Жануар физол


Көмірсулардың  аралық  алмасуы



Pdf көрінісі
бет203/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   504
Көмірсулардың  аралық  алмасуы.  Ас  қорыту  жолында  көмірсулар 

негізінен  моносахаридтерге  (глюкоза,  фруктоза)  айналып,  фосфорлану 

процесінен  өткен  соң  қанға  сіңеді.  Қанға  өткен  моносахаридтер  қақпалық 

венамен бауырға тасымалданады да, онда гликогенге айналып (гликогенез), 

қорға  жиналады.  Гликоген  бұлшық    еттерде  де  түзіледі.  Бауырдағы 

гликогеннің  мөлшері  2-8  пайыз,  ал  еттерде  1  пайыз  шамасында.  Сонымен 

қатар  бауырда  глюкозаның  біраз  бөлігі  тотығып,  энергияға  айналады, 

немесе  майларды,  əр  түрлі  уытты  заттарды  залалсыздандыруға  қажет 

қосылыстарды  (мысалы,  глюкурон  қышқылын)  түзу  үшін  пайдаланылады. 

Организм  мұқтаждығына  сəйкес  бауырда  көмірсулардың  бір  түрі  екінші 

түрге  (галактоза  мен  фруктоза  глюкозаға,  немесе  керісінше)  айналып 

отырады.  Бауырда  гликогенез  процесімен  қатар  глюконеогенез  - 

көмірсулардың  май  мен  белоктың  ыдырау  өнімдерінен,  сүт  қышқылынан, 

ҰМҚ, амин қышқылдарының ыдырау өнімдерінен түзілу процесі де жүреді. 

Бауырдың  күрделі  қызметінің  арқасында  қанның  құрамындағы  қанттың 

мөлшері  (гликемия)  бір  деңгейде  сақталады.  Қандағы  глюкоза  деңгейі 

жоғарыласа,  гликоген  түзу  процесі  күшейеді,  ал  ол  төмендесе  -  гликоген 

глюкозаға айналады. 

Үй  жануарларының  ішінде  құстар  қанында  глюкоза  деңгейі  жоғары,  ал 

күйіс малында - төмен болады (27-табл.).  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет