Жануар физол


Ұшпалы  май  қышқылдары  жəне  олардың  маңызы



Pdf көрінісі
бет165/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   504
Ұшпалы  май  қышқылдары  жəне  олардың  маңызы.  Күйіс 

қайырмайтын  малда  көмірсулар  ас  қорыту  ферменттерінің  əсерімен 

глюкозаға  ыдырайды.  Күйісті  мал  қарнында  көмірсулар  микроорганизмдер 

ферменттерінің əсерімен алдымен глюкозаға айналады да, ол ашу процесіне 

ұшырап,  ұшпалы  май  қышқылдары  (сірке,  пропион,  майлы  қышқылдар) 

түзіледі. Қойдың мес қарнында тəуігіне 0,5, ал сиырда - 4-5 килограмға дейін 

ұшпалы май қышылдары бөлінеді. Азық құрамындағы көмірсулардың тек аз 

ғана бөлігі ұшпалы май қышқылдарына айналмай, оларды инфузориялар мен 

бактериялар  өз  денесінің  полисахаридтерін  түзуге  пайдаланады.  Жын 

ұлтабарға  өткенде  осы  микроорганизмдердің  өзі  қорытылып,  олардың 

денесіндегі  полисахаридтерден  глюкоза  түзіледі  де,  ол  ішек  арқылы  қанға 

сіңеді. Бірақ  бұл процестің күйіс малы үшін айтарлықтай маңызы болмайды, 

бұл жолмен организмге тəулігіне аз ғана глюкоза сіңеді. 

Күйіс  малының  ұлпалары  басқа  малға  қарағанда  глюкозаны  нашарлау 

сіңіреді.  Дегенмен,  глюкоза  күйіс  қайыратын  мал  ұлпаларының  тіршілік 

əрекеті  үшін  қажетті  зат.  Ол  тек  энергия  көзі  болып  қоймай,  мал 

ұлпаларының ұшпалы май қышқылдарын дұрыс сіңіруіне көмектеседі. 

    Күйіс  малы  организміндегі  зат  алмасу  процесінің  басты  ерекшеліктерінің 

бірі  -  негізінен  сірке  қышқылынан  тұратын  ұшпалы  май  қышқылдарын 

пайдалану.  Сірке  қышқылы  алдын  ала  белсенді  түрге  келмей  ұлпаларда 

өзгеріске ұшырамайды. Бұл қышқыл ерекше фермент - КоА-мен қосылғанда 

ғана  белсенді  түрге  айналады.  Аталған  фермент  зат  алмасу  процесінде 

маңызды  рөл  атқарады.  Оны  көп  зерттеушілер  ұлпадағы  зат  алмасудың 

«орталық  тұлғасың  деп  санайды.  КоА  арқылы  сірке  қышқылы  тотығып, 

ыдырау  реакциясына  ұшырайды  да,  су  мен  көмір  қышқыл  газына  бөлінеді 

немесе  əр  түрлі  заттарды  түзу  процесіне  қатысады.  Сірке  қышқылының 

тотығып,  ыдырауы  үшкарбон  қышқылдары  айналымында  жүреді.  Белсенді 

сірке  қышқылы  (ацетат)  айналымға  тек  қымыздық-сірке  қышқылымен 

қосылған  соң  ғана  енеді.  Сондықтан  қымыздық-сірке  қышқылы  ұлпадағы 

қышқылдардың тотығу дəрежесін шектеп отырады.  




 

208


Күйіс  малының  ас  қорыту  органдарынан  глюкоза  аз  мөлшерде  ғана 

сорылатындықтан  жəне  оның  негізгі  көзі  пропион  қышқылы  болғандықтан, 

мес  қарындағы  биохимиялық  процестер  мал  организмін  көмірсулармен 

қамтамасыз  етуде  зор  рөл  атқарады.  Пропион  қышқылы  үшкарбон 

қышқылдары  айналымына  аралық  өзгерістер  арқылы  қымыздық-сірке 

қышқылына  айналып  барып  енеді  де,  одан  əрі  терең  химиялық  өзгерістерге 

ұшырайды.          Қымыздық-сірке  қышқылы  пирожүзім  қышқылына  айналса, 

организмде  глюкозаның  мөлшері  көбейіп,  гликоген  жиналады.  Сонымен 

қатар пирожүзім қышқылының біраз бөлігі не ацетил КоА-ға, не су мен көмір 

қышқыл  газына  ыдырайды.  Мес  қарындағы  ашу  процесі  баяуласа,  не 

пропион  қышқылының  түзілуі  бəсеңдесе,  организмде  глюкоза  тапшылығы 

байқалады.  Осының  салдарынан  сірке  қышқылын  пайдалану  процесінің 

кейбір буындары бұзылады. 

    Ұшпалы  май  қышқылдары  организмді  қажетті  энергияның  40-70 

пайызымен  қамтамасыз  етеді.  Олардың  қарындағы  концентрациясы  малды 

азықтандырған соң жоғарылап, азықтандыру  аралығында төмендеп отырады.  

    Қарындағы  ұшпалы  май  қышқылдарының  мөлшері  мен  арақатынасына 

азықтың құрамы мен сапасы əсер етеді. Малды пішен мен жемнен құралған 

рационда  азықтандырғанда  мес  қарындағы  ҰМҚ-ның  60  пайызын  сірке 

қышқылы,  22-25  пайызын  пропион  қышқылы  жəне  15-20  пайызын  майлы 

қышқыл құрайды. Рационда пішеннің немесе сүрлемнің үлесі көбейсе, қарын 

жынында сірке қышқылының концентрациясы артады. Ал рационға қант пен 

крахмалы  мол  азықтарды  қосса  (қызылша,  жем,  дəнді  дақылдар)  пропион 

жəне  майлы  қышқылдардың  мөлшері  көбейіп,  сірке  қышқылы  азаяды. 

Рацион  құрамында  белокты  азықтар  көбейген  жағдайда  майлы  қышқылдың 

мөлшері тым өсіп кетеді. 

    Мес  қарындағы  ұшпалы  май  қышқылдарының  концентрациясына 

азықтандыру  режимі  де  əсер  етеді.  Малды  жиі  азықтандырса  қарындағы 

ұшпалы  май  қышқылдарының  жалпы  концентрациясы  жоғарылайды, 

пропион  қышқылының  үлесі  артады,  ал  сирек  азықтандырса  -  сірке 

қышқылының үлесі көбейеді. 

ҰМҚ  қарын  қабырғасынан  қанға  тез  сіңеді,  сондықтан  күйіс  малының 

қанында олардың концентрациясы жоғарырақ болады. Күйіс малы ұлпалары 

ұшпалы  май  қышқылдарын  əлдеқайда  көп  мөлшерде  пайдаланады.  ҰМҚ 

қандағы  концентрациясы  тек  қышқылдардың  сорылу  жылдамдығына  ғана 

емес, организмнің оларды пайдаланып үлгеруіне де байланысты.  

    Зат алмасу процесінде əр қышқылдың өзіндік орыны бар. 

    Сірке  қышқылы  су  мен  биологиялық  сұйықтарда  жеңіл  ериді,  сондықтан 

организмнің барлық ұлпасы оны жеңіл сіңіреді. Мес қарындағы ұшпалы май 

қышқылдарының  жалпы  мөлшерінің  65-75  пайызы  сірке  қышқылынан 

тұрады.  Ол  көптеген  бактериялық  процестер  кезінде  түзіледі.  Сірке 

қышқылы  мес  қарыннан  қанға  сіңіп,  бауыр  арқылы  өтеді  де,  бүкіл  денеге 

тарайды. Организмде ол сүт құрамына енетін майларды, алмастырылмайтын 



 

209


амин  қышқылдарын  түзуге  немесе  энергия  көзі  ретінде  пайдаланылады. 

Сірке  қышқылының  біраз  бөлігі  тотығып,  алмасу  энергиясын  бөледі  де,  ал 

қалған  бөлігі  липидтерді,  көмірсуларды  жəне  протеиндерді  түзуге 

жұмсалады. 

    Сірке қышқылы тікелей глюкозаға айнала алмайды, ол алдымен үшкарбон 

қышқылдары айналымына қосылып, пирожүзім қышқылына, содан соң ғана 

глюкозаға  айналады.  Сірке  қышқылы  май  қышқылдары  мен  гликогеннің 

тікелей  көзі  болмағанымен  май  қышқылдарын  түзуге  қажет  көміртегі 

атомының  25,  ал  гликоген  түзуге  қажет  көміртегі  атомының  50  пайызын 

береді.  Дегенмен,  бұл  қышқыл  организмде  қорға  жинақталмай,  тікелей 

тотығады  да,  энергияның  негізгі  көзі  ретінде  жұмсалады.  Күйісті  мал  сірке 

қышқылы қуатын басқа малға қарағанда толығырақ пайдаланады. 

    Сірке қышқылынан май түзу процесі ішек қабырғасында, бауырда, өкпеде, 

май ұлпаларында жəне желінде жүреді. 

    Пропион  қышқылы    қарында  онша  көп  мөлшерде  түзілмейді.  Оның  мес 

қарындағы  концентрациясы  азық  құрамына,  малды  бағу  жағдайына  қарай 

өзгереді.  Қарыннан  сорылған  пропион  қышқылы  бауырға  тасымалданып, 

онда  глюкозаға  айналады.  Бұл  процесс  едəуір    мөлшерде  мес  қарын 

қабырғасында  да  жүреді.  Пропион  қышқылы  күйіс  малы  үшін  глюкозаның 

негізгі көзі болып табылады Олардың қанында глюкоза аз болғандықтан, бұл 

қышқыл зат алмасу процесінде маңызды рөл атқарады. 

 

    Пропион  қышқылы  ас  қорыту  қарқынына  де  ықпал  етеді.  Ол  ұлтабар 



сөлінің  бөлінуін  жақсартып,  пепсиннің  белсенділігін  арттырады,  тұз 

қышқылының  бөлінуін  күшейтеді.  Ол  организмде  гликогеннің  түзілуін 

жандандырып,  кетонды  заттардың  түзілуін  тежейді.  Бұл  буаз  жəне  сауын 

малы  үшін  өте  маңызды  процесс.  Сонымен,  пропион  қышқылы  көмірсулар, 

белоктар,  майлар  алмасуына,  организмде  жүретін  көптеген  реакцияларға 

қатысады. Сондықтан рацион құрамында жеңіл қорытылатын көмірсулар мен 

белоктар  азайғанда,  организмде  қалыпты  зат  алмасуды  қамтамасыз  етуде 

пропион қышқылының маңызы зор. 

    Майлы  қышқыл  да  қарында  онша  көп  мөлшерде  түзілмейді.  Ол  ұшпалы 

май  қышқылдарының 5-10 пайызын  ғана  құрайды.  Организмдегі  зат алмасу 

процесінде  бұл  қышқылдың  маңызы  онша  зор  емес.  Дегенмен  азықтандыру 

жəне  малдың  бағылу  жағдайда  қарай  оның  мал  қоңына,  өнімділігіне  əсері 

болуы  мүмкін.  Қарыннан  сорылған  майлы  қышқыл  негізінен  бауырда  май 

қышқылдарына айналады, одан кетонды заттар да түзіледі. Бұл процесс мес 

қарын  қабырғасында-ақ  басталады.  Қарын  қабырғасында  түзілген  кетонды 

заттар бауырдан кедергісіз өтіп кетеді, сондықтан күйіс малы кетоз ауруына 

тез шалдыққыш келеді. 

    Қарындағы  майлы  қышқыл  мөлшері  рацион  құрамында  клетчатка  азайса, 

малға сүрлемді шамадан тыс көп берсе көбейеді. 

     




 

210




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет