Жануар физол


Организмде  күрделі  белоктардың  алмасуы



Pdf көрінісі
бет198/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   504
Организмде  күрделі  белоктардың  алмасуы.  Күрделі  белоктардың 

арасында  құрамына  белоксыз  зат  ретінде  нуклеин  қышқылдары  енетін 

нуклеопротеидтердің маңызы зор. Нуклеопротеидтер торшалар ядросының, 

цитоплазмасының  құрамына  кіреді,  олар  торша  белоктарын  түзуде  зор  рөл 

атқарады.  Торшалардың  дамуы,  өсуі,  көбеюі  сияқты  күрделі  процестерді 

атқаруда  дезоксирибонуклеин  (ДНК)  жəне  рибонуклеин  қышқылдарының 

(РНК)  маңызы  зор. ДНК  ядро, ал  РНК цитоплазма  құрамында болады.  ДНК 



 

269


РНК-ның  құрылымын,  ал  РНК  түзілетін  белок  молекуласының  құрылысын 

анықтайды. 

Нуклеин  қышқылдары  нуклеотидтер  деп  аталатын  төрт  компоненттен 

құрылады.  Əрбір  нуклеотид  азотты  негізден,  қанттан  (пентозадан)  жəне 

фосфор қышқылынан түзіледі. Мысалы, ДНК аденин, гуанин, цитозин жəне 

тимин  атты  азотты  негіздерден,  дезоксирибозадан  жəне  фосфор 

қышқылынан  құралады.  РНК  құрамында  аденин,  гуанин,  цитозин,  урацил 

жəне рибоза мен фосфор қышқылы болады. 

Ішек  қуысында  нуклеопротеидтер  нуклеаза  ферменттерінің  əрекетімен 

қарапайым  белоктар  (протаминдер  мен  гистондар)  мен  нуклеин 

қышқылдарына 

ыдырайды. 



Нуклеин 

қышқылдары 

ұйқы 


безінің 

рибонуклеаза 

жəне 


дезоксирибонуклеаза 

ферментерінің 

əсерімен 

нуклеотидтерге  ажырайды.  Нуклеотидтер  фосфор  қышқылын  бөлгеннен 

соң  нуклеозидтерге  айналып,  қанға  сіңеді  де,  органдар  мен  ұлпаларға 

тарайды.  Олардан  торшалар  нуклеопротеидтері  түзіледі,  немесе  ұлпаларда 

нуклеозидаза  ферменттерінің  əсерімен  нуклеозидтер  азотты  негіздер  мен 

қантқа  ыдырайды.  Осы  процестердің  нəтижесінде  пурин  (аденин,  гуанин) 

жəне  пиримидин  (цитозин,  урацил,  тимин)  негіздері  мен  пептозалар 

түзіледі.  Одан  əрі  пуринді  қатардағы  азотты  негіздер  гидролиздік 

аминсіздеу  процесіне  ұшырап,  несеп  қышқылы  түзіледі.  Өз  ретінде  несеп 

қышқылы  уриказа  ферментінің  əсерімен  аллантоинға  айналып,  зəрмен 

бөлінеді.  Ал  нуклеин  қышқылдары  құрамындағы  қанттар  тотығып,

 

көмір 



қышқыл газы мен су бөлінеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет