Жануар физол



Pdf көрінісі
бет147/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   504
 Жұту  процесі.  Азықты  шайнау  жəне  сілекеймен  шылау  кезінде  оның 

жұтуға  жарамды  бөлігі  ұсақталып  жентектеледі,  азық  түйірі  тіл  қимылы 

арқылы таңдайға басылып, жұтқыншаққа қарай жылжиды. Осы кезде жұмсақ 

таңдай  мен  тілшік  жиырылып,  көтеріледі  де,  жұтқыншақтың  жоғарғы 

мұрынмен  жалғасатын  бөлігі  жабылады.  Тілдің  жиырылуына  байланысты 

көмекей  қақпақшасы  иіліп  көмекейді  жабады  да,  азық  жентегінің  тыныс 

жолдарына түспей өңешке қарай өтуіне мүмкіндік жасалады. 

 Жұту  процесі  рефлекс  түрінде  атқарылады.  Ол  тізбектелген  бірнеше 

əрекеттер жиынтығы. Бұл процесс азық жентегінің таңдай мен тіл түбіндегі 

тіл-жұтқыншақ  жүйкесінің  сезімтал  ұштарын  тітіркендіруінен  басталады. 

Қозу  толқыны  сопақша  мидағы  жұту  орталығына  барып,  одан  тіл  асты, 

үшкіл,  тіл-жұтқыншақ,  кезеген  жүйкелердің  эфференттік  талшықтары 

арқылы  ауыз  қуысының,  жұтқыншақтың,  көмекей  мен  өңештің  еттеріне 

беріледі.  Тіл  мен  жұтқыншақ  еттерінің  үйлесімді  жиырылуының  əсерінен 

азық  жентегі  өңеш  шанағына  өтеді  де  (77-сурет),  одан  əрі  өңеш  бойымен 

қарынға қарай жылжиды. 




 

181


 

 

  



Өңештің  мойын  бөлігіне  азық  жентегі  өте  баяу  өтеді.  Оған  өңештің 

бойлама  жəне  ішкі  сақина  қабатты  еттерінің  толқынды  жиырылуы  себеп 

болады.  Өңеш  еттерінің  жиырылу  күшіне  қарай  жұтылған  азық  жентегі 

пішінсізденіп (деформацияланып), оның кеуде бөлігіне қарай баяу жылжиды. 

Қарынға  өтер  алдында  жұтылған  азық  бөлігі  келесі  үлеспен  (порциямен) 

қосылғанға  дейін  аздап  аялдайды.  Одан  əрі  өңештің  бірыңғай  салалы 

еттерінің  күшті  жиырылуының  салдарынан  онда  жинақталған  азық 

жентегінің  бір  бөлігі  қарынға  сығылып  түседі  де,  ал  қалған  бөлігі  өңештің 

кеуде  бөлігіне  қарай  кері  ығысады.  Азықтың  келесі  порциясы  жұтылғанда 

жоғарыда  айтылған  жағдайлар  тағы  қайталанады.  Жұтылған  азық  үлесінің 

өңештің  кеуде  бөлігінде  аялдауы  қарынның  тоқтығына  байланысты 

болғанымен, ол аш қарын жағдайында да байқалады. 

Жұтылатын  азық  үлесінің  мөлшері  əр  түрлі  болады.  Кіші  порциялар 

өңеште көбірек аялдайды да, үлкендері тезірек өтеді. Орта есеппен жұтылған 

азық порциясы өңештен сиырда - 11,7, жылқыда - 8-12, шошқада - 2,5-3, итте 

4-7  секунд  ішінде  өтеді.  Жұтылатын  жентектің  саны  малдың  тəбетіне 

байланысты.  Орташа  тəбетті  жағдайда  жылқы  1,5  минутта  10-14  жентек 

жұтса, тəбеті жақсы кезде салмағы 20-100 грамм шамасындағы 30 жентекке 

дейін жұта алады. 

   Жұтылған  сұйық  өңеш  еттерінің  көмегінсіз-ақ  оның  кеуде  бөлігіне  келіп 

түседі.  Одан  əрі  сұйық  өңештің  бірыңғай  салалы  еттерінің  жиырылуы 

арқылы жылжиды. Тек аз мөлшерде жəне жекелеп жұтылған сұйық қарынға 

өтпес  бұрын  өңештің  кеуде  бөлігінде  аз  ғана  аялдайды,  ал  сұйықты  көп 

мөлшерде ішкен жағдайда ол қарынға үздіксіз сорғалап құйылады. Жұтылған 

сұйық өңештен 1,5-3 секунд ішінде өтеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет