Жануар физол


 Зəрдің құрамы жəне қасиеті



Pdf көрінісі
бет237/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   504
Байланысты:
Zhanuarlar-fiziologiyasy Nesipbaeb

10.4. Зəрдің құрамы жəне қасиеті 

Зəр - құрамында 96 пайыз су жəне 4 пайыз құрғақ қалдық бар сұйық зат. 

Сонымен бірге зəрдің құрамы мен қасиеті қабылданған азықтық табиғатына, 

сипатына,  ішілген  су  мөлшеріне,  малдың  физиологиялық  күйіне,  ауа  райы 

мен жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады (32-табл.).  

32. Жануарлар бөлетін зəр мөлшері 

 

Жануарлар  



Тəуліктік мөлшері, л 

орта 


есеппен  

ауытқулары  

Дене салмағының əр кг. 

шаққанда, мл.  




 

325


Сауын  сиыр  

Жылқы 


Шошқа 

Қой, ешкі 

Ит  

Мысық 


Қоян  

Тауық  




0,6 


0,15 

0,10 


0,10 

5-14 


3-13 

2-6 


0,5-2 

0,4-1,5 


0,1-0,2 

0,05-0,2 

0,05-0,15 

17-40 


10-20 

20-40 


10-40 

20-80 


10-20 

25-50 


25-70 

Зəрдің  түрі  сарғыш  келеді,  ол  оның  құрамындағы  урохром  жəне 

уробилин сияқты бояғыш заттарға байланысты. Тақ тұяқты жануарлар зəрі 

ылайлы, шырышты, қоймалжың, шұбалыңқы келеді, себебі оның құрамында 

көмір  қышқылды  кальций  тұзы  жəне  муцин  тектес  зат  болады.  Зəрдің  иісі 

түлік  түріне  қарай  өзгереді.  Жылқы  зəрінің  иісі  өткір,  шіріген  шөп  иісіне 

ұқсас,  сиыр  зəрі  əлсіз  шірік  иісті,  ал  ит  пен  шошқа  зəрінің  иісі  ащы, 

жағымсыз келеді. 

Зəрдің  осмостық  қысымы  23-30  атм.  шамасында,  ал  меншікті  салмағы 

1,020-1,040  аралығында  сақталады  (33-табл.),  оның  құрамында  50-120  г/л 

еріген заттар болады. Зəрде еріген заттардың 2/3 бөлігі органикалық, ал 1/3 

бөлігі  бейорганикалық  заттарға  жатады.  Органикалық  заттардың  80-85 

пайызы несепнəрден тұрады, ал қалған бөлігін (15-20 пайыз) креатин, несеп 

қышқылы,  аллантоин  (пурин  алмасуының  өнімі),  аммиак,  амин 

қышқылдары құрайды. Паталогиялық жағдайда зəр құрамында белок, қант, 

кетонды  заттар,  өт  бояулары  байқалады,  ал  қалыпты  жағдайда  олар 

кездеспейді.  Бейорганикалық  қосылыстар  натрийдің,  калийдің,  магнийдің 

көмірқышқылды,  хлорлы,  фосфор  қышқылды  тұздары,  кальций  оксалаты 

жəне фосфаты түрінде болады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет