Мал жұтқан азық жентегі өңеш арқылы қарынға өтеді де, онда жиналып,
182
қарындағы өңдеу деңгейінің азықтың дұрыс қорытылып, сіңуі үшін рөлі өте
зор.
Мал қарыны жалғыз не көп (екі-төрт) бөліктен тұрады, сондықтан қарын
жалғыз жəне көп бөлімді болып бөлінеді. Көп бөлімді қарынның тек бір ғана
бөлімінде құрамында ферменттері бар қарын сөлі бөлінеді, оны нағыз қарын
деп атайды.
Ит Жылқы Ұсақ мал
Мысық Шошқа Ірі қара
Егеуқұйрық Қоян Түйе
Құс
5-схема. Қарынның жіктелуі
Қарын қабырғасы сірлі, етті жəне кілегейлі қабықтардан құралған. Өз
кезегінде етті қабық үш қабаттан - бойлама, сақинаша жəне қиғаш еттерден
түзілген. Жалғыз бөлімді қарынның кілегейлі қабығында қарын аймақтары
мен шұңқырлары болады. Қарын аймақтары арнаулы түтікше бездері бар
кілегейлі қабықтың аз ғана бөліктерінен құрылған. Қарын шұңқырлары -
эпителий ойыстары, онда түтікше бездердің өзектері ашылады (78-сурет).
Қарынның əртүрлі аймақтарында кардиалық, қарын түбі жəне пилорус
бездері орналасады. Бұл бездер қосымша, негізгі жəне көмкерме
торшалардан түзіледі.
Қосымша торшалар қарынның кардиалық жəне
²-ðûíä-
ð
Áåçäi-iøåê тèïтåñ
Æ-ë¹ûç
Æ-ë¹ûç á¼ëiìäi
´»åø-iøåê тèïтåñ
ʼï. (2-4) á¼ëiìäi
78-ñóðåт.
²-ðûííû» т¾тiêøå
áåçäåði º½ðûëûñûíû» ñõåì-ñû:
1- áåтêåé ýïèтåëèé; 2- º-ðûí
ø½ºûðø-ºт-ðû; 3- ºîñûìø-
т
îðø-ë-ð;
4-
ê¼ìêåðìå
т
îðø-ë-ð; 5-íåãiçãi тîðø-ë-ð;
6-ñ-»ë-ó;
7-
êiëåãåé
-ñтû
º-áûº;
8-
áåçäi»
ê¼ëäåíå»
ºèûíäûñû;
9-
ýíäîêðèíäiê
т
îðø-ë-ð;
10-
êiëåãåé
º-áûºтû» т-á-ºø-ñû
183
пилорус бөліктерінде орын тебеді, олар шырыш бөледі.
Негізгі торшалар
қарын түбі мен пилоруста орналасады, олар фермент (пепсиноген мен
реннин) бөледі. Көмкерме торшалар қарын түбінде ғана болады, олар тұз
қышқылын бөледі.
Құстың безді қарнында көмкерме торшалар болмайды, сондықтан негізгі
торшалар əрі фермент, əрі тұз қышқылын бөледі.
Кейбір түлік қарнында аталған аймақтармен қатар көп қабатты жалпақ
эпителиймен астарланған безсіз аймақ та болады. Осымен байланысты
қарынды безді - ішек типтес жəне аралас - өңеш- ішек типтес деп бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: