276
күрделі процесті жүйке жүйесі мен түрлі гуморальдық заттар бағыттап
отырады.
Қан құрамындағы қант мөлшерін реттеудегі жүйке жүйесінің маңызын
К.Бернар дəлелдеген. Ол тəжірибе жүзінде сопақша мидың ІУ-
қарыншасының түбін инемен шанышқанда бауырда гликогеннің ыдырауы
күшейіп, қандағы глюкоза деңгейі жоғарылаған. Бұл құбылыс симпатикалық
жүйке мен гуморальдық факторлардың əсерімен жүреді де, аз уақыт ішінде
қандағы қант мөлшері қалыпты деңгейге оралады.
Көмірсулар алмасуын аралық мидың гипоталамустық бөлігінде
орналасқан орталық реттейді. Бұл орталық гипофизбен тығыз байланысты
жəне осы без арқылы қан құрамындағы глюкоза деңгейін реттеуге тікелей
қатысатын ішкі секрециялық бездердің əрекетін өзгертеді.
Қан мен ұлпа арасындағы глюкозаның алмасуы кемінде алты гормонның
қатысуымен реттеледі. Олар - инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин, өсу
гормоны (самототропин) жəне
тироксин. Аталған гормондардың бөліну
қарқыны қандағы глюкоза деңгейіне байланысты.
Қанда глюкоза мөлшері өте төмендеп кетсе, инсулин бөлінбейді, ал оның
мөлшері жоғарылаған сайын бұл гормонның бөліну қарқыны арта түседі.
Глюкоза тапшы болса, ол ұлпаларға сіңбейді. Инсулин тек торшалардың
глюкозаны сіңіруін ғана нашарлатып қоймай, гликогенез процесін
жандандырады да, гликогенолизді бөгейді. Бұл құбылыстардың барлығы
қандағы глюкоза деңгейін төмендетуге бағытталған. Демек, инсулин
гипогликемиялық əсері бар, органдарды алмасу энергиясымен қамтамасыз
ететін гормон.
Жоғарыда аталған инсулиннен басқа бес гормон түрлі жолмен қан
құрамындағы глюкоза деңгейін көтереді. Глюкагон мен адреналин
гликогенолиз процесін жандандырса, кортизол глюконеогенез процесін
күшейтеді, өсу гормоны глюкозаның торшаларға өтуін бөгеп, инсулиннің
түзілуін тежейді, ал тироксин глюкозаның ішектен сіңірілуін шапшаңдатып,
оның ұлпада пайдаланылуын жақсартады. Қанда глюкоза деңгейі төмендесе
осы аталған инсулин кереғарларының түзілуі күшейеді.
Сонымен, қандағы глюкоза деңгейі қосарланған қайтарымды байланыс
тетігі арқылы өздігінен реттеліп отырады. Гипергликемия инсулиннің
бөлінуін күшейтсе, гипогликемия – инсулиннің бөлінуін тежеп, инсулин
кереғарларының түзілуін күшейтеді.
Гликемияны реттеудің гормондық тетігі көмірсулар алмасуын
үйлестіретін орталық арқылы “іске қосылып”, бағытталып отырады (13-
схема). Гипоталамустың вентромедиальдық бөлімінде - орталық, ал бауыр
мен қан тамырларында - шеткей глюкорецепторлар орналасады. Олар қан
құрамындағы глюкоза деңгейін бақылап отырады. Гипергликемия
жағдайында гипоталамустан таралған қозу импульсі ұйқы безіне кезеген
жүйке арқылы бағытталады да, инсулиннің бөлінуін күшейтеді.
277
13-схема. Қан құрамындағы глюкоза мөлшерінің өздігінен реттелу
схемасы.
Гипогликемия жағдайында гипоталамус арқылы симпатоадреналдық
жүйенің орталықтары белсендіріліп, адреналиннің бөлінуі күшейеді, не
гипофиздің алдыңғы бөлігінің жұмысы жанданып, адренокортикотропты,
самототропты, тиреотропты гормондардың бөлінуі артады. Көмірсулар
алмасуына үлкен ми жарты шарлары да əсер етеді. Оған əр түрлі эмоция,
стресс жағдайларында қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы дəлел.
Достарыңызбен бөлісу: