Тиреотроптық гормон (ТТГ) молекулалық массасы 23–32 мыңға тең
гликопротеид тобына жатады, оның құрамында гексозалар мен глюкозамин
болады. Ол қалқанша бездің қызметін жандандырады, тиреоглобулиннің
ыдырауын үдетіп, қанға тироксин мен трийодтирониннің бөлінуін
күшейтеді, йодтың қалқанша безде жиналуын жақсартады. Оның əсерімен
қалқанша без фолликулаларының торшалары цилиндр кейпіне келіп,
фолликулалар ішіндегі коллоидтар сұйылып, азаяды.
Гонадотроптық гормондар (ГТГ) жыныс бездерінің өсіп, дамуына əсер
етіп, олардың қызметін реттейді, жыныс гормондарының секрециясын
күшейтеді, организмнің физиологиялық күйін өзгертеді.
Гонадотроптық
гормондар
үш
топқа
бөлінеді:
фолликуланы
жандандырғыш (ФЖГ) лютеиндеуші (ЛГ), лютеотроптық (ЛТГ-пролан).
Бұл гормондар глюкопротеидтерге жатады, олардың молекулаларының
құрамында полипептидтік тізбекпен қатар полисахарид жəне гексозамин
болады. Гонадотроптық гормондар аталық та, аналық та дарақтарда
кездеседі, бірақ ұрғашы мал лютеиндеуші гормонды көбірек бөледі.
Достарыңызбен бөлісу: |