Жануар физол



Pdf көрінісі
бет171/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

 

 

 

 

 

 

 

 

 

93-сурет.  Күйіс  малы  қарнының  қимылындағы  жүйелілік:  А,  Б.  С,  Д  - 

жиырылу кезеңдері. Үзілген сызықтар қарын қабырғасының бастапқы шегі 

 

Дорсальдық  қапшық  жиырыла  бастағанда  қатпаршақ  көпірі  де 



жиырылып,  оған  шығатын  жол  жабылады.  Ал  екі  қапшық  та  босаңсыған 

кезде,  қатпаршақ  тұлғасы  қуатты  жиырылады  да,  үлкен  күшпен  жынның 

сұйық  бөлігін  ұлтабар  жолына  қарай  айдап,  қатпаршақта  сору  процесі 

күшейеді.  Жұмыршақ  жиырыла  бастағанда  қатпаршақ  жолы  ашылып,  оның 

тұлғасы  босаңсиды.  Осыдан  кейін  қарын  жиырылуының  жаңа  айналымы 

басталады.  

    Дорсальдық  қапшықтың  жұпталған  жиырылуы  кезінде  жұмыршақ 

босаңсып,  кардиалық  тесік  маңында  сұйық  жын  қалмайды  да,  жиналған 

газдың біраз мөлшері (сиырда 0,5–1,5 л) өңештің төменгі бөлігіне ығысады. 

Одан əрі газды мал өңеш еттерінің кері толқынды жиырылуы арқылы кекіріп, 

ауызға  шығарады.  Кей  жағдайларда  (кардиаға  газдардың  шығуы  қиындаса) 

кекіру қарын құрыштары жиырылуының арқасында да жүреді. 

    Қарын 

қимылы  рефлекс  түрінде  реттеледі.  Қарынның  қимылы 

азықтандыру,  күйіс  қайыру  кезінде,  қарын  азықпен  толғанда,  не  газдармен 

керілгенде  күшейеді.  Қарын  қимылын  реттеуде  керілу  деңгейін  сезінетін 

сезімтал  жүйке  ұштары  (тензиорецепторлар)  маңызды  рөл  атқаратын  болу 

керек,  себебі  қарынды  жыннан  босатса,  оның  қимылы  əлсірейді.  Қарынның 

жиырылу қабілетіне  ас қорыту жолдарының басқа бөлімдерінің жағдайы да 

əсер  етеді.  Ұлтабар,  ащы  ішек,  тоқ  ішек  жынмен  толса,  қарынның  алдыңғы 

бөлімдерінің қимылы бəсеңдейді. 

    Қарын қимылын қамтамасыз ететін рефлекс доғасының орталыққа тепкіш 

жəне орталықтан тепкіш жолдары кезеген жүйке құрамында өтеді. Орталық 

сопақша  мида  орналасады.  Кезеген  жүйкені  қиып  тастаса,  алдыңғы  қарын 




 

222


бөлімдерінің  үйлесімді  жиырылуы  бұзылады,  бірақ  шажырқай  жүйкесі 

өрімдерінің əрекетімен олардың ретсіз қимылдары жалғаса береді. 

    Алдыңғы  қарынның  қимылдарын  реттеуге  торлы  құрылым,  гипоталамус, 

гиппокамп, лимбикалық қыртыс, қыртыс асты түйіндер мен ми қыртысының 

премоторлық аймағындағы орталықтар да қатысады. Мысалы, мидың торлы 

құрылымындағы  орталық  алдыңғы  қарын  бөлімдерінің,  өңештің  жиырылуы 

мен тыныс қимылдарының арасындағы үйлесімді реттейді. Гипоталамустың 

латеральдық  жəне  медиальдық  ядроларын  тітіркендіргенде  мес  қарынның 

жиырылуы 

күшейіп, 

ал 

мамиллярлық 



ядро 

мен 


гиппокампты 

тітіркендіргенде  -  баяулайды.  Ал  ми  қыртысы  бүкіл  қарын  қимылдарын 

реттейтін орталықтардың жұмысын бағыттап отырады. 

    Күйіс  қайыру  механизмі.  Əрбір  күйіс  кезеңі  еріксіз  акт  -  азық  жентегін 

қайта  лоқсудан  басталады.  Бұл  акт  көмекей  пердесінің  жабық  жағдайында 

мал тыныс алуға тырысқанда пайда болады. Осы кезде қабырғалар көтеріліп, 

көкет  жиырылады  да,  мес  қарын  мен  жұмыршақты  қысады.  Көкірек 

қуысының  көлемі  үлкейгендіктен  ондағы  теріс  қысым  деңгейі  с.б.  15-20 

миллиметрден  50-60  миллиметрге  дейін  артады.  Осының  салдарынан 

өңештің кардиалық бөлігі шанақ тəрізді кеңейеді де, оған жұмыршақ пен мес 

қарындағы жын сорылады.  Одан  əрі өңештің  кері  толқынды  жиырылуының 

əсерінен жынның өңешке өткен үлесі ауыз қуысына қайтарылады. Осы кезде 

көмекей  пердесінің  жабық  жағдайында  мал  дем  шығарады  да,  көкірек 

қуысындағы  қысым  жоғарылап,  өңештің  төменгі  бөлігінде  пайда  болған 

толқынды жиырылудың салдарынан ондағы жынның қалдығы қайтадан мес 

қарынға оралады. 

    Ауыз  қуысына  оралған  жынның  сұйық  бөлігі  сығылып,  қайта  жұтылады. 

Оның  ірі  бөлігі  мұқият  шайналып  (күйсеу),  сілекеймен  шыланғаннан  соң 

жұтылады да, мес қарынның дорсальдық қапшығындағы жынмен араласады. 

Бірнеше секундтан кейін баяндалған құбылыстар қайтадан қайталанады. 

    Мал  азық  қабылдағаннан  кейін бірден  күйістемейді:  ірі қара 30-70  минут, 

қой  -  20-45  минут  өткен  соң  күйсей  бастайды.  Күйістеу  мерзімі  азықтың 

сипатына, малдың тояттау деңгейіне, сыртқы орта жағдайларына байланысты 

өзгеріп отырады. Ірі азық күйістеу мерзімін тежесе, су оны жеделдетеді. Мал 

тыныштық  жағдайда  жатып  күйсейді.  Түнде  мал  күйісті  жиі  қайырады  да, 

тəулігіне  6-8  рет  күйістейді.  Əрбір  күйіс  кезеңі  40-50  минутқа  созылады. 

Қорада  ұстап,  пішенмен  азықтандырғанда  қой  тəулігіне  6-8  сағат  күйсесе, 

жайылымда 5-7 сағат күйсейді. 

    Күйіс  қайыру  -  күрделі  рефлекстік  процесс.  Ол  азықтың  жұмыршақ,  мес 

қарын  кіреберісі  жəне  өңештің  кілегей  қабығына  əсерінен  басталады. 

Аталған аймақтар механо-, баро-, тангио (жанасу)- жəне тензиорецепторларға 

бай  келеді.  Олардан  қозу  толқыны  кезеген  жүйке  талшықтары  арқылы 

сопақша  мидың  торлы  құрылымында  орналасқан  күйістеу  орталығына 

беріледі.  Орталықтан  жүйке  импульсі  кезеген  жүйкенің  дорсальдық 




 

223


моторлық    ядросы  арқылы  қарын  еттеріне,  ал  жұлын  арқылы  –  көкет  пен 

кеуде еттеріне беріледі. Кезеген жүйкені екі жақтан қиғанда күйіс жоғалады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет