348
Гомотрансплантацияда бір түлікке жататын малдың безі бір
организмнен екінші организмге қондырылады. Ал, гетеротрансплантацияда
бір түлік малының безі екінші түліктің малына отырғызылады. Əдетте
аутотрансплантация сəтті аяқталады. Гомотрансплантациядан кейін орган
көп жағдайда біраз уақыттан кейін сорылып кетеді, ал гетеротрансплантация
- əркез сəтсіз аяқталады, аударып қондырылған без мүшеден бөлініп қалады.
Егер реципиент (аларман) организмінде бездің қызметі тоқтаған болса,
немесе без алдын ала сылынып тасталса, онда қондырылған без оңайырақ
жабыса бітіп кетеді. Мысалы, жыныс бездері пішпелерге (азбандарға)
жеңілірек теліне бітеді.
Достарыңызбен бөлісу: