Жануар физол


  Көмірсулардың алмасуы жəне оның реттелуі



Pdf көрінісі
бет202/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   504
9.5.  Көмірсулардың алмасуы жəне оның реттелуі  


 

272


Көмірсулардың  биологиялық  маңызы.  Көмірсулар  -  құрамында 

көміртегі, сутегі жəне оттегі бар органикалық қосылыстар тобы. Олар моно-, 

ди-, полисахаридтер болып бөлінеді. Мал денесі құрғақ затының 2 пайызы 

көмірсулардың үлесіне тиеді. 

Көмірсулар  организмде  жеңіл  ыдырап,  өз  деполарынан  шапшаң 

шайылады да, оңай тотығады. Сол себепті организмге қосымша қуат қажет 

болған  жағдайда  (түрлі  эмоция,  дене  жұмысы  т.б.)  ең  алдымен  көмірсулар 

пайдаланылады.  

Көмірсулар  (глюкоза)    организмде  негізінен  қуат  көзі  ретінде 

пайдаланылады немесе энергия қорына (гликоген) айналады. Сонымен қатар 

олар 

түрлі 


күрделі 

қосылыстардың 

(нуклеопротеидтердің, 

гликопротеидтердің) құрамына кіреді. Олар бұлшық еттердегі биохимиялық 

процестер мен энергия алмасуында маңызды рөл атқарады. Сол себепті қан 

құрамында  глюкоза  мөлшері  азайса  дене  температурасы  төмендеп 



(гипогликемия),  организм  əлсірейді,  орталық  жүйке  жүйесі  мен  бұлшық  ет 

қызметі  бұзылып,  жүрек  жұмысы  нашарлайды,  дене  дірілдеп,  мал  қатты 

терлейді. Қант деңгейі күрт төмендеп кетсе, тіршілік тоқтап та қалады.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет