21. Əр түрлі рациондағы қойлардың мес қарнындағы ҰМҚ
концентрациясы
Азық түрлері
Мес қарындағы ҰМҚ ара қатынасы, молярлы %
сірке қышқылы
пропион
қышқылы
майлы
қышқыл
деректер авторы
Беде пішені
Табиғи пішен
Жайылым
оты
Жүгері
66,9
68,0
65,5
46,0
22,5
19,0
19,5
32,0
6,7
13,0
15,0
18,5
Грей, 1951
Армстронг, 1958
Елсден, 1945
Эннисон, 1954
Баяндалған жайлар күйіс қайыратын мал организмі үшін ұшпалы май
қышқылдарының маңызы зор екенін, мес қарындағы ас қорыту процесінің
сипаты мен онда түзілген ыдырау өнімдерінің мөлшері мал қабылдаған
көмірсулардың табиғатына байланысты өзгеретіндігін көрсетеді. Демек,
рационға əр түрлі азықты таңдап енгізу арқылы оның құрамындағы
көмірсулардың түрлерін реттей отырып, мес қарындағы ас қорыту процесінің
қарқыны мен бағытына, организмнің қоректік заттарды сіңіру дəрежесіне
əсер етуге болады. Бұл баяндалған жайлар төменде келтіріп отырған 21-
таблицадан жақсы байқалады.
Рацион құрамында клетчаткаға бай пішен неғұрлым мол болса, мес
қарында сірке қышқылы соғұрлым көбірек түзіледі. Ал рационға крахмалға
бай азықтар араласса (мысалы, дəнді азықтар) мес қарындағы ашу процесінің
бағыты өзгеріп, қарын жынында пропион қышқылы көбейеді де, сірке
қышқылы азаяды. Малды құнарлы азықпен бордақылағанда мес қарында
майлы қышқыл көп түзіледі. Рацион құрамында белоктың үлесі көбейсе,
қарындағы ұшпалы май қышқылдарының жалпы концентрациясы
жоғарылағанымен, тек сірке қышқылының үлесі артады да, майлы қышқыл
концентрациясы азаяды.
Мес қарында белоктардың қорытылуы. Мес қарындағы ас қорыту
процесі
тек
көмірсуларды
ашытумен
тынбайды.
Мұндағы
микроорганизмдердің əрекетімен рацион құрамындағы азотты заттар да
күрделі өзгерістерге ұшырап, олардан микроорганизмдер денесінің белогы
түзіледі. Ал бұл микроорганизмдер ұлтабар мен ішекте қорытылып, организм
үшін құнды белоктар көзіне айналады (7- схема).
Күйіс
малының
қарнында
азық
құрамындағы
белоктар
микрооганизмдердің əрекетімен терең өзгерістерге ұшырайды. Мес қарында
азық белоктарының ыдырауы амин қышқылдарын түзумен шектелмейді,
процесс тереңдеп, аммиак түзіледі. Осы аммиактың азотын қарындағы
микроорганизмдер сіңіріп, одан өз денесінің белогын синтездейді. Қазіргі
деректерге қарағанда, мес қарында азық құрамындағы өсімдік белогының 40-
80 пайызы микроорганизмдер белогына айналады.
211
Малды қалыпты азықтандыру жағдайында мес қарында аммиак көп
мөлшерде жиналмай, микроорганизмдер оны тез сіңіріп отырады. Малды
дұрыс азықтандырмаған кезде, əсіресе рацион құрамында жеңіл
қорытылатын көмірсулар азайып, ірі азықтар көбейсе, микроорганизмдердің
өніп-өсуіне қажетті энергия жетіспегендіктен олардың саны күрт төмендейді,
аммиакты пайдаланатын бактериялар саны азаяды. Бұл жағдайда қарында
аммиак көп мөлшерде жиналып, ол қанға сіңеді де, бауырда несепнəрге
айналады. Аммиактың біраз бөлігі несепнəрге айналып үлгермей қанға
тарайды да, организмнің улану қаупі туады.
Мес қарында аммиак тек белоктар, амин қышқылдары мен несепнəр
ыдыраған кезде ғана пайда болмай, холин, аспарагин, глютамин сияқты
аминдерден жəне нитрат пен нитриттерден де түзіледі. Демек, ол барлық
азотты заттарға ортақ ыдырау өнімі болып табылады.
Мес қарында белоктардың ыдырау жылдамдығы азық құрамындағы
протеиннің ерігіштігіне байланысты. Азықтандырған соң 3-4 сағат ішінде
мес қарындағы азот мөлшері азық құрамындағы азотпен салыстырғанда 36-
42 пайызға көбейеді. Н.В.Куриловтың (1973) зерттеулеріне қарағанда, тек
шөп пен жемнен құралған рациондағы қойлардың мес қарнында тəулігіне 30
грамға дейін бактериялық белоктар түзіледі. Бұл жағдай мес қарында
белокты түзу процесінің өте қарқынды жүретінінің айғағы. Мес қарын
микроорганизмдері қой организмінің белокқа деген мұқтаждығының 20-30
пайызын қанағаттандырады.
Протеоазалар
Пептидазалар
Микроорганизімдердің
өсуі үшін
Ферменттеу
Áåëîê
Iði ïåïтèäтåð
Ì-éä-
ïåïтèäтåð
-ìèí
ºûøºûëä-ðû
ʼìiðтåãi ñêåëåтi + NÍ
3
(Îðã-íèê-ëûº
ºûøºûëä-ð)
µÌ²
Т
îðø-ä-í
т
ûñ
Т
îðø-ëûº
ïðîöåñтåð
212
7-схема. Мес қарындағы белоктар ыдырауының желісі
Күйіс малы азығының құрамында 7-30 пайыз шикі протеин болады. Ол
қолайлы арақатынасы 4:1 болуға тиісті белок пен белокқа жатпайтын азотты
заттардың қоспасы. Белокқа жатпайтын азотты заттар пептидтер, еркін амин
қышқылдары, пурин жəне пиримидин негіздері, холин, глютамин, аспарагин,
нитраттар, несепнəр түрінде кездеседі.
Мес
қарындағы
азоттың
жалпы
мөлшерінің
50-70
пайызы
микроорганизмдер денесі азотының үлесіне тиеді де, қалған бөлігін жынның
сұйық бөлігінде еріген жəне азық құрамындағы азот құрайды. Қарында
белокқа жатпайтын азотты заттар микроорганизмдер бөлген амидаза,
Достарыңызбен бөлісу: |