328
Вазопрессин
(антидиурездік
гормон)
Бүйрек
үсті
безінің корти-
коидтары
Тироксин
Паратгормон
Реабсорб-
цияны
күшейтеді
Реабсорб-
цияны
бөгейді
2.Фильтра
ция
дең
гейін
сақтатады
Реабсорб-
цияны
бөгейді
-
Реабсорб
цияны
бөгейді
Реабсорб
цияны
күшейтед
і
-
-
1.Реабсорб
цияны
бөгейді
-
-
-
Реабсорб
цияны кү
шейтеді
-
Реабсоб
цияны
бөгейді
-
-
Азаяды
Көбейед
і
Көбейед
і
Көбейед
і.
-
Зəр түзуді реттеуге оң жақ жүрекшеде, артерияларда, ми сауытында
орналасқан волюмрецепторлар да қатысады. Олар ұлпа аралық сұйықтық пен
қан мөлшері көбейгенде тітіркенеді. Диастола кезінде оң жүрекше көбірек
керілсе, волюмрецепторлар тітіркеніп, кезеген жүйке талшықтары арқылы
импульстер
гипоталамуске
бағытталады
да,
рефлекторлы
түрде
вазопрессиннің бөлінуі тежеліп, зəр түзу күшейеді, организмнен су мен
натрий көп шығарылады. Қан тамырларының толу деңгейі төмендесе,
антидиурездік рефлекс күшейеді.
Зəр түзуді гуморальдық жолмен реттеу процесіне гипофизбен қатар басқа
да ішкі секреция бездері қатысады (34-таблица). Организмге бүйрек үсті
безінің адреналин гормонын аз мөлшерде ексе, нефрон шумағының қан
əкететін тамырларының арнасы тарылып, фильтрациялық қысым көтеріледі,
диурез күшейеді. Көп дозада адреналин қан əкелетін тамырлар арнасын да
тарылтады, сондықтан зəр түзу нашарлайды.
10.6. Зəр шығару жəне оның реттелуі
Зəр үздіксіз түзіледі. Нағыз зəр жинағыш түтікшелермен бүйрек
астаушасына құйылады да, ол жиырылғанда зəрағарға өтеді. Зəрағар
бойымен зəр секундына 2-3 см жылдамдықпен қуыққа айдалады. Жиырылу
329
толқынының жиілігі зəр түзу қарқынына қарай өзгеріп, əрбір 10-20 секунд
сайын қайталанып отырады.
Қуық - зəр уақытша жиналатын қуыс орган. Оның етті қабаты үш бағытта
орналасқан ет талшықтарынан тұрады. Ортаңғы қабат сақина тəрізді
оралып, көлденең бағытта орналасады да, ішкі жəне сыртқы қабаттары қуық
осіне параллель, мүшені бойлай жатады. Қуық бос кезде оның
қабырғасының қалыңдығы 1,5 см-ге дейін жетсе, ол толып керілген кезде 2-
3 мм-ге дейін жұқарады.
Бірыңғай салалы ет талшықтарына кернеуді өзгертпей жиырылатын
қасиет тəн, сондықтан зəр көп жиналып, қуықтың қабырғасы қатты керілсе
де, оның ішіндегі қысым аса көтерілмейді. Сол себепті зəр қуықтан
зəрағарға кері ақпайды, бүйрек астаушасында қысым бір деңгейде
сақталады.
Қуықтан зəр өзегі басталар жерде сақиналы ет талшықтары шоғырлана
келіп, ішкі қысқыш құрайды да, шығар жолды жауып жатады. Зəр өзегінің
ұзына бойында көлденең жолақ ет талшықтары орналасады, ол сыртқы
қысқыш қызметін атқарады.
Зəр рефлекторлық жолмен шығарылады. Қуықта зəрдің жиналуына
байланысты ішкі қысқыш керіледі де, қысымның əсерімен қысқыш пен зəр
өзегінің кілегей қабығында орналасқан көптеген рецепторлар тітіркенеді.
Пайда болған тітіркеніс орталыққа тебетін жүйкелер арқылы жұлынның
құйымшақ бөлігінде орналасқан зəр шығару орталығына беріледі (123-
сурет). Орталықтан тебілген жүйке импульстері симпатикалық немесе
парасимпатикалық жүйкелер арқылы қуық етінің, қуық қысқышының, зəр
өзегі еттерінің жиырылуын реттейді.
Зəр шығару процесін реттейтін парасимпатикалық жүйке талшықтары
жұлыннан басталатын жамбас жүйкесінің құрамына кіреді. Олар қозғанда
қуық еттері жиырылып, қысқыш пен зəр өзегінің еттері босаңсиды, зəр
шығарылады. Ал қуық қызметін реттейтін симпатикалық жүйке (құрсақ
асты жүйке) артқы шажырқай түйінінен басталады. Ол қозғанда қуық еттері
босаңсып, қысқыш пен зəр өзегінің еттері жиырылады да, зəр қуықта
жиналады.
Зəр шығару процесіне қатысатын еттердің қызметі сопақша мида
орналасқан орталықпен де реттеледі. Өз ретінде жұлын мен сопақша мида
орналасқан орталықтарға үлкен ми сыңарларынан келетін импульстер əсер
етеді.
330
123-сурет. Қуық қызметінің реттелу механизмі
Тəулігіне жылқы 5-10 л, ірі қара - 6-20 л, қой-ешкі - 0,5 л, шошқа - 2-5 л,
ит - 0,5-2 л, мысық - 0,05-0,2 л, қоян - 0,04-0,1 л зəр шығарады. Организмнен
шығарылған зəр мөлшері ішілген су мен қабылданған тұздардың, тері мен
өкпе арқылы буланған сұйық мөлшеріне қарай өзгеріп отырады.
Құстарда қуық болмайды, зəрағар саңғуырға (ас қорыту, зəр шығару жəне
жыныс жүйесі тоғысатын тік ішектің кеңейген жері) ашылады да, зəр
нəжіспен араласып, организмнен қоймалжың зат түрінде шығарылады. Құс
зəрінің құрамында көп мөлшерде зəр қышқылы болады.
Достарыңызбен бөлісу: