер тобына органдарды оқшаулау əдісі де
жатады. Оқшауланған органды (бауыр, жүрек, желін) тамырлары арқылы
қоректік заттармен шаймалап (перфузиялап), немесе қанды алмастыратын
изотониялық ерітінділерде ұстап, олардың тіршілік əрекетерін ұзартып,
зерттейді. Кейбір жағдайларда органдарды толық оқшауламай, олардың
тамырларын арнаулы аппараттарға қосып (мысалы, жасанды жүрекке),
жасанды түрде қоректендіреді де, олардың қызметін тексереді.
Бұл тəжірибелердің арқасында органдарда жүретін физиологиялық
процестерге терең талдау жүргізеді. Созылмалы тəжірибелер алдын ала
арнаулы операция жасалып, зерттеуге дайындалған жануарларға жүргізіледі.
Осы мақсатпен малдың қарнына, ішектеріне көбек (фистула) қойылады, ас
қорыту бездерінің өзектері сыртқа шығарылады, тітіркендіру немесе биоток
тарту мақсатымен органдарға электродтар қондырылады, тамырлар
түтікшемен сүңгіленеді (катетерлендіріледі) т.б. Бұл əдіс нақтылы бір
мақсатпен арнаулы операциядан өткен малға ұзақ уақыт бойына тəжірибе
жүргізуге мүмкіндік береді.
20
Тəсіл
2-схема. Физиология əдістері
Кейінгі кезде организм функцияларын арнаулы аппараттармен алыстан
бақылауға мүмкіндік беретін əдістер қолданылып жүр. Мысалы, мал денесіне
Достарыңызбен бөлісу: |