35. Организмдегі маңызды гормондар жайлы мағлұматтар
Бездер
Гормонның атауы
Əсер сипаты
Гипоталамус
Гипоталамус
(нейро
гипофиз
арқылы)
Аденогипоф
из
Релизинг-гормондар
(либериндер,
статиндер)
Окситоцин
Вазопрессин
(антидиуретин)
Адренокортикотропт
ы гормон (АКТГ)
Тиреотропты гормон
Фолликуланы
жандандырғыш
Аденогипофиздің
троптық
гормондарының бөлінуін үдетеді не
тежейді
Жатыр
еттері
мен
желін
миоэпителийінің
жиырылуын
күшейтеді
Қан
қысымын
жоғарылатады,
бүйректе судың кері сорылуын
күшейтеді
Бүйрек үсті безінің қыртысты
бөлігінің қызметін күшейтеді
Қалқанша
бездің
қызметін
күшейтеді
338
Бауыр
Бүйрек үсті
бездер:
Қыртысты
бөлік
Бозғылт зат
гормон (ФЖГ)
Лютеиндеуші
гормон (ЛГ)
Лютеотропты
гормон
(ЛТГ)
–
Пролан-Б
Пролактин
Меланоцитті
жандандырғыш
гормон (МЖГ)
Соматотропин
(СТГ), өсу гормоны
Соматомедин
Глюкокортикоидтар
(кортикостерон
гидрокортизон)
Минералокортикоид
тар (альдосте рон,
дезоксикорти
костерон т.б.)
Қыртыстық
андро
гендер, прогестерон
Адреналин,
Норадреналин
Аналық безде фолликулалар дың,
аталық безде шəует өзектерінің
дамуын жандандырады
Сары
дененің
қалыптасуын,
прогестерон мен тестостерон ның
түзілуін күшейтеді
Сары
денеден
прогестерон
гормонының бөлінуін күшейтеді,
желіндеу жəне сүттену процестерін
реттейді
Сүттің түзілуін жандандырады
Терінің пигментті торшаларында
меланиннің таралуын күшейтеді
Организмнің
өсіп-дамуын
күшейтеді
Гипофиздің өсу гормонының əсерін
жандандырып,
өсу
процесін
күшейтеді
Көмірсулардың,
белоктардың,
майлардың алмасуын реттейді
Минеральды тұздардың алмасуы
мен бөлінуін реттейді
Қосалқы
жыныс
белгілерінің
дамуын күшейтеді (əсіресе аталық
дарақтарда)
Симпатикалық
жүйке
əсерін
күшейтеді, жүректің, бауырдың,
өкпенің, мидың қан тамырларын
кеңейтіп, көптеген ішкі ағзалар мен
339
Аналық без
Аталық без –
ен
Қалқанша
без
Қалқанша
серік бездер
Қарын
Ұлтабар
ұшы
(Жіңішке
ішек)
Ұйқы
безі
Эстрогендер
Прогестерон
Тестостерон
Тироксин,
Трийодтиронин
Кальцитонин
(С-
торшалар бөледі)
Паратгормон
Гастрин
Секретин
Панкреозимин
Холецистокинин
Энтерогастрон
Инсулин
тері
тамырларын
тарылтады,
қандағы
глюкоза
мөлшерін
жоғарылатады
Қосалқы
жыныс
белгілерінің
дамуын жəне сақталуын қамтамасыз
етеді, ФЖГ-ның бөлінуін тежейді,
мезгіл-мезгіл
жатыр
кілегей
қабығында өзгерістер тудырады
Эстрогендермен бірлесе отырып,
аналық қосалқы жыныс белгілерінің
дамуын күшейтеді, жатыр кілегей
қабығының секреторлық қызметін
өзгертеді,
ЛГ
мен
ФЖГ-ның
бөлінуін тежейді
Аталық жыныс белгілерінің дамуын
жəне сақталуын қамтамасыз етеді
Зат алмасу процесін жандандырады,
ТТГ-ның бөлінуін тежейді, қос
мекенділердің пішін өзгерістерін
шапшаңдатады
Қан
құрамындағы
кальций
деңгейінің
шамадан
тыс
жоғарылауынан сақтайды
Қан
құрамындағы
кальций
мөлшерін көтереді
Қарын сөлінің бөлінуін күшейтеді
Ұйқы
безі
сөлінің
түзілуін
күшейтеді
Ұйқы
безінен
ферменттердің
бөлінуін күшейтеді
Өт қапшығынан өттің бөлінуін
жандандырады
Қарын сөлінің бөлінуін тежейді
Қандағы
қанттың
мөлшерін
төмендетеді,
организмде
көмірсулардың
түзілуін,
жинақталуын жақсартады
Бауырда гликогеннің ыдырауын
340
(Аралшық
без)
Глюкагон
жандандырып,
қандағы
қант
мөлшерін көтереді
Гормондардарға көптеген қасиеттер тəн.
1. Алшақ (дистанциялық) əсер - гормондар өздері түзілген бездерден
алшақ орналасқан органдардың қызметіне əсер етеді. Мысалы, гипофиздің
алдыңғы бөлімінде түзілген гормондар дененің əртүрлі бөлігіндегі қалқанша
без, бүйрек үсті бездер, жыныс бездері т.с.с. органдардың қызметін
өзгертеді.
2. Өзіндік əсер - əрбір гормон организмдегі нақтылы процеске ғана ықпал
етеді. Мысалы, антидиурездік гормон бүйрек түтікшелерінен судың кері
сорылуын реттейді, инсулин қан құрмындағы глюкозаның деңгейін
төмендетеді. Дегенмен, жеке органның қызметіне, не нақтылы бір процеске
бірнеше гормон қатарласа əсер етеді. Олардың əсері не бірыңғай
(синергиялық), не кереғар (антагонистік) болуы мүмкін. Мəселен, бүйрек
үсті бездердің қыртысты бөлігінің гормондары ұлпалардың адреналинге
сезімталдығын жойса, өз ретінде адреналин олардың əсерін күшейтеді. Ал,
адреналин мен инсулиннің қандағы глюкоза деңгейіне əсері кереғар:
адреналин
оны
өсірсе,
инсулин
төмендетеді.
Эстрогендер
мен
прогестеронның жатырдың жиырылу қабілетіне əсері де кереғар:
эстрогендер оны күшейтеді, ал прогестерон — əлсіретеді.
3. Зор биологиялық белсенділік. Гормондар өте аз мөлшерде бөлінсе де,
күшті биологиялық эффект тудырады. Мысалы, 1 г адреналин 10 млн
бақаның оқшауланған жүрегінің жиырылу күшін арттырып, соғуын
жиілетеді. 1 г инсулин 125 мың қоянда гипогликемия тудырады. Жүрекке
адреналиннің 1:10
-7
дəрежедегі дозасы əсер ете алады.
4. Шағын молекулалық мөлшер. Гормондар молекулаларының мөлшері
ықшам келеді. Осымен байланысты олар капиллярлар қабырғасынан,
торшалар қабығынан (мембранадан) оңай өтеді.
5. Көптеген гормондарға түліктік ерекшелік тəн болмайды. Олардың
бұл қасиеті практикада əртүрлі малдан алынған препараттарды қолдана
беруге мүмкіндік береді. Бірақ əр түлік малдың белоктық жəне
полипептидтік гормондары амин қышқылдық құрамы мен олардың орналасу
тəртібі жағынан ерекшеленеді.
6. Гормондар ұлпаларда ұзақ сақталмай, тез бұзылады, сондықтан
ішкі секреция бездері оларды толассыз бөліп отырады.
7. Гормондар тек тірі организмде ғана əрекет етеді. Олардың əсері тірі
торшалар мен олардың құрылымдарына бағытталған.
Гормондар дербес жеке реттеуші жүйе құрмайды. Олардың түзілуі мен
бөлінуі организм функцияларын реттейтін біртұтас жүйкелі-гуморальдық
тізбектің бір ғана буыны болып табылады.
341
Гормондар
торшалардың
құрылымдық
жəне
функционалдық
элементтеріне əсер етіп, олардың қабығының өтімділігін, рибосомалар мен
полирибосомалар құрамы мен белсенділігін, ферменттердің тұрақтылығы
мен əрекетін өзгерте алады, митохондриялар мен лизосомалар қызметіне
ықпал етеді. Бірақ гормондар əрекетінің көпбағыттылығының себептері əлі
күнге дейін белгісіз.
Гормондар нысана органдар торшаларына не тікелей, не жүйке жүйесі
арқылы əсер етеді. Олардың органдар мен зат алмасу процесіне тікелей əсері
ферменттік жүйе арқылы жүреді. Гормон ферменттердің концентрациясы
мен белсенділігін өзгерте отырып, торша қабығының оларға өтімділігін
күшейтеді, не əлсіретеді, сол арқылы ферменттердің субстратқа ықпалын
арттырып, не тежеп отырады.
Бір гормон бір сəтте көптеген ферменттерге əсер етеді. Мысалы, кортизон
митохондриялардағы
α
- кетоглютаратоксидазаның əрекетін тежеп, бауырда
глюкозалы-6-фосфатазаның
түзілуін
жандандырады,
аталық
безде
тестостерон мен гиалуронидазаның белсенділігін күшейтеді, қуықалды безде
қышқыл фосфатазаның түзілуін жандандырады, тыныс ферменттеріне əсер
ету арқылы ұлпалық тынысты жақсартады.
Гормондар
əрекетінің
механизмі
олардың
өздерінің
құрылым
ерекшеліктеріне, молекулаларының мөлшеріне, қасиеттеріне жəне нысана
торшалардың ферменттік жүйелері мен мембранасының ерекшеліктеріне
байланысты. Органдарға əсерінің механизміне байланысты барлық
гормондар екі топқа бөлінеді: 1) мембрана əсерлі белок тектес ірі
молекулалы гормондар, 2) торша əсерлі кіші молекулалы стероидты
гормондар мен құрамында азоты бар полипептидтер.
Белок тектес гормондар (тиреотроптық, адренокортикотроптық,
гонадотроптық т.б.) торшаның ішіне өтпей, мембрана беткейіндегі
рецепторлық аппаттарға (ерекше белоктарға) бекиді де, торша ішіндегі
биосинтездік
процестерге
мембрананың
ферменттік
жүйелері,
простагландиндер, кальций иондары т.б. арқылы əсер етеді. Гормондардың
бұл тобы торша қабығындағы аденилциклаза (АЦ) белсенділігін арттырады.
Осы фермент пен торша ішіндегі фосфодиэстераза ферментінің қосарланған
əсерінен аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) циклдік аденозин–3-5–
монофосфатқа (цАМФ) айналады (125–сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |