342
Бұл қосылыс торша ішіндегі алмасу процесінің əмбебап реттеушісі
болып табылады жəне екішші медиатордың рөлін атқарады (гормондардың
өзі бірінші медиатор болып саналады). Циклдік АМФ белсенділігін магний
иондары,
простагландиндер,
фосфодиэстераза
жандандырады.
Аденилциклаза мен фосфодиэстераза цАМФ-пен бірлесе отырып ядро
қызметіне жəне торша ішінде жүретін процестерге əсер ететін
аденилциклазалықжүйе құрайды. Стероидты гормондар (эстрогендер,
прогестерон, глюкокортикоидтар, альдостерон, тестостерон) жəне пептидтер
(либериндер мен статиндер) торша
343
СТЕРОИДТЫ ГОРМОНДАР
126-сурет. Стероидты гормондар мен пептидтер əсерінің механизмі:
1 — нысана торшалар мембранасының беткейлік рецепторлары; 2 —
торша мембранасы; 3 — митохондрия; 5 — репрессорлар
(басытқылар).
қабығының беткейіндегі құрылымдармен əрекеттесіп, мембрананың липидтік
қабатындағы фосфолипидтермен, натрий тұздарымен, сульфаттармен жəне
глюкоранидтермен байланысады.
Осының нəтижесінде суды тартатын қосылыстар мембрананың липидтік
қабатынан ажырап, торша ішіне өтеді де, ондағы рецепторлық белоктармен
байланысқан соң, гормондар ядро ішіне еніп, ДНК-мен қайтарымды
əрекеттестікке түседі де, торшада жүретін əртүрлі процестерге əсер етеді
(126-сурет). Стероидты гормондар торша ішіндегі РНК-полимеразаны
жандандырып, белоктың (ферменттің) түзілуін реттейді, қуаттық жəне
344
биосинтездік процестерді күшейтеді, торша қабығының амин қышқылдары
мен басқа да заттарға өтімділігін жақсартады. Стероидты гормондар əрекеті
ферменттердің жаңа молекулаларын синтездеуге бағытталады, ал пептидтік
гормондар əрекеті ферменттер белсенділігін арттыруға негізделген. Осымен
байланысты стероидты гормондар ықпалы пептидтік гормондармен
салыстырғанда кешеуілдейді, бірақ ұзағырақ сақталады.
Организмде гормондар бауыр мен басқа да органдар торшаларында
жойылады. Алдымен олар күкірт жəне глюкурон қышқылдарымен
байланысады да, соңынан қосылыс түрінде əр түрлі экскреттер құрамында
бөлінеді. Кейбір гормондар сыртқа ешқандай өзгеріссіз де шығарылады.
Гормондар əрекеті антигормондар мен кереғар гормондар əсерімен
шектеледі.
Достарыңызбен бөлісу: